Қазақстан ҚХР дипломатиялық қатынастары



Қазақстан-Қытай қатынастары

Жоспар:
Қазақстан ҚХР дипломатиялық қатынастары
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
Инвестициялық саладағы ынтымақтастық
Қорытынды

Қазақстан және ҚХР дипломатиялық қатынастары.
Қазақстан мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас - 1992 жылы 3 қаңтардан бастап орнады. 1992 жылы ақпанда Алматыда Қытай елшілігі, Пекинде Қазақстан елшілігі ашылды. Екі ел арасында сауда-экономикалық мәдени, әскери байланыстар дами бастады. Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Пекинде, ҚХР төрағасы Цзянь Цзэмин Алматыда ресми сапармен бірнеше рет болды. 1994 жылы 26 сәуірде екі ел үкіметі шекара мәселесін түпкілікті шешу жөнінде келісімге келіп, шекара анықталды.
1996 жылы 26 сәуірде Шанхайда ҚХР, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан басшылары шекара мәселелері бойынша Шанхай келісіміне қол қойды. 1998 жылы 3 шілдеде Шанхай келісіміне қатысушы ел басшылары Алматыда бас қосты. Соңғы жылдары Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға шығу перспективалары қаралуда.

Қазақстанның Қытайдағы дипломатиялық өкілдіктері
Қытайда Қазақстан Республикасының мынадай өкілдіктері жұмыс істейді:
Қазақстан Республикасының Бейжіңдегі елшілігі.
Қазақстан Республикасының Гонконг пен Шанхайдағы бас консулдықтары.
Қазақстан Республикасының Үрімшідегі паспорттық-визалық қызметі.
2019 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғабит Қойшыбаев болып табылады.
Қытайдың Қазақстандағы елшісі: Чжан Сяо (2018ж бастап)

Сауда-экономикалық ынтымақтастық:
Соңғы жылдар ішінде Қытай Қазақстанның ең ірі сыртқы сауда серіктестерінің бірі болып қала береді. ҚХР Бас кедендік басқармасының мәліметінше, ҚР мен ҚХР арасындағы тауар айналымы 2017 жылы 18, 0 млрд. Екі ел арасында көлік қатынасынан басқа, өнеркәсіп саласы да маңыздылыққа ие көрінеді. Екі елдің үкіметі Қытайдың өнеркәсіп күштерін Қазақстанға көшіру жөніндегі бағдарлама құрған. Қазіргі таңда көшірілетін нысандар тізіміне жалпы құны 26, 2 миллиард долларды құрайтын химия өнеркәсібі, кен-металлургия, машинажасау, инфрақұрылым, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, мұнай өңдеу, құрылыс материалдарын шығару мен ақпараттық технологиялар секторына тиесілі 51 жоба енген.

Инвестициялық ынтымақтастық.
ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша ҚХР-дың ҚР-дағы инвестицияларының жиынтық көлемі 15, 2 млрд. ҚХР инвестицияларының Қазақстандағы басты салалары көлік және қоймалау, қаржы және сақтандыру қызметі, мұнай-газ, құрылыс және тау-кен өндіру салалары болып қала береді.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры және ҚХР Халықаралық саудаға жәрдемдесу жөніндегі комитеті Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесін (ҚКІК) құрды.
2018 жылғы 8 маусымда Бейжің қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына сапары аясында Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің кезекті отырысы өтті. ҚХР Халықаралық саудаға жәрдемдесу жөніндегі комитеті "Самұрық-Қазына" АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға қазақстандық ұлттық және жеке компаниялардың топ-менеджерлері және Қытайдың ірі мемлекеттік корпорацияларының басшыларын қоса алғанда, қытай бизнес қауымдастығының 300-ден астам өкілдері қатысты.

Қолданылған ресурстар:
https://chinastudies. kz/ru/publications/kazakhstan_and_china/338/
https://ru. qaz. wiki/wiki/China%E2%80%
https://www. kt. kz/rus/velikiy_shelkovyy_put/torgovo--. html
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz