Дін әлеуметтік институ ретінде
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Медицина және денсаулық сақтау факультеті
Дене шынықтыру және спорт
3 СӨЖ
Қоғам мен Дін
Орындаған: Еркін Сержан
Тексерген:
Дін әлеуметтік институ
ретінде.
Дін (араб. сенім, наным, илану, исламның балама аты. лат.reliqio – рухани сенім, құдайды
сыйлау) – қоғамдық сананың, ерік пен болмыстың ерекше сипаты, түрі. Ол ұжымдық
сену, құдіретті қасиетке, ең алдымен құдайға деген ерекше сеніммен сипатталады.
Дін әлеуметтануы XIX ғасырдың екінші жартысында Европада, дәлірек айтқанда,
Франция мен Германия елдерінде пайда болды. Оны әлеуметтану ғылымдарының
арнайы бір бөлігі ретінде қалыптастырған ғалымдардың алдыңғы қатарында Э.Дюркгейм,
М.Вебер,Т.Парсонс және т.б. болды.
Француз ғалымы, көрнекті әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858—1917) өзінің «Діни өмірдің алғашқы түрлері. Австралиядағы
тотемдік жүйе» деп аталатын басты шығармасында дінді адамдардың алғашқы қауымдастықтарын топтастыру сияқты әлеуметтік
қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайда болған деді.
1864-1920 жылдар аралығында өмір сүрген неміс ғалымы, талантты әлеуметтанушы Макс Вебер өзінің «Протестант және капитализм
рухы» деп аталатын басты еңбегінде дінді әлеуметтік институт ретінде қарастырды. Оның ойынша, дін әрбір индивидтің, әрбір
әлеуметтік топтың мінез-құлқы мен ойлау тәсіліне мән-мағына береді, сөйте отырып олардың өзіндік жеке дамуына ықпал ететін
құндылықтар мен нормалар жүйесінің негізін құрайды.
Американ әлеуметтанушысы, профессор Толкотт Парсонстың (1902-1979) «Әлеуметтанудың жалпы теориясының мәселелері» деп
аталатын басты шығармасындағы негізгі ойы - дін адамдардың мінез-құлықтары нормаларының негізі болып табылады, сондықтан да
дінді арнайы әлеуметтанушылық тұрғыдан зерттеу керек.
Дін әлеуметтануының өз алдына жеке ғылымға айналуына байланысты, оның басқа ғылымдар сияқты
зерттейтін объектісі, пәні, құрылымы, іргетасы іспетті ұғымдар жүйесі, заңдары мен қызмет кеңістігі бар.
Дін әлеуметтік феномен, институт ретінде жалпы әлеуметтану пәнінің зерттейтін аса маңызды объектісі –
адам сенімінің оның мінез-құлқына, іс-әрекетіне әсері, сонымен қатар әлеуметтік құбылыс ретінде сол
сенімнің қалыптасуынының үдерістері. Ал дін әлеуметтануының ғылым ретіндегі пәні - дін мен қоғам
арасындағы, адам сенімі мен іс-әрекеттерінің арасындағы диалектикалық байланыстардың жалпы
заңдылықтарын зерттеу. Бұл байланыстардың бірінші жағы - қоғамның, қоғамдық қатынастардың дінге
жасайтын ықпалы. Екінші жағы - діни көзқарастың, діни элементтер мен дін функцияларының қоғамға
тигізетін әсері.
Қоғам мен дін арасындағы
қарама-қайшылықтарды
Дін - адам тарихының үлкен тағылым-тәрбиесінің бірі және сарқылмас даналық көзі.
Егемен ел болып қалыптасуымыз, мемлекетіміздің өсіп, өркендеуінде діннің алатын орны
зор. Өйткені, дін - имандылықтың, әділдіктің, сыпайылықтың, парасаттылықтың,
көпшілдіктің, төзімділіктің кепілі. Діні, тілі жо қ халықтың – болашағы бұлыңғыр.
Ал қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін
біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе
жақсы танымал ұлттық бірлестік. Діннің ең үлкен күші - халықты ұйымдастыру қабілеті.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) көшіп жүрген арабтарды ислам діні арқылы ұйымдастырды. Соның
арқасында ислам өркениеті пайда болған екен. ХХ-шы ғасырда дінсіз қоғам құруға
тырысқан мемлекеттердің қандай халге душар болғанын, тарих беттерінен оқып жүрміз.
Мысалы, Кеңестер одағын айтуға болады. Оның соңынан келген Қытай мемлекеті бір кезде
дінге әдет-ғұрыптарға қатты тыйым салып, кейін 1980-ші жылдан бастап олардың өздері
дінге еркіндік беруге мәжбүр болды. Ешқашан да дін мен қоғамды бір бірінен ажыратуға
болмайды.
Дін — қоғамның нормалары мен құндылықтарын насихаттай отырып, онымен бірге оның
тұрақтылығына мүмкіндік жасайды. Дін сол әлеуметтік құрылымға пайдалы нормаларды орнықтыра
отырып, тұрақтандырушы функция атқарады және адамның моралдық міндеттерді орындауы үшін
алғышарттар жасайды. Дін әдептілік қағидалары мен қоғам бірлігін, тәрбиелік жүйелерді
қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Адам дінге сенген соң, өзгелерге жәбір көрсетуден,
тәртіпсіздік жасаудан, ішімдік, есірткі секілді жаман әдеттерден бойын алыс ұстайды. Дінсіз қоғамда
тәртіпсіздік пен қылмыс етек жаятындығы белгілі.
Егер дін қоғамда өзіне берілген міндетті дұрыс атқарса, онда ол елде тыныштық, бейбітшілік ,
тұрақтылық орнайды. Алайда, қазіргі таңда елімізде түрлі теріс бағыттағы діни ағымдар да жоқ емес.
Бұлардың негізгі мақсаты халықтың ынтымағын бұзу. Діни шиеленіс қоғам үшін қауіп төндіретін,
азаматтардың денсаулығына, психикалық және әлеуметтік жағдайына нұқсан келтіретін, өздерінің
діни қалауы мен көзқарасын мемлекеттің зайырлылық қағидаттарына және дәстүрлі рухани
құндылықтарға қарсы қоятын, Қазақстан үшін жат құндылықтарды таратушы деструктивті діни
ағымдарды ұстанушыларға тән. Жастар теріс ағым жетегінде кетпеу үшін, оларды бала кезден
қадағалау керек шығар. Бұл қоғамның басты міндетіне айналуы тиіс. Себебі бүгінгідей ғаламтор
дамыған заманда ата-ана, үлкендер жағы балалардың немен айналысып жүргенін назардан
шығармай, бақылауда ұстағанымыз абзал. Мектеп бағдарламасына дін сабақтарын, ашық
сағаттарды көптеп қосу керек шығар
Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Тегіміз түрік, дініміз Ислам екенін
ұмытпайық, Қасиетті Құран Кәрімді насихаттайық».
«Міндет ұлтыңа, Қоғамға қалтқысыз қызмет ететін, арлы-ұятты,
Рухани өресі биік азамат болу», - деген еді.
Біріге көтерген ж ү к жеңіл демекші қоғамның діни
тұрақтылығын сақтау мақсатында халық болып бір жеңнен
қол, бір жағадан бас шығара отырып жұмыс жасауымыз қажет.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz