Бейнебақылау жүйесі: құрылымы, жұмысы және камера түрлері


Slide 1

Бейнебақылау жүйесі,

құрамы мен түрлері

Slide 2

Бейнебақылау жүйесі - көрнекі ақпаратты жинайтын, жіберетін, көрсететін және сақтайтын телевизия жүйесі. (ағыл. Сlosed Circuit Television, CCTV - жабық контурлы телевизия жүйесі) .

Бейнебақылау жүйесінің басты мақсаты - визуалды ақпаратты бақылау камераларынан оператор мониторына қашықтықтан жеткізу болып табылады. Бұл әртүрлі қашықтағы бірнеше нүктені бір уақытта бақылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар осы көрнекі ақпаратты сақтап, орын алған оқиғалардың нақты бейнесін қалпына келтіруге және бейнежазба ретінде дәлелдемелерді алуға мүмкіндік береді.

Slide 3 Slide 4

Бейнебақылау жүйесі қалай жұмыс істейді?

Бақылау камералары визуалды ақпаратты түсіріп оны электр сигналына айналдырып, бұдан әрі қарай ақпаратты қысу (сжатия) және нақты уақытта немесе жазба ретінде мониторда көрсету және сақтау үшін DVR регистраторға жібереді.

Slide 5

Бейнебақылауға түсіру уақыты DVR-де орнатылған HDD қатқыл диск арқылы анықталады. Мысалы, 4 бейнебақылау камерасы бар жүйеде 500 GB қатқыл диск 1 ай тәулік бойы түсіруге жеткілікті. Қуат көзі сымдары бар арнайы бейнебақылау кабелі бейне сигналын бір мезгілде беру және бейне камераларды қосу үшін қолданылады. Батареялары бар резервтік қорек көзі тіпті электр қуатының өшуі жағдайында да үзіліссіз жүйе жұмысын қамтамасыз етеді.

Slide 6

Бейнебақылау жүйесін орнату

Ең алдымен бейнебақылауды орнату қандай мақсатта қажет екенін анықтау қажет және бейнебақылаудың міндеттері мен қорғалатын объектінің әлсіз және нашар бақыланатын аумақтарын немесе іскерлік процесті анықтау керек. Бейнебақылау жүйесінің тиімділігі камералардың мұқият ойластырылып орналасуына тікелей байланысты. Маңызды факторлардың бірі - бақылау камераларының конфигурацияларын таңдау. Ол камераның орнатылу алаңы және оған жүктелген міндеттер негізінде жасалуы тиіс.

Slide 7

Сондай-ақ бейнерегистратордің орналасуын таңдауда аса мұқият болу керек, себебі бұл жүйенің жүрегі болып саналады. Сондықтан оны жасырын және барлық адамның қолы жете бермейтін жерлерге орнатқан жөн. Сол сияқты, бейнебақылау камералары мен бейнерегистраторды электр қуатымен қамтамасыз еткенде аса мұқият болу керек. Қуат көзі өшсе, бейнебақылау жүйесі толықтай өшеді. Жалпы электр қуатының өшірілуі кезінде бейнебақылау жүйесін тоқтатпау үшін зарядталатын батареялармен резервтік қоректендіру блогын пайдалану ұсынылады.

Slide 8

Бейнебақылау жүйелерінде қолданылатын камералардың түрлері

HD-TVI, HD-CVI, AHD және HD-SDI Стандарттарына сәйкес жұмыс істейтін бейне камералар.

Аналогтық камералар

ІР камералар

Slide 9

Аналогтық бейнекамера - оптикалық бейнені бейнебақылау жүйелерінде аналогтық бейне сигналына түрлендіруге арналған құрылғы. Аналогты бейнекамералар аналогты бейнебақылау жүйелерінің негізгі компоненті болып табылады. Қазіргі заманғы аналогтық бейнекамераларда, оптикалық бейнені электрлік сигналға түрлендіру үшін арнайы мамандандырылған интегралды схемалар - ПЗС торлары пайдаланылады.

Slide 10

IP камера - сандық бейне камера. Ол IP протоколын қолданатын Ethernet және TokenRing желісі арқылы сандық форматта бейнені жібере алатын камералар. Желілік құрылғы ретінде саналады, желідегі әр IP-камераның өз IP-мекен-жайы бар. Аналогтық камералардан айырмашылығы, IP камераларын пайдаланғанда, камера матрицасы CCD немесе CMOS камерасының матрицасынан бейнекадрды алғаннан кейін, кескін мониторда көрсетілгенше сандық болып қалады.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының сот жүйесі: құрылымы, түрлері және өкілеттіктері
Элементар бөлшектерді тіркеу әдістері: Гейгер санағышы, Вильсон камерасы, көпіршікті камера және фотоэмульсия
OpenGL ортасында анимацияланған кескіндерге арналған синтезделген камера моделі
Отбасы - қоғамның кішігірім жүйесі: құрылымы, түрлері және қызметтері
Сынып жұмысы: Тоғызқұмалақ ойыны және етістік түрлері
Нарық жүйесі: пайда болуы, құрылымы, инфрақұрылымы және түрлері
Тесік камерасы (камера-обскура): тарихы, жұмыс принциптері және қолданылуы
Портфолионы ұйымдастыру: мақсаттары, түрлері, құрылымы және бағалау жүйесі
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар жүйесі: түрлері, құрылымы және конституциялық мәртебесі
Веб-камералар: құрылымы, түрлері және қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz