Тәуекелді басқару әдістерін таңдау


Slide 1

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелділіктің ұғымы мен түрлері

Орындаған : Жаратылыстану институты

туризм мамандығының 1-курс студенті

Сағат Жазира Ерғанатқызы

Slide 2

ЖОСПАР

Кәсіпкерлік қызмет

Кәсіпкерліктегі тәуекелділіктің ұғымы мен түрлері

Қорытынды

Slide 3

Кәсіпкерлік қызмет тәуекелсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тәуекелге барады және қабылданатын басқару шешімдерінің салдарлары жауап береді.

Тәуекел - жоспарланған табыс көлемін ала алмау, зияндар мен жоғалтулардың туындау ықтималдылығы. Басқаша айтқанда, қолайсыз жағдайлармен, экономикалық қызмет шарттарының кездейсоқ өзгеруімен байланысты күтілген табысты, ақшалай қаражаттарды, мүлікті және басқа да ресурстарды жоғалту қаупінің туындауы. Ал кәсіпкерлік тәуекел деп белгіленген ісшаралар іске аспаған, сондай-ақ, басқару шешімдерін қабылдау

кезінде қателіктер жіберілген жағдайда

кәсіпкердің зиян шегу ықтималдылығын айтамыз.

Slide 4

Тәуекел - таңдау жасау кезінде айқынсыздықты болдырмаумен байланысты қызмет, яғни айқындалған мақсаттан ауытқулар мен сәтсіздіктерді, қалаған нәтижелерге жету ықтималдылығын сандық және сапалық бағалау мүмкіндігі туындайды.

Slide 5

Тәуекел түсінігінде мынадай элименттерді бөліп көрсетуге болады :

Анықталған мақсаттардан ауытқу мүмкіндігі;

Қалаған нәтижелерге жету ықтималдығы;

Алға қойылған мақсатқа жетуде сенімділіктің болмауы;

Айқынсыздық жағдайында тандалған баламаларды жүзеге асырумен байланысты материялдық және басқа да жоғалтулардың туындау мүмкіндігі.

Slide 6

Тәуекел және айқынсыздық түсініктерінің қарым- қатынасына назар аудару керек. Бұл түсініктердін ара-жігін ажыратып алу қажет, өйткені тәуекел белгісіз оқиғалардың туындау ықтималдылығын алдын ала бағалау мумкін емес болған кездегі жағдайды сипаттайды. Мысалы, форс-мажорлық міндеттерлерді айқынсыздыққа жатқызуға болады

Slide 7

Айқынсыздық жағдайының туындау себептерін үш топқа бөліп қарастыруға болады:

Білместік - бұл сыртқы кәсіпкерлік орта туралы білімдердің жеткіліксіздігі.

Кездейсоқтық - болашақтағы оқиғаны болжаудың өте күрделі екендігімен байланысты анықталады.

Қарсы әрекет деп сол немесе өзге оқиғалардың кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін қиындатқан кездегі жағдайды айтамыз.

Slide 8

Тәуекелдерді жіктеу қандай да бір белгілер мен өлшемдер негізінде оның көптеген түрлерін жүйелеуді білдіреді. Тәуекелдін әртүрлі белгілері бойынша жіктелуін келесі кестеден көруге болады.

Slide 9

Кәсіпкерлік тәуекел - өнімдерді тауарларды, қызмет көрсетулерді өндірумен, оларды өткізумен, тауар-ақша және қаржы операцияларымен, коммерциямен байланысты кез келген қызмет түрінде пайда болатын әлеуетті мүмкін қауіптілік, ресурстарды ықтимал жоғалтулар. Ол ресурстардың күтпеген, есептелмеген шығыны ретінде немесе ресурстарды ұтымды пайдалануға есептелген нұсқамен салыстырғандағы табысты ала алмауы ретінде сипатталады.

Slide 10

Тәуекелділіктің

бірнеше түрі бар

өндірістік

коммерциялық

қаржылық

нарықтық

инвестициялық

Slide 11

Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т. б. себептер тікелей ықпал жасайды

Коммерциялық тәуекел - бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.

Slide 12

Қаржылық тәуекел - қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем қабілеттілігінің кемдігінен пайда болуы, т. б.

Инвестициялық тәуекел - бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін. Нарықтық тәуекел - бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент ставкасының немесе шет ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты

Slide 13

Нарықтық тәуекел - ең таңқаларлық қаржылық тәуекелдердің бірі. Нарықтық тәуекел - бұл инвестор тартылған қаржы нарықтарының жалпы көрсеткіштеріне әсер ететін факторлардың әсерінен жоғалту мүмкіндігі. Нарықтық тәуекелді жүйелік тәуекел деп те атайды.

Slide 14

Кәсіпкерлік тәуекелді туындататын факторлар Кәсіпкерліктегі тәуекел бірқатар факторлардың болуымен байланысты, яғни жоғалтулардың туындау ықтималдылығын жоғарылата отырып, сол немесе өзге іс-әрекеттерді туғызатын шарттармен сипатталады. Мұндай шарттар кәсіпкердің өзінің белгілі бір іс-әрекеттері нәтижесінде кәсіпкерлік құрылымдардың ішкі қызмет сферасында, сондай-ақ бизнесті қоршаған ортаның, яғни мемлекеттік органдардың, жабдықтаушылардың, бәсекелестіктердің әрекеттерінің әсерінен туындайды.

Slide 15

Компанияларды қаржылық тәуекелінің деңгейіне әсер ететін негізгі факторлар

Обьективтік

Субьективтік

- еліміздің экономикалық даму деңгейі; - Макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы; - еліміздің инфляциялық өсу қарқыны; - қаржы нарығындағы жеке сегменттердің бәсекелестік деңгейі; - компаниялардың қаржылық қызметін мемлекеттік реттеудің сипаты; - форс-мажорлық топтардың факторлары.

Копаниялардың қаржылық стратегиясының негізгі параметрлері; - мүмкін болатын тәуекелдің саясатына менеджерлер меншік иелерінің көзқарастары; - меншікті капиталдың көлемі; - пайдаланылатын капиталдың құрамы; - Қаржы менеджерлерінің біліктілік деңгейі.

Slide 16

Қаржылық тәуекелдің түрлері

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік қызметтегі қауіптер
Тәуекелді бағалау
Кәсіпкерлік тәуекелді талдау және басқару
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер жайында
Тәуекелдерді басқару әдістері
КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДІ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
ТӘУЕКЕЛ ДӘРЕЖЕСІ
Кәсіпкерліктегі тәуекел менеджменттің негіздері
НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДІ КЕМІТУ ӘДІСТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz