Италияның білім беру жүйесі 1971 жылы Италияда ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін мектепте оқыту құқығы туралы бірінші




Презентация қосу
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ
Тақырыбы:Инклюзивті білім беру жүйесі ең алғаш дамыған елдер

Қабылдаған: БОРАНБАЕВА А.Р

Орындаған:
ЖАҚСЫЛЫҚ Ж.Ә
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90
жылдары АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына инклюзивті білім беру
бағдарламасын толық енгізді. Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы
туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010–
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді.
Инклюзивті білім беруді дамыту ең алғаш АҚШ, Ұлыбритания, Дания,
Испания, Финляндия, Германия, Италия және Австралия елдерінде білім
беру саясатының жетекші бағдарына айналды. Жоғарыда аталған елдерде
балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін тиісті психологиялық-
педагогикалық жағдай жасалған жалпы білім беру ұйымдарында
психикалық және дене бұзылыстары бар, дамуында артта қалушылығы бар
балалар қалыпты дамыған құрдастарымен бірге табысты білім
алуда.Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесін қарастырсақ,
1991 жылдан бастап Ресейде «Мүмкіндігі шектеулі балаларды
интеграциялау» жобасын іске асыру басталды. Жобаның нәтижесінде он
бір аймақта мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялап оқытудың
экспериментальды алаңдары құрылды [2]. Бұл елде мүгедек балаларды
оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да нұсқалалары бар: арнайы
мектептер мен интернаттар, коррекциялық мектептер, интернат-үйлер,
үйден оқыту және қашықтықтан оқыту. Швецияда ерекше қажеттілікке
мұқтаж балалар қарапайым сыныптарға орналастырылған және юалалар
онда қажетті қолдау алуда. Әр сыныпта арнайы педагогтың немесе
ассистенттің көмегі және көмекші арнаулы құралдарды қолдану арқылы
білім беріледі.
Есту, көру қабілеттері бұзылған, ойлауында артта қалушылығы бар балалар ауытқулары
бойынша бөлінген арнайы мектептерде білім алады және онда 21–23 жасқа дейін оқи
алады. Арнайы мектептер қазір жалпы білім беретін мектептегі сыныптарға кірістірілген
балаларды қолдау ресурстарының орталығы болып табылады. Ойлауы артта қалған
балаларға арналған арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептердің
ғимараттарына сыныптарды біріктіру жолымен орналасқан
Америка Құрама Штаттарын қарастырсақ, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту
жалпы және арнайы оқытуды біріктіру ұсыныстарынан тұрады.Оның 3 негізгі жолдары
бар:яғни, «негізгі бағыт», «жалпы білім инициативасы», «енгізу». Алайда,бұл арнайы
білім беру алаңында үлкен дау тудыруда. Мысалы,негізгі бағыт- мүмкіндігі шектеулі
балаларды оқыту негізгі мектептерде оқытуды көздейді. Екінші жолы жалпы білім беру
инициативасы-дамуында ауытқуы бар оқушыларға білім беру шарттарына
фундаментальды өзгеріс енгізуді ұсына отырып, жоғарыда аталған негізгі бағыттан ары
қарай дами түскен. Өз кезегінде осы сала мамандары дефектологтар мен негізгі
мектептің басшылары жалпы білім беру инициативасын мақұлдаса, кейбір
дефектологтар мен негізгі мектептің мұғалімдері ауытқуы бар балаларға жалпы білім
беру инициативасының әсер ету мүмкіндіктерін түсіну үшін қосымша сынақтар мен
зерттеулер қажет дейді. Үшінші жолы енгізу моделі,ол балаларды ауытқу түріне және
көріну деңгейіне тәуелсіз тұрған жері бойынша жалпы білім беру үрдісіне енгізуді
көздейді. Осындай балаларға мамандар тобы жеке оқыту бағдарламасын құрады, сол
бойынша оқушының жетістігі бағаланады
Франциядағы арнайы білім беру жалпы білім беретін мектептерге дамуында
жетпіспеушілігтері бар балалардың санын неғұрлым көбейтуге бағытталған.
Дамуында ауытқулары бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу 4 нұсқада
жүзеге асырылады. Біріншісі,мұнда бала қарапайым мектеп бағдарламасы
бойынша оқиды, бірақ мектепте немесе одан тыс уақытта оған қосымша қызмет
көрсетіледі: емдеу шаралары, тәрбиелеу жұмыстары т. б. қарастырылған.

Екінші нұсқа бойынша, бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды,
қосымша күтім алады және қосымша арнайы бағдарлама бойынша оқиды. Үшінші
нұсқа,бала мектептегі негізгі уақытта арнайы сыныпта, арнайы бағдарлама
бойынша оқиды,мұндай типте психикалық дамында кешігушілік бар балалар
қарастырылған.Ал, уақытының басқа бөлігінде қарапайым бағдарлама бойынша өз
жасындағы оқушылармен дайындалады. Төртінші нұсқа бойынша,бала тек арнайы
бағдарлама бойынша арнайы сыныпқа барады,бұл типте әдетте ойлау қабілеті
бұзылған балалар білім алады
. Осы заң аясында балаларға
ерте бастан білім беру
Әр елдің тәжірибелерін қарастыра
мәселесіне мән берілген.
отырып,біздің көретініміз шет
Оларды білім беру, әлеуметтік,
елдерде инклюзивті білім беру
медициналық тұрғыда
мәселесі біздің елге қарағанда
едәуір жолға қойылған. Бұл елдерде қамтамасыз ету
инклюзивті білім беру XX ғасырдың қарастырылған. Халықаралық
70 жылдарынан басталған, ал біздің тәжірибелерді жан жақты
елде екінші мыңжылдықтың басында қарастыра отырып,оларды
қолға алына бастады. Европа елерін толық зерттеп, еліміздің даму
алатын болсақ, инклюзивті білім стратегиясын, экономикасын,
беру көптеген мәселелерді шешкен. білім беру жүйесін, әлеуметтік
Бұл елдерде мүгедек балаларға саясатын, қоғам қажеттілігін,
жалпы білім беретін мектептерде тіпті еліміздің менталитетін
қосымша көмек жолдары ұсынылған. ескере отырып, тәжірибелерді
Біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі осы ескерулерге сай
балаларды жалпыға білім беру өзгертулер мен толықтырулар
ортасына қарай бейімдеу 2002 енгіп жүзеге асыру қажеттілігі
жылдан басталды. Сол жылы туындап отыр. Ал, біздің
Қазақстан ТМД елдерінің арасында ойымызша, қазіргі таңда
алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі инклюзияны жүзеге асыру
балаларды әлеуметтік және медика-
табыстылығы тікелей болашақ
педагогикалық тұрғыдан қолдау»
мамандардың даярлығына
туралы заңды қабылдады.
байланысты болып табылады.
Италияның білім беру
жүйесі
1971 жылы Италияда ерекше қажеттіліктері бар балаларды
жалпы білім беретін мектепте оқыту құқығы туралы бірінші
Заң пайда болады. 1977 жылы мұндай оқытуды
ұйымдастырудың белгілі нормативтерін құрастырған Заң
қабылданды:
- сыныптағы балалардың ең көп саны – 20;
- дамуында ерекшеліктері бар балалардың сыныптағы ең көп саны –
2;
- мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау бойынша арнайы іс-
шаралар, сыныптағы сабақтың мазмұнына «енгізілген»;
- арнайы бағдарламалар бойынша оқитын сыныптар қысқартылады;
- арнайы педагогтар қалыпты мектеп мұғалімдерімен командаға
бірігеді;
- педагогтардың екі категориясы сыныптың барлық оқушыларымен
өзара әрекетке түседі.
Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі барлық балалардың 99%-ы
жалпы білім беретін мектепте оқиды.
Арнайы педагогтар мен мүмкіндігі шектеулі оқушылардың
ресми арақатынасы – 1:4, бірақ шынына келген бұл 1:2 болады.

1992 жылы шыққан Италияның жаңа заңы
16 мыңға жуық балалар арнайы (коррекциялық) мектептен
жалпы білім беретін мектепке ауыстырылды
10 мыңға жуық оқушы әдеттегі университеттерге қабылданды,
1997 жылы Италияда дискриминация туралы Заң қабылданды,

содан кейін ерекше қажеттіліктері бар 160 мың бала жалпы
білім беретін мектептерге ауыстырылды, олардың мыңға
жуығының дамуында ауытқуы бар.
2003 жылы Италияның білім министрлігі мектептердің барлық

директорларына жұмыстан үздіксіз тренингке қатысуды
міндеттейді, бұл тренингке қатысу өмірге инклюзивті білім
берудің ұлттық саясатын жетілдіру үшін қажет болады. Мұнда
жалпы білім беретін мектептің барлық мұғалімдеріне, жылына
40 сағат боп белгіленген біліктілікті арттыру курсынан өту
міндеттелді.
АҚШ – тың білім беру
жүйесі
АҚШ-да 1875 жыл мен 1914 жылдары
міндетті мектепте білім беру енгізілді,
соған байланысты ақыл-ойы
жетілмеген балалар үшін және «мінез-
құлқын түзетуге болмайтын» балалар,
саңырау немесе физикалық мүгедек
балалар үшін сыныптар құрылды.

1975 жылы №94-142 Мемлекеттік заңы
қабылданды, ол ерекше білім алу қажеттіліктері
бар балаларға келесі маңызды кепілдіктерді
ұсынды:
- «минималды шектеулері бар ортада» білім беру;
- тегін және адекватты білім беру қызметі;
- әділетті және дискриминациясыз бағалау және
қажетті құқықтық қамтамасыз ету;
- жеке оқу жоспары.
1990-жылдары АҚШ-да
мүгедектігі бар балаларға
жекелей оқыту принципі бар білім
беру туралы заң қабылданды.
Арнайы білім беру саласында
жүргізілетін АҚШ-ның қазіргі
заманғы саясаты, жалпы білім
беру және арнайы білім беруді
біріктіру ұсынысынан құралады.
Бұл біріктірудің үш негізгі тұғыры
ұсынылады:
1) «негізгі бағыт»;
2) «жалпы білім беру бастамасы»;
3) «енгізілу».
Швецияның білім беру жүйесі

Интеграцияға бағыт алу бұл елде 1969 жылы
басталды, бұл кезде Швецияда соған сәйкес
үкіметтік құжат пайда болды.
60-70-жылдары Швецияда, дамуы артта қалған
адамдарға арналған ірі интернататтар және
психиатриялық ауруханалар жабылды. 1980 жылы
Швеция дамуында ауытқуы бар балаларды оқытуды
ұйымдастырудағы тұғырлардың өзгерісін тіркеген
оқу жоспарын қабылдады.
1989 жылы орта білім туралы жаңа Заң
қабылданды, ал 1990 жылдан бастап –
коррекциялық педагогтарды оқытудың арнайы
бағдарламасы қайта қарастырылды.
1995 жылы
Стандарт 5 және 9 сыныптарды
аяқтауда қол жеткізілетін
білімнің міндетті деңгейін ғана
береді.
1986 жылдан бастап Швецияда
көруінде бұзылуы бар балаларға
арналған арнайы мектептер
жоқ, олардың барлығы
тұрғылықты мекен-жайы
бойынша мектепке
интеграцияланған.
Бұл елдегі ерекше мұқтаждығы
бар балалардың көпшілігі,
қарапайым сыныптарға
интеграцияланған.
Мұндай мектептерде олар 21-23
жасқа дейін оқи алады
Францияның білім беру
жүйесі
Франциядағы арнайы білім
. Дамуында ауытқушылығы бар балаларды жалпы білім
беру үрдісіне кірістіру 4 түрлі нұсқада жүзеге асады:
Бала қарапайым мектеп бағдарламалары бойынша білім алады,
бірақ мектепте және одан тыс
оғанқосымша қызметтер ұсынылады (мысалы, емдеу шаралары);
Бала қарапайым мектеп бағдарламалары бойынша білім
алып, қосымша күтімге ие болып, қосымша арнайы бағдарламалар
бойынша оқиды (мысалы, үй тапсырмасын орындаудағы көмек);
Негізгі мектеп уақытында бала арнайы сыныпта арнайы
бағдарлама бойынша білім алады (әдетте, бұл психикалық даму
бөгелісі бар балалар). Басқа уақытта ол қарапайым бағдарлама
бойынша өзіменқұрдас оқушылармен бірге оқиды.
Бала тек қана арнайы сыныпқа барып, онда арнайы бағдарлама
бойынша оқиды (әдетте, бұл ақыл-ойында кемтарлығы бар
балалар). Бірақ ол мектеп өміріне тікелей қатысады.
Бүгінгі күні қажеттіліктері айрықша
балалардың99% жалпы білім беретін
мектептерде оқиды. Қарапайым сыныпта
мұғалімнен арнайы көмек алу үшін бала
дамуында ауытқушылығы бар деп
тіркелген болу керек. Тіркеу тек ата-
ананың рұқсатымен және бір жылға ғана
жүргізіледі, мерзімі өткен соң арнайы
көмекті ұзарту немесе тоқтату туралы
шешім қабылданады.
Ықпалдастық мәселесі орта
мектептің жоғары сыныптарында
анық байқалады – ата-аналардың бір
бөлігі қарапайым сыныпта ауытқушылығы
бар оқушылардың болуына қарсы,
мұғалімдердің арнайы дайындығы жоқ.
Италиядағы ықпалдастықты бұл
мәселенің кең мағынасында шешілген
деп есептеуге болады. Алайда бұл мәселе
бойынша жүйелі орталықтандырылған
мәліметтерді өңдеу болмағандықтан,
білім берудегі бұл
ықпалдастықүрдісінің нәтижелері жайлы
деректер аз.
Финляндияның білім беру
жүйесі
Финляндия — Еуропаның солтүстігінде орналасқан мемлекет. 2015
жылғы көрсеткіш бойынша халық саны 5 492 000 адамды құрап отыр,
жер аумағы — 338 430,53 км². Әлем бойынша халық саны бойынша 114-
ші, жер бойынша 64-ші орында тұр.
Астанасы әрі ең ірі қаласы — Хельсинки.
Мемлекеттік тілдері — фин және швед тілдері.
Финляндиядағы алғашқы мектеп
ХVI ғасырда құрылды және ол
«халықтық мектеп» деп аталды.

1921жылдан бастап елде
міндетті білім жүйесі енгізілді.
Финляндияда 3450 мектеп бар.
Финляндияның қазіргі заманға
сай білім беру жүйесі толық
мемлекет иелігінде.
Міндетті тегін орта білім 7
жастан бастап 16 жасқа дейінгі
дайындық кезеңін қамтиды
(бала 6 жасқа дейін бала
бақшада тәрбиеленеді, одан
кейін дайындық сыныбына
барады, ал 7 жастан бастап
мектепке), негізгі мектеп (1-9
сынып), жоғары мектеп (11-12
сынып) болып келеді. 9
сыныптан кейін жасөспірімдер
арасында танымал болып
отырған бейіндік оқыту
тәжірибеге енгізілген.
Білім беру жүйесінің қағидалары
- барлық бала тең құқылы;
- жекеменшік мектептер жоқ;
- сабаққа қажет құрал-жабдықтар мен оқулықтар тегін
беріледі;
- түскі ас тегін;
- оқушылардың жол жүру билетінің ақшасын
муниципалитет төлейді;
- мемлекетте мектеп инспекторлары жоқ;
- мұғалімдерге толықтай сенім артады;
- жемқорлық өте аз;
- табиғатынан кем-тар болып туылған балалар
құрдастарымен қатар отырып білім алады;
- ұстаздардың оқушыны басқа мектепке көшіру немесе
оқудан шығару сынды құқығы жоқ.
Бұл ел білім саласын дамытуға бүкіл қоғамды
жұмылдырды, мемлекеттік қаржыландыруға ерекше
көңіл бөлінді:
мұғалімдердің айлық жалақысы 17 мың евро (біздің
елдегіден 10-15 есе көп),
оқушылар мен студенттерге стипендия тағайындалды,

оларға тұрғын үй үшін айына 500 евро бөлінеді.

Оқушылардың денешынықтыруы, денсаулығына

қамқорлық жасау, үй тапсырмасын азайту, салауатты
өмір салтын қолдауға көп көңіл береді;
Ең жақсы білікті педагогтар мектепке дейінгі және кіші

жастағылар мектептерінде жұмыс істейді, себебі
мектепке дейінгі білім беру өмір бойғы оқудың бірінші
және анағұрлым маңызды кезеңі болып табылады.
Балабақшадан кейінгі кезеңде
негізгі мектепте оқушы 16 жыл
бойы білім алады. Мектептегі білім
алудың финдік ерекшеліктерінің
тағы бірі - бұндай оқу орындарда
емтихандардың жоқтығында
болып отыр. Яғни, бала негізгі орта
мектепті тәмамдағаннан соң да
емтихан тапсырмайды. Елде жеке
меншік білім беру мектептері
жоқтың қасы - барлық дерлік
мектептер мемлекеттің
қарамағында. Әрі мектептердегі
білім беру сапасы біркелкі.
Мектепті бітірген оқушы өз білімін
одан сайын шыңдаудың негізгі
бағыттарын таңдау мүмкіндігіне,
болашақ мамандықты ажырату
құқына ие болады.
Қорытынды
Фин еліне сапары барысында Елбасы: «Финляндиямен
қарым-қатынас Қазақстан үшін аса қажетті. Себебі, бұл ел
әлемде өзіндік орны бар, білім-ғылым саласында, инновация
бағытында алдыңғы қатардағы мемлекеттердің бірі. Егерде біз
бәсекеге сай ел болғымыз келсе, Финляндияның жүрген
жолымен өтіп, тәлім-тәрбие алғанымыз өте пайдалы болады»,
«Біз бұрын өз дамуымызда Оңтүстік-Шығыс Азияның
барыстарынан сабақ алдық. Олардың стратегияны қалай
жасағанын, қалай дамығанын, кадрларды қалай дайындағанын
үйрендік. Ал қазір бұл кезеңнен өттік, енді бізге Финляндиядан
үйренген жөн», деп атап өткен еді.
Назар
аударғандары
ңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті оқытудың негізгі қағидалары
Шетелдегі инклюзивті білім беру
ИТАЛИЯДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық - педагогикалық коррекциялық қолдау
Психикалық дамуында ауытқуы бар балалар
Инклюзивті білім беру
Психикалық дамуында кемістігі бар балалар
Мектеп психологының рөлі
Жалпы білім беру ұйымдарындағы инклюзивті үрдістің құқықтық негіздері
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ
Пәндер