Зардап шегушіні қарау


Slide 1

ШЫМКЕНТ Қ. ДСБ ШЖҚ ”ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ” МКК

МЕЙІРГЕР ІСІНІҢ ҚОЛДАНБАЛЫ БАКАЛАВР

БІЛІКТІЛІГІМЕН “МЕЙІРГЕР ІСІ” БӨЛІМІ

ТАҚЫРЫБЫ: «КІРІСПЕ. АЛҒАШҚЫ ДӘРІГЕРГЕ ДЕЙІНГІ КӨМЕК КӨРСЕТУ ПӘНІ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БАСТАМАЛАРЫ. ПАЦИЕНТТІҢ ҚҰЖАТТАМАСЫ. »

ОҚЫТУШЫ: КӨШКІНБАЕВА М. Т.

ШЫМКЕНТ 2020 Ж.

Slide 2

Пәннің қысқаша мазмұны:

ДДҰ жаһандық шеңберін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмек көрсету қағидаттары мен стратегиялары;

Өмірге қауіп төндіретін жағдайлар кезінде шұғыл көмек көрсету алгоритмдері;

Пациенттің қозғалыс маршруты;

Шұғыл көмек көрсету қажет болған жағдайда дәрілік заттарды қолдану;

Ауыр науқасқа шалдыққан балаларға және олардың отбасыларына шұғыл көмек.

Slide 3

АЛҒАШҚЫ КӨМЕК

Алғашқы көмек - адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т. б. жатады.

Алғашқы көмектің халықаралық белгісі

Slide 4

Денсаулықты негізінен, сапалық жағынан және мүмкіндігінше сандық жағынан бағалау керек. Ең бастысы, денсаулыққа баға беру кешенді түрде жүргізілуі керек. Осы түсініктерге байланысты балалардың денсаулық жағдайына денсаулыққа анықтама бере алатын негізгі 4 белгіні есепке ала отырып баға беріледі. Олар:

Slide 5

Тексеру кезінде созылмалы аурушаңдықтың бар, жоғы. Маман-дәрігерлердің тексеруі арқылы анықталады.

Организмнің негізгі жүйелерінің қызмет жағдайы. Клиникалық тәсілдер арқылы, қажет болған жағдайда функционалдық сынамаларды пайдалану арқылы анықталады.

Организмнің сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне қарсыласу мүмкіндігі. Өткен жылғы жедел аурулардың санына байланысты анықталады.

Физикалық даму деңгейі және оның үйлесімділігі. Психикалық даму деңгейі. Физикалық даму антропометрлік өлшеулер жүргізіп, стандарттар және бағалау таблицаларын қолдану арқылы анықталады. Психикалық даму деңгейін психоневрологиялық тексеру кезінде анықтайды.

Slide 6

Алғашқы көмектің негізгі шаралары:

апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару) ;

апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу) ;

қан тоқтату;

жараны байлау;

сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу;

жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау;

апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру.

Slide 7

Алғашқы медициналық көмек көрсету принциптері:

оқиға орнын қарау;

бірінші рет қарау, көмек көрсету;

жедел жәрдем шақыру;

екінші рет қарау.

Оқиға орнын қарау * Сіз үшін қауіпті емес пе? * Не болды? * Зардап шеккендер қанша? * Айналаңыздағылардың сізге көмек көрсететін жағдайы бар ма? Қарау кезінде әрбір нәрсеге назар аударыңыз. Бұл оқиғаның немесе жарақаттың бастапқы себептерін көрсетеді. Егер зардап шеккен адам ес-түссіз болса, ал куәгерлер болмаса, түбегейлі қарау өте маңызды.

Slide 8

Бірінші рет қарау зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету (бірінші кезекте, өмірлік маңызды органдарға төнген қауіпті анықтауға бағытталған) ол:

есін тексеру (ми жүйесі) ;

тынысын тексеру;

пульсін тексеру (жүректің жұмысын) ;

жедел жәрдем шақыру .

Есін тексеру - зардап шегушінің есінен айырылмағанын анықтаңыз. Егер ол қатты айқай, иығынан жұлқылау сияқты сыртқы тітіркендіргіштерді сезбесе, оны көмек көрсетуге келісті деп есептеңіз.

Slide 9

Жедел жәрдемді келесі кез келген жағдайларда шақыру керек:

- ес-түссіз немесе ес деңгейінің өзгермелілігі;

тыныс алудағы қиындықтар (тыныс алудың қиындауы немесе болмауы) ;

үздіксіз ауру сезімі немесе кеудедегі қысымды сезіну;

пульстің болмауы;

көп қан кетуі;

іштің қатты ауыруы;

қан құсу немесе қанның бөлінулер (зәрмен, қақырықпен) шығуы;

улану;

сіңір тартылу, қатты ауыру немесе түсініксіз сөйлеу;

бастың, мойынның немесе арқаның жарақаты, сүйек сыну ықтималдығы.

Slide 10

Зардап шегушіні қарау

Жалпы жүйеліктегі алғашқы медициналық жәрдем көрсетуде зардап шегушіні қарау маңызды бөлімге жатады. Оның әрқашан бірінші басын тексеру керек, содан кейін қолмен ұстап қарайды. Ол бас сүйегінің жұмсарғанын немесе жарылғанын, қанталаудың болуын айқындауға мүмкіндік береді. Бет жүзін тексергенде оның түсіне көңіл аудару керек. Бозғылт, терлеген, беті суық, көзі жұмылған және аузы ашық болса, естен тану жағдайында екенін дәлелдейді. Беті ысып, қызарып тұрса қызбалықты білдіреді. Мұрыннан қан кету бас сүйегінің, мұрын сүйектері немесе мұрынның қан тамырлары зақымдану салдарынан болуы мүмкін. Егер де мұрын сынған болса, оны байқау оңай. Көзді қарап тексеру басқа денелерді, жараны анықтау, көз қарашықтарының ұлғаю жағдайын, олардың жарыққа реакциясын анықтау үшін жасалады.

Slide 11

Көзбен қатар бас сүйегінің жарақат қауіптілігін дәлелдейтін, құлақтың жарғағы қаралады, есту және құлақтан шығатын сұйықтық тексеріледі.

Ауыз қуыстарын тексергенде ауыздың зақымдануына, ерін түсіне, тістердің бүтіндігіне және жақ сүйектеріне ерекше көңіл бөлінеді. Бозарған ерін жүректің кемшіліктерін, ал көгерген ерін оттегі жетіспеушілігін көрсетеді. Ауыздан шыққан сұйықтық қан түсті болса, ішкі ағзалардың, тыныс алу және ас қорыту жолдарының бұзылуын білдіреді.

Мойынды жағаны шешкеннен кейін қарайды, сонымен бірге мойын омыртқа бөлігінің бүтіндігін, оның функцияларын тексереді, мойнынан зорлықпен өлтіру ізін іздейді.

Зардап шегушінің арқасын тексеру үшін ішіне немесе қырынан жатқызу керек, егер де мұндай мүмкіншілік болса, арқасына қол сұғып ұстап қарайды. Бұл жұмыс процесінде сүйектердің, жұмсақ тіндердің зақымдалған орындары, аурудың шоғырланған жерлері анықталады. Арқаны тексеру кезінде омыртқаның күйіне ерекше көңіл бөлу керек

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Қар көшкіні
Үсуге шалдығу кезінде алғашқы көмек
Алғашқы көмек көрсету
ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛУ
ЗАРДАП ШЕГУШІНІ ЖАНТАЛАС НЕМЕСЕ КЛИНИКАЫҚ ӨЛІМ ЖАҒДАЙЫНДА АЛЫП ШЫҚҚЛАН
Иммобилизация және зардап шеккен адамды тасымалдау
Химиялық күйіктер
Тыныс алу жолдарындағы немесе өңештегі бөгде заттар
Суға бату кезінде көрсетілетін шұғыл медициналық көмек
Электр және сәуле жарақаттары кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz