Сабақтас құрмалас сөйлем




Презентация қосу
Сабақтас құрмалас сөйлем
Орындаған: Кял 19/1 студенті Асабаева Маржан
Тексерген: Карымсакова Бақтыгүл
Сабақтас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемнің біреуінің көбіне
алғашқысының баяндауышы тиянақсыз тұлғада
келіп, екіншісіне бағына байланысқан құрмаластың
түрін сабақтас құрмалас сөйлем деп атаймыз.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің 6 түрі бар:
1. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем;
2. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас
сөйлем;
3. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем;
4. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем;
5. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас
сөйлем;
6. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем;
Шартты бағыныңқылы сабақ
тас құрмалас сөйлем

Құрамындағы жай сөйлемдерінің біріншісі екіншісіндегі істің
орындалу не орындалмау шартын білдіретін құрмаластың
түрі шартты бағыныңқы сабақтас деп аталады.
Мысалы: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның
тіленбей. Шартты бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай
сөйлемдердің бағыныңқы сыңарының баяндауышы
тиянақсыз болып, сабақтаса байланысады. Шартты
бағыныңқы сабақтас
сөйлемнің сыңарларының арасына үтір қойылады.
Қарсылықты бағыныңқылы са
бақтас құрмалас сөйлем

Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас
сөйлемнің бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңары бір-
біріне қарама-қарсы мағынада қолданылады. Қарсылықты
бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңары қайтсе де, не етсе
де, қайткенмен, не еткенмен, қайткенше, не еткенше,
қайткеніне (не еткеніне) қарамастан, қайте тұра, не ете
тұра? сұрақтарына жауап береді. Жұмыс уақыты
әлдеқашан аяқталса да, (қайтсе де?) Рахмет пен Лиза
ертеңгі жиналыстың барысын талдап ұзақ отырды. Теңіз
бетінен қаншама биік болғанмен (қайткенмен?), осы өңірдің
кез келген жерінен су шығады.
Себеп бағыныңқылы сабақтас
құрмалас сөйлем

Бағыныңқысы басыңқыдағы айтылған ойдың
себебін білдіреді. Мысалы: Қожық Көкшетау оязына
қарайтын жерде отырғандықтан, Есенейдің қолына түспей
кетті. Осы құрмалас сөйлемдегі Қожық Көкшетау оязына
қарайтын жерде отырғандықтан деген алғашқы
сөйлем Есенейдің қолына түспей кетті деген екінші сөйлемнің
себебін білдіріп тұр.

Себеп бағыныңқы сабақтас неліктен? не себепті? неге? не
деп? деген сұрақтарға жауап береді.
Қимыл-сын бағыныңқылы саба
қтас құрмалас сөйлем

Құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқысы басыңқыдағы
істің, қимылдың қалай орындалғанын білдіретін
құрмаластың түрі қимыл-сын бағыныңқы сабақтас деп
аталады. Мысалы: Күн батар алдында балықшы жігіт сыртқа
әлденеше рет шығып, биік жар басынан теңіз жаққа көз
салды.

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы
сыңарына қалай, қайтіп? деген сұрақтар қойылады.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
құрмалас сөйлем

Мезгіл бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай
сөйлемдердің біріншісінде айтылған іс екіншісінде айтылған
істің мезгілін білдіретін құрмаластың түрі мезгіл бағыныңқы
сабақтас деп аталады.

Мезгіл бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай
сөйлемдер сабақтаса байланысады. Мезгіл бағыныңқы
сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сыңары қашан, қашанға дейін,
қашаннан бері, қай кезде? деген сұрақтарға жауап береді.
Мақсат бағыныңқылы сабақт
ас құрмалас сөйлем

Құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқысы басыңқыдағы
істің, қимылдың мақсатын білдіретін құрмаластың
түрі мақсат бағыныңқы сабақтас деп аталады.
Мысалы: Жалпақ ел жауабын өз аузынан айтпақ болып (не
етпек болып?), ұлыққа таң атпай келіп еді.

Мақсат бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарларына не
үшін, не мақсатпен, не деп, неге? сұрақтары қойылады.

Ұқсас жұмыстар
Аралас құрмалас Көп бағыныңқы сөйлем сабақтас
Құрмалас сөйлем және оның түрлері. ҰБТ - ға дайындық
КҮРДЕЛІ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР
Аралас құрмалас сөйлем туралы ақпарат
Сөздердің байланысу тәсілдері
Аралас құрмалас сөйлем
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты
Толымсыз сөйлем Атаулы сөйлем
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ҚАЛЫПТАСЫП ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Құрмалас сөйлем түрлері
Пәндер