Шығармаларының негізгі идеясы - адам өмірін жырлау




Презентация қосу
“ҚАРАҒАНДЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ” КМҚК

Адамның дүниетанымы

Тобы: КЕ-20
Сабақ мақсаты: адам деген ардақты атқа
лайық болу керектігін түсіндіре отырып, дұрыс
әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері: дүниетаным – адам санасының
қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы
және сенімі екендігін түсіндіру.
білім алушыларды жігерлілікке, қанағатшыл
болуға баулу.
студенттерді шынайылыққа тәрбиелеу.
Дәйексөз

Өмір – теңіз, жүзем онда демеңіз,
Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.
Әбул-Хасан Рудаки
Әбу-Л-Хасан Рудаки, Әбу Абдаллах (Әбу-л-Хасан) Жафар
Рудаки (860 ж.ш., қазіргі Тәжікстан республикасы, Пенжикент
ауд. Рудаки қыстағында дүниеге келген) — тәжік классикалық
әдебиетінің негізін салушы, философ. Заманында «Ақындар
атасы» атанған. Шығармаларының негізгі идеясы — адам өмірін
жырлау. Бұл дәстүр өзінен кейінгі шығыс әдебиетіне зор әсер
етті. Рудаки өмірдің сәнді, салтанатты жағын, жақсылықты,
кіршіксіз таза махаббатты мадақтады, адам бойындағы асыл
қасиетті жырлады. Өлеңдері қазақ жұртшылығына ертеден
таныс.
Түйін: Баланы мәдениеттілікке,
сыпайылыққа, әдептілікке баулу – ата-ананың
да, мектептің де ең басты міндеті. Ал сол
міндетті орындауға ат салысатын сіз бен біз,
себебі біз болашақ мұғалімдерміз. Болашақ
мұғалім ретінде, балаларды тәрбиелеу үшін, біз
өзіміз де тәрбиелі, өнегелі, ұстамды және
сабырлы болуымыз керек. Әр бала – керемет
рухани күш иесі. Адамшылық қасиеттерді
бойына сіңірген мемлекетіміздің тірегі болашақ
азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу
біздің үлесімізде.
Әңгiмелеу.
Жеті сұраққа жауап
(Үзінді)
Мамытбек Қалдыбай
... Баукең тұнжырай ойға еніп:
– Сұрағың болса, бер, – деді жөткірініп.
– Бауке, сіздің өміріңіз өте күрделі болды ғой. Әр түрлі оқиғаны бастан кештіңіз, әр
түрлі кісілермен кездестіңіз. Бір білгім келетіні, адам бойындағы қандай қасиеттерді
жоғары бағалайсыз?
– Адамгершілікті, намысты жоғары бағалаймын. Ой, мынау адам емес екен деген,
түсінсең өте ауыр. Намыс деген сөз өз орныңды білгін, қатарыңнан қалма, қолыңнан
келсе, жақсылық істе, мысал боп жүр, жамандық істемегін деген сөз.
– Е, намысы жоқ, арсыз екен. Бірге өсіп ек, намысым келіп отыр, – деп ыза болатындар
бар. Бұл – дұрыс. Біреулер намыс деген жалғыз соғыста керек деп ойлайды. Ол – қате.
– Адамның қандай қасиеттерін жек көресіз?
– Ең кешірмейтінім – опасыздық, тұрақсыздық. Оны кең түсіну керек. Өмір мың
құбылмалы. Қиын жағдайда ол тұрақсыз болып шығуы мүмкін. Опасыздық – сұмдық
сұмпайы іс.
Опасыздық та отбасынан басталады. Отбасындағы ырың-жырыңнан қай бір дені түзу
адам шығады. «Қыз күнінде қыздың бәрі жақсы» дегендей, бала кезде баланың бәрі
сүйкімді. Өскенде өзгереді. Кейбіреу туған баласының алдында аталық, аналық
парызын орындай алмай жүр. Ол бүгін де ғана емес, бұрын да болған.
– Қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің қызметін қалай бағалайсыз?
– Жүрек істемесе, бас та істемейді. Онсыз организмге қайдан күш кірсін.
Сондықтан адам біткен атам заманнан бері жүректі бірінші санайды.
Жүрегім өйтті, жүрегім бүйтті деп оны алдымен атайды. Әдебиет – халық
өмірінің айнасы десек, онда да жүрек көп жырланады.
Ол қуанышта да, қайғыда да үлкен рөл атақарады. Неге десең, жүрек қан
