Идеология және дін



Дәріс 27. 28. Дін философиясы
1. Дін анықтамалары. Дін және философиялық білім.
2. Дін және өнер. «Дүниежүзілік діндер» феномені.
3. Діннің алғашқы формалары. Алғашқы діни формалардың мәселелері: эволюционизм (У. Тейлор), структурализм (Леви-Брюль, Леви-Строс), марксизм (С. Токарев) .
4. Буддизм және оның негізгі бағыттары.
5. Христиан дінінің пайда болу тарихы және негізгі формалары Қоғам философиясы.

Дін ұғымы (лат. religio) сөзінен шығады, яғни байланыс, бірлік; сөзінің
аналогы болып санскриттегі йога сөзі табылады (бағытталу, күш салу) .
Байланыс ұғымы шарттасқан, бірлескен, үздіксіз, бүтіндік, қауымдастық, т. б.
мағынаны білдіруі мүмкін. Практикада дін ретінде әрбір байланыс түсіндірілмейді,
онда рухани байланыс бірінші. Байланыс ішкі және сыртқы, кездейсоқ және қажетті,
мәнсіз және мәнді, материалды және материалды емес болады. Байланыс феноменінде үш
аспектіні көрсетуге болады: материалды, энергетикалық, ақпараттық. Дінді ерекше байланыс
деп айтқанда оның ішкі, қажетті, мәнді, заңды, материалды емес ақпараттық-энергетикалық бірлігін көрсетеді; сонымен бірге діни энергия (күш) өмірлік белсендік, рухани күштердің бостандығын түсіндіреді. Дін рухани байланыс бола отыра өзінің материалдық белгілерімен, символдарымен, әлеуметтік ұйымдарымен қосымша жүреді. Сондықтан діннің ең бір жалпы сипаттамасы жалпы байланыс ұғымын керек етеді, бірақ негізгі болып тұрақты рухани байланыс табылады. Адамның руханилығы болмысқа, абсолютке космостық және қоғамның биіктеріне үнемі ұмтылу болып табылады.

Теология ұғымы
Теология ( грек. theos Құдай және logos сөз; Құдай туралы ілім) а) діни мағынада құдайылық ашылудың зерделі ақиқатын методологиялық тұрғыда жасау (Дж. Ф. ван Акерен) ; б) атеистік мағынада абсолютті шындық туралы ілімді рациональді-жүйелілік тұрғыда түсіндіру, қорғау, сонымен бірге сенушілердің өмірінің сипаттары мен нормаларын ұқсас тұрғыда негіздеу.
Құдай ұғымы
Құдай болмыстың толықтығы. Құдай(жалпы арий. baha дарынды, жекеленген) жеке Мендерден жоғары тұрған және жетіспеушіліктері жоқ абсолютті тұлға, жоғарғы мән. Құдай ол жоғарғы, мәңгі, барлығында, жетелеуші барлығын тудырушы мән, өлмейтін рух. Дүниенің бірінші шындығы және соңгғ мақсаты.

Құдайдың шығармашылық процесі теологияда үш негізгі модельдермен - ілімдермен берілген: пантеизммен, панентеизммен және и теизммен.
Пантеизм (грек. pan барлығы және theos құдай; құдай барлығында) Құдайды екінші табиғатқа, физикалық дүниеге араластырады. Пантеист терминін 1705 ж. Ағылшын философы Дж. Толандом енгізген, ал пантеизм терминін оның қарсыласы 1709 ж. Нидерланд теологы Й. Фай енгізді. Пантеизм сөзімен белгіленген ілім сонау шығыс діндерінде, мысалы индуизмде қарастырылған. Батыс Европада пантеизмнің өрлеуі 16 - 17 ғ. басына жатқызылады. Осылай деп, табиғат ол заттардағы Құдай; физикалық дүниенің жалғыз және жеке мәні деп Дж. Бруно есептеген.
Панентеизм. Пантеиз және теизм арасындағы идея панентеизма (грек. pan en theos барлығы құдайда) . Осы ілімге байланысты жаратылған дүние толығымен Құдайда болады, бірақ құдай дүниеде толығымен араласпайды, Құдай сонымен бірге дүниенің шегінен шығатын және дүниеге трансцендентті. Графикалық түрде оны былай сипаттауға болады: үлкен шеңберде (Құдай) кіші шеңбер (дүние) табылады, кіші шеңбер өзінің әрбір нүктесінде үлкен шеңберден шықпайды. Панентеизмге байланысты, Құдайдың тұлғалылық болмысы бар.
Теизм. Теизмда Құдай өзінің тудырған дүниесінен бөлек шексіз Болмыс және Абсолютті Тұлға ретінде түсіндіріледі. Дүние Құдайдан шықпайды және оның ішінде болмайды, бірақта ол ештеңеден пайда болады, ex nihilo, ешқандай алғы шартсыз болады. Құдайдың тудырған табиғатына трансцентенттігіне байланысты Оның туындылары әрқашанда жаңа, яғни ешқашан болмағанды тудырады. Құдай дүниені Сөзімен (Логоспен), Абсолютті Тілегімен немесе Абсолютті Еркімен тудырады. Теизм көбіне иудаизмге, христиандыққа және исламға тән.

Деизм. Теизмнен деизмді ажырата білу керек ( лат. deus құдай), ол Қайта өрлеу дәуірінде көп тараған. Деизмнің негізін қалаушы лорд Чербериге (ХVII в. ) байланысты Құдай дүниені тудырып, оның әрі қарай дамуында және физикалық заңдылықтарына араласпайды. Көрнекті деистер Толанд, Вольтер, Лейбниц болған. Деизм жаратуды бір актімен шектесе, теизм Құдайдың дүниені өзінің жоспары бойынша тудырады.
Атеизм (atheism құдайсыз) Құдайға тұлға ретінде сенімді терістеу және сыни анализ, сонымен бірге басқа да құдайларға, жоғарғы күштерге сенімді терістеу. Бұл сын философиялық, ғылыми немесе тарихи-ғылыми сипатта болуы мүмкін. Атеистік концепция өзінің сынаған діни ілімдеріне мағыналық құрылымына және ойлау образына ұқсас. Сондықтан абстрактілі атеим мүлдем жоқ, бірақ әрбір атеизм нақты бір дінге(өзі терістейтін) байланысты болады. Осы тұрғыда оны сол сынаған дініне байланысты атау дұрысырақ: христиандық атеизм, мұсылмандық атеизм, иудейлік атеизм және т. б. Қазір атеизмді еркін ойлаумен, діни индифферентизммен, антиклерикализммен дұрыс емес араластырады.
Атеизм Құдай өмір сүреді және Оның болмысын дәлелдеуге болады дейтін монотеизмге қарсы.
Агностицизм (грек. agnostos танымға жатпайтын), адамның дүниені шынайы тану мүмкіндігіне күмән келтіретін философиялық ілім. Осы пззицияны белгілеу үшін ағылшын ойшылы Т. Гексли 1869 ж. агностицизм терминін енгізді.
Иерархия. Шіркеу иерархия бойынша өзінің мүшелерінің мінез-құлқын бақылап отырады және конфессионалды жағдайлар мен дәстүрлерді сақтайды, өндейді және жеткізеді. Шіркеулік иерархия (грек. hieros қасиетті және arche билік, яғни қасиетті билік) төменнен жоғары қарай бағыныштылық тәртібіне байланысты шіркеулік шендердің жиынтығы; христиан шіркеуіндегі қасиетті үш сатының жалпы атауы: епископ, пресвитер және диакон. Согласно М. Веберге байланысты христиан шіркеуі Христостың харизматикалық тобынан және оның шәкірттерінен тарихи пайда болған. Ұстаздың өлімінен кейін харизма біртіндеп көпшіленеді, сенім дәстүрге айналады, қаумдастық үлкейеді, көпшілікке ауысады және рахаттың тәжірибесін жоғалтады. Догматизация, конфессионализацияның және ұйымдардың қажеттігі шіркеуді тудырады.
Шіркеу және секта.
Вебер шіркеуді сектадан универсалдылық критерийлері бойынша айырады. Шіркеу жалпылыққа жақындайды, ол өзін дүниеге қарсы қоймайды, оның мәдениетін мойындайды, сакральды және прфанды құндылықтар арасындағы қайшылықты жоюға ұмтылады. Оған сол канондық территорияда туылған адамның қатыстылығы міндетті түрде. Шіркеу өзінің құрамына сенуші адамды туылғаннан бастап оның еркіне қарамастан енгізеді. Сонымен қатар шіркеуде қатаң бағаланатын мүшелік жоқ. Шіркеу бюрократиялық ұйымның бір түрі, священник административті түрде бекітіледі.
Шіркеуге секта қарама-қарсы тұрады (лат. secta ойлар образы, іс әрекет образы, ілім, мектеп, бағыт) . Секта сенушілердің аз және жабық тобы, олар өз еріктерімен ұйымдасады және де олар саналы түрде шешім қабылдайды. Секта аскетизмді жақтайды, дүниелік тәртіптерді сынайды, барлық мүшелердің теңдігін қолдайды; рухани қайта жаңғыруға ұмтылады. Сектаны харизмалық лидер басқарады.

