Баланың жетістіктері




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ» КЕ АҚ

Кафедра:
ПЕДАГОГИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕП
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БAСТAУЫШ БІЛІМ БЕРУ» КAФЕДРAСЫ

Мектепке дейінгі білім берудің инновациялық технологиясы

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы:

Білім және технологиялық оқытуда портфолионы қолдану мүмкіндіктері

Студент : Әбдібай М
Курс: 3
Топ : ДОВ 18-3
Оқытушы Шынтаева Н
Тапсырма: Мектепке дейінгі бала портфолиосы

Сұрақтар:

1. Портфолионың құрамы мен компоненттері

2.Білім мен технологиялық оқытуда портфолионы қолдану
принциптері

3.Білім мен технологиялық оқытуда портфолионы қолдану
мүмкіндіктері
Портфолио сөзі қолданысқа француз тілінен енген. Жалпы
шет тіліндегі сөздік-терді саралай отырып, оның төмендегідей
мағыналар беретінін анықтадық:
1) мазмұндау, алып жүру, құрастыру;
2) бет, қағаз;
3) дәйек, белгілі бір мағлұматтар жинағы, жетістіктер жинағы.
Ал енді балалар портфолиосы туралы сөз қозғайық. Балалар
портфо-лиосының түрі оның мақсатына, мазмұнына қарай бөлінеді.
Мақсатына қарай:
- Жеке портфолио.
- Портфолио-есеп болып бөлінеді.
Портфолио әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне
тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар екенін
ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру,
олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүние-танымын, өмірлік
мақсат-мүддесін айқын-дауға, жеке басының қасиеттерін дамытып
оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектеседі.
Мазмұнына қарай портфолио:
- Жетістіктер портфолиосы (баланың үздік жұмыстары);
- Рефлексивті портфолио (баланың материалдары және бағалары);
- Проблемалық бағыттағы (белгілі бір проблеманы шешу нәтижесі
мен мақсатын көрсететін материалдар);
- Тақырыптық портфолио (белгілі бір тақырып бойынша баланың
жұмыстарын көрсететін материалдар);
- Мақсатсыз портфолио (бала жұмысының жинақ папкасы) болып
бөлінеді.
Балалар портфолиосы баланың жұмысының мән-мағынасын ашып көрсе-туге
бағытталады. Портфолионың мазмұны міндетті түрде болу керек.
Балалардың портфолио құрылымы мынандай:
1. Сыртқы беті.
2. Визитка (резюме, портрет). Порт-фолионың иесі туралы ақпарат.
3. Пән бойынша оқушы жетістігі (ББД):
3.1 Баланың жеке жетістіктер парағы;
3.2 Алға жылжуды көрсететін гра-фиктері;
3.3 Бақылау, тест жұмыстары;
3.4 Оқитын курстары;
3.5 Пән бойынша олимпиада, сайыс-тарға қатысы.
4. Негізгі құзіреттіліктерінің қалып-тасуы:
4.1 Оқу-зерттеу әрекеті (жобалау жұмыс-тары, рефераттар, шығармашылығы);
4.2 Қоғамдық шығармашылық әрекеті.
5. Баланың жетістіктері.
6. Бала жетістігіне берілген өзіндік бақылау, қоғамның (мұғалімдер, ата-аналар,
т.б.) бағалауы.
Портфолио қолданудың реті:

- Әр баланың өзіне портфолио неге керек екенін түсінуі;
- Портфолионың түрін анықтау: мұғалім көрсетеді немесе бала
таңдайды;
- Портфолиомен жұмысты аяқтау уақытын білуі;
- Портфолионың құрылымын анық-тау;
- Бағалау көрсеткіштерін анықтау (бұл оқушымен бірлесе отырып
шешілетін мәселе);
- Бағалау тәсілін анықтау.
Портфолионы безендіру және материалдарды жинау ережесі:

1. Еріктілік ұстанымы.
2. Ата-аналар мен үлкендердің көмегі.
3. Басқа білім беру орындарымен байланыс (өнер, спорт
мектептері, т.б.).
4. Материалдардың саны емес сапа-лығы ескеріледі.
5. Баланың жетістіктер папкасы «есеп кітапшасына»
айналмау керек.
6. Жүйесі жұмыс.
7. Портфолионың сырты емес, оның мазмұндылығы құнды.
Портфолио қалай жасалады?
● Портфолионың бағыттарын немесе бөлімдерін белгілеп алыңыз.
Мысалы, копирайтерде бұл: коммерциялық ұсыныстар, сайттарға
арналған мәтіндер, нейминг, слогандар. Фотографта: репортаждық
түсірілімдер, портреттер, той түсірілімдері және т.б.,
● Әр бағыт бойынша ең жақсы жұмыстарыңыз бен орташа сапалы
жобаларыңызды таңдап алыңыз. Портфолиоға әр бағыт бойынша
10-20 жұмыс қосу оптималды болады. Осының өзі сіздің кәсіби
деңгейіңізді клиентке жеткілікті дәрежеде көрсетеді.
● Портфолионы жақсылап сәндеуді ойластырыңыз. Жұмыстарыңызды
ыңғайлы ретпен және көрнекі түрде орналастырыңыз.
● Портфолионы Интернеттегі жеке сайтыңызға орналастырыңыз.
Қосымша компьютеріңіз бен флешкаға да сақтап қойған жөн.
Назарларыңызға рахмет!!!!!

Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық диагностиканың мәні
Адам психикасындағы жастық ерекшеліктер
Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктері – білім берудің жаңа нәтижелері
Оқушының шығармашылық кітапшасы
Отбасы бөлмесі
Ақпаратты коммуникативтік
Дарынды оқушымен жұмыс
Ойын технологиясы
Сынып жетекші оқушы
Әр жас кезеңінде жас дағдарыстарының болу себептері. Д.Б Эльконин бойынша жас кезеңінің бөлінуі
Пәндер