бермесе, дене жұмыс істемейді. Жүрек – мотор. Мейірбан, әділетшіл, арлы
адамды жұрт жүректі кісі екен деп бекер айтпайды, оны бекер мақтан
етпейді. Бұл – табиғи шындық.
Жүректі адам (шын жүректі болса) өсек-өтірікке, қулық-сұмдыққа,
... Ақыл деген
алданыш нәрсе,сезімге
, айнығыш қарағым , ол да табиғи
бармайды құбылыс. Бірақ
, ал барғандары өмір
жүрегі көп нәрсеге
жоқтар .
үйретеді. Адам жас күнінен бастап жақсы мен жаманды салыстыра, байқай
келіп, жіберген қателерінен тиісті қорытынды шығарып, өмір сүруге
үйренеді. Бейнелеп айтқанда, бір жығылып, бір тұрып, тәй-тәй басқан жас
бала секілді ақылдылыққа бірте-бірте бой ұрады. Ақыл қашқанға да, қуғанға
да қызмет етеді. Ақыл, қысқасын айтқанда, орынды ойлана білу, орынды
жерде ойыңның қортындысын айта білу.
Қайрат деген негізінде екіге бөлінеді. Бірінші, ақыл қайраты.
Қарсыласыңды сөзбен, логикамен жеңуің керек. «Сөз тапқанға қолқа жоқ »
деп қазекең тегін айтпаған. Екінші, күш қайраты. «Ақылыңа қайратыңды
жолдас ет, қайратыңа ақылыңды жолдас ет» деген де сөз бар. Оның
мағынасы, қара күшім бар деп менменсіне бермегін, ойлан деген сөз. Тағы
да «Білегі жуан бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады» дейміз.
Ақылы мен қайратын қатар ұстай алмаған жігіттерді қазақтар:
«Ардың-күрің, есерсоқ, құдай күш берсе де ақыл бермеген екен»
дейді.
– Сіздің ұрпағыңыз көп қиындықты жеңе білді. Жоқшылықты,
соғысты жеңді. Ал енді кейінгі ұрпақ арасында тоқшылықты жеңе
алмай жүргендер бар. Бұған қалай қарайсыз?
– Нысапсыздық, өзімшілдік деген нәрсе әркімнің, әр жәндіктің
бойында бар. Соны ауыздықтай білу керек. Әділдік әркімнің
қолынан келе бермейді. Әрине, келетіндер де аз емес.
– Бауке, кейбіреулер малды ауылда тұрса да ерініп, қымыз, айран
әзірлемейді. Бұл – бойкүйездік қой. Бойкүйездікке қарсы қалай
күресу керек?
– Күресу бар, бірақ біреуінен нәтиже шығып, біреуінен нәтиже
шықпай жатады. Бұл да тәрбиеге байланысты. Пәленшенің
баласынан кем болмасын деп, балаларды жаман үйретіп аламыз.
Қарапайым, сыпайы, еңбекқор бол деуден гөрі, үлде мен бүлдеге
бөлейміз. Тегін нәрсенің қадірі жоқ, оны жерден тауып алғандай
көреді. Мысалы, жап-жаңа киімді тазалап кисе, көпке дейін
жарайды. Жаңа, сәнді киім керек деп, ескісін менсінбей, кесапатқа
ұшырап жүрген балалар аз ба? Ондайлардың ертеңі қандай
болмақ? Ондай мінез көрсеткендерге үлкендік орнымызды
пайдаланып, «олай емес, былай істейсің, істемей көр!» дей білуіміз
* Сұрақтары:
1. Әңгіме не жайында?
2. Мәтіндегі Бауыржан Момышұлының
«Біреулер намыс деген жалғыз соғыста
керек деп ойлайды. Ол – қате» деген ойын
қалай түсінесіздер?
3. Бауыржан Момышұлы қандай
адамдарды «жүректі кісі» деді?
4. Бауыржан Момышұлы неліктен
қайратты екіге бөліп қарастырды?
5. Ақыл мен қайратты қатар ұстау адамды
қандай игіліктерге жеткізеді?Неліктен?
Шығармашылық жұмыс.

Берілген екі мәтінді оқып, салыстырыңыздар.
Ондағы адамдардың қарым-қатынасы қандай
құндылықтарға негізделгенін анықтап,
дәлелдеңіздер.

Ұқсас жұмыстар
Күлтегін ескерткіші
БАЛАЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛДЕРІ
Шығарма тақырыбы мен идеясы
Ыбырай шығармалары қысқа мазмұнды, балалардың түсінуіне жеңіл
Шәкәрім Құдайбердіұлы философиясы
Уильям Шекспир
Мәдениет ұғымы туралы жалпы түсінік
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші
С.Сейфуллин. І.Жансүгіров, Б.Майлин, Ж.Аймауытов, Ғ.Қарашев, Б.Күлеев шығармашылығы
Фридрих Ницше туралы қысқаша анықтама
Пәндер