Класикалық философия



Антикалық философия.
Орындаған:Тастанбекова Ж.
ВМ-208
Тексерген: Сембаев Р.

Жоспар:
Антика философиясының кезеңдері.
Ежелгі Грекияның философиялық (сократқа дейінгі) мектептері.
Класикалық философия.
Эллиндік және римдік философия.

Антика философиясының кезеңдері
І. Демократиялық - б. з. д. VII-Ү ғғ. ;
IV. Римдік - б. з. д. Іғ. - б. з. Үғ.
III. Эллиндік - б. з. д. ІҮғ. - б. з. д. ІІғ. ;
ІI. Классикалық (сократтық) - б. з. д. Vғ. ортасы - б. з. д. - IV ғғ. аяғы;

Антикалық (ежелгі грек) философияға мына ерекшеліктер тән:
Бұл философияның гүлденуіннің материалдық негізі полистердің экономикалық (қалалық, сауда-кәсіптік) дамуы болды;
Ежелгі грек философиясы материалдық өндіріс процесінен қол үзіп, дербес қауымдыққа айналды; ой еңбегі мен дене еңбегі бөліне бастады;
Ғарыштық (космоцентризм) идеясы өзекті мәселеге айналды;
Философия дамуының соңғы кезеңінде ғарышкінділік идеясы мен антропокінділік (антропоцентризм) идеясы араласып, біріге бастады;
Құдайлардың болуы күмән туғызбады;
Ежелгі грек құдайлары табиғаттың бір бөлігі болып саналып, адамға жақын болды; адам табиғат бөлігі.

I. Мифологиялық кезең - б. д. д. VII ғ.
Табиғат пен әлем туралы түсінік әмбебаптық қауымдық-рулық формация түрінде түсіндіру. Құл иеленушілік, ақыл және дене еңбегін бөлу.
II. Классикалық грек философиясы- б. д. д. VI-IV ғ.
Объекті мен субъектіні айырып қарау. Сезімдік- матриалдық космос объекті ролінде шығады

Милет мектебі.
Фалес (шамамен б. з. д. 640-560 жж. ) - милет мектебінің негізін салушы, адамзат тарихында аты аталатын ең алғашқы көрнекті грек ғалымы, философы.
Бізге қалдырған мұрасы:
- Дүниенің алғашқы бастамасы (“архэ”) су деп білді;
- Жерді судың үстінде тұратын жазық диск деп ұғынды;
- Өлі табиғаттың барлық заттардың жаны бар (гилозоизм) деп санады;
- Әлемнің орталығы Жер деп түсінді;
- Жылдың ұзақтығы - 365 күн болатынын дәлелдеп бақты;
- Математикада жаңалықтар (Фалес теоремасы) ашты.

Анаксимандр (б. з. д. 10-540жж. ) - Фалес шәкірті:
- Алғашқы бастама, дүниенің негізі “апейрон (-мәңгі өлшеусіз, шексіз субстанция), барлығы одан пайда болады, оған айналады;
- Материяның сақталу заңын (заттың томдық құрылымын) меңзеді: тірі дүние, барлық заттар микроскопиялық элементтерден тұрады;
- Алғаш рет адамдардың эволюция процесінде жануарлардан пайда болатынын (Ч. Дарвин ілілімен бұрын) болжады.

Анаксимен (б. з. д. 546 ж. туған) Анаксимандр шәкірті:
Алғашқы бастама ауа деп білді;
Жер бетіндегі барлық заттар - ауаның әртүрлі шоғырланған қозғалысының (ауа қысылғанда суға айналады, одан кейін лайға, топыраққа, тасқа, және т. б. ) нәтижесі;
Адам жаны (“психэ”) мен “ғарыш жаны” - ауаны (“пневма”) бірдей, ұқсас -деді;
Құдайды табиғат күштері және аспан денелерімен парапарлықта қарастырды.

Эфестік Гераклит (шамамен б. з. д. 544-483жж. ) - ежелгі гректік көрнекті философы, материалист, объективтік диалектиканың негізін салушы:
- алғашқы бастаманы от деп білді;
- диалектиканы ілімінің негізін салды;
“барлығы өзгереді”, дүние әрдайым қозғалыста, өзгерісте болады;
- “бір өзендегі суға екі рет түсуге болмайды”;
- табиғаттағы заттар айналыста болады, ал тарих цикл бойынша дамиды;
- қоршаған дүниенің салыстырмалылығын мойындады (“теңіз суы адам үшін лас, бірақ балық үшін таза”) .
- бәрін жасаушы, бәрін қамтитын құдайды Логос - әлемдік Парасат дер ұғынды.

Пифагор - ежелгі грек философы, әрі математигі:
Бар дүниенің алғашқы себебі сан деп білді;
Дүние сан арқылы танылды, санда даналық, гармония, үйлесімділік бар;
Әрбір планета өзінің қозғалысында монотонды (сандық) дыбыс шығарады;
Адам өлгеннен соң оның жаны басқа денелерге өтетіңіне сенді.
Пифагор ( б. з. д. Ү-ІҮ ғ. бірінші жартысын
да өмір сүрген. )

Элеаттар - қазіргі замаңғы Италия жеріндегі б. з. д. ҮІ-Үғғ. Өмір сүрген ежелгі грек полисі Элей мектебінің өкілдері.
Осы мектептің әйгілі философтары - Ксенофан, Парменид, Зенон.
Парменид ( б. з. д. ҮІІ ғ. аяғы -ҮІ ғғ. ) - европалық рационализмнің негізін салушы болып есептеледі. Болмыс категориясын енгізді. Болмысты ол танылатын әлем, ойлау деп түсінді. Болмыс бар, бейболмыс жоқ. Ойлау және “бар болу” бір.

Элейлік Зенон (б. з. д. 480 - 430 жж. ) - Парменидтің шәкірті:
- негативтік, терістеу диалетикасының негізін салды;
- көптілік пен қозғалысты ойлау мүмкін емес деді;
- қозғалыстың болмайтынын дәлелдеуге тырысты;
- Апория - ойлаудағы қиналу, аң-таң болу, шешілмейтін жұмбақ.
Зенонның атақты апориялары:
«Ахилес пен тасбақа», «Дихотомия», «Жебе», «Стадий» және тб.

Атомизм
Левкипп (б. э. д. V)
Демокрит (470 немесе 460 ж. б. э. д. )
Негізгі қағидалары: барлық материалдық дүние атомдардан тұрады; атом бөлінбейді, мәңгілік, өзгермейді, өзіңе-өзі тең, барабар; атомдар мәңгі қозғалыста болады, атомдар айналымы да бар;
атомдар арасында қуыспен толтырылған кеңістік бар; атомдарда сапалық қасиет болмайды, олардың түсі, иісі, дыбысы жоқ, олар бір-біріне өзгермейді; атомдар ішінде ешқандай да қозғалыс болмайды, атомдар шар тәрізді. Бұрышты, қармақ, тб. формада болады.

Демокрит б. э. д. 470
Әлем атомдардан тұрады
ВИДИКТЕР

Софистер - «даналық ұстаздар».
Б. з. д. Ү-ІҮғғ. бірінші жарсытысында өмір сүрген. Протагор, Горгий, Гиппий, Продик, Антифонт, Критий және тб.
Протагор (б. з. д. 481-411) - атақты аға софист. Оның атақты кредосы: “Адам - барлық тіршіліктің, нәрсенің өлшемі, өмір сүрушілер үшін өмір сүру, өмір сүрмейтіндер үшін өмір сүрмеу”.
Софист Горгий көзқарастары:
- ештеңе жоқ;
егер бір нәрсе бар болса, оны да білуге болмайды;
Огер оны білген күнде де, оны тануға болмайды.

Сократ (б. э. д. 469 - 399 жж. )
Антикалық мағынадағы диалектиканың негізін салушы, ақиқатты анықтауда «майевтика» әдісін, индуктивтік әдістің де негізін салды.
Сократтың айтқан нақыл сөздері:
“өзіңді өзің танып біл”;
“мен өзімнің түк білмейтінімді білемін, кейбіреулер оны да білмейді”;
“өмір сүру үшін тамақ жеу керек, бірақ тамақ жеу үшін өмір сүрмеу керек”;
“жамандық-жақсылықтың не екенін білмеуден туындайды”;
“өз қамыңды өзін ойла”.

Сократ ДИАЛЕКТИКАНЫҢ негізін салушы

Платон (б. э. д. 427 - 347 жж. ) - шын аты Аристокл, Сократ шәкірті.
Идея туралы ілім, идеализмнің негізін салушы.
Нақыл сөздері:
Біреуге өкпелегеннен гөрі, өзіңе өкпелелегенін дұрысырақ;
Адамдар өзінің бақытсыздығына, мүшкіл халіне құдайды, тағдырды, кім көрінгенді кінәлайды, бірақ өз кінәсін мойындағысы келмейді.
Кешіру оңай, бірақ ұмыту қиын.

Платон философиясының тарихи маңызы:
- тұңғыш рет ұғымдық ойлауды, диалектиканы, философиялық категорияларды дүниеге әкелді;
- идеализм философиясының негізін салды;
- тек табиғатты емес, қоғамды, мемлекетті терең зерттеді.

Аристотель (б. э. д. 384-322) - адамзаттың бірінші ұстазы, Платон шәкірті, Александр Македонскийдің тәрбиешісі болған. Аристотель әмбебап ғұлама-логиканың, философияның психологияның биологияның саяси экономияның, этика, эстетика, өнер теориясының және тб. Көптеген ғылымдардың негізін салды.
«ПЛАТОН менің досым бірақ АҚИҚАТ қымбат!»

Әлемнің бірінші ұстазы “Жан туралы “ еңбегінде сананың иесі жан дейді. Оның үш деңгейін қарастырады: - өсімдіктік жан; - жануарлық жан; - ақылдық жан.
Жан - таниды, айырмашылықты біледі «ұзақ уақыттар бойы адасуларда болады»
Аристотель бойынша тән өлімі жанды мәнгілікті өмір мүмкіншілігіне босатады.

Аристотель философиясының тарихи маңызы:
- теңдесі жоқ философия, ойлау туралы ойлау ілімінің негізін салды;
- болмысқа категория арқылы анықтама берді;
- философияның 10 категориясын анықтады;
- Платонды сынай келе философиыға жаңа үрдіс берді;
- формальды логиканың негізін салды;
- мемлекеттің түрлерін зерттеді, саясаттану ғылымынң ізашары болды;
- дүние мен адамның пайда болуын ғылыми түрде қарастырды;
- биология мен экономиканың тб. ғылымдардың негізін салды;
-

Синоптік Диоген (б. з. д. ІҮғ. ) - киниктік философияның теоретигі мен практигі, әйгілі философ.
Өмір сүру әдісі мен философиясы:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz