МӘДЕНИЕТ ЕРЕКШЕЛІГІ



Қазақ-Ресей медициналық университеті
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар кафедрасы
БӨЖ №11
Тақырыбы:
Мәдениет және өркениет:
өзара байланысы мен ерекшелігі
Орындаған: Мақсот Аман
Тобы: 105 «Б» - жалпы медицина
Тексерген:Ерғазы Ерғалиұлы
Жоғары, саясат ғылымдарының кандидаты
Алматы 2021 ж

ЖОСПАР
Кіріспе:
1. Мәдениет туралы түсінік
2. Мәдениет тарихы
3. Мәдениет пен өркениет туралы қөзқарастар
Негізгі:
4. Өркениет туралы ұғым
5. Мәдениет пен өркениет ерекшеліктері
6. Екі ұғымның өзара байланысын дәлелдеген тұлғалар

Адам табиғи заттар мен құбылыстарды өзінің мүддесіне, талап - тілегіне сай өзгертіп отырады. Мәдениет адам мен табиғаттың өзара тұтастығы, өзара қарым - қатынасының тарихи дамып өзгеруінің өлшемі.
Мәдениет туралы түсінік
Әрбір адам ұлттық әлеуметтік топтық таптық ортаның өкілі, яғни нақты мәдениеттің өкілі. В. М. Межуев: «Мәдениет дегеніміз - адамның іс - әрекеті, оның даму формасы» - деп анықтама береді.

Адамзат тарихы-мәдениет тарихы
Адамдар өздері өмір сүріп отырған табиғи және әлеуметтік ортаны өзгертеді, ол тарихи нақты процесс. Ортаны өзгерту арқылы өзі де өзгеріп, дамып отырады. Осы даму процесінің нақты мағынасы мәдениет болып табылады. Мәдениет адамның өзіндік дамуымен барабар процесс.

Адам Фергюсон
Мәдениет пен өркениет бір - біріне өте жақын, төлтума ұғымдар. Әлемдік ғылымның алтын қорына алғашқы рет цивилизация - өркениет деген ұғымды енгізген шотланд философы Адам Фергюссон көрінеді.
Фергюсон - жалпы заңдылықтардың әсерінен адамзат қоғамының алғашқы кезеңнен жоғары мәдениетке өту формаларының дамуын эмпирикалық және сонымен бірге конструктивті түсінудегі позитивистік және социологиялық әрекеттердің негізін салушылардың бірі.

ӨРКЕНИЕТ
Біріншіден, өркениет дегеніміз - адамзаттың даму процесінде тығылықтан кейін дүниеге келген ерекше тарихи кезең. Бұл кезеңнің негізгі ерекшеліктері - еңбек бөлісуі арқасында пайда болған адамдар арасындағы қарым - қатынастар онан әрі кеңейіп, таптардың қалыптасуы, мемлекеттің дами бастауы.
Екіншіден, өркениет деп салыстырмалы тұйықталған, өзіндік ерекшелігі бар қоғамдастықты атаған.
Бұл дәстүр И. Я. Данилевский еңбектерінде қалыптасқан.
Кейінен осы
концепцияны О. Шпенглер, К. Н. Леонтьев дамытқан.
Үшіншіден, өркениет адам баласының өмір сүру мүмкіндіктерін кеңейіп, оны қоғамдық өндірістік технология арқылы өзгерту дәрежесіне көтерілгендігін дәлелдейді. Еңбектің қалай іске асатыны, адамның табиғатқа әсер ету тәсілдері өндірісті қалай және қандай құрал - жабдықтармен жүзеге асыру мәселесі өте маңызды болды.

ӨРКЕНИЕТТІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
С. Хантингтонның айтуынша, бүгінгі өркениет өзінің тарихы, тіл, мәдениет, дәстүрлерімен бір-бірімен ерекшеленеді. Осынау ерекшеліктер Батыс және Шығыс терминінен айқындалады. Батысқа рационализм, христиан дәстүрі, ағартушылық, демократия, дербестік тән болса, Шығыс үшін, керісінше, мистерия, сезімталдық, исламдық және буддистік діни ұстанымдар, дәстүршілдік, ұжымшылдық, қауымдастық, мемлекеттіктің ерекше түрі тән келді.

МӘДЕНИЕТ ЕРЕКШЕЛІГІ
Мәдениет ерекшелігі бұл бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдениет материалдық және рухани: бірі-материалдық өндірістің, екіншісі-руханиөндірістің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері - еңбек құралдары жәнекөркем шығырмалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Олай болса материалдық және рухани мәдениеттің қызметтік ерекшеліктері бар екен. Сонымен қатар бұл екеуі - материалдық және рухани мәдениет тұтастыққа ие. Материалдық мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің өнімі материалдық нысанда болады, соның нәтижемінде ол объектіге айналуы мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады. Сондықтан мәдениетті материалдық және рухани демей-ақ, тұтас бірлікте алып қарауға да болады.

Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер.
(И. Гердер, Э. Б. Тайлор)
Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екен. Мәдениеттанушы Г. Чайлдтың пікірінші, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады. Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың арасында ең түбегейлісі- мәдени әрекет. Әрекеттану-жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді.
Вир Гордон Чайлд

Филосософ Н. А. Бердяев өмір бойы бостандық және мәдениет туралы жазды. Ең әуелі ол мәдениет және өркениет мәселелерін бір-бірінен ажыратып қарастырды. Мәдениет және өркениет бір нәрсе емес.
Мәдениет жоғарыдан төмен қарай жүреді, оның жолы ақсүйектік жол болып табылады, өркениет төменнен жоғарыға қарай жүреді, оның жолы буржуазиялық және демократиялық жол болып саналады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz