Есту қабілеті бұзылған балалардың тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері




Презентация қосу
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ НАШАР ОҚУШЫЛАРДЫ
АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ КОРРЕКЦИЯЛЫҚ
ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ

О Р Ы Н Д А Ғ А Н Д А Р : К Ә Д І Р Б І РХ А Н Ы М
Д Ж Е Б Е С И Н О ВА Ә С Е Л
Ә Б І Л Қ А С Ы М Ұ Л Ж А Л Ғ АС
ЕСЕНӘЛІ ӘСЕМ
МЕКЕНБЕК НАЗГҮЛ
Мазмұны
Кіріспе
1. Есту қабілеті бұзылған балалардың мінез-құлық
ерекшеліктері
2. Есту қабілеті бұзылған балалардың тәрбие жұмыстарының
ерекшеліктері
3. Есту қабілеті нашар балаларды арнайы мектептерде оқыту
және тәрбиелеудің маңызы
4. Есту қабілеті бұзылған тұлғаларға білім берудегі зерттеу
жұмыстарының барысы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
КІРІСПЕ

Есту –дыбыстық құбылыстар формасының қабылдаудағы
шынайы анық, дәл түрдегі бейнеленуі. Дыбыстарды ажырату тірі
организмге тән қабілеттілік болып табылады. Бұл қабілеттілік -
есту органының немесе есту анализаторының қатысуымен
таратылады. Есту анализаторының қалыпты дәрежеде қызмет етуі
баланың жалпы дамуына үлкен әсерін тигізеді. Есту жағдайының
қалыпты болуы балалардың сөйлеуі мен психологиялық жағынан
қалыптасуында шешуші орын алады.
Есту қабілеті бұзылған балалардың мінез-
құлық ерекшеліктері

Естімейтін және нашар еститін балалар қалыпты құрдастарына
қарағанда әлеуметтік жетілуі нашар (қоғамда бейімделу) болады:
тұйық, өздері сияқтылармен сөйлесуді қалайды, сәтсіздіктен
қорыққандықтан еститін құрдастармен ойнаудан қашады.

Есте сақтаудың ерекшеліктері естімейтін/нашар еститін баланың
лексикалық қорының даму деңгейіне байланысты сөздік жадына
қарағанда бейнелік есте сақтаудың басымдығында байқалады.
Есту қабілеті бұзылған балалармен жүргізілген
тәрбие жұмыстары.
Жалпы айтқанда, тәрбие дегеніміз- адамдарды қоғамдық өмірге және еңбекке дайындау
мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамды тарихи тәрбие беру процесі болып табылады.
Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық құрылыс ретінде барлық салаларын
қамтиды: жанұя, мектепке дейінгі мекеме, оқу, тәрбие орындары, еңбек ұжымы,
информатика құралдары және басқа орындар. Тәрбие процесі- күрделі диалектикалық
процесс. Жас ұрпақ, бойына саналықты қоршаған ортаға адамгершілікті көз-қарасты,
мектеп мақсатына сай, адамзат тарихының бай процестерін игеру. Тәрбие процесі-
ұжымды дамытумен, қалыптастыруға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушінің
мақсатты және өзара байланысты қызметі. Есту қабілеті балаларды жан-жақты
тәрбиелей отырып, қоғамның бір мүшесі етіп қалыптастыру және көптеген арнайы
мектептерде сияқты, естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептердің
негізгі проблемаларының бірі- тәрбиешілердің арнайы мамандықтарының жоқтығы.
Сондықтанда біз, келешек дефектолог-сурдопедагогтар осындай жағдайларды
тудырмауға тырысуымыз керек.
Есту қабілеті нашар балаларды арнайы мектептерде оқыту және
тәрбиелеудің маңызы

Естімейтін балалар және нашар еститін балаларды тәрбиелеуде, мұғалімдер мен тәрбиелеушілер, олардың
даму ерекшеліктеріне қарап, методтар мен тәрбиенің салаларына байланысты нақты формаларды өңдеп,
қарастырған жөн. Осы мәселелерді арнайы мектептерде қарастыру үшін ең алдымен тәрбиені тәжірибелер
арқылы зерттеп, жалпылап алу керек.Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептерде
балаларды, қоғам-еңбек іс-әрекетіне дайындап, оларға білім мен дағдыны ғана қалыптастыру емес,
сонымен қатар, адамгершілікке, яғни еңбек сүйгіштікке, тәртіптілікке, қоғамдық мүліктерді қастерлеуге
көзқарастарын қалыптастыруға, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға, табиғатты қорғауға, тапсырылған
жұмысқа жауапкершілікпен қарауға, жан-жануарлармен өсімдіктерді қастерлеуге үйрету- мұғалімдер мен
тәрбиелеушілердің міндеттері. Естімейтін және нашар еститін оқушылардың абзал адамгершілік
саналарын қалыптастыруда әлеуметтік орта, адамдармен қарым-қатынас, теледидар, әдебиет,өнер, тағы да
басқалар әсер етеді. Әдетте бұл процесті орындауда жанұя, ата-ана, мұғалім, тәрбиешілер маңызды рөл
атқарады.
Есту қабілеті бұзылған тұлғаларға білім берудегі зерттеу
жұмыстарының барысы

Сөйлеу тілі есту қызметінің нашарлауына тікелей тәуелді. Естімейтін балалар нашар еститіндерге
қарағанда даму деңгейі төмен. Естімейтін балалар сөйлеу тілін арнайы оқыту барысында ғана
меңгереді, ал нашар еститіндер өздерінің есту қызметінің қалдығы көмегімен, сөздік қорын аз да
болса жинай алады. Педагогикалық дерісті дұрыс ұйымдастыру үшін сөйлеу тілінің деңгейін,
арнайы білім беру мекемесін анықтау мақсатында есту қызметінің деңгейін білу қажет.Сөйлеу
тілінің дамуына есту қызметінің бұзылу уақыты үлкен әсер етеді. Есту қызметі бала өмірінің қай
кезеңінде болмасын бұзылуы мүмкін, сөйлеу тілінің деңгейі де осыған байланысты болады. Есту
қызметі қанша ерте бұзылса, сонша сөйлеу тілінің деңгейі төмен болады. Мектеп жасына дейінгі
нашар еститін балалардың сөйлеу тіл деңгейінің диапазоны кең: бала нақты заттарға қатыстырмай,
жеке буындарды айтып, былдырлағаннан қысқа сөз тіркесіне тіпті аграмматизмді және онсыз сөз
тіркестерін пайдаланып, сөйлеу тілін меңгерген болуы да мүмкін. Бірақ есту қызметі бұзылған бала
қарым-қатынастық сөйлеу тілі дамыған кезде де оның тілінде өзіндік ерекшеліктері болады.
1. Саңырауларды оқытудың билингвистикалық жүйесі бойынша тиімді
жақтарымен танымал елдер?
А. Скандинавия
В. Швейцария
Д. Канада
С. АҚШ
2. Есту қабілетінің бұзылуын ғылыми тұрғыда зерттеген ғалым?
А. Рахиль Марковна Боскис
В. Галина Лазаревна Зайцева
Д. Носкова Людмила Петровна
С. Лев Семёнович Выготский
3. Іштен туа біткен саңыраулық өмірде қанша пайыз шамасында ғана
кездеседі?
А. 10%
В. 15%
Д. 40%
С. 25%
Пайдаланған әдебиеттер:

1. Кузьмичева Е.П. Развитие речевого слуха у глухих. – М.:
Педагогика, 1983.
2. Специальная педагогика /Под ред. Н.М. Назаровой. – М.,
2002.
3. В.Г.Петрова « Особенности умственного развития
учащихся вспомогательной школы. 1965 г.»
4. Журнал «Дефектология»1997ж №4
5. Саңырау балаларды оқыту-тәрбие әдістемесі.
Алматы,2002
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Есту қабілеті зақымдалған балаларды тәрбиелеудің маңызды және даму ерекшеліктері
Объект Есту қабілеті бұзылған адамдар
Мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілін тексерудің негізгі бағыттары
Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері
Есту қабілеті бұзылған балалардың зейін ерекшеліктері
Тәрбие түрлері
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕЖЕЛУІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
Есту қабілеті бұзылған балалар
Көру қабілеті нашар
Есту бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері
Пәндер