Оқушылардын дамуының жас кезеңдері


Slide 1

Жеке тұлға тәрбиенің обьектісі, субьектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасуының факторлары. Оқушылардың жас және дербес ерекшелік кезеңдері

Slide 2 Slide 3 Slide 4

Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы.

Slide 5

Жеке тұлғаның дамуына әсер ететін факторлар

Биологиялық фактор

(тұқым қуалаушылық

Әлеуметтік фактор

(қоршаған орта)

Қоғамдық фактор

(тәрбие)

Slide 6

Тұқым қуалаушылық арқылы ата-анадан балаға тік жүруге бейімділігі, ақыл, сана, сезім мүшелерінің дамуы, сыртқы белгілерінің ұқсастығы, нәсілдік, ұлттық белгілері, сонымен қатар жүйке жүйесінің түрі, қабылеттердің нышаны беріледі.

Slide 7

Әлеуметтік орта бірнеше түрге бөлінеді:

микpo орта - ең жақын адамдар, отбасы;

мезо орта - мектебі, ауылы, қаласы;

макpo орта - мемлекет, қоғам;

мега орта - бүкіл әлем, космос;

Табиғат, климат та адамның қалыптасуына белгілі бір дәрежеде әсер етеді.

Slide 8

Осы үш фактордың ішінде тәрбие ең маңызды болып есептеледі. Кең мағынада тәрбие дегеніміз қоғамдық құбылыс, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан тәжірибе

Slide 9

Тұлға дамуын зерттеудегі педагогика үшін ең маңызды мәселелер - интеллектуалдық, арнайы қабілеттердің және моралдік қасиеттердің тұқым қуалауы.

Интеллектуалдық қабілеттердің тұқымқуалауы немесе тұқымқуаламауы өте маңызды сұрақ. Балалар ата-анасынан дайын қабілеттерді алады ма, әлде тек қана нышан тұқым қуалайды ма?

Slide 10

Эксперименталдық зерттеу нәтижелері қабілет емес, тек нышандар тұқым қуалайды деген тұжырымды дәлелдейді.

Арнайы нышандардың тұқым қуалайтыны бүгінгі күні күмән келтірмейтін мәселе. Арнайы нышандарға жататындар: математикалық, музыкалық, спорттық және т. б.

Slide 11

Интеллектуалдық қабілеттердің тұқым қуалауы туралы мәселе көп сұрақтар туғызады. Көптеген ғалымдар адамның интеллект деңгейі оның шыққан тегінен тәуелді емес дейді. Дегенмен тұқымқуалаушылықтың адамның интеллектуалдық дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін екендігін мойындау қажет. Мысалы, нашақорлардың, маскүнемдердің миларындағы

өзгерістер, тұқым қуалайтын кейбір психикалық аурулар баланың интеллектуалдық дамуына кері әсерлерін тигізеді

Slide 12

Нышандар тұқым қуалайды

Тұлғаның әлеуметтік (моральдық) қасиеттері тұқым қуаламайды.

Slide 13

Тұлға және қоршаған орта

Адамның қоршаған ортамен өзара әрекеті «әлеуметтену» түсінігі арқылы ашылады. «Әлеуметтену» ғылымаралық түсінік және педагогикада кең қолданылады. Америка әлеуметтанушылары Т. Парсонс, Р. Мертон әлеуметтенуді тұлғаның әлеуметтік жүйемен толық интеграциялану процесі барысындағы бейімделуі деп түсіндіреді. Олар әлеуметтенуді «адаптация» түсінігі арқылы ашады.

Slide 14

Тәрбие және тұлғаның дамуы

Тұлға дамуындағы тәрбие ролі әртүрлі бағаланады. Біреулер қолайсыз орта мен жаман шыққан тегі жағдайында тәрбиенің ешқандай нәтижесі болмайды десе, екіншілер адам табиғатын өзгертудің бірден-бір жолы тәрбие деп түсіндіреді. Шын мәнінде тәрбие арқылы көп нәрсеге қол жеткізуге болады, бірақ адамды толық өзгерту мүмкін емес.

Slide 15

Тұлға дамуында оқытудың мәні зор

Л. С. Выготский баланың ақыл-ой дамуының екі деңгейін көрсетті: дамудың актуалды (өзекті, көкейтесті) деңгейі және дамудың жақын зонасы.

1) Дамудың актуалды (өзекті, көкейтесті) деңгейі оқушының сол кезеңдегі дайындық деңгейін көрсетеді.

2) Ал дамудың жақын зонасы оқу тапсырмаларын оқушы үлкендердің, мұғалімнің аздаған көмегі арқылы шеше алатын жағдайда құрылады.

Slide 16

Тұлға дамуындағы іс-әрекеттің ролі

Тұлға дамуына әсер ететін тағы бір фактор - тұлғаның өзінің белсенді іс-әрекеті. Іс-әрекет барысында адамның жан-жақты дамуы жүреді, қоршаған әлемге деген қатынасы қалыптасады. Іс-әрекет алдын-ала жобаланған нәтижеге әкелу үшін оны ұйымдастыру қажет. Тәрбие практикасының ең күрделілігі осында.

Slide 17

Ортаның әсері мен тәрбие жеке тұлғаның дамуының сыртқы факторларына жатады. Табиғи әсерлер - бейімділік пен әуестік, сонымен қатар, адамның сезімдері мен күйзелістері, оның сыртқы әсерлердің ықпалымен пайда болатын сылтаулары мен қажеттіліктері - барлығы ішкі факторларға жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың өзара байланысының нәтижесі болып табылады.

Slide 18

Жеке тұлғаның өзіндік дамуына қоршаған орта мен тәрбие секілді сыртқы факторлар әсер етсе де, бұл факторлар оның ішкі дүниесіне оң әсер еткенде ғана және оның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігін ынталандырған жағдайда ғана жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыра алады.

Slide 19

Қазіргі ғылыми көзқарас бойынша баланың жеке тұлғалығы тәрбиенің объектісі ретінде де, субъектісі ретінде де қарастырылады. Оның объект болу себебі, оның қалыптасуы сыртқы ықпал-әсерлерге, әсіресе, тәрбие мақсатты әсерлерге тәуелді. Субъект болу себебі жеке тұлғаның белсенділігінсіз, сыртқы ықпал-әсерлерге деген белсенді ықпалынсыз даму ілгері жүрмейді; тағы бір себебі: адамның дамуы өзін-өзі дамыту процесінде ғана жүзеге асады, сондай-ақ жеке тұлғаның дамуында өзін-өзі тәрбиелеудің де алар орны ерекше

Slide 20

Оқушылардың жас және дербес ерекшелік кезеңдері

Slide 21

Барлығына мәлім, балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу және бала тұлғасына арнайы қатынас, тәрбие мен оқытудын басты принциптері болып табылады. Сондықтан мектептін педагогикалық ұжымы, оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу маңызды.

Slide 22

Дербес ерекшеліктерге түйсік, қабылдау, ойлау, мінез-құлық, темперамент, т. б. қасиеттер жатады. Психологияда темпераменттің төрт түрі бар: холерик, сангвинник, меланхолик, флегматик. Күнделікті оқу-тәрбие пpoцесінде оқушылардың осы ерекшеліктерін ескеріп отыру маңызды.

Slide 23

Жас ерекшеліктері деп белгілі бір өмір кезеңіне сәйкес анатомиялық-физиологиялық және психикалық сапаларды айтамыз. Жас ерекшеліктерінің мәні адамның физикалық дамуы мысалында айқын көрінеді. Бойдың, салмақтың өсуі, тістердің пайда болуы, жыныстық жетілу, т. б. биологиялық процестер сәл ауытқушылықпен белгілі жас кезеңдерінде жүзеге асады.

Slide 24

Оқушылардын дамуының жас кезеңдері

Кезеңдер

Жылдар

Сыныптар

І. Бастауыш

6-10

I- IV

ІІ. Орта (жеткіншек)

11-14-15

V- X

ІІІ. Жоғары

15-18

ХІ-ХІІ

Slide 25
Ұқсас жұмыстар
ОҚЫТУ ТҰЖЫРЫМ
Дамудың қатерлі кезеңдері туралы түсінігі (П.Г.Светлов). Адам ұрығының дамуындағы негізгі қатерл кезеңдер
Психология пәнінің теориялық және методологиялық негізі, ғылыми негізі
Жас кезеңі
Балалар психологиясының даму тарихы, теориялар туралы негізгі түсініктер жайлы ақпарат
ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Сабақты мақсатты талдау
ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ
Дамудын қауыпты кезеңдері
Дамудың қауіпті кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz