ЖЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ



ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ БАРЫСЫНДА ЕСКЕРІЛЕТІН ЖЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті"
Жерге орналастыру
Тексерген: Азизов Эльдар Аликович
Орындаған: Мәди Мусаев

Жерге орналастыру, қоғамдық өндірістің құрамды бөлігі ретінде, әрқашанда нақты экономикалық жағдайларда жүргізіледі. Ол бірінші кезекте сол кездегі өндіріс әдісіне тән объективтік экономикалық заңдар мен өндіргіш күштерінің және өндірістік қатынастарының, арасындағы белгілі бір байланыстармен себептеледі. Сондықтан жерге орналастыруда жобаларды дұрыс негіздеу және жылдам жүзеге асару мақсатымен, басқаша айтқанда, жоғары экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тиімділікке барынша тез жету үшін, осы заңдарды жан-жақты ескеру қажет. Салааралық және шаруашылық аралық жерге орналастыруды жүргізгенде оларға қатысты объектілердің макроэкономикалық күйін, салалар мен шаруашылықтардың мүдделерін, сонымен қатар нақты экономикалық жағдайларын зерттеу қажеттілігі туындайды.

Экономикалық жағдайлардың арасында, негізінен ішкішаруашылық және учаскелік жерге орналастыруда ескерілетіндеріне, мынадайлары жатады:
жер алқаптарының құрамы мен аудандары, оларды әр түрлі мақсаттарға игеру мүмкіншіліктері;
жалпы өнімге, шығындардың өтелуіне және дифференциалдық табысқа қарай, құндық немесе аналитикалық көрсеткіштер арқылы жер сапасының өндіргіш қасиеттерін бағалау;
серіктестіктер мен кооперативтердің, шаруа қожалықтары мен басқа да агроқұрылымдардың мамандандырылғандығы, шаруашылықаралық және интеграциялық байланыстары, нарықтық инфрақұрылымдары мен өнім тапсыру және жабдықталу пунктерінің орналасуы;
ауылшаруашылық кәсіпорындары мен бірлестіктердің шаруашылық жүргізу жүйесі және экономикалық нәтижелері, салаларының көлемі мен құрылымы, егіншілік жүйелері мен егістік аудандары, өндірістік және қаржы көрсеткіштері, а. ш. дақылдарының түсімділігі мен алқаптарының өнімділігі, жалпы өнімі мен табысы, кірістері мен өндірістің рентабельділігі;
шаруашылықтардың ұйымдастырылған - өндірістік құрылымы, еңбектің ұйымдастырылу деңгейі;
кәсіпорындардың еңбек ресурстарымен, а. ш. техникасымен, өндірістік қорларымен қамсыздандырылғандығы және еңбектің энергиямен қаруландырылғандығы;
шаруашылықтардың ақшалай қорлары, алынған несиелері, күрделі қаржы жұмсау және несие беру мүмкіндіктері.

Шаруашылықтың іс жүзіндегі жер алқаптарының құрамы мен аудандары оның өндірістік бағытын, мамандандырылғандығын және салаларының үйлесімін себептейді. Мысалы, жыртылған жердің үлес салмағы жоғары болса - астық өндіруге, табиғи жайылымдардың молшылығы - қой шаруашылығын жүргізуге қолайлы жағдай жасайды. Айтарлықтай кең ауданды шабындықтары мен жайылымдары бар шаруашылықтарда басты назар осылардың өнімділігін арттыру, территорияларын реттестіру мәселелеріне аударылады. Керісінше, мал азығы алқаптары шамалы кәсіпорындар мал азығын өндіру жыртылған жерге ауыстырылып, көк азық конвейері ұйымдастырылады, арнайы мал азығы ауыспалы егістері енгізіліп, осы мақсатпен жұмысшы учаскелері мен суармалы жайылымдар жобаланады. Осымен қатар трансформацияға жарамды учаскелер белгіленіп, шаруашылықтың мелиоративтік қоры жасалады.
Құндылық бағалауға қатысты материалдар шаруашылықтың қарамағындағы жерлердің экономикалық құнарлылығын сипаттайды. Бұнда табиғи құнарлылық пен бірге жердің елді мекендерден шалғайлығы, эрозияның өршіп кету қауіптілігі, жер массивтерінің технологиялық қасиеттері, конфигурациялары, көлемдері жөне бедері ескеріледі.

Мысалы, астық өндіретін шаруашылықтарда алқаптардың басым бөлігін жыртылған жер құраса, қой шаруашылықтарында табиғи жайылымдардың үлес салмағы айтарлықтай жоғары. Қала маңында орналасқан, еңбек ресурстарымен толығырақ қамтамасыз етілген шаруашылықтарда көбінесе интенсивтік дақылдар (көкөніс, картоп жөне т. с. с. ) шоғырланады.
Ал, мал өсіруге мамандандырылған кәсіпорындардың егістік құрамында мал азығы дақылдарының (көпжылдық және біржылдық шөп, жүгері, тамыр жемістілері және т. б. ) үлес салмақтары едәуір артығырақ болады.
Жеміс-жидек бағытындағы шаруашылықтарда алқаптарының біраз бөлігі көпжылдық көшеттерді өсіруге үлестіріледі.
Нарықтық экономика кезеңінде өнімнің қай түрі болса да шаруашылықтың қарамастан, өзін-өзі өтеу және қаржыландыру принциптерінің негізінде өндіріледі. Бұл, ауылшаруашылық өндірісі толығымен ұдайы өндіріске жеткілікті тұрақты рентабельдікке бағытталған деген сөз.
Екінші жағдайда шаруашылықтың өндірістік бағыты, мамандандырылғандығы, мал фермалары мен бөлімшелерінің орналасуы, ауыспалы егістіктері мен а. ш. дақылдарды өсіру технологиялары топырақтардың құнарлылығымен таралуына, эрозияланғандығына және жердің басқа да кеңістік ерекшеліктеріне қарай анықталады. Шаруашылық орналасқан аймақтың топырақ -климаттық жағдайлары алқаптардың құрамы мен ара қатынастарын себептейді, ал соңғысы шаруашылықтың мамандандырылғандығын, демек территорияның реттестірілуіне тікелей әсер етеді.
Жерге орналастыруда экономикалық жағдайлар екі әдіспен ескеріледі: біріншісі, территорияны өндірістің мұқтаждықтарына қарай бейімдеу арқылы, екіншісі, өндірісті территорияның реттілігі мен қасиеттерін ескере отырып өзгерту.
Бірінші жағдайда өндірістің салалық құрамына сәйкес алқаптардың аудандары мен құрамы қалыптастырылады, еңбек пен көлік шығындарын мол талап ететін дақылдардың егістіктерін шаруашылық орталықтарына, мал фермаларына барынша жақындату мүмкіншіліктері және жер массивтерінің пішін кескіндіктерін жақсарту, алқаптардың ұсақ контурлығы мен ыдыраңқылығын жою қажеттілігі қарастырылады.

Бұл іс-әрекеттер нарық қатынастары, толық шаруашылық есебі, өзін-өзі өтеу және қаржыландыру талаптары ескеріле отырып жүргізіледі.
Сондай-ақ жерге орналастыруда еңбектің ұйымдастырылуы, еңбек ұжымдарының а. ш. техникамен және өндірістік қорларымен қамсыздандырылғандығы назарға алынады. Ол үшін еңбекке жарамды адамдардың саны, біліктілігі, а. ш. алқаптарымен жүктелуі, өндірістік қорлармен қамтамасыз етілуі, шаруашылық жүргізу және жекешелендіру формалары, мүлік және жер үлестерінің мөлшері, бұрынғы совхоздар мен колхоздардың территорияларында жаңа шаруашылық құрылымдарының (ІНФҚ, ЖІПС, <ТК және т. е. с. ) ұйымдастырылуы анықталады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz