Білім берудегі инклюзивті үрдісті басқару




Презентация қосу
Білім берудегі инклюзивті
үрдісті басқару

Орындаған:Наврузбай Мәдина
Топ:ЕШТ-33
Қабылдаған:Сейдина Б.З
Жоспар:
• Педагогикалық жобалау көп функциялы білім беру
қызметінің ерекше түрі ретінде.
• Тұрғылықты мекендер мен аймақтарда мүмкіндігі
шектеулі балаларға қолжетімді білім жағдайларын қайта
жандандыру.
• Ұлттық және аймақтық деңгейде инклюзивті білім беру
жүйесін қаржыландыру.
• Инклюзивті процестердің тиімділігін талдау құралы
ретіндегі мониторинг технологиясы.
Жобалау
технологиясы ХІХ ғасырдың ІІ
жартысында АҚШ ауылшаруашылығы
мектептерінде пайда болған. Оның негізін
қалаған – Джон Дьюн атты психолог және
педагог, философ. Дьюндің ілімін
жалғастырушы – Колумбия университеті
жанындағы мұғалімдер колледжінің
профессоры Уильям Херд Килпатриктің
ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін
көруге ынталандыру арқылы үнемі өмірге
дайындау – бұл технологияның негізі.
Педагогикалық жобалау мақсаты:
• Әр түрлі дерек көздерінен қажетті білімді өз бетімен және шын көңілінен
қуанта алу;
*
• Танымдық және тәжірибелік міндеттерді шешу үшін бар білімін
пайдалануды үйрену;
*
• Әр түрлі топтармен жұмыс істей отырып,қарым-қатынас дағдыларын
меңгеру;
*

• Өзінің зерттеу дағдыларын дамыту (проблеманы көре білу,ақпарат
жинау,бақылау,эксперимент жасау,талдау және болдам)
*
Жобалау әрекетін қолданудағы негізгі талаптар:

Зерттеушілік,шығармашылық мағынада маңызы бар
проблемаларды қарастырылуы;

Күтілетін нәтижелердің тәжірибелік, теориялық,
танымдық маңыздылығы;

Оқушылардың озық іс-әрекеті, зерттеу әдістерін
қолдану

Шешімін іздейтін мәселенің болуы, жоба бұл
байсалды ойын, баланың дербестігі және ата-ана мен
баланың ортақ шығармашылығы

Жобаның мазмұндық бөлігі құрастыру
Мүмкіндігі шектеулі баланың басты проблемасы - қоршаған
ортамен байланысының болмауы, құрдастарымен қарым-қатынас
жасауының жиілігімен, табиғатпен қарым-қатынасының
шектеушілігі, мәдени құндылықтарының қолжетімді болмауы,
кейбір уақытта білім алуға мүмкіндіктерінің болмауы болып
табылады. Мүмкіндігі шектеулі баланың қоршаған ортамен қарым-
қатынас жасаудың жеткіліксіздігі оңашалауға және толыққанды
дамымауына әкеп соғады. А.Р.Малер бұл қиындықтардың
туындаудың себебі әлеуметтік ортамен өзара қарым-қатынас жасау
үрдісі баланың талаптарына сәйкес келмеуімен және қарым-
қатынас жасауға дайындығының болмауымен түсіндіріледі.
Нәтижесінде қалыпты деңгейдегі әлеуметтік қатынастан тысқары
қалады, сол себептен әлеуметтік көмек көрсетуді мұқтаж етеді.
Білім алуында ерекше қажеттілігі бар балаларды қоғамға кіріктіру мен еңбек қабілеттілігінің
шектеушілігін Н.Н.Малофеев интеграцияның «қалыпты жағдайға ұмтылу» концепциясына
негіздеген және оның негізгі ой түйіні - мүмкіндігі шектеулі баланың өмірі мен тұрмыстық
жағдайы қоғамның өмір сүру стилі мен жағдайына жақын болуына негізделген.
Н.Н.Малофеевтің жоғары да айтқан мәселелеріне қарай қорытынды жасауға болады:

1. Білім алуында ерекше қажеттілігі бар 2. Бала қалыпты деңгейде өмір
бала барлығына тән – дамуын
ынталандыратын жағдайлар мен
сүретін қоғамдық өмірге жақын
сүйіспеншілікке бөленуді талап ете алады; болуы қажет;

3. Баланың тиімді дамуында үй ең
қолайлы орта болып табылады. 4. Барлық бала білім алады, демек
Сондықтан да жергілікті өкімет білім дамуындағы ауытқушылықтың
алуында ерекше қажеттілігі бар баланың деңгейіне қарамастан, білім алуға
отбасында болуына қажетті мүмкіндік беріледі.
жағдайлармен қамтамасыз етеді;
Инклюзивті білім беруді қаржыландыру мәселелері

Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру жолында үкіметтердің
көптеген проблемаларына қарамастан, прогресс көптеген
аймақтардағы білім беруді қаржыландыруды
орталықсыздандырудан кейін пайда болды.
Көбінесе мәселе ресурстардың деңгейі емес, қаражат қалай
бөлінеді деген сұрақтар негізінде пайда болып жатады.
Білім беруді қаржыландырудың орталықтандырылған саясаты
мен тәсілдері инклюзивті білім беруді жүзеге асыруды қолдау
үшін қаржыландыру реформасын енгізуге негізгі кедергі
болып қала береді.
Инклюзивті білім беру дене бітіміне, психикалық,
интеллектуалдық,
мәдени, этникалық, тілдік және өзге ерекшеліктеріне қарамастан
ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру
кеңістігіне енгізуді, олардың сапалы білім беруде кедергілерді
жоюды және әлеуметтік ортада бейімделуін және ықпалдасуын
көздейді.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға ерекше білім
беруге қажеттілігі бар балалар; мигранттар мен оралмандар
отбасыларының, аз ұлттар балалары; қоғамға әлеуметтік
бейімделуде қиындықтары бар балалар жатады.
Жалпы білім беру жүйесіне
ерекше қажеттілігі бар
балаларды дені сау
құрдастарымен білім беру
ортасына кіріктіру бойынша
процестер енгізіле бастады.
Қазақстан Республикасында
2000 жылдардан бастап білім
беру саясатында ерекше
қажеттілігі бар балаларға
қатысты жаңа бағыттар
қалыптасуда, балаларды
әлеуметтендіру, тәрбиелеу,
білім беру, әлеуметтік
қолдау және бейімдеудің
тиімді жолдарын белсенді
іздеу жүргізілуде.
2002 жылы алғаш рет посткеңестік кеңістікте
Қазақстан Республикасының «Мүмкіндігі шектеулі
балаларды әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзетулік қолдау туралы» Заңы
күшіне енді, онда тек арнайы білімге ғана емес,
олардың қоғамдағы орнына да басқа көзқарасты
көрсететін, осы санаттағы балалардың құқығын
қорғауға қағида түрінде жаңа – инклюзивті – тәсіл
бекітілген.

Заң әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзетулік қолдаудың формалары
мен әдістерін анықтайды, мүмкіндігі шектеулі
балаларға тиімді көмек жүйесін құруға, олардың
тәрбиесіне, оқуына, еңбектік және кәсіптік
дайындығына, бала мүгедектігінің алдын-алуға
байланысты мәселелерді шешуге бағытталған.
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ БАКАЛАВРИАТ
Канададағы инклюзивті білім
Мектептегі қолдау
Басқару субъектісінің қызметтері
Мүмкіндігі шектеулі балалар
Менеджмент әдістері мен қызметтері
Оқыту түрлері мен құрылымы
Педагогтардың біліктілігін арттыру - өзін-өзі жетілдіру формасы ретінде
Мектеп ісін басқару жүйесі
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі
Пәндер