Организм реактивтілігінде эндокриндік жүйенің маңызы




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым миністрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік Унимерситеті

Анемия және гипоксия

Орындаған: Альмухамедовна Н.
Топ: ВМ-801
Тексерген:Нуркенова М.К..
Жоспар:
І.Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім:
1. Анемияға анықтама
2. Патогенез мәселесі және патогендік факторлар
3. Реактивтілікке сипаттама
4. Реактивтіліктің бөліну сатылары.
5. Организм реактивтілігінде эндокриндік және иммундық
жүйенің маңызы
ІІІ. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Жалпы анемия
• Қаназдық (анемия) -
қанда эритроциттердің азайып, гем
оглобиннің кемуінен болатын ауру.
Қаназдықтың болу себептері:
денеден көп қан кету; химиялық
заттардың, удың, безгек ауруының
әсерінен эритроциттердің
тіршілігін жоюы; кемік майы,
бауыр, көкбауырдың зақымдануы;
эритроциттердің түзілуіне
қатысатын заттардың (темір,
В12 витамині) жетіспеуі және т. б.
Қан оттегіне қанықпағандықтан,
мүшелер мен ұлпаларға оттек
жетіспейді. Зат алмасу бұзылады.
Эритроциттердің мөлшері
азайғанда қанның тұтқырлығы
төмендеп, жүрек соғуы жиілейді.
Қаназдықтан жүрекке көп күш
түседі. Оны қан құю арқылы
емдейді.
• Жануар қартайған сайын артерия қантамырлары қабырғаларының
серпінділігі төмендеп, қатайып, тығыздалып, қуысы тарылады.
Мүшелерге қан аз келеді, артерия қантамырларында қан қысымы
жоғарылайды. Қан қысымының көтерілуі бүйрек ауруына, жүйке
жүйесінің күйзелісіне, дененің аз қозғалуына байланысты. Қан
қысымы қатты көтерілсе, қантамырлардың жарылуы мүмкін.
Миға қан қүйылу өте қауіпті. Себебі ми жасушалары зақымданып,
бұлшықеттер жансызданады. Қол-аяқ әлсізденіп сал болады. Бұл
кезде артерия қантамырларындағы қан қысымы сынап
бағанасымен 200 мм-ден асады. Егер қан қысымы төмендесе,
сынап бағанасының көрсеткіші 70-80 мм төмен болады. Мұндай
аурулардың белгілері: бас ауырады, жүрегі айниды, құлағынан шу
кетпейді, тамаққа тәбеті тартпайды, жүректің жиырылуы бірде
жиілеп, бірде бәсендейді.
Патогенез мәселесі
• Ауруды зерттеуде ең күрделісі — патогенез мәселесі.
Табиғаты инфекциялық көптеген аурулардың
себептері белгілі болғанымен, алайда жекелеген
патогенді агенттердің организмге әсер ету механизмі
жеткілікті анықталмаған немесе мүлде белгісіз.
Сондықтан ауру патогенезін қарастырған кезде
мынадай мәселелер туындайды:
Соңғы жылдардағы патогенез
• Соңғы жылдары патологиялық өзгерістердің молекулалық деңгейде
пайда болуы мүмкін екендігі дәлелденді, әрине мұны арнайы зерттеу
тәсілдерімен ғана байқауға болады. Осыған орай С. С. Вайль (1954)
пікірінше, патология жағдайында орган функциясы бұзылатын, ал
морфологиялық өзгерістер мүлде болмайтын жағдай да кездесуі
мүмкін. Осы аталғандармен қатар, тіпті бір органдағы әр турлі
құрылымдардың оның функциясы үшін әр келкі мәні болады.
Сонымен, Вирхов ойлағандай, морфологиялық және функционалдық
өзгерістер тура пропорционал бола бермейді. Мұндайда Ф. Энгельстің
форма мен мазмұн морфологиялық және функционалдық бірлестік
туралы қағидасын еске түсірген жөн. Бүкіл органикалық табиғат форма
мен мазмұнның бара - барлығының немесе ажырағысыздығының
кілең бір дәлелі болып табылады.
Патогендік факторлар
• Көптеген патогендік факторлар әуелі функционалдық
өзгерістер тудырып, соның әсерінен организм
функциясының нейрогуморалды регуляциясын бұзады.
Осындай патогендік факторлардан мыналар пайда
болуы мүмкін:

• Органдар мен жүйелердің арнайы функциялары
бұзылады;
• қан айналысы бұзылады;
• нерв трофиктері бұзылады;
• эндокринді бездердің функциясы бұзылады.
Ауру себептерге байланысты былай жіктеледі:

• 1) жұқпалы емес аурулар
• 2) жұқпалы (індетті) аурулар
• 3) инвазиялық аурулар (протозооноздар,
гельминтоздар, арахноэнтомоздар).
Реактивтілік – организмнің қоршаған орта
ықпалдарына белгілі бір жолмен жауап
қайтару қасиеті.
(Н.Н.Сиротинин).

Реактивтілік – сыртқы орта ықпалдарының
әсерлеріне организмнің, оның жекелеген
ағзалары мен жүйелерінің тіршілігін өзгертіп
жауап қайтару қасиеті немесе қабілеті
(А.Д.Адо).
Реактивтілікке сипаттама

Реактивтілік латынша (reactio)- қарсы әсер деген сөзден шыққан.
Реактивтілік – организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы орта әсеріне жауап
қайтару қасиеті;ол да бүкіл тіршілік атаулының зат алмасу ,өсу көбею
т.бмаңызды қасиеттері секілді.
Реактивтілік туралы ілімнің жаңа бағыты XVII ғасырдың аяғында
басталды. Глиссон тұңғыш рет бүкіл жанды организмді тітіркендіргіштік
қасиетімен сипаттады.
Реактивтілік кез келген тірі организмге тән қасиет. Малдарда байқалатын
реактивтіліктің түрліше өзгеруі негізінен алғанда қорғаныш сипатында
болады.
Организм реактивтілігінде нерв жүйесінің ролі – көптеген шетел
авторлары реактивтілік күйін сандық көрсеткіш тұрғысынан бағалауға әрекет
етті. Алайда реактивтіліктің тек сандық жағын ғана зерттеп ,бағалап,оның
сапалық ерекшеліктерін ескермеу дәл болмайды, әрі дұрыс емес.
Реактивтілік механизмінде бүйрек үстіндегі безінің маңыздылығы ,негізінен
алғанда қыртысты заттардың гормондары арқылы білінеді
Реактивтілік көріну түріне байланысты бөлінеді:

1. Нормергия - әдеттегі
тітіркендіргішке
организмнің қалыпты
2. Патергия –
жауабы,организмнің
мұнда қалыптан тыс
нормергиялық жауапжауабы.
серпілісі туралы
айтылады.
Реактивтіліктің түрлері:

1. Түрлік – реактивтіліктің жалпы түрі, бүкіл бір түрдің жауап
қайтару ерекшелігі (құстардың мекенін ауыстыруы,
сүтқоректілердің қысқы ұйқысы, түрлік иммунитет)
2. Топтық - түрдің ішіндегі кейбір топтардың жауап қайтару
ерекшелігі (жыныс, жас, конституция, нәсілдік ерекшелік, қан
топтары, ж.б.)
3. Даралық - еке тұлғалардың реактивтілігі, әр адам
қайталанбайтын тұлға екендігін көрсетеді.
4. Реактивтілік физиологиялық (организмнің қалыпты жауабы)
және патологиялық (организмнің қалыптан тыс жауабы) болып
бөлінеді.
Организм реактивтілігінде эндокриндік жүйенің маңызы
1. “Гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабаты» жүйесі
қоршаған орта ықпалдарына организмнің бейімделуінде маңызды орын
алады.
2. Қантты диабет, тиреотоксикоз, гипотиреоз т.б. эндокриндік аурулар
реактивтілікті бұзады.

Организм реактивтілігіндегі иммундық жүйенің маңызы

Иммундық жүйенің біріншілік немесе салдарлық тапшылықтарынан
бактериялық, вирустық жұқпаларға организмнің төзімділігі төмендейді,
қатерлі өспелер өсуі жиілейді.
Организм реактивтілігінде қоршаған орта ықпалдарының маңызы
Дем алатын ауаның, ішетін тамақтың және ауыз судың химиялық улы
заттармен, ауыр металдармен ластанулары;
Өмір сүретін ортаның иондағыш сәулелермен және радиобелсенді
заттармен ластанулары - организм реактивтілігін бұзады.

Организм реактивтілігіндегі қоректенудің маңызы
Тамақта нәруыздардың тапшылығынан анемия дамиды, организмнің
бейімделу қабілеті төмендейді, иммунитет әлсірейді;
Тағамда витаминдер мен микроэлементтер жетіспеуінен тіндерде зат
алмасулары бұзылады, анемия дамиды, реактивтілік төмендейді.
Қорытынды

• Патогенез аурудың этиологиясымен өте тығыз байланысты. Қандай да
болмасын этиологиялық әсер әрқашан аурудың даму жолдарының
басталуына әкеледі. Бүл үшін дене мүшелерінің кез келген бөлшектерінде
алғашқы бүліністер пайда болуы қажет. Алғашқы бүліністер әртүрлі дәрежеде
және деңгейлерде болуы мүмкін. Олар кейде қарапайым көзбен байқалатын
үлкен дәрежеде болса (мысалы, жарақат, күйік, сынық, қанқүйылу т. б.)
көпшілік жағдайларда жай кезбен көрінбейтін, анықтау үшін арнайы тәсілдер
қолдануды қажет ететін болады. Олар молекулаішілік, субжасушалық,
ағзалық, тіндік, жасушалық, жүйелік деңгейлерде болуы мүмкін. Сондықтан,
оларды анықтау үшін әртүрлі биохимиялвіқ, гистологиялық, иммунологиялық
және басқа да тәсілдерді қолданады. Бүл бүліністерге организмде жауап
ретінде қорғану-икемделу үрдістері дамиды. Мысалвы, атмосфералық ауада
оттегі жетіспегенде тыныс алу жиілейді және тереңдейді, жүрек соғысы
жиілеп, айналымдағы кан ағымын: жылдамдатады, эритроциттердің,
сонымен бірге гемоглобиннің деңгейі көтеріледі т. с. с. Бұлардың барлығы
организмге жетіспейтін оттегін толтыруға бағытталған организмнің
икемделістік шаралары.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо»,
2010.-С. 8-27.
2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007.
– С. 80-115.
3. Б.К.Ильясов, А.Б. Ильясов// «Алғашқы ветеринариялық көмек»// Оқулық.
Шымкент,2011ж.
4. Интернет желісі: https://www.google.kz/

Ұқсас жұмыстар
БЕЗДЕРДІҢ НЕРВ ЖҮЙЕСІМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Аталық жыныс безі
Малдың өсіп жетілуі
Бүйрек үсті безі
Инсулинді енгізу
Эндокринді және эндокринді емес функциялары бар ағзалардың физиологиясы және олардың организм жұмысына әсері
Диффузды эндокриндік жүйе
Эндокриндік жүйе
“Балалар мен жасөспірімдер арасындағы рационалды тамақтануды ұйымдастыру”
Цитокиндер, стресс пен гормондардың иммундық қызметке әсері
Пәндер