Конфессионализм. Сенушілердің өздерінің шіркеулеріне қатынасы тең, қатаң және либералды болуы мүмкін. Конфессионализм (көңіл ақтарылу) ойлардың және мінез-құлықтың қатаң образы суреттелінеді, ол өз шіркеуінің барлық догмаларға, бекітулерге жауап береді. Конфессионализмнің ортодоксальдығы және консервативтілігі либерализмге қарама-қарсы, ол кейде дін саласында модернизм немесе индифферентизм формасына көшеді. Шіркеуден тыс және конфессионализмнен тыс дінилік ол діннің бір түрі болып табылады. Қазіргі кезде ол дүниеде көп тараған.

Шіркеу мен мемлекет байланысының түрлері. Мемлекет пен шіркеу арасындағы байланыс әрбір қоғамда өзгеше. Ол теократия, мемлекеттік шіркеу түрлерінде болуы мүмкін.
Теократия (грек. theos құдай, cratos билік) 1) барлық адамзаттың үстінен Құдайдың билігі; 2) мемлекеттік басқару түрі, онда билікті шіркеу басшысы жүргізеді. Теократияда екінші мағынада мемлекеттік билік және басқарушы дін бөлінбейтін бірлікте (Көне Египеттегі абыздық билік, араб халифаттары, Рим папасының билігі т. б. ) . Мемлекеттік шіркеу жоғарғы билікке бағынады, материалды және рухани тұрғыда мемлекетпен қолданады. (Византиядағы православие шіркеуі, патшалық Ресей, Ұлыбританиядағы ағылшын шіркеуі және т. б) . Жоғарғы (светское) мемлекетте ар-ұждан бостандығы принципі бар: азамат әрбір дінді және атеизмді қолдауына құқы бар; шіркеу автономды, ме, млекеттен бөлек, ал мемлекет оның жұмыстарына араласпайды. (АҚШ, қазіргі Қазақстан және т. б. ) . 20 ғасырда социалистік елдерде мемлекеттік атеизм болған, азаматтарға атеистік сенім негізделген.
Идеология және дін. Идеология - әлеуметтік немесе саяси ілімнің түрі, онда практикалық элементтер теориялық сияқты қажетті болған. Бұл дүниені түсіндіріп қана қоймай және де шындыққа деген адамдардың қатынасын түсіндіретін, дүниені өзгертетін идеялар (құқықтық, саяси, діни, философиялық т. б. ) жүйесі. Идеологияны идеялар жүйесі деп қана анықтамай, сол және басқа мәдениетке өмірлік қажеттігін анықтайтын идеалдар жүйесі деп анықтауға болады. Идеология және дін ақиқат және жүріс-тұрыс мәселесіне қатынасында тоталитарлы. Сонымен бірге шындықтың діни сипаттамасы құдайылық дүниені суреттейді, және идеологиядан айырмашылығы осы дүниеге көңіл аударады. Дін әділетті қоғам идеясын қалыптастырады, бірақ өз бетімен саяси практикалық бағдарламаны өз бетінше жасай алмайды. Дінде сенім мен құдайға құлшылық ету бірінші орында. Ол индивидтің жанына құтқару мақсатында бағытталған, ал идеология үлкен әлеуметтік топтарға бағытталады. Діндердің бастамасында пайғамбарлар тұрады, ал идеология рационалды тұжырымдарға сүйенеді. Нақты идеологиялық элементтер тек кейбір қазіргі кездегі діни қозғалыстарға тән.

Сакрализация діннің ерекше функциясы. Қоғамдағы интеграциялық процестердің дамуы мен сақталуы үшін тек дін жауапты емес, оған мифология, философия, өнер, мораль, ғылым және т. б. әсер етеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz