Вегетативтік орталықтары
Презентация қосу
СОПАҚША МИ.
ОРЫНДАҒАН: МЕЙРБЕК С.
ТОБЫ: 217 Б.
МАМАНДЫҚ: ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА
ҚАБЫЛДАҒАН: АХМЕТОВА М.К.
АЛМАТЫ, 2021
ЖОСПАР:
•Кіріспе.
•Негізге бөлім
1) Сопақша ми анықтамасы.
2) Құрылысы.
3) Вегетативтік орталықтары.
4) Сопақша мидың сұр заты.
5) Сопақша мидың ақ заты
6) Сопақша мидағы торлы құрылым
•Қорытынды.
•Пайдаланылған әдебиеттер.
КІРІСПЕ.
• Сопақша ми (лат. medulla oblongata; medulla — ми
, oblongata — сопақша) — мидың жұлынменшекарасыз
жалғасатын, пішіні сопақша келген артқы бөлігі. Оның
алдыңғы жағы ми көпірімен жалғасады. Сопақша
мидың төменгі бетінде вентральды орталық саңылау (
лат. fissura mediana ventralis) мен оның екі бүйіріндегі
латеральды вентральды сайлар (лат. sulcus lateralis
ventralis) арқылы бөлінген: оң және сол сопақша ми
пирамидалары (лат. piramis medullae oblongatae)
білеуленіп көрініп тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
• Сопақша ми пирамидалары үлкен ми қыртысын жұлынның
қозғалтқыш орталықтарымен байланыстыратын пирамидалы жүйке
талшықтары аларынан (лат. fasciculus cerebro-spinalis) құралған.
( Сопақша мипирамидаларының пирамидалы жүйке тал тары
будаларынан құралған өткізгіш жолдары - жұлынның бүйір
арқаншаларына өтер алдында, оң ми пирамидасының жүйке
талшықтары жұлынның сол жақтағы бүйір арқаншасына, ал сол ми
пирамидасының жүйке талшықтары жұлынның оң жақтағы бүйір
арқаншасына бағытталып, жүйке талшықтарымен алмасады да,
пирамидалар айқасын (лат. decussacio pyramidum) жасайды.
СОПАҚША МИДЫҢ
ҚҰРЫЛЫСЫ.
• Сопақша мидың құрылысы біршама жүлынның
құрылысына ұқсас, яғни сыртқы жағында — ақ зат,
ішкі жағында — сұр зат орналасады. Ол ақ заттық
аралықтар арқылы көптеген сұр заттық аралшықтарға,
яғни сопақша мидың сұр заттық орталықтарына (
ядроларына) бөлінеді.
• Бұлар организмнің тіршілігіне тым қажет вегетативтік орталықтар құрайтын
нейроцитгер ядролары. Аталган вегетативтік ядроларга:
• жүрек соғу
• тыныс алу
• тер бөлу
• сілекей бөлу
• шайнау
• жұту, сору
• көз жасын бөлу
• ас қорыту сөлдерін бөлу
• құсу,
• кекіру
• Сопақша ми мен көпір жұлынның жалғасы болып табылады, олар рефлекстік және
өткізгіштік қызмет атқарады.
• Сопақша ми мен көпірдің ядросы ас қорыту, тыныс алу, жүрек қызметін және басқа
процестерді реттейді, сондықтан сопақша ми мен көпірдің зақымдалуы өмірге қауіпті.
Шайнау, жұту, ему процестерінің реттелуі, сондай-ақ құсу, түшкіру, жөтелу сияқты
қорғаныш рефлекстері мидың осындай бөлімдерінің қызметіне байланысты болады.
• Сопақша мидің үстіңгі жағына мишық орналасады. Оның беті сұр зат — қыртыстан тұрады,
қыртыстың астындағы ақ затта ядро болады. Мишық орталық жүйке жүйесінің көптеген
бөлімдерімен байланысады.
• Мишық адамның қимыл әрекетін реттейді. Оның қалыпты қызметі бұзылса, адам дәл
үйлесімді қимылынан айырылып, дененің тепе-теңдігін сақтай алмайды. Мұндай адамдар,
мысалы, иненің көзінен жіп өткізе алмайды, олар мас адамдарша теңселіп жүреді, жүргенде
қол-аяғы сермеп, ебедейсіз қимыл жасайды.
СОПАҚША МИДЫҢ СҰР
ЗАТЫ.
• Сопақша мидың сұр заты — вегетативтікядролардан басқа,
қызметіне сәйкес топтасқан нейроциттер перикариондарынан
(нейроциттер денелерінен) құралған ми жүйкелерінің сезімтал және
қозғалтқыш сүрзаттық ядроларын түзеді. Бұлардың араларында бір-
бірімен жалгасып жатқан пішіні әр түрлі нейроциттерден және
олардың жүйке талшықтарынан құралған торлы құрылым (лат.
formatio reticularis) болады. Бұл құрьшым сопақша мидан ортаңғы
миға, одан әрі аралық миға дейін созылып жатады. Торлы құрылым —
аталған ми бөлімдері орталықта- рын өзара байланыстырып, үйлестіру
қызметін атқарады. Бұған коса, ол тыныс алу және жүрек-тамырлар
жүйесінің орталығы қызметін де атқарады.
СОПАҚША МИДЫҢ АҚ
ЗАТЫ.
• Ақ заттар аралығында бөлек-бөлек нейрон шоғырлары
жайылған. Бұлардың ішінде бас сүйекми жүйкелерінің
V, VI, VII жұптарының ядролары, көлденең жолақ
еттерді ширықтыруға қатысатын рефлекс
орталықтары, ұйықтау және ұйықтамау (сергек болу)
тәртібін реттейтін торлы құрылым нейрондары бар.
Бұлармен қатар көпірде дем алуды дем шығару
үрдісімен алмастырып тұратын пневмотаксис орталық
пен тыныс орталығында зат алмасуын реттейтін
апнейзистік орталық орналасқан.
Сопақша мидағы торлы құрылым
екі түрлі қызмет атқарады:
• а) жұлын қызметін күшейтіп не әлсірететін төмен
қарай бағытталған әсер;
• б) ортаңғы мидың торлы құрылымымен бірге мидың
басқа бөлімдерінің қызметін күшейтетін жоғары жаққа
қарай бағытталған әсер.
ҚОРЫТЫНДЫ.
• Сопақша мидың рефлекстері туа біткен рефлекстер болғанымен
бұлардың орталықтарына ми қыртысы әсер ете алады. Ми қыртысының
сопақша ми қызметіне қандай әсер ететінін төменде келтірілген
мысалдардан көруге болады. Емізер алдында баланың жаялығын
құрғатып құндақтап отырса, балада осы қимыл әрекетіне сай шартты
рефлекс қалыптасады да құндақтай бастасымен онда ему рефлексі
басталады. Ми қыртысының құсу орталығына тигізетін әсерін мынадан
көруге болады. Аузына ас аларда оның шірік иісін сезсе, шірік-ау деген
ойға келсе, адам лоқсуы, тіпті қусуы мүмкін. Бұл тәжірибе әсіресе
гапноз (иландыру) жағдайында анық байқалады.
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР.
• Қалыпты физиология Редаксиясын басқарған РМҒА
академигіК.В. Судаков,қазақ тіліне аударған және жауапты
редакторы профессор Ф.А.Миндубаева,«ГЭОТАР-Медиа»,
2019
• Сәтбаева Х.Қ., Утепбергенов А.А., Нильдилбаева Ж.Б. Адам
физиологиясы. (Оқулық). - Алматы. Издательство «Дәуір»,
• GOOGLE.KZ
2005. - 663 бет.
• WIKIPEDIA.KZ
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz