Сүйектің сынықтары және оның рентгенологиялық белгілері


Slide 1

№ 9 дәріс

Тақырыбы:

Тірек қимыл ауруларын R сәулесімен зерттеу.

Slide 2

Рентгендік көрініс дегеніміз - рентгенологиялық қорытынды шығарудағы негізгі мәлімет болып табылады. Бұл көптеген күрделі көлеңкелердің қосылысы. Ол бір-бірінен көлеңкелердің пішінімен, көлемімен, оптикалық тығыздығымен, құрылымымен, контурлардың және кескіндердің әртүрлілігімен ажыратылады. Ол рентгенографиялық пленкада (рентген аспабының экранында, пластинада және басқа да рентгенді көріністің қабылдағышында) зерттеуден өткен объектіге рентген сәулесінің біркелкі әсер етпеуінен қалыптасады.

Slide 3

Рентген сәулесімен зерттеу әдісі - сүйек пен қаңқаны зерттеп, диагноз қоюдағы ең жоғары сапалы әдіс болып табылады. Бұл әдістің тек сүйектің құрылысын ғана емес, сондай-ақ сүйектену, сүйектің өсу динамикасын, тірек-қимыл системасының қимылдау кезеңіндегі ауруларын, сүйекті қоршап тұрған ұлпалардың да ауруларын зерттеуде маңызы зор.

Slide 4

Рентгенограмманы өзара перпендикулярлы екі проекцияда - т і к және ж а н ы н а н (немесе қ а п т а л), ал жануарлардың кейбір мүшелерін (бас қаңқасын, иық, асық буындарын)

қ и ғ а ш проекцияда түсіру қажет

Slide 5

Сүйектің сынықтары және оның рентгенологиялық белгілері

Сүйек негізінде сүйек қабынан (периост), сүйектің тығыз (кортикалды) қабатынан, сүйек кемігінен, буын қапшығынан және байланыс жүйелерінен тұрады. Оның құрамында атомдық салмағы үлкен әртүрлі тұздар болғандықтан, рентгенограммада көлеңке береді, ол көлеңкелер тұтас, біртегіс емес ойыс-ойыс болып келеді. Себебі рентген сәулесін ұстайтын сүйектің тығыз бөлшектері - тұз сіңген сүйек торшалары (минералданған торшалар) болып саналады. Олардың арасында қызыл майы бар ойысталған қуыстар (кемік) - рентген сәулесін ұстамайды.

Slide 6 Slide 7

Жарақаттанған буын мен сүйекті міндетті түрде рентген тәсілдері арқылы зерттеу қажет. Тәсіл сүйектің сынығының бар екендігін, сынықтың түрін, сынық бөлшектерінің жағдайын, олардың орналасқан орнын анықтау үшін керек. Рентген суретінде сынған сүйекке қатынасы бар екі буын да көрінуі қажет (жоғарғы және төменгі буындар) .

Slide 8

Ұзын жілік сүйегінің диафизінің сынығы, сынған жерде сирақтың қозғалуымен және крепитациямен бірге жүреді. Ұшы үшкір болып келген сынықтарды қолмен ұстап байқауға немесе зақымданған жердің терісінен көруге болады.

Slide 9

Ашықтану сызығы - сынықтың қиғаш жазығы. Сүйек бұлшық етке қарағанда рентген сәулесін 250 есе артық сіңіреді. Сынған жердегі сынықтардың арасына қан ұйып қалады, соңынан біріктіргіш және остеоидтік ұлпа пайда болады. Бұл жерлерден рентген сәулелері сүйек көлеңкесіне ашық сызықтар қалдырып, еркін өтеді.

Slide 10

Ж ы л ж у к ө л е ң к е с і. Өлшемі мен қарқындығылығына қарай жылжу көлеңкесі әртүрлі болады. Ірі және жуан сынықтарда көлеңке жылжуы айқындалған және рентген суретке түсірген кездегі проекцияға байланысты, сүйек жиектерінің алдыңғы, артқы, бүйірлі беткейлерінен шығып тұрады.

Slide 11 Slide 12

Сүйек құрылымының (структура) өзгеруінен пайда болатын аурулар

Сүйек торшаларының торша аралағындағы ұяшықтарымен ара қатынасын сүйек құрылымы не кестесі (костная структура) дейді. Сүйек құрылымы әртүрлі болады. Олар, біріншіден малдың даму кезеңіне, сүйекке түскен салмақтың әсеріне байланысты өзгереді. Табиғатта ірі жан-жануардың бірте-бірте даму кезінде сүйек құрылымы сол жануардың түріне байланысты өзгереді. Бұл өзгерісті анатомиялық өзгеріс дейді.

Slide 13

Екіншіден, салмақ әр сүйекке орналасқан орнына, атқаратын қызметіне қарай түседі. Осыған байланысты сүйек құрылымыны да өзгереді. Бұл өзгерісті атқарған жұмысына байланысты сүйек құрылымының өзгеруі дейді

Slide 14

Сүйекте де басқа сүйектердегі сияқты торшаларының ыдырап тозуы және жаңаруы болып тұрады. Екі құбылыс қатарлас бір мезгілде өтетін болса, онда рентген суретінде бұл өзгерістерді көре алмаймыз, ал бір құбылыс басым болса онда рентген суретте бұл құбылыс айқын көрінеді. Бұндай өзгерістер физиологиялық жағдайда кездессе, торшалардың саны өзгермей тек олардың пішіні мен бағыты ғана өзгереді. Сүйектің ыдырау құбылыстарының күшейуі, тіпті сүйек ұлпасының (остеолиз) жойылып, оның басқа патологиялық массаға ауысып кетуіне әкелуі мүмкін.

Slide 15

Остеосклероз - сүйек құрылымының өзгеруі, сүйектегі торшалардың түзілу құбылысы оның ыдырау құбылысынан басым болғандықтан сүйек кестелері кішірейеді. Сүйектің тығыз (кортикалды) қабаты қалындайды, жілік майы тұратын қуысы жіңішкеріп кейбір уақытта көрінбейді.

Slide 16

Остеопороз. Сүйек торшаларының ыдырау құбылысының, оның түзілу (жаңару) құбылысынан басым болуы. Сүйек торшалары және олардағы минералды заттар азаяды, соның салдарынан сүйек рентген сәулесін аз ұстайды. Сүйек кестелері үлкейеді, тығыз қабаты жұқарады, жіліктің майы тұратын қуыс кеңейеді. Сүйектің шеттері тығыздалып, жұқарып анық көрінеді. Бірақ сүйек өзінің алғашқы пішінін, түрін сақтап қалады.

Slide 17

Тоқпан жіліктің жоғары метафизіндегі дақты остеопороз

Slide 18

Ісікті деструкция жылқылардың бас қаңқасында және иттердің ұзын жіліншік сүйектерінде жиі кездеседі.

Рентгенограммада, ісіктің түріне қарай өз ерекшеліктері болады. Саркомалар, карциномалар және хондромалар сүйек көлеңкелерінде әртүрлі көлемді, ашықтанған, участке түрінде көрінеді, кейде сүйектің толық жоғалуымен немесе олардың жұмсақ (ісікті) ұлпалармен ауысқаны арқылы байқалады.

Slide 19

Иттің жіліншік сүйегінде мүйізденудің соңғы сатысы, қаптал проекцияда

Slide 20

Буын аурулары. Буынның шығуы


Ұқсас жұмыстар
Жамбас сүйектің сынуы
Ортан жіліктің сынуы
Сүйектің сынуы
Жабық жарақаттар
Төменгі жақ сүйегі патологиясының МРТ диагностикасы
Жақтың одонтогенді остеомиелиті
Аяқ сүйектерінің сынуы
СҮЙЕК ҰЛПАЛАРЫНЫҢ РЕГЕНЕРАЦИЯСЫ
Жарақатты анықтау
ЛОР мүшелерінің жарақаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz