Экономикалық ынтымақтастық


Slide 1

ШЫҰ және Қазақстан серіктестіктері

Slide 2

Жоспар:

ШЫҰ және Қазақстан

Ынтымақтастық бағыттары

Қазақстанның ШЫҰ-дағы төрағалықтары

Slide 3

Қазақстанның ШЫҰ бойынша әріптес елдермен тең дәрежедегі диалогқа сындарлы мақсатты қатысуы Қазақстанның ұстанымын күшейтеді, Ұйымның қағидаттарына толық сәйкес келетін мемлекеттер арасында өзара сенім мен түсіністіктің арта түсуіне көмектеседі. ШЫҰ-ның 2 жетекші ойыншысы - Ресей мен Қытайдың арасында орналасқан Қазақстан өңірлік ынтымақтастықтың жасампаз бастамалары мен жобаларын белсенді қолдайтын Ұйымның маңызды буыны болып табылады.

1996 жылы Шанхай үдерісі басталғалы бері Қазақстан - ШЫҰ аясында жан-жақты өзара іс-қимылдың белсенді қатысушысы болып табылады. Қазақстан Ұйымның аясында өтетін лаңкестікке қарсы әскери жаттығуларға, ғылыми конференциялар мен форумдарға тұрақты қатысып отырады, ШЫҰ құқықтық базасының нығаюына үлкен үлес қосып келеді. ШЫҰ-ның әрбір жұмыс органында Қазақстанның атынан 6 адам қызмет атқаруда.

2006 жылғы маусымның 15-інде Шанхайда өткен саммитте Қазақстан ШЫҰ Азия энергетикалық стратегиясын жасауға бастама көтерді. Бұл ШЫҰ-да сауда-экономикалық салада тәжірибелік ынтымақтастықтың басталуына түрткі болды. Сондай-ақ ҚР Президенті ШЫҰ аясында заңсыз көші-қонмен күрес жөнінде келісім жасасуды ұсынды.

Slide 4

2006 жылы Қазақстан Қытаймен бірлесіп, шекаралас аудандарда «Тянь-Шань - 2006» лаңкестікке қарсы жаттығуларын, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қатысуымен «Шығыс-Лаңкестікке қарсы» жаттығуларын өткізді. 2007 жылы жазда Ресейде «Бейбітшілік миссиясы - 2007» ШЫҰ-ның кең ауқымды әскери жаттығулары өтті. ШЫҰ жылдан жылға ынтымақтастықтың жаңа салаларын қамтып келеді. 2006 жылы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің парламенттері, жоғарғы соттары басшыларының, білім министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне, көлік пен мәдениетке жауап беретін бас прокурорлардың, министрлердің кездесулері тұрақты ұйымдастырылып отырады. Отын-энергетика кешені саласында өзара іс-қимыл нығаюда.

2017 ж. 8-9 маусымда Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтанда Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің тарихи отырысы өтті. Үндістан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасына Ұйымның толық құқылы мүшесі мәртебесі берілді.

Slide 5

Қазақстанның ШЫҰ төрағалығы шеңберінде жүзеге асырған іс-шаралары

ҚР ШЫҰ-на төрағалығы басталуына байланысты 2010 ж. 13 шілдеде Бішкек қаласында ҚР СІМ орынбасары Нұрлан Ермекбаев пен Қырғыз Республикасының СІМ Руслан Қазақбаевтың арасында саяси консультациялар өтті.

Қазақстанның ШЫҰ-на төрағалығы шеңберінде 2010 жылы 23 шілдеде Ташкент қ. ҚР СІМ орынбасары Нұрлан Ермекбаев пен Өзбекстан Республикасы СІМ орынбасары Бахтиер Исламовтың арасында саяси консультациялар өтті. Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастар мәселесі мен Ұйымға мүше мемлекеттердің Қырғызстанға көмек көрсету мүмкіндігі туралы пікір алмасу болды.

Нұрлан Ермекбаев Өзбекстан Республикасының СІМ Владимир Норовпен ЕҚЫҰ шеңберіндегі екіжақты өзара іс-қимыл мәселелері және ӨР СІМ орынбасары Анвар Салихбаевпен ауған мәселесі бағытындағы ынтымақтастық бойынша кездесу өткізді.

Сонымен қатар, ЕҚЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың шеңберінде екіжақты ынтымақтастық және өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Slide 6

Экономикалық ынтымақтастық

ШЫҰ алғашында шекараларды өзара қорғау мақсатымен құрылуына қарамастан, оның іс-шаралары бірден экономикалық бағыттылыққа ие болды. Алматыда болған үкімет басшылары кездесуде аймақтық сауда-экономикалық серіктестігін, ШЫҰ дамытылу мәселесі мен өзге жағдайларды талқылай келе, ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің үкіметтері арасында аймақтық экономикалық серіктестік пен сауда мен инвестициялар саласындағы қолайлы жағдайларды жасау процесін бастау туралы Меморандумға қол қойылды.

2003 ж. ШЫҰ мүше-мемлекеттері үкіметтерінің басшылары 20 жылға бағытталған Көпжақты сауда-экономикалық серіктестік бағдарламасын қабылдады. Ұзақ мерзімді мақсат ретінде ШЫҰ-да еркін сауда зонасын құру, ал қысқа мерзімді мақсат ретінде ауданда тауарлар ағымын көбейту қарастырылды. Энергетика, көлік, ауыл шаруашығы, телекоммуникациялар, қоршаған ортаны қорғау салаларын қарастырады. Серіктестікті дамыту бойынша әрекет жоспары 2004. 23. 09 қабылданды.


Ұқсас жұмыстар
Халықаралық және Еуропалық қайта құру банкі
Қазақстан –әлем мойындаған ел
Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы
Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы сыртқы саясаты және әлемдік қауымдастықтағы бітімгершілік рөлі
Қатысушы аймақтар
Қазақстанның сыртқы саяси және экономикалық байланыстарының дамуы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА ҚАТЫСУЫ
Оңтүстік - Шығыс Азия халықтарының қауымдастығы
ЕҚЫҰ БАСШЫЛЫҒЫ
Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz