Солтүстік Қазақстан облысының индустрияландыру картасы




Презентация қосу
Шығыс Қазақстан облысы мен
Солтүстік Қазақстан
облысының
индустрияландыру картасы

Орындаған:Төлеутай
Д.Е.
• Елбасы Қазақстанның алтын тәжі атаған Шығыс Қазақстан
еліміздегі жаңа индустрияландыру дәуірінің алғашқы қадамы
жасалған аймақ болуымен ерекше. Қазақстандағы 30 серпінді
жобаның бірі - «Жаңа металлургия» жобасы Өскемендегі
«Қазцинк» компаниясында осыдан сегіз жыл бұрын алғаш
қолға алынып, 2010 жылы облыс орталығында дүние жүзіндегі
ең озық технологиямен салынған мыс зауыты іске қосылып,
елдегі ең бірінші серпінді индустриялық жобалардың бірі
жүзеге асырылды. Қазақстан Президенті сапасы аса жоғары
мыс өндіруге мүмкіндік берген жаңа зауытқа «Жаңа
металлургия» - Қазақстанда басталып жатқан индустриялық
саясаттың жарқын мысалы, индустрияландыру жолымен
алынған қазақстандық ең алғашқы жаңа, түпкі өнім»
• Қазіргі күні облыстың индустрияландыру картасына сомасы
1 триллион 159,9 млрд. теңге болатын 82 жоба енгізіліп
отыр. Жобалардың 75 пайызы жоғары қайтарымды.
Аймақтың инвестициялық белсенділігін айқын көрсетіп
отырған бұл жобалар 19 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік
бермек. Өткен жартыжылдықтың қорытындысы
индустриялық жобалардың 27-сі 90 пайыздан жоғары
қуатында жұмыс істеп жатқанын көрсетіп отыр. Тоғыз жоба
негізгі қуатының 50-90 пайыз көлемінде, екі жоба жартылай
қуатында жұмыс істеп жатыр.
• Индустрияландыру картасының іске
асырылуы кезеңінен бастап өңірде 236
млрд. теңгенің 48 жобасы жүзеге асырылып,
жеті мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
Картаға енгізілген жобалар бойынша
биылғы жылдың алты айы ішінде 83,3 млрд.
теңгенің өнімі өндіріліп, бюджетке 3,7 млрд.
теңгенің салығы мен төлемі түскен.
• Тәуелсіздік жылдары ішінде, әсіресе индустрияландыру
картасы қолға алынған индустриялды-инновациялық
стратегиямыздың жүзеге асқан алғашқы
бесжылдығында елімізбен бірге облыста ЖІӨ
көрсеткіші ұлғайып, өндірілген өнімнің шетелге
экспортталуы артты. Облыстағы «Қазцинк», «Өскемен
ТМК» сияқты ірі кәсіпорындардың түпкі өнімдері, «Азия
Авто», «СемАЗ», «Өскемен құс фабрикасы», Өскемен
арматура зауыты, «Қазақцемент» өндірісін ұлғайтып,
қайта жарақтандырылған тағы да басқа шағын және
орта кәсіпорындардың жаңа өнімдері, жоғары
технологиялы өндірістері өңір экономикасының
дамуына, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына үлкен
ықпал етті. Жыл сайын ашылып жатқан, заманауи жаңа
технологияларға көшіп жатқан мұндай кәсіпорындар
туралы газет бетінде «Индустрияландыру картасы»
атты айдармен үнемі жазылып келеді.
Облыстың индустрияландырудың жаңа деңгейіне көтерілуіне аймақтағы кәсіпорындардың инновациялық
жобалары айрықша серпін беріп отыр. Қазақстан Президенті тапсырып отырған инновациялық өндірістер құру,
жаңа бастамаларды қолдау шаралары тәуелсіздік жылдарында қол жетіп отырған ең басты экономикалық
жетістіктердің, құндылықтардың бірі деп айтуымызға болады. Кез келген ұжым, кәсіпорын, өңірдегі кез келген
кәсіпкер өзінің жаңа бастамасын, кәсібін ұсынып, ашып қана қоймай, мемлекет тарапынан қолдау көріп отыр.
Былтыр Шығыс Қазақстан кәсіпорындарының инновациялық белсенділігі республикалық орта көрсеткіштен төрт
пайызға жоғары болды. Біздің облыс инновациялық белсенділігі жағынан Астана мен Алматыдан кейінгі үшінші
орында тұр. Бұл - аймақта Қазақстан экономикасының өркендеуіне алғышарт болып отырған сұранысқа сай жаңа
өнімдердің шығарылып жатуының, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа өндірістердің ашылып
отыруының, тың идеялар мен болашағы баянды жобалардың жүзеге асырылып жатқандығының жарқын дәлелі.
Аймақта индустриялық-инновациялық даму
бағдарламасын тиімді жүргізіп, экономиканы
өркендетуге әлеуетті инвесторлар іздестіру
жұмыстарын ширатып, инвестициялық жағдайды
жақсарту үшін қаңтар айында облыс әкімінің
нұсқауымен инвестиция тарту жөніндегі
аймақтық кеңес құрылды. Қазір кеңес өңірдегі
әзір тұрған жобаларға қаржы салатын
бизнесмендермен, компаниялармен келіссөз
жүргізумен қатар жаңа жобалар даярлау
бағытында жұмыс істеп жатыр. Жаңа
индустрияландырудың жарқын жолы басталған
Шығыста ел экономикасын өркендетер жобалар
индустрияландырудың екінші бесжылдығында да
азаймақ емес.
Бір жылда 152 индустриялық жоба іске қосылды 2010
жылдың 1 қаңтарынан бастап Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың тікелей бастамасымен әлемдік
дағдарыстан кейінгі еліміздің алдағы даму страте­
гиясы аясындағы 2010-2014 жылдарға ар­налған
мемлекеттік үдемелі индус­трия­лық-инновациялық
бесжылдық жос­пары бастау алғаны белгілі. Индус­трия­
ландыру бесжылдығының алғашқы жы­лының өзінде
елімізде жалпы құны 800 миллиард теңге болатын 152
ірі ин­дус­триялық-инновациялық жобалар іске қосылды.
Осы мерзімде ел өңірлерінде 24 мыңнан астам тұрақты
жұмыс орны ашылды. Индустрияландыру картасы қай­
та жаңартылғаннан кейін жалпы құны 8,1 триллион
теңгені құрайтын 294 жобадан тұратын жаңа кесте
жасалынды. Бұл жобаларды іске асыру барысында
құрылыс нысандарын салу кезінде 207 мың
қазақстандық уа­қыт­ша, ал жобалар іске қосылғаннан
кейін 161 мың отандасымыз тұрақты жұмыс орнымен
қамтылмақ. Жобалардың 131-і республикалық
индустрия­лан­ды­ру картасына енгізілсе, 163 жоба өңір­
лік индустрияландыру картасына кіргізілген.
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН .. Мемлекет
басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен
өткен индустриялық карта аясындағы
нысандардың тұсаукесе­рінде үдемелі
индустриялық-инно­ва­ция­лық даму
бағдарламасы бойынша Қы­зылжар
өңірінде іске қосылған ин­вестициялық
жобалар жайында Сол­түс­тік Қазақстан
облысының әкімі Серік Біләлов баяндап
берді. Облыста инвес­ти­цияның жалпы
көлемі 27,6 миллиард теңгені құрайды. Ол
бойынша 14 ин­вестициялық жобаны
жүзеге асыру көзделген. Олардың
құрылысы кезінде бір мыңнан астам, ал
пайдалануға берілгеннен кейін 1,8
мыңдай адамды жұмысқа тарту міндеті
тұр. Салалық құрылымдары да әралуан: 6-
уы – аг­роөнеркәсіптік кешені және ауыл­
шаруа­шылық өнімдерін ұқсату, 3-уі –
мәшине жасау, 2-уі – металлургия және
тау-кен өнеркәсібі салаларын қамтиды.
Үстіміздегі жылдың бірінші жырты­жыл­
дығында 6 жоба пайдалануға беріліп,
500-ге жуық жұмыс орындары пайда
Аймақ басшысы Елбасы тапсыр­маларының
мүлтіксіз орындалғанын айта келіп, серпінді
жобалардың басым бөлігі елді мекендерде
орналасқанын атап көрсетті. Аққайың
ауданындағы «Леонов» ЖШС-де бұрыннан жұмыс
істеп келе жатқан тауарлы сүт фермасы заманауи
технологияларға сәйкес қайта жабдықталды.
Шетелдік құрал-жаб­дық­тар орнатылып, 300-ге
жуық асыл тұқымды сиырлар әкелінді. Бүгінде
байлаусыз күтілетін 600 басқа арналған
ғимаратта 60 адам жұмыс істейді. Таяуда Ақжар
ауданының Ащыкөл елді мекенінде 60 мың
тонналық элеватор кешені іске қосылды. Оның
құрылыс жұмыстарымен «Богви» ЖШС-іне
қарасты «Еңбек-Нан» компаниясы ай­на­лысты. 600
миллион теңгеге кана­далық құрал-жабдықтар
орнатылды. Әрқайсысы 10 мың тонналық 6 сыйым­
дылық астықты бір мезгілде та­зар­тып, кептіре
алады. Жүк вагон­дары мен автомобильдер үшін
элек­тронды тара­зылар қойылды. Астық қабылдау,
кептіру, тазалау және сақтау жұмыстары ком­
пьютер арқылы атқарылады. 80 адам тұрақты
жұмысқа орналасты.
Астық қабылдау, кептіру, тазалау және сақтау
жұмыстары ком­пьютер арқылы атқарылады. 80
адам тұрақты жұмысқа орналасты. Осы­лайша
жалпы сыйымдылығы 89 мың тоннаны құрайтын
«Солтүстік-Ащыкөл» астық сақтау кәсіпорны жа­
нынан 60 мың тонналық тағы бір жаңа элеватор
кешені бой көтерді. «ЗИКСТО» АҚ-та астық
тасымалына қажетті хоппер жүк вагондарының
өндірісі игерілді. Жаңа үлгідегі жоба бойынша
жылына 600 вагон құрастырылады. Биыл өндіріс
орны одан әрі кеңейтіліп, контейнер
тасымалдаушы жүк вагонын шығару қолға
алынды. Келесі жылы бірнеше жоба бойынша
жұмыс жалғасатын болады. Олардың қатарында
«Сырымбет» тау-кен байыту кешені, Новоишим
май өндіру комбинаты, «Наурыз-2030» жылыжай
құрылысы бар. Қызылжар ауданында Қазақстанда
баламасы жоқ, нанотехнология бойынша жұмыс
істейтін «Биоплант флора» органикалық-
минералды тыңайтқыштар өндіретін зауыттың
құрылысы басталды.
Назарларынызға рақмет!

Ұқсас жұмыстар
Ипотекалық несиелендіру жүйесінің артықшылықтары
Орал Зенит зауыты - қорғаныс және шаруашылық мақсатындағы өнімдер шығаратын кәсіпорын
ҰЖЫМДАСТЫРУДЫҢ ЗАРДАПТАРЫ
Қазақстан индустрияландыру кезеңінде
Ауыл шаруашылығын ұйымдастыру
Анд тауларында дүние
Географиялық Атлас - географиялық карталардың біртұтас жүйелі жинағы
Қарқаралы тауының шығу тарихы
Қазақстанда индустрияландыруға бағыт алу
Қашқын шоқысы
Пәндер