Натурал алма шырынының құрғақ заты


Slide 1

Жеміс-көкөністерден дайындалған шырын өндірісі.

Slide 2

Ассортименті, жіктелуі жəне технологиясы

Барлық көкөніс шырындары төмен калорияға ие жəне құрамында витаминдерге, минералды, пектин, бояғыш жəне хош иісті заттарға бай жəне жоғары тағамдық, физиологиялық құндылығы бар өнімдер. Көкөніс шырындарының тамақтануда, əсіресе, сүт қышқылды ашыту əдісі арқылы алынған шырындардың орны ерекше, жүрек ауруларын, қан айналымының бұзылуы, қант диабетіне, атеросклероз, инфарк миокарда жəне т. б. ауру түрлеріне өте ем, сондықтан қазіргі кезде көкөніс шырындарын емдеу мақсатында жиі қолданады.

Slide 3

Көкөніс шырындары қышқылдылығы жəне құрамына қарай былай жіктеледі:

1. жұмсағына қарай:

2. қышқылдылығына қарай 4- ке бөлінеді

шырын жұмсағымен;

жұмсақсыз шырын;

Slide 4

Құрамына қарай көкөніс шырындары 2 ге бөлінеді:

шикізаттың бір ғана түрлерінен жасалған шырындар;

бірнеше шырын қоспасынан алынған шырындар немесе оларды коктейльдер деп атайды.

Slide 5

Томат шырыны

Томат шырыны тек қана жұмсағымен өндіріледі. Шырын алу үшін балғын, толық пісіп жетілген, құрғақ заты 4, 5 %-дан жоғары, қант қышқылды индексі 8-ден жоғары болатын, бұзылмаған, сапалы томаттар қолданылады.

Slide 6

Сəбіз шырыны

Сəбіз - адам тамақтануында тағамдық жəне диеталық үлкен маңызға ие, витаминдерге, соның ішінде адам организміне өте қажетті каротинге бай, құрамында калий, кобальт, темір, мыс, йод, фосфордың минералды тұздары бар тамыржеміс. Сəбіздің тағамдық құндылығы оны құрамындағы тағамдық заттардың - көмірсу, ақуыз жəне минералды заттар, органикалық қышқылдар мен витаминдердің болуымен анықталады. Сəбіз шырынында каротин көп, сонымен бірге онда организмге қажетті кальций, фосфор жəне темір тұздары бар. Өзінің калориялылығы мен қорытылуы жағынан сəбіз шырыны басқа көкөніс шырындарынан бағалы болып саналады.

Slide 7

Қызылша шырыны

Қызылша құрамында клетчатка мөлшерінің аз, қант мөлшерінің көп жəне минералды тұз құрамының жоғары болуымен ерекшеленеді, сондай-ақ онда В жəне С витаминдері, минералды заттардан: калий, фосфор, кальций, магний, темір болады.

Қызылша түсінің қызыл болуы антоциондардың мөлшеріне байланысты. Химиялық құрамы 86, 5% судан, 1, 3% азотты заттардан, 0, 13% май, 0, 9% клетчатка, 1, 0% минералды заттардан жəне 83% сахорозадан тұрады.

Slide 8

Басқа көкөністерден жасалатын шырындар

Қарбыз жəне қауыннан жұмсақсыз шырындар жəне сусындар өндіріледі. Сусынның құрамына алма немесе жүзім шырынын қосады.

Асқабақтан жұмсағымен жəне жұмсақсыз шырындар өндіріледі. Сусын алу үшін алма шырыны қосылады.

Қияр, кəдіштен жұмсақсыз шырын алып, оны езбе жасауда немесе шырын алуда қолданады.

Жапырақты көкөністерден жұмсақсыз шырын алынады. Оны сусын жəне коктейль алуда қолданады.

Slide 9

Жеміс-жидек шырындары

Жеміс-жидек шырындарында нəрлі заттар көп жəне оларды организм оңай сіңіреді. Тағамдарда витамин тапшы болатын қыс пен ерте көктем айларында жеміс-жидек шырындары, əсіресе балалар үшін өте бағалы тағам болып табылады. Шырынның құрамында балғын шикізаттың қасиеттері толық сақталады, ал олардың кейбіреулерінің дəмі мен жұғымдылығы қант қосудың нəтижесінде айтарлықтай жақсарады. Əсіресе, жемістерден жұмсағымен өндірілетін шырындар өте бағалы жəне организмге сауықтырушы əсер етеді (мысалы, өрік, шабдалы, қара өрік, алма, шие, жүзім, т. б. ) .

Slide 10

Жүзім шырыны

Натурал жүзім шырынын балғын жүзім жидегінен немсе жартылай фабрикат-шырыннан дайындайды. Жүзім жидегінде 80% дейін су болады, одан басқа табиғи қанттар, пектиндер, ақуыз, органикалық қышқылдар, көмірсулар, сондай-ақ майлар, эфир майлар, дубильді жəне бояғыш заттары бар. Қара жəне қызыл жүзімдердің сүйектері мен қабығында табиғи күшті антиоксиданттар бар. Оның əсері мен пайдалылығы Е витаминінен он есеге дейін асып түседі. Қабынуға қарсы қасиетіне байланысты жүзім рак ауруына қарсы күшті ем болып табылады.

Шырын алынатын жүзім сорттарына: мускат, кабермен, алиготе, рислинг жəне т. б. жатады. маркалы жəне жоғарғы сортты шырын алу үшін қолданылатын жүзімдегі құрғақ зат мөлшері 14, 2-16, 2%дан кем болмауы керек

Slide 11

Алма шырыны


Ұқсас жұмыстар
Анар шырыны
МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕ PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Бір таңбалы сандар нешеу
Оқушылар натурал сандар қатарында
Мелассаның химиялық құрамы
ҒАЖАЙЫП САНДАР
Кейбір оқушылар
Сөз жұмбақ жұмыс
Зеректер еліне саяхат
Сабақтың мақсатын анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz