Химиялық әдіс
Презентация қосу
ҚAЗAҚCТAН PECПУБЛИКACЫНЫҢ AУЫЛ ШAРУAШЫЛЫҒЫ
МИНИCТPЛІГІ
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Ветеринария факультеті
Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы
СӨЖ-1
Тақырыбы : Дезинсекция
Дайындаған: Жұмахан Н
Тобы: ВМ-505
Тексерген: б.ғ.қ профессор Ахметова Г
ДЕЗИНСЕКЦИЯ
Дезинсекция – /французша des - жою іnsectum - жәндік/ -сыртқы
ортадағы зиянды жәндіктерді жою. Бұл терминді ұсынып, ғылым мен
өмірге енгізген академик Н.Ф.Гамалея /1910/ болатын. Табиғатта
миллионға жуық жәндіктер бокса 1 пайызға жуығы ғанна зиянкес
тоғышарлар қатарына жетады. Кейбір жәндіктер оқыра, пысқырық,
эстроз, гастрофилез, симулидетоксикоз, гематопиноз, бовинелез
сияқты аурулардың \қоздырушылары бокса, енді бір чтобы малдың
қаның сорып, маза сын кетіреді. Оларға шыбын- шіркей, масса-сона,
Қораны,
бит, мал
бүргін фермасындағы түрлі жабдықтарға дезинсекция
жатады.
жасау үшін малдың үстінде әр түрлі әртүрлі техникалық
жабдықтарқтар негізінен дезинфекцияға арналғанған
жабдықтар пайдаланылады. Жәндіктермен ж ә не кенелермен
күресу үшін механикалық физикалық химиялық ж ә не
биологиялы тәсілдер пайдаланылады.
Дезинсекцияның физикалық, механикалық, химиялық, биологиялық
әдістері бар. Физикалық әдісті қолдану кезінде ыстықне суық
температурамен бумен өңдеу, өртеу, жоғары тербелісті ультраток
, иондаушысәулелердің әсерін пайдалану арқылы ұсақ жәндіктерді
жояды. Механикалық әдісті қолдану кезінде есік-терезе торланып,
қоражай көң-қоқыстан тазартылады. Химиялық әдісті қолдану
кезінде жәндіктерді жою үшін улы препараттар (ДДТ, гексахлоран,
хлорофос, нафталин, анабазин, күкіртті газ, т.б.) қолданылады.
Биологиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жоюға құс, балық,
микроорганизмдер пайдаланылады. Дезинсекция арнайы
мекемелер мамандарының бекітуімен белгіленген ережеге сай
жүргізіледі. Әдетте Дезинсекциялық шаралар дератизациямен
қатар орындалады.Дезинсекциялық заттарды қолданылу аймағы
мен шарттары оның улылығы мен қауіптлік дәрежесі бойынша
анықталады
Дезинсекция медициналық, ветеринарлық және
ауылшаруашылық шараларына бөлінеді. Тәжірибеде
буынаяқтыларды жою үшін түрлі әдістер мен тәсілдер
қолданылады, олардың тиімділігі жәндіктердің биологиялық,
экологиялық, фенологиялық ерекшеліктерімен байланысты.
Буынаяқтылардың құрылысын, тіршілігін және экологиясын
энтомология ғылымы зерттейді. Медициналық
арахноэнтомология – медициналық маңызы бар буынаяқтылар
типінің биологиясы, даму кезеңдері, құрылысы, экологиясы
туралы ғылым.
Медициналық дезинсекция трансмиссивті ифекциялардың, яғни
буынаяқтылар арқылы таралатын жұқпалы аурулар
эпидемиологиясымен тығыз байланысты. Жұқпалы ауруларды
таратушы жәндіктерді зерттеу, олармен күресу шараларын, жою
әдістерін СЭҚБ энтомолог мамандары ұйымдастырады.
Дезинсекция шаралары арнайы (маса, бит, бүрге, кене) және
арнайы емес механикалық таратушыларға бағытталады (шыбын,
шіркей, таракан, құмырсқа).
Дезинсекция шаралары 2 топқа бөлінеді:
1.Алдын алу дезинсекциясы.
2.Жоятын дезинсекция.
Алдын алу дезинсекцияның мақсаты: жәндіктердің тіршілік
етуіне, көбеюіне жол бермеу, тұрғын үйлерде таралуын, адамға
зиян келтіруін алдын алу. Мұнда жеке бас гигиенасын сақтау
мен тұрғын үйлердің санитарлық жағдайын сақтаудың маңызы
өте зор. Мысалы, таракандарға қарсы бөлмені уақтылы жинау,
қоқыстардан, тамақ қалдықтарынан үнемі тазалау, тағамдарды
жабық түрде сақтау. Маса мен шіркейлерге қарсы
агротехникалық жұмыстар жүргізу, мелиорация жасау,
батпақты жерлерді жою, өзен мен арықтарды тазалау
•Аса қауіпті (1-сыныпты) заттар – жабық бөлмелкрде қолдануға
тиым салынады.
•Қауіптілігі жоғары (2- сыныпты) заттар – балалар
мекемелерінде, емдеу мекемелерінде, қоғамдық тамақтану
орындарында және тұрмыстық жағдайда қолдануға болмайды.
Бұдан басқа жерлерде тек арнайы білікті маманның
қатысуымен жасалуы керек.Соңынан міндетті түрде желдету
және жинау жұмыстары жүргізілуі тиіс.
•Қауіпті (3- сыныпты) заттар- кез-келген бөлме жағдайында
маманның қатысуымен қолданылады.
•Қауіптілігі аз (4- сыныпты) заттар- ешқандай шектеусіз
жағдайда қолданылады.
Дезинсекция кезіндегі жалпы қауіпсіздік шаралар:
•Жұмыс жүргізу үшін жасы 18- ден кем емес арнайы
медициналық талаптарға сай, арнайы тексеруден өткен адам
ғана осы жұмысқа босатылады.
•Мамандығы бойынша рұқсат қағазын алған тұлға ғана жұмыс
істеуге құқылы болып табылады.
•Жұмысқа кіріспес бүрын қызметкер арнай оқу-тәжірибеден өтке
және де еңбек ережелерімен танысқан болуы керек.
•Өзі атқаратын жұмыс бойынша теориялық білімі мен еңбек
стажы болуы керек.
•Қызметкерді қауіпсіздік шаралары бойынша теориялық білімін
кем дегенде 3 айда бір рет тексеруден өткізу керек.
•Дезинсекциялық және репеллентті заттармен жұмыс істегуге
ешқандай заттарға қарсы көрсетілімі жоқ адам тағайындалады.
•Дезинсекциялық заттармен жұмыс істеушілер қауіпсіздік
техникасы талаптарына сай арнай киіммен және жеке бас
қауіпсіздік заттарымен (СИЗ) қамтамасыз етілуі тиіс.
•Өңделмеген жеке бас қауіпсіздік заттарымен жұмыс істеге тиым
салынады.
Жою дезинсекцияда қолданатын әдістер:
1.Механикалық әдіс.
2.Физикалық әдіс.
3.Химиялық әдіс.
4.Биологиялық әдіс.
Механикалық әдісте тазалау, қағу, ұстау қолданады.
Мысалы, шыбындарды ұстау үшін шыбын ұстағыш, шыбын
ұрғыш, жабысқақ қағаз пайдаланылады.
Физикалық әдісте жоғары және төмен температура
қолданылады. Мысалы: бүрге басқан қажетсіз заттарды өртеу
немесе бит басқан заттарды ыстық сумен жуу, қайнату.
Дезинфекция камераларында ыстық ауа мен бу кеңінен
қолданылады.
Химиялық әдісте түрлі химиялық қосындылар қолданылады:
жоятын, үркітетін (репеленттер), иіс немесе дәммен тартатын
(атраканттар), стерилизациялайтын және өсіп-өнуін
тоқтататын заттар – регуляторлар қолданылады.
Жәндіктерді жоютын заттарды инсектицидтер деп атайды,
кенелерді жоятын заттар – акарицидтер, жәндіктердің
жұмыртқаларына қарсы заттар –овоцидтер, дернәсілдеріне
қарсы заттар – ларвицидтер деп аталады.
Дезинсекциялық заттардың қолданатын түрлері
Дезинсекциялық заттар – бұл бір немесе бірнеше химиялық заттан
құралған, қолайлы, қажетті түріне келтірілген заттар. Қолданатын заттың
түрі, құрамы, дайындау әдісі заттың физикалық және химиялық қасиетін
өзгертіп оның тиімділігіне әсер етеді. Дезинсекциялық заттың бір заты негізгі
әсер етуші, басқалары қосымша әсер беруші болады, яғни негізгі заттың
әсерін күшейтеді немесе қажетті, тиісті түрі береді.
Инсектицидтің түрін таңдағанда жәндіктің биологиялық ерекшелігін, даму
кезеңін және денесіне түсу жолын ескеру қажет. Инсектицидтер ерітінді,
ұнтақ, дуст, суспензия, гранула, эмульсия, аэрозоль, сабын, паста, май
түрінде шығарылады.
Инсектицидтік ерітінділерді дайындау үшін суда ерімейтін ерітінділерді
органикалық еріткіштерде ерітеді.
Дуст – инсектицидтен және қосымша заттан құралған қосынды. Қосылатын
зат негізгі заттың көлемін көбейту үшін, көп көлемдегі жерге себу үшін
қажет. Дусттың құрамында инсектицид 10-20% болады, қалғаны қосымша
заттар. Дусттар ұзақ уақыт сақтағанда бұзылмайтын, ылғалданбайтын,
түйіршіктенбейтін, жақсы себілетін болуы керек. Дуст ұзақ уақыт сақталуы
үшін су сіңірмейтін инсектицидтер немесе қосымша заттар қосылады.
Суспензия – дуст немесе ұнтақты суда еріту арқылы дайындалады. Суспензия
дайындауға арналған заттар ұзақ сақталатын, суда жақсы еритін болуы
қажет. Суспензия дайындау кезінде инсектицидтің техникалық құжатына
сәйкес өлшеп алады, шелекке салып ағаш қалақшамен біркелкі ерітінді
Гексахлоран – кристалл түрдегі ақ түсті зат, органикалық
ерітінділерде жақсы ериді, α, γ, β изомерлері бар. Иісі өткір
жағымсыз, ұзақ сақталады. Гексахлоран 15 % эмульсия, 6-12 %
дуст, 3 % инсектицидтік сабын түрінде шығарылады.
Фосфорорганикалық инсектицидтер қоршаған ортада ұзақ
сақталмайды, жиналмайды, өте тиімді, сондықтан тәжірибеде
кеңінен қолданылады: хлорофос, ДДВФ, карбофос,
трихлорметафос-3, дифос, метилнитрофос, сульфидофос.
Өсімдіктерден жасалған инсектицидтерді бит, бүрге,
таракандарға қарсы бұрыннан қолданып келеді. Пиретрум – көп
жылдық түймедақ гүлдерін кептіріп жасалады, шыбын, маса, кене,
бит, бүргеге қарсы қолданылады. Пиретрумды уайт-спиртте
немесе керосинде тұндырып 0,06 % флицид түрінде қолданады.
Синтетикалық пиретроидтар жәндіктердің нерв жүйесін салға
әкеліп соқтырады, аса улы емес, қазіргі кезде неопинапин, неопин,
неопинат кеңінен қолданылады.
Керосин – тұнық сұйықтық, оның түсі тазалау сапасына
байланысты өзгереді. Тазаланған керосин суда ерімейтін, ақшыл
тұнық сұйықтық, улы заттарды еріту үшін қолданады немесе су
қоймаларындағы масаның жұмыртқасы мен дернәсілдеріне қарсы
қолданылады. Хлорланған керосинді алу үшін 1 литр керосинге 50
Дезинсекциялық жұмысты орындаушы персонал жеке бас
қауіпсіздік заттарымен қоса сабынмен, орамалмен және де теріні
жұмсартатын заттармен қамтамасыз етілуі керек.
Дезинсекциялық заттармен және құрылғылармен жұмыс істеу
кезінде мынадай ережелерді сақтау керек:
•Міндетті түрде арнайы киім кию және де жеке бас қауіпсіздік
заттары:халат, аяқ киім, респираторлар, қолғаптар, көзілдіріктер
кию қажет.
•Ерітінді, эмульсия, суспензия,приманкаларды дайындау кезінде
әр түрлі респираторлар қолдану.
•Жаймаларды дезинсекциялық заттармен өңдеу жұмыстарын
жеке бас қауіпсіздік заттарын қолдана отырып, бөлмеден тыс
немесе арнайы тартпалы желдеткішпен жабдықталған бөлмеде
жүргізу керек.
•Дезинсекциялық заттардың теріге, шырышты қабықтарға түсіп
кетпеуіне жол бермеу керек.
•Приманка түріндегі заттарды арнай ыдыстарда сақтап, оларды
балалар мен үй хайуанаттарына алынбайтындай жерге
орналастыру керек.[1]
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Паразитология және ауыл шаруашылық малдырының инвазиялық
аурулары 480-бет, Сабаншиев М.С, Алматы-20112.
2.Жануарлардың инвазиялық аурулары 211-бет, Сулейманова К.У Қостанай-
20173.
3.Ғаламтор желісі
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz