1992 жылғы Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы және Нұрлы көш бағдарламасы арқылы отандастарды қайтару саясаты


Slide 1

Қазақтардың тұңғыш дүниежүзілік құрылтайы Қазақстан халқының форумы. ”Нұрлы көш” бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы.

Slide 2

Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы - Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ең жоғарғы органы. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайы - Алматы қаласында 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында дүние жүзі қазақтары өкілдерінің қатысуымен өткен құрылтай. Құрылтай қарсаңында қазақ ұлтының саны 10 млн. 537 мыңға жеткен. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына ТМД елдерінен 350 адам және көптеген шет елдерден делегаттар қатынасты. Құрылтайға қатысушылар Түркістан, Жезқазған, Ұлытау сияқты еліміздің ежелгі саяси-әлеуметтік, мәдени орталықтарында болып, ата жұртымен қауышты.

Slide 3

Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Қалдарбек Найманбаев төрағаның бірінші орынбасары болып сайланды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшылығын құрылтайға қатысушылар мына құрамда толық қолдады:

Нұрсұлтан Назарбаев - Төралқа төрағасы.

Қалдарбек Найманбаев - Төрағаның бірінші орынбасары.

Дәлелхан Жаналтай (Түркия), Мырзатай Жолдасбеков, Алтынбек Сәрсенбаев - Төралқа мүшелері.

Құрылтай таңбасының авторы - суретші Бейсен Серікбай

Slide 4 Slide 5

<<Нұрлы көш>> бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы.

Slide 6

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы құрылып, Қауымдастықтың алғашқы құрылтайы 1992 жылғы 28 қырқүйек пен 3 қазан аралығында Алматы қаласында өтті. Осы құрылтайда сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев: «…Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - тәуелсіз Қазақстан. Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз», «Бар қазақ - бір қазақ» деген отты сөзін айтып миллиондаған елдің жүрегін елжіретіп, рух сыйлаған еді.

Slide 7

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдардан бастап дүниежүзлік көші-қон үрдістерінің белсенді қатысушысына айналды. 1991 жылдан бері Қазақстан Республикасы 706 мыңнан астам этникалық қазақты қабылдады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап көші-қон процестерін реттеу мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне жатады. ТМД елдері шеңберіндегі негізгі көші-қон ағыны Ресей, Украина және Орта Азия елдерімен; алыс шет елдердің арасында - Германиямен байланысты болып отыр. ТМД елдерімен (Ресей Федерациясын, Беларусь Республикасы мен Украинаны қоспағанда) оң көші-қон сальдосы сақталды. Көші қон шығыны Ресей Федерациясымен 1999 - 2007 жылдар арасында - 3 есеге; Белоруссиямен - 6 есеге, Украинамен - 7 есеге төмендеді. Алайда 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда, көші-қонның оң сальдосы үш еседен астам (11 мың адам) кеміген. Керісінше көшіп кету көбейген - 42, 4 мың адам Қазақстаннан шетелге кеткен. Бұл ретте көшіп кетушілердің негізгі бөлігі (71%) - еңбек жасындағы адамдар; көшіп келу азайған - Қазақстанға 53, 4 мың адам келген, бұл алдыңғы жылғы деңгейден 20, 0%-ға төмен. Негізгі шығу елдері: Өзбекстан (көшіп-қонушылардың 47 %), Ресей (20 % астам) және Қытай (11%)

Slide 8

Қорыта айтсақ, бабаларымыз армандап өткен тәуелсіздіктің арқасында Атамекеніне ағылған қалың қазақтың саны арта түсуде. 2012 жылғы көші-қон мәселесі тоқтатылған болса да, биылдың өзінде шетелден 6796 адам, яғни, 4244 отбасы көшіп келген. Ресми дерекке сүйенсек, көшіп келген қандас бауырларға көші-қон есебінен материалдық немесе қаржылай көмек еліміздің тек солтүстік облыстарында ғана бар екен.

Slide 9

Назарларыңызға рахмет!

Slide 10

https://youtu. be/h-lWOkEFsn4

https://youtu. be/hSoObRIbr0s


Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның көші-қон саясаты: ұғымдар, заңнамалық негіздер және Нұрлы көш бағдарламасы
Нұрлы көш бағдарламасы мен оралмандарды қайта қоныстандыру: саясат, жүзеге асыру және әлеуметтік-экономикалық нәтижелері
Нұрлы Жол: 2015 жылғы Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты мен инфрақұрылымды дамыту
Қазақстан Республикасының Президентінің 2014 жылғы Нұрлы жол жаңа экономикалық саясаты мен Мәңгілік Ел идеясы жөніндегі Жолдауы
Абай шығармалары арқылы оқушыларда адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек
Дүниежүзі халқының саны мен ұдайы өсуі: демографиялық саясат
1917 жылғы Ақпан төңкерісі және қазақ өлкесіндегі Уақытша үкіметтің саясаты мен салдары
Нұрлы жол мемлекеттік бағдарламасының тарихи маңызы және инфрақұрылымдық реформалары (2015-2019)
Нұрлы жол бағдарламасының Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына әсері
Дүниежүзі халықтардың нәсілдік құрамы, таралуы және демографиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz