Гендік мутациялар


Slide 1

Тақырыбы: Өзгергіштік

Slide 2

Жоспар:

Өзгергіштік, типтері мен түрлері. Фенотиптік өзгергіштік. Реакция нормасы. Фенокопиялар.

Генотиптік өзгергіштік, анықтамасы, жіктелуі:

а) комбинативтік өзгергіштік

б) мутациялық өзгергіштік

Қорытынды:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе

Өзгергіштік - организм мен сыртқы ортаның қарым-қатынасын көрсететін күрделі процесс; тірі организмдердің өсіп-дамуы барысында өзін қоршаған орта әсеріне байланысты жаңа белгі-қасиеттер түзуі немесе өзінде бұрыннан бар белгі-қасиеттерін жоғалтуы. Өзгергіштік организмнің немесе клетканың жеке дамуы барысында, сондай-ақ, ұрпақ ішіндегі организмнің бір тобының жынысты немесе жыныссыз көбеюі кезінде байқалады. Пайда болу механизміне, белгілердің өзгеру қасиетіне байланысты өзгергіштік бірнеше түрге бөлінеді. Тұқым қуалайтын өзгергіштік - организмде жаңа генотиптердің пайда болуы нәтижесінде фенотипте өзгерістің байқалуы. Өзгергіштіктің бұл түрін мутациялық өзгергіштік деп те атайды (қ. Мутация. ) . Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің өзіне тән мынадай қасиеттері бар: мутациялар секірмелі, кенеттен пайда болады; тұқым қуалайды; пайдалы және зиянды болып бөлінеді; бір рет пайда болған мутация қайта өзгеріске ұшырай алады; мутация сапалы өзгергіштікке жатады.

Slide 4

Өзгергіштік - тірі ағзалардың жаңа белгілерге ие болу қасиеті.

Slide 5

Модификациялық өзгергіштіктің келесі түрлерін ажыратады:

Slide 6

Фенотиптiк (модификациялық) өзгергiштiк.

генотиптiң өзгеруiнсiз сыртқы орта факторларының тікелей әсерінен фенотиптің өзгеруімен байланысты

бұл белгiлер тұқым қуаламайды

ағзаның тiршiлiк ету ортасына бейiмделуiн қамтамасыз етедi.

Slide 7 Slide 8

Модификациялық өзгергіштіктің маңызы.

Ағзалардың тiршiлiк ету ортасына бейiмделуiн қамтамасыз етедi

Фенотиптік өзгергіштіктің заңдылықтарын білу медицина тәжірбиесі үшін өте маңызды, бұл сыртқы орта факторларының не олардың жиынтықтарының фенотиптің қалыптасуындағы ролін анықтауға мүмкіндік береді.

Фенокопияларды білу дәрігерге :

а) дұрыс диагноз қоюға;

б) аурудың жағдайына дәлірек болжам жасауға және болашақта сол жанұяда ауру бала туу мүмкіндігін анықтауға мүмкіндік береді.

Slide 9

Модификациялар - фенотиптің тұқым қуаламайтын өзгерістері, сыртқы орта факторларының әсерінен дамиды, сыртқы ортаға бейімделу болып табылады, алайда олар қайтымды, орта факторының әсері жойылғанда қайта орнына келеді. Мысалы: оттегінің мөлшері төмендегенде қанда эритроциттердің мөлшерінің азаюы.

Slide 10

Морфоздар - бұл фенотиптің ортаның экстремальды факторларының әсерінен дамитын тұқым қуаламайтын өзгерістері, олар бейімделуді қамтамасыз етпейді және қайтымсыз (мысалы: күйіктер, тыртықтар) .

Slide 11

Фенокопиялар - бұл тұқым қуалайтын аурулардың фенотипіне ұқсас фенотиптің қалыптасуы жүретін фенотиптің тұқым қуаламайтын өзгерістері.

Мысалы:

1. Пародонтоз - десмотонтоз немесе Готтлиб синдромы

2. Тіс эмалының гипоплазиясы - оның фенокопиялары

3. Фиброздық гиперплазия (эпилипсияда дифенилгидантоинды қабылдауға байланысты) - Фиброматоздың тұқым қуалайтын формалары

4. Ерін және таңдай жырығы (жүктіліктің 1 триместрінде сәулелену не гормональды әсер, токсикоздың ауыр түрі) - тұқым қуалайтын ерін және таңдай жырығы (50 -ден астам синдромдар)

Фенокопиялар тұқым қуаламайды.

Slide 12

Модификациялық өзгергіштік (реакция нормасы)

Белгінің модификациялары минимумнан максимумға қарай реакция нормасының шегінде өзгеретін вариациялық қатар түзеді. Модификациялық өзгергіштіктің генотиппен анық талатын шегі реакция нормасы деп аталады. Реакция нормасы генетикалық факторлармен бақыланып, тұқым қуалайды.

Мысалы: ағаш жапырақтарының мөлшері

Адамның сандық белгілерінің өзгеруі. Адамның сандық белгілері:

Тері түсінің интенсивтілігі

Қан қысымы, қан құрамындағы эритроциттер мөлшері

Салмағы және т. б.

Slide 13

2. Генотиптік өзгергіштік - генотиптің (генетикалық материалдың) өзгеруімен байланысты өзгергіштік сыртқы ортаға факторларына тәуелсіз және тұқым қуалайды. Ұрпақтан-ұрпаққа беріледі, тұқым қуалайды; Комбинативтік және мутациялық деп жіктеледі.

Генотиптік өзгергіштік

Комбинативтік өзгергіштік

Мутатциялық өзгергіштік

Slide 14

Комбинативтік өзгергіштік -ата- аналар гендерінің қайта үйлесуіне (комбинациясы) байланысты өзгергіштік. Комбинативтік өзгергіштікте ата-аналарының гаметаларының қосылуының нәтижесінде гендердің жаңа комбинациялары пайда болады, бірақ ол гендер және хромосомалар ешқандай өзгеріске ұшырамайды.

Комбинативтік өзгергіштіктің механизмдері:

Ұрықтану кезінде гаметалардың кездейсоқ қосылуы

Биологиялық түрлердің әртүрлілігін, бір түрдің дараларының әртүрлілігін және олардың тіршілікке қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Мысалы: адамдардың алуан түрлілігі, бір жанұяда балалардың әртүрлілігі

Slide 15

Комбинативтік өзгергіштіктің пайда болу механизмдері:

Мейоздың профаза-1-інде жүретін кроссинговер;

Мейоздың анафаза-I және анафаза-II кезінде гомолог хромосомалар мен хромотидтердің гаметаларға тәуелсіз ажырауы;

Ұрықтану кезінде гаметалардың кездейсоқ қосылуы.

Генетикалық материал өзгермейді, тек басқаша топталады.

Slide 16

Мутациялық өзгергіштік

Мутациялар(латынша mutatio -өзгеріс) - генетикалық материалдың сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен өзгерулері.

Мутация генотиптің де фенотиптің де өзгеруімен жүреді және ұрпақтан ұрпаққа беріледі.

Мутациялар кенеттен, секірмелі дамиды.

Бұл терминді ғылымға енгізген Г. Де Фриз (1901 ж) .

Генетикалық материалдағы өзгеріс орта фактерлерінің әсерінен пайда болады;

Тұқым қуалайды, ұрпақтан-ұрпаққа беріледі;

Өзгерістер геном, хромосома және гендер деңгейінде жүреді.

Slide 17

Мутациялық өзгергіштіктің жіктелуі:

Генетикалық материалдың деңгейіне байланысты:

1. геномдық;

2. хромосомдық;

3. гендік.

Slide 18

Мутациялық өзгергіштік

Мутациялардың түзілу процесін мутагенез деп атайды.

Мутацияларды тудыратын факторларды мутагенді факторлар деп атайды.

Мутагенді факторлар

Физикалық факторлар

Химиялық факторлар

Биологиялық факторлар

Slide 19

Мутагендік факторлар

Физикалық: сәулелердің әртүрлі түрлері, температура, ылғалдылық және т. б.

Химиялық: а) табиғи органикалық және органикалық емес заттар (нитраттар, алкалоидтар, гормондар, ферменттер және т. б. ) ;

б) табиғи қосылыстардың (мұнай) өндірістік өңдеу өнімдері;

в) синтетикалық заттар(дәрілер, пестицидтер, тағам консерванттары, инсектицидтер, бояулар) және т. б.

Биологиялық: а) вирустар (қызылша, қызамық; грипп) б) паразитарлық агенттер (бактериялар, рикетссиялар, қарапайымдар, гельменттер) .

Slide 20

Мутациялардың жіктелуі

1. 1. Пайда болу себептеріне

байланысты

Спонтандық немесе табиғи мутациялар - адамның қатысуынсыз табиғи мутагендік факторлардың әсерінен дамиды;

Индукциялық немесе жасанды мутациялар - белгілі мутагендік факторларды бағыталған әсерінен дамиды (адамның қатысуымен) .

Slide 21

Мутациялардың жіктелуі

1. 3. Ағзаның тіршілік қабілетіне әсер

етуіне байланысты

Зиянды мутациялар - тұқым қуалайтын ауруларға ұшыратады.

летальдық мутациялар (өлімге ұшыратады)

сублетальды мутациялар (тіршілікке қабілеттілігін төмендетеді)

Нейтральды мутациялар - тіршілікке қабілеттілігіне әсер етпейді, мысалы көз түсі, қан тобы.

Пайдалы мутациялар - тіршілікке қабілеттілігін жоғарлатады, мысалы, тарақандардың улы химикаттарға төзімділігінің қалыптасуы.

Slide 22

Гендік мутациялар

Миссенс мутациялар - кодон мағынасының өзгеруі және басқа ақуыздың түзілуі;

Нонсенс-мутациялар - мағынасыз кодондардың (УАА, УАГ, УГА) түзілуі;

Slide 23

Оқылу ретін өзгертетін мутациялар - фреймшифттер

Бұл мутациялар барлық гендік мутациялардың 80-ға жуығын құрайды: нонсенс, миссенс.

Slide 24

Гендік мутациялар пайда болу механизміне және әсер ету ерекшеліктеріне байланысты жіктеледі:

1. Оқылу ретін өзгерпейтін мутациялар;

2. Оқылу ретін өзгертетін мутациялар:

нонсенс, миссенс.

Slide 25

Геномдық мутацияда хромосомалардың саны өзгереді.

Slide 26

Медицинада маңызы бар геномдық мутацияларға анеуплоидия жатады.

Анеуплоидия (гетероплоидия) - диплоидты жиынтықтағы жеке хромосомлар санының өзгеруі:

1. нулисомия ― 2n - 2

2. моносомия ― 2n - 1

3. трисомия ― 2n + 1

4. тетрасомия ― 2n + 2

5. пентасомия ― 2n + 3

Slide 27

АНЕУПЛОИДИЯ адамның тіршілікке бейімділігін төмендетеді, ауруларға әкеледі, көбінде жатыр ішіндегі немесе тууғаннан кейінгі өлімге себеп болады.

Slide 28

АНЕУПЛОИДИЯНЫҢ цитогенетикалық механизмдері:

I ― қалыпты жағдай

Р ♀ 44хх X ♂ 44xy

G 22х 22х 22х 22у

F 44хх, 44хх, 44ху, 44ху

☺ ☺ ☺ ☺

сау балалар

Slide 29

Аутосомалар бойынша анеуплоидиялар

P ♀ 44хх X ♂44xy

G 21х 23х 22х 22у

F 43хх, 43ху, 45хх, 45ху

жатыр ішінде ☺ ☺

өлім Хромоссомалық аурулар

Slide 30

ПАТАУ

СИНДРОМЫ

Slide 31

Хромосомдық аберрациялар − хромосомалар құрылымының өзгеруінен болады

Slide 32

Хромосома аралық аберрациялар:

а) Реципрокты транслокация

A B C D E F A B C D S K

R T N H S K R T N H E F

б) Реципрокты емес транслокация

A B C D E F A B C D


Ұқсас жұмыстар
Мутацияның заманауи жіктелуі
МУТАЦИЯ
Жарық репарациясы репарация репарациясы
Мутация туралы
МУТАЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРГІШТІК
АҒЗАЛАРДЫҢ ӨЗГЕРГІШТІГІ
ДНҚ репарацияның түрлері
Генотиптік өзгергіштік
Геномдық мутация
ХРОМОСОМАЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНДІК АУРУЛАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz