Алюминий хлоридінің гидролиз механизмі




Презентация қосу
Тұздар гидролизі
Кейбір тұздардың суда
диссоциацияланғанда түзілген
гидраттанған катиондары немесе
аниондарының су молекуласымен
сәйкесінше қышқылды немесе
сілтілі орта түзе әрекеттесуі
тұздардың гидролизі деп аталады.
Сандықжағынан гидролизді
гидролиздену дәрежесі (h) арқылы
өрнектейді

h=гидролизденген молекулар саны
молекулалардың жалпы саны

Температураны арттырып және ерітінді
сұйылту арқылы гидролиздену
дәрежесін өсіруге болады.
Гидролиз процесіне құрамында әлсіз қышқыл
немесе әлсіз негіздің иондары бар тұздар
ғана түседі. Ал күшті қышқылдар мен күшті
негіздердің әрекеттесуінен түзілген тұздар
(NaCl, KNO3, BaCl2 және т.б.)
гидролизденбейді. Себебі, олардың
гидраттанған иондары су молекуласымен
әрекеттеспейді және нәтижесінде әлсіз
электролит түзілмейді.
Тұздардың табиғатына байланысты үш түрлі
гидролиздену реакциясы болады:
1. Күшті қышқыл мен әлсіз негіздің әрекеттесуінен түзілген тұздардың CuCl 2, NH4Cl, Al2(SO4)3
және т.б. гидролизі. Бұл жағдайда гидролиз реакциясына, яғни тұздың құрамындағы
гидраттанған катион мен су молекуласы әрекеттеседі де, нәтижесінде түзілген оксоний
ионына байланысты ерітінді қышқылды (рН < 7) болады. Мысалы AlCl 3 тұзы суда ерігенде
диссоциацияланып, иондарға толық ыдырайды:
Диссоциациялану теңдеуі:
AlCl3 → Al3+ + 3Cl-
HOH → H+ + OH
Al3+ + 3Cl- + HOH → Al(OH)2+ + H+ + 3Cl-

Гидролиз реакциясының иондық теңдеуі:
Al3+ + 3Cl- + HOH → Al(OH)2+ + H+ + 3Cl-

Гидролиз реакциясының молекулалық теңдеуі:
AlCl3 + H2O → Al(OH)Cl2 + HCl

Ерітіндіде Al3+ ионы су молекуласынан гидроксид-ионды OH- оңай қосып алып, өте нашар
диссоциацияланатын (Al(OH)3-ке қарағанда) Al(OH)2+ ионына ауысады. Мұның нәтижесінде
судың келесі молекуласы диссоциацияланады. Сонымен, ерітіндіде сутегі иондарының
көбеюіне әсер етеді.
Тұз ерітінділеріндегі индикатор
бояулары:

алюминий хлориді
AlCl3
натрий карбонаты
Na2CO3
натрий хлориді
NaCl
Алюминий хлоридінің гидролиз механизмі

H2O H+ + OH-

AlCl3 Al3+ + 3Cl-

Al3+ +3Cl- +HOH Al OH2- +H+ + 3Cl-
Алюминий хлоридінің гидролиз
сызбасы
AlCl3

Al(OH)3 HCl
әлсіз негіз күшті қышқыл
[OH]- < [H]+

ҚЫШҚЫЛДЫ ОРТА
2. Әлсіз қышқыл мен күшті негіздердің әрекеттесуінен түзілген тұздардың
CH3COONa, Na2CO3, KCN, Na2SO3, KNO2 және т.б. гидролизі. Бұл жағдайда
гидролиз реакциясына тұздың құрамындағы әлсіз қышқылдың қалдығы болып
саналатын гидраттанған анион түседі де, нәтижесінде ерітінді сілтілі (рН > 7)
болады.

Диссоциациялану теңдеуі:
Na2CO3 ⇄ 2Na+ + CO32-
H2O ⇄ H+ + OH-
2Na+ + CO32- + HOH ⇄ 2Na+ + HCO3- + OH-

Гидролиз реакциясының иондық теңдеуі:
2Na+ + CO32- + HOH ⇄ 2Na+ + HCO3- + OH-

Гидролиз реакциясының молекулалық теңдеуі:
Na2CO3 + H2O ⇄ NaOH + NaHCO3
Натрий карбонатының гидролиз
механизмі

H2O H+ + OH-

Na2CO3 2Na+ + CO32-

2Na+ +CO32- +HOH HCO3- +2Na+ +OH-
Натрий карбонатының гидролиз
сызбасы
Na2CO3

NaOH H2CO3
күшті негіз әлсіз қышқыл
[OH]- > [H]+

СІЛТІЛІ ОРТА
Натрий хлоридінің гидролиз механизмі

H2O H+ + OH-

NaСl Na+ + Cl-

Na+ +Cl- +HOH Cl- + Na+ + HOH

Бұл тұздың түрі гидролизға ұшырамайды.
Натрий хлоридінің гидролиз сызбасы
NaCl

NaOH HCl
күшті негіз күшті қышқыл

[OH]- = [H]+

БЕЙТАРАП ОРТА
3. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар да
гидролизге ұшырайды. Бұл жағдайда гидролиздену
процесі соңына дейін жүріп, қышқыл мен негіз
түзіледі. Мысалы, алюминий сульфиді Al2S3 сумен
әрекеттескенде алюминий гидроксиді Al(OH)3 мен
күкіртсутек H2S түзіліп, гидролиздену реакциясы
қайтымсыз болады:

Al2S3 + 6H2O = 2Al(OH)3↓ + 3H2S↑

Олай болса, тұздардың гидролизге ұшырауы,
олардың иондарының құрамы мен мен қасиетіне
байланысты.
Гидролиздің қоғамдық өмірдегі мәні

Шикі бағалы өнімдерді даярлау (қағаз, сабын,
спирт, глюкоза, ақуыздық ашытқылар)
Өндірістік ағыс және ішімдік суларды тазалау

(алюминий сульфаты + алюминий
гидроксиді)
Маталарды бояуға даярлау
Гидролиздің күнделікті адам өміріндегі рөлі

Кіржуу
Ыдыс-аяқ жуу
Сабынмен жуыну
Ас қорыту процессі
Назар аударғандарыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
ТҰЗДАРДЫҢ ГИДРОЛИЗІ
Тұздар гидролизі
Адсорбциялық спектроскопия
Стрептомицин өндірісі
Заттар және энергия алмасу
Тұздар гидролиз
Мета - аминофенолдың туындылары
Жедел коронарлық синдром
Крахмал гидролизі
Балқыма және қатты электролиттердің электрөткізгіштігі
Пәндер