Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ коммерциялық емес акционерлік
қоғамы
«ӨСІМДІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КАРАНТИН» КАФЕДРАСЫ

Карантиндік
шараларды
ұйымдастыру және
олардың түрлері
Орындаған: Бексапарова Асем ЗР-
415
Тексерген: Раимбекова Б. Т
Жоспары:
I.Кіріспе
1.1 Өсімдік карантині
II.Негізгі бөлім
2.1 Өсімдік карантині жөніндегі іс-шаралар
2.2 Карантинді объектілерді анықтау тәртібі
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Өсімдік карантині - мемлекет аумағын немесе оның жеке
бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және
арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады.
Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге
бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты – еліміздің
аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы
мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде
елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек,
орман және жеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері
мен тұқымдары, т.б.) барлығы карантиндік тексеруден өтеді.
Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндік
сертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі
байқалған жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе
жойылып жіберіледі, жіберілген елге кері қайтарылады. Әр
мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып,
бекітіледі. Ішкі карантиннің негізгі мақсаты – республика
аумағында кездесетін, бірақ та әлі аса кең тарала қоймаған
зиянды нысандарды жою және әрі қарай таралуын шектеу.
Карантин шараларын Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министірінің өсімдіктерді қорғау және карантин
департаменті “Өсімдіктер карантині туралы” заңды басшылыққа
ала отырып жүргізеді.
Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар
болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының аумағын басқа
мемлекеттерден немесе карантиндi аймақтан карантиндi
объектiлердiң әкелiнуiнен немесе өз бетiмен енуiнен қорғау;

2) карантиндi объектiлердi анықтау, оқшаулау және жою,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының олар жоқ аймақтарына
олардың енуiнiң алдын алу;

3) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині
саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік
карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау
жүргізу.
Қазақстан Республикасының аумағында өсiмдiктер
карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асырудың
принциптерi мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының азық-түлiк және шикiзат
қауiпсiздiгiн сақтап тұру және мүлiктi сақтау мақсатында өсiмдiк
ресурстары мен өсiмдiк тектi өнiмдердi карантиндi
объектiлердiң бүлдiруiнен және жоюынан қорғауды қамтамасыз
ету;

2) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеу,
мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және
қадағалау, Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині
саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық;

3) өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiк тектi өнiмге карантиндi
объектiлердiң ықтимал әсерiн объективтi, ғылыми негiздеп
бағалау және олардың ықтимал зиянын болғызбау;

4) халықтың, жеке және заңды тұлғалардың, ұйымдардың,
мемлекеттiк басқару және жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдарының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi шараларды
орындауға белсене қатысуы;
Қазақстан Республикасының аумағына:
1) экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік
қызметтерінің фитосанитариялық
сертификаттарынсыз карантинге жатқызылған өнімді;
2) карантиндік объектілер мен бөтен түрлер жұқтырған
карантинге жатқызылған өнімді;
3) топырақты, тамыр жайған өсімдіктерді топырағымен
қоса;
4) уәкілетті органмен келісім бойынша ғылыми-зерттеу
мақсаттары үшін әкелінетін үлгілерді қоспағанда,
өсімдік ауруларын қоздырушыларды - тірі
саңырауқұлақ өскіндерін, бактерияларды, вирустарды,
сондай-ақ өсімдіктерді бүлдіретін жәндіктерді,
кенелерді, нематодтарды, карантиндік арамшөптер
тұқымдарын әкелуге тыйым салынады.
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың
құзыреті
1) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен
қадағалауды жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы
заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы, өсімдіктер
карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы берілген нұсқаманың
орындалуын бақылау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өсімдіктер
карантині саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету;
4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік
жазалар қолдану;
5) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру;
6) қарап-тексеру, жете тексеру, карантиндік фитосанитариялық
сараптама және (немесе) зертханалық сараптама жүргізу және қажет
болған кезде зарарсыздандыру, жою кезеңінде, сондай-ақ олар
карантиндік не фитосанитариялық сертификатсыз тасымалданған кезде
немесе карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеген
жағдайларда фитосанитариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын
тоқтату және карантинге жатқызылған өнім мен мемлекеттік карантиндік
фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерін кідірту;
7) Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен
бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес шұғыл
шаралар жүргізуді ұйымдастыру және олардың жүргізілуін бақылау;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды
және қадағалауды жүзеге асыру кезінде өсімдіктер
карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың:
1) карантинге жатқызылған өнім мен мемлекеттік карантиндік
фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерін қарап-
тексеру, жете тексеру, карантиндік фитосанитариялық сараптама
және (немесе) зертханалық сараптама жүргізу және қажет болған
кезде залалсыздандыру, жою кезеңінде, сондай-ақ оларды
фитосанитариялық не карантиндік сертификатсыз тасымалдау
кезінде немесе карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкес
келмеген жағдайларда Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен кідіртуге;
1-1) карантиндік фитосанитариялық талаптарға және (немесе)
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы
заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін карантинге
жатқызылған өнімді әкелуге, әкетуге және транзиттеуге тыйым
салуға;
2)мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау
объектілеріне баруға және оларда Қазақстан Республикасының заңнамасы
талаптарының сақталуы тұрғысынан зерттеп-қарауды жүргізуге, өз
өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат алуға;
3)карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе)
зертханалық сараптама жүргізу үшін карантинге жатқызылған өнім
үлгілерін іріктеп алуға;
4)жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ жергілікті атқарушы
органдарың лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының өсімдіктер
карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою
туралы, өсімдіктер карантині жөніндегі қажетті іс-шаралар жүргізу туралы
нұсқамалар шығаруға;
5) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы
заңнамасының бұзылуына жол берген лауазымды адамдарды, жеке және
заңды тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға;
6) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексінің 48-бабында көзделген жағдайларда, сотқа әкімшілік құқық
бұзушылық туралы іс бойынша материалдарды үш тәулік ішінде міндетті
түрде бере отырып, қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата
тұруға немесе оған тыйым салуға құқығы бар. Бұл ретте, қызметке тыйым
салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін
қолданыста болады.
Карантиндi объектiлердi анықтау тәртiбiКарантиндi
объектiлердi уақтылы анықтау, олардың таралу
ошақтарының шекараларын айқындау мақсатында жер және
орман алқаптары, ауыл шаруашылығы, әсемдiк, дәрiлiк және
басқа да дақылдардың егiстiктерi мен көшеттерi, үйлер,
ғимараттар, контейнерлер, қоймалар, өзге де объектiлер
және карантинге жатқызылған өнiмдi шығарумен, өңдеумен,
сақтаумен, тасымалдаумен және өткiзумен байланысты
ұйымдардың аумақтары және карантиндi объектiлердi
жұқтыру мен тарату көзi болуы мүмкiн өзге де объектiлер
жүйелi түрде тексеруге жатады. Бұл жұмыстарды орындауды
өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік
инспекторлардың нұсқамалары бойынша жеке және заңды
тұлғалар, сондай-ақ Республикалық фитосанитариялық
диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы
қамтамасыз етеді.
Қортынды
Қортындылай келе, өсімдік қорғауда
карантиннің орны ерекше екенін түсіндім. Өсімдік
карантині мемлекетте карантинді аурулар,
зиянкестер және арамшөптердің көбеюінің алдын
алу шараларымен айналысады. Мемлекет ішіндегі
карантиндік шараларды дұрыс жүргізу, шет елден
келген өсімдік өнімдерін тексерудің маңызы зо
екенін түсіндім. Өсімдік карантинінің негізгі
міндеттеріне елімізге басқа мемлекеттерден
карантинді объектілердің әкелуінен қорғау және
карантинді объекті анықталған жағдайда оқшаулау
немесе жою және басқа аймақтарға енуінің алдын
алу болып табылады. Карантинді объектілерді
уақытылы анықтау, олардың таралу ошақтарын
және шекараларын анықтауға көмегін тигізеді.
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Еңбек қорғау заңнамасын бұзған жағдайдағы жауапкершілік
Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы
ПЕДАГОГ МƏРТЕБЕСІ
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ, БЕЛГІЛЕРІ
Қылмыстық жауапкершілік
Ормандардың құқықтық режимі және оларды қорғау
Діни бірлестіктерді құру
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық
КЕДЕНДІК ҚҰҚЫҚ
Волонтерлік қызметтің қағидаттары
Пәндер