Саяси партиялары


Slide 1

Студенттің өзіндік жұмысы

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

Мамандығы: Әлуметтік жұмыс

Пән атауы: Саясаттану

Курс: 1

Тақырып: Саяси партиялары

Орындаған: Нұрғазы. Қ Берікболова. Г

Тексерген: Тухмарова Ш

Оқу тобы: СР 21-1

Қызылорда - 2021 ж.

Slide 2

Жоспар:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

А) Қазақстан Республикадағы көппартиялық жүйе

бастауы

Б) Қазақстандағы саяси партиялар

В) «НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық

партиясы және «Ақжол» партиясы

ІІІ Қорытынды

Slide 3

Кіріспе

Көппартиялық жүйе ХХ ғасырда қалыптаса бастады. Ол әсіресе демократиялық мәдениет деңгейі жоғары қоғамдардың саяси өмірінде кеңінен орын алады. Көппартиялық жүйенің қалыптасуына әртүрлі демократиялық саяси процестер ықпал етеді. Оның негізгілері: жалпыға бірдей сайлау құқығының қалыптасуы, сайлауға қатысу жасының, мүлік шартының төмендеуі, либерализм идеологиясының орын алуы, яғни, мемлекет пен азаматтар арасындағы қарым-қатынастарының өзгеруі, мемлекеттің қоғам мен жеке адамдардың өміріне араласуының шектелуі, яғни антиэтатизм принципінің орнығуы.

Slide 4

Қазір бүкіл адамзат өркениетке жаппай ұмтылыс жасап отырған кезде көппартиялықтың артықшылығына әлем халықтары толық көз жеткізіп отыр. Бұның өзі партиялардың саясаттары халық мүддесіне қаншалықты сай келетінін жеке азаматтардың бағалауына жол ашады.

Көппартиялық жүйе билікке ие болып отырған саяси топтарды, басқарушы партияларды алмастыруға жағдай жасайды. Ал мұның өзі қоғамда саяси қызметтерді тиімді жүргізудің алғышарты. Сондықтан да демократиялық қоғамда көппартиялыққа айрықша мән беріліп, бірнеше саяси партиялардың қатар өмір сүруіне мемлекеттік, қоғамдық тұрғыдан қолдау көрсетуге жағдай туады.

Slide 5

Саяси партия- пікірлестердің ұйымдасқан тобы, ол халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, оған мемлекеттік билікке келуге немесе оны жүзеге асыруға қатысуға мүмкіндік жасайды, соған жетуді мақсат етіп құрылатындағы әлемдік тәжірибеде әлдеқашан дәлелдеген.

Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Ал қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада XIX ғ. II жартысында пайда бола бастаған. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік, бұқаралық партия бола калған жоқ.

Slide 6

САЯСИ ПАРТИЯНЫҢ құқықтары

1) өзiнiң қызметi туралы ақпарат таратуға және өз

мақсаттары мен мiндеттерiн насихаттауға; 2) ерiктi негiзде қауымдастықтарға (одақтарға), сайлау

блоктарына бiрiгуге; 3) Қазақстан Республикасының Президенттiгiне,

Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң және

мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар ұсынуға;

мәслихаттардағы өз өкiлдерi арқылы Қазақстан

Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына

кандидатуралар жөнiнде ұсыныс жасауға; 4) өздерiнiң бұқаралық ақпарат құралдарын құруға; 5) жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шерулер мен

пикеттер өткiзуге; 6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң

актерлерiнде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға

құқылы.

Slide 7

Саяси партиясының міндеттері

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен

заңдарының талаптарын сақтауға; 2) әрбiр азаматтың өз құқықтары мен мүдделерiне

қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат

көздерiмен танысу мүмкiндiгін қамтамасыз етуге; 3) заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiркелiмiне

енгiзiлетiн мәлiметтер көлемiнде тұрақты жұмыс

iстейтiн органы орналасқан жердiң өзгергенi туралы

және өз басшылары туралы деректердi тiркеушi

органға хабарлауға; 4) салық органдарына Қазақстан Республикасының

заңдарында белгiленген мерзiмдер мен көлемде

өзiнiң қаржылық қызметi туралы есеп табыс етуге

мiндеттi. табылады. 4, 54% дауыс жинады.

Slide 8

ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы

Қазақстанның партиялық жүйесі қазіргі кезде өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр және бұл жаңа әлеуметтік топтардың, ең бастысы, бизнес-элитаның белсенділігінің нәтижесі екендігін білеміз. Басқаша айтқанда, кейбір «қысым көрсетуші» топтардың, мысалы «Ақ жол» ҚДП-ның жартылай өзгеруі айдан анық көрініп тұр. Саяси сала сапалылығы жағынан өзгеріп келеді деуге болады, және оған себеп тек жаңа ойыншылардың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар ескі қатысушылардың да өзгеруі.

Slide 9

Тәуелсіз Қазақстанның партиялық жүйесі ондаған жылдар бойы қалыптасып келеді. Өткен ғасырдың 90-жылдарында көппартиялы саяси жүйе тәжірибе жүзінде қолданымда болған жоқ, өйткені кеңес дәуірінің саясатының дамымағандығы әсер етті.

Партиялық құрылыстың алғашқы қадамдары 90-жылдардың екінші жартысында дәл Алматы қаласында жүзеге асырылды, саяси өмірдің орталығы да дәл осында. Тіпті, Елорданы ауыстырғаннан соң да партиялық қызметтің белсенді орталығы мен саяси белсенді тұрғындардың басым бөлігі осы қалада қалды.

Slide 10

"Нұр Отан" Халықтық Демократиялық Партиясы

Басшысы: Н. Ә. Назарбаев

Құрылған жылы: 1999 жылдың 1 наурызы

Штаб-пәтері: Астана қаласы, Д. Қонаев

көшесі, 12/1

Идеологиясы: Халықтық Демократиялық

Партия мүшелерінің саны: 607 557

Логотипі:

Slide 11

«Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті.

Мақсаты:

Қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыру

Азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру

Әлеуметтік әділеттік орнату және елімізде тұрақтылықты сақтау

Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту

Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал ету

Slide 12

Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88, 41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.

Партияның басты мақсаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайта өңдеу өнеркәсібін, жоғары технологиялық ғылыми өндірістерді дамыған деңгейге жеткізуге, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған реформалық саясатын ресми түрде қолдау болып табылады

Slide 13 Slide 14

ХХІ ғасырдағы саяси партиялар

2002 жылғы шілденің 15-інде «Саяси партиялар туралы» жаңа Заң қабылданды. Оған дейін елімізде 19 партия болған. Соңғы Заң бойынша партия болу үшін оның 50 мың мүшесі болуы керек.


Ұқсас жұмыстар
Саяси партиялардың қалыптасу тарихы
Қазақстандық көппартиялық жүйенің қалыптасуы жə не ҚР саяси партиялары
Саяси партиялардың түрлері
Саяси партиялардың қызметтері
ПАРТИЯЛАРДЫҢ САЯСИ
Саяси партия
САЯСИ ЖҮЙЕ
Мемлекетті басқару түрлері
Швейцария
Демократиялық партиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz