Менеджер мен менеджменттің қазіргі заманғы ұйымдар үшін маңыздылығы




Презентация қосу
Менеджер мен менеджменттің
қазіргі заманғы ұйымдар үшін
маңыздылығы.
Менеджмент (ағылш. мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру, )
– ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың
еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді
ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін
басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының
жиынтығы.
Менеджментте басты нәрсе, кез келген адамдық қарым
қатынастарға жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін іс
жүзінде бөлу, анықтау және қолдану болып табылады.
Менеджер (ағылшынша manager – басқарушы) – жалдамалы басқарушы,
өндірісті ұйымдастырушы маман.
Ол негізінен кәсіпорындағы немесе фирмадағы барлық
жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру, басқару мәселелерімен айналысады,
ұйым алдындағы міндеттердің орындалуына тікелей жауап береді.
Менеджер жан-жақты сауатты болып, ішкі және сыртқы рынокты жақсы
білуі керек. Ол үшін рынокқа қандай тауар қажет, көпшілік сұранымына
сәйкес қандай өнімдер керек, қай жерде қандай тауарлар өтімді, тауарлар
мен өнімді сатып алушы клиенттердің мүмкіндігі мен қаржы жағдайы
қандай деген мәселелерді анықтап отырады
Менеджмент тура мағынасында «адамдарды басқару» ұғымын білдіреді. Менеджменттің
отаны болған АҚШ – та коперативтік пен мүлікке билік жүргізуді жүзеге асыру бойынша
міндетті заңға сәйкес өз мойнына алатын тұлғаы менеджер деп атайды. «Менеджмент»
термині американдықтар үшін фирманың алдына қойған мақсаттарына қол жеткізудегі
материалдық және адамдық ресурстарды әлдеқайда тиімді пайдаланумен қамтамасыз
ететін процесті білдіреді.

Басқаша айтқанда, менеджмент – бұл нарық жағдайында фирманы және оның
қызметкерлерін басқарудың теориясы мен тәжірибесі.

Менеджмент – нарықтық экономиканың қажеттіліктері мен жаңдайына толығырақ жауап
бере алатын басқару типі.

Менеджмент еркін кәсіпкерлік, бәсекелестік, экономикалық уәждеме (мотивация)
жағдайларында туған нақты басқарудың өзінше тұжырымдамасында пайда болып,
ресімделеді. Әміршілдік — әкімшілік, технократиялық, жоспарлы – директивтік,
өктемшілік (авторитарное) басқарулар оның қарсы түрлері болуы ықтимал.
Басқарудың типі ретінде менеджменттің негізгі
белгілеріне мыналарды жатқызуға болады
Адам, оның қажеттіліктері, мүдделері, уәждері, құндылықтары,
нұсқамалары (установки) басқаруды ұйымдасьырудың бастапқы
сәті мен оны жүзеге асырушы болып табылады.
Басқарудың тәсілдемесінде, принциптерінде және әдістерінде
экономикалық құралдар мен басқару әдістеріне артықшылықтар
беріледі. Бұл әсіресе маркетингте – тұтынушылардың мүддесін
алдыңғы орынға қоятын басқаруда жиі білінеді.
Менеджер мен қызметкерге қойылатын басты талап ретінде
көрінетін кәсіби тұрғыдан басқару менеджментке тән. Менеджер
экономикалық және әлеуметтік – психологиялық білімдерді игеріп
оқуы керек.
Ұйымдастыру ісінде менеджментке жағдайдың өзгеруіне қарай
және инновациялық типті ұйымдастыруда, яғни жаңашылдыққа
жылдам бейімделе алатындай басқаруды икемді ұйымдастыру тән.
Менеджмент менеджменттің жеке бсына қоылатын талаптардың
кешенін танытуы керек. Олардың ішіндегі негізгілері – тапқырлық,
байланысқа бейімділік (коммуникабельность), сенімділік. Бұл
сапалар басқару өнерін танытуда маңызды рөл ойнайды.
Менеджменттің басқару өнерімен қатар қойылатын кездейсоқ емес.
Менеджмент мынадай функцияларды атқарады

– кәсіпорын жұмысын жоспарлау және болжау, яғни басқару стратегиясын,
бағдарлама іс-әрекетін жасау, қаржыландыру көздерін іздестіру және
белгіленген шешімдер мен бағдарламаның орындалу мерзімін анықтау;
– дәрежесіне байланыссыз барлық жұмыскерлердің орындауға тиісті
жұмыстарын ұйымдастыру, яғни жұмыстың орындалу құрылымын
ұйымдастыра білу қажет; сөйтіп барлық қызметкерлердің күш-жігерін өнімді
жұмысқа мақсатпен бөлу және оны жоғарғы тиімділікке мақсатты бағыттау;
– басшы мен оның қарамағындағылардың істерін үйлестіру, яғни өзінің және
басқалардың қызмет атқаруын тұрақты қарау, сөйтіп оны өзінің және сол
ұйымның қойған мақсатына жету үшін бағыттау;
– алдағы мақсаттарды қамтамасыз ету үшін ұйымның жұмысын бақылау.
Менеджменттің мыналарды қамтамасыз ететін ең маңызды
деп саналатын сәттерін бөліп көрсетуге болады:

Еңбек өнімділігін арттыру;

Бәсекеге жарамдылық;

Тұтынушыға бағдарлану (маркетинг);

Іс — әрекетте еркін болу әрі ереже бойынша жұмыс істеу.
Басқару процесі кез келген ахуалға ғылыми тәсілдемені әсері болып
табылады. Менеджмент әрдайым жағдайын қарай басқаратын ахуалдық
басқаруды білдіреді
Менеджментте бастысы — ең алдымен кәсіпорынның мүдделерімен нақты мақсаттарды
(ұзақ мерзімді, алдағы кезеңдік) белгілейді.

Стратегия – мақсатқа жетудің құралы, пайданы ең көп мөлшерде алу үшін ресурстарды
қалай пайдалану керектігін кәсіби ұғындыратын түжырымдама. Мақсаттарға қол жеткізу
мәселелерді шешуді қажет етеді: стратегиялық әкімшілік, оперативтік. Стратегялық
мәселелерге өндіруге қажетті тауарлар мен қызметтерді таңдау, осы өнімдерді сатуға
болатын нарықтар мен тұтынушыларды таңдау.

Бизнес мәселелері бойыша тәжірибелі маман фирманы жетістікке жеткізетін өзгеше
стратегияларды танып, көре біледі.

Стратегияны таңдау барысында орталарға, әрекеттердің тактикалық мағынасына, бәсең
және белсенді стратегияларды таңдауына баға беріледі.
Менеджмент– бұл өндірістің тиімділігін арттыру және пайданы
көбейту мақсатымен әзірленіп, қолданылатын, өндірісті басқару
қағидалары, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы

Басқару тұрпаты ретінде менеджменттің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:
1. Адам, оның қажеттіліктері, мүдделері, себептері, құндылықтары, нұсқамалары басқаруды
ұйымдастырудың бастапқы сәті мен оны жүзеге асырушысы болып табылады.
2. Басқарудың көзқарастары, қағидалары мен әдістерінде экономикалық құралдар мен басқару әдістеріне
артықшылықтар беріледі. Бұл әсіресе маркетингте - тұтынушылардың мүддесін алдыңғы орынға қоятын
басқаруда - жиі білінеді.
3. Менеджер мен қызметкерге қойылатын басты талап ретінде көрінетін кәсіби тұрғыдан басқару
менеджментке тән. Менеджер экономикалық және әлеуметтік-психологиялық білімдерді игеріп оқуы
керек.
4. Ұйымдастыру ісінде менеджментке жағдайдың өзгеруіне қарай және инновациялық типті
ұйымдастыруда, яғни жаңашылдыққа жылдам бейімделе алатындай басқаруды икемді ұйымдастыру тән.
5. Менеджмент менеджердің жеке басына қойылатын талаптардың кешенін танытуы керек. Олардың
ішіндегі негізгілері - тапқырлық, коммуникабельділік, сенімділік. Бұл қасиеттер басқару өнерін танытуда
маңызды рөл атқарады.

Ұқсас жұмыстар
Менеджментті басқару маңызы мен мәні
Экономикалық басқару
ҚАЗАҚСТАНДА МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ДАМУЫ
Менеджмент туралы
Лидер менеджер
Қазіргі заманғы менеджер үлгісі
ПСИХОЛОГИЯ МЕНЕДЖМЕНТІ
Менеджмент психологиясы
Менеджмент және менеджер
Менеджмент ғылымы
Пәндер