Экономикалық болжамдау классификациясы
Презентация қосу
1. Болжамдау маңыздылығы мен
ұстанымдары.
Болашақ туралы болжам елес деп аталады.
Ғылыми елес — табиғат заңдарын, қоғамды,
ойлауды тану барысында алдын-ала негізделген
болмыс бейнесі. Ғылыми елес сипаттауыш
мінезіне лайық болжау түрінде бола алады.
Болжау түрлері гипотеза және болжам.
Гипотеза - бұл теориялық деңгейдегі ғылыми
елес.Әдетте гипотезада объектілер дамуының
сапалы сипаттамасы қамтамасыз етіледі.
Гипотезаны алу негізін, теория және оның
көмегімен дәлелденген заңдылықтар құрайды.
Болжам – бұл болашақта объектінің мүмкін
болатын жағдайларын болжамдайтын
эмпирикалық және ғылыми негізделген
ұсыныс.
Болжамдау – қандай да бір құбылыстың
болашақ дамуының ғылыми зерттелуі, осы
құбылыстарды сипаттайтын көрсеткіштер
бағасы.
Экономикалық болжамдау - экономикалық
қатынастардың даму тенденцияларын
анықтауға және қойылған мақсаттарға жету
үшін тиімді шешімдерді табуға бағытталған
санды және сапалы сипаттамасы бар ғылыми
зерттеулер жүйесі.
Әлеуметті-экономикалық болжам – бұл арнайы
әдістер мен қолдану барысында алынған ғылыми
зерттеуден негізделген экономикалық және
экономикалық ортаның болашақ дамуының ықтимал
тұжырымы.
Болжамдаудың келесі ұстанымдары қарастырылады:
жүйелік, келісім, нұсқалық, сәйкестілік.
Жүйелік ұстаным (системность) өзара байланыс
қажеттілігін анықтайды. Ұстанымның практикалық
жүзеге асырылуы жүйенің әр бір элементінің бар болуы
және болашақта экономикалық объектінің жалпы
қорытындысын алу. Күрделі экономикалық жүйелердің
даму болашағын болжамдауда бұл ұстанымның
қолданылу маңыздылығы өте зор.
Келісім ұстанымы (согласованность) нормативті және
ізделінді болжамдарының келісімін талап етеді.
Сонымен қатар әр түрлі табиғаттың және өзара
байланысты объектілердің даму болжамы.
Нұсқалық ұстаным (вариантность) гипотеза
ерекшелігінен шығатын болжам нұсқаларын өндеуін
талап етеді. Бұл ұстанымның практикадағы басты
мәселесі - іске асырылатын шынайы даму нұсқаларынан
болжам шарттарында жүзеге асырылмайтынан ажырату
болып саналады.
Үзіліссіздік ұстанымы (непрерывность) болжам
объектілері туралы жаңа мәліметтер мен ақпараттар келіп
түсуіне байланысты қажеттілігі бойынша болжам
түзетулерін талап етеді.
Теңбе – тең ұстаным (адекватность) теориялық
модельдің тұрақты заңдылықтарға максимальды
жуықтауы. Ол шынайы процесстер есебін (учет)
ұйғарады, яғни әрекет тенденцияларының баға
қажеттілігі, олардан мүмкін болатын ауытқулар мен
заңдылықтар, атап көрсетілген тенденцияның жүзеге
асырылу ықтималдығының дәреже бағасы.
2.Экономикалық болжамдау
классификациясы
Болжамдар келесі түрлерге жіктеледі:
- зерттелетін объектіге әсер ету дәрежесі
бойынша,
- уақыт кезеңі бойынша,
- болжам масштабы бойынша,
- функциялар бойынша,
- методикалық жақындау (подход)бойынша.
Болжамның барлық түрлері өзара байланысты.
1. Зерттелетін объектіге әсер ету дәрежесі
бойынша:
-пассивті болжам;
-активті болжам.
Пассивті болжам келесі ұйғарымға негізделеді, болжам
кезеңінде зерттелетін процесстің анық болған
тенденциялары сақталады, бұл жағдайда ақпараттың көп
көлемі талап етілмейді. Активті болжамдау даму
тенденцияларының ғылыми негізделген түзетулер көмегімен
жүзеге асырылады. Активті және пассивті болжамдардың
нәтижелері активті де пассивті де бола алады. Мысалы,
активті болжам көмегімен ертеңгі күннің ауа райын
болжамдауға болады, алайда біз болжамдау арқылы ауа
райына ешқандай әсер тигізе алмаймыз.Жоспарлау
процессіне тура немесе ауыспалы әсер ететін болжамды
активті деп атаймыз. Мысалы, тұтынушы нарығының
дамуын болжамдау арқылы, біз оның ассортименттік
саясатын түзетуге мүмкіндік береміз. Активті болжам
арқылы белгілі бір шешім қабылдау да қандай да бір
ақпараттар енгіземіз.
2. Уақыт бойынша болжам түрлері:
а) оперативті - 1 айға дейін;
ә) ең аз уақытты қамтитын - 1 айдан 1 жылға дейін;
б) орташа уақытты қамтитын - 1 айдан 5 жылға дейін;
в) ұзақ уақытты қамтитын - 5 айдан 15 жылға дейін;
3. Болжам масштабы бойынша:
а) макроэкономикалық және микроэкономикалық;
ә) аймақтық және аймақ аралық;
б) жеке ұйымдар мен корпорациялар үшін болжам;
в) жеке көрсеткіштер үшін болжамдар;
г) функционалды комплекс бойынша болжамдар.
4. Функциялар бойынша болжамдар:
а) алдын ала жоспарлау есебі: ең бірінші сыртқы шарттар мен
кіріс параметрлері, одан кейін болжамданатын объектінің
қызмет көрсеткіші болжамданады;
ә) болашақтағы жағдайдың талдамы;
б) болжам объектісінің, инвестициялардың тиімді салынудың,
рисктер-дің мүмкін бағалары;
в) стартегиялық жоспарлау (объект мақсатына жеткізетін
жекеленген комплекс жоспарды құру):
- ресурстарды бөлу,
- сыртқы ортаға бейімделуі,
- ішкі координация,
- ұйымдастырушылық стратегиялық елес.
5. Болжам фонын есептеу бойынша шартты және шартсыз
болжам болып бөлінеді.
Болжамдық фон деп объект дамуына әсер ететін
шарттардың болжамдау объектісіне қатысты сыртқы
жиынтықты атаймыз.
Шартты болжам – негізгі оқиғаға, шарттқа тәуелді
болатын оқиға туралы тұжырым. Мысалы, егер бір
жылда инфляция 50% көтерілсе, онда өндірісті
несиелендіру мүмкін емес.
Шартсыз болжам – кез келген оқиғаға не шартқа тәуелді
болмайтын тұжырым.
6. Болжам сипаттамаларының дәлдігі бойынша нүктелі
және аралық болжамдарды қарастыруға болады.
Нүктелі болжам бір ғана нұсқаны береді, мысалы, ертең
ауа райы +5"С болады. Бірдей шарттарда нүктелі
болжамның орындалу ықтималдағы, аралық болжаммен
салыстырғанда кіші болады. Бірақ практиктер үшін
нүктелі болжам құнды болып саналады.
Аралық болжам болашақ жағдайды белгілі бір
аралықпен сипаттайды. Мысалы, ауа райы болжамы
бойынша ертең +3... +6 "С болады; кәсіпорынның
келесі жылға табысы 20-30% өседі.
Болжам аралығы үлкен болғанда болжам орындалу
мүмкін, бірақ оның құндылығы төмендейді.
7. Болжамдау объектінің сипаттама өлшемі
бойынша бірөлшемді және көпөлшемді
болжамдарды қарастырады.
Бірөлшемді болжамдау, бір сипаттамасы бар
объектінің даму жоспарын қарастырады, мысалы,
акциялар немесе валюталар курстарының болжамы.
Көпөлшемді болжамдау, бірнеше сипаттамалары
бар объектінің даму жоспарын қарастырады,
мысалы, еңбек нарығының, ұлт денсаулығының
болжамдары.
3. Экономикалық болжамдауды ұйымдастыру.
«Болжамдауды ұйымдастыру» ұғымы үш кезеңнен тұрады:
біріншіден, болжамдарды талдауға арналған нақты ұйымдасқан
құрылымды қалыптастыру;
екіншіден, болжам құжаттарының құрамын, ретін және оның
орындалу мерзімін анықтау;
үшіншіден, нақты болжамды талдауда қолданылатын әдістер
тізбегін анықтау;
Ұйымдастыру құрылымының негізгі элементтері — болжамдау
субъектісі, тапсырушы және болжам тұтынушысы.
Болжам субъектісі — болжамды әзірлейтін ұйым, кәсіпорын,
мекеме немесе жеке тұлға.
Болжам тапсырушысы — болжамға тапсырыс беретін ұйым,
кәсіпорын, мекеме немесе жеке тұлға.
Болжам тұтынушысы — болжам нәтижелерін өз қызметінде
пайдаланатын ұйым, кәсіпорын, мекеме немесе жеке тұлға.
Кейбір жағдайларда болжам тұтынушысы орнына болжам
тапсырушысы бола алады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz