Қалпақты саңырауқұлақтар
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Қалпақты саңырауқұлақтар
Дайындаған: Маратбекова.Е.М
Тексерген: Кунанбаева.Н.С
Тобы: Б-901
2021ж
Қалпақты
саңырауқұлақтардың жалпы
сипаттамасы
ЖОСПАР:
ҚАЛПАҚТЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН КӨБЕЮІ
ҚАЛПАҚТЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРДЫҢ ЖЕУГЕ ЖАРАМДЫ ЖӘНЕ УЛЫ ТҮРЛЕРІ
Қалпақты саңырауқұлақтардың құрылысы
мен көбеюі
Қалпақты саңырауқұлақтардың
денесі қалпақтан және түбіртектен тұрады.
Оны жемісті денесі дейді. Жемісті денесінің
мөлшері әрқилы. Қалпағының диаметрі 0,2-0,5
сантиметрден 72 сантиметрге дейін жетеді. Ал ақ
саңырауқұлақтың жемісті денесінің салмағы 2 кг
720 г, қалпағының диаметрі – 57 сантиметрге
дейін болады. Жемісті денесі жіпшумақтан өсіп
дамиды. Жіпшумағы топырақ арасында көрінбей
жатады. Жіпшесін микроскоппен қарасақ, оның
бір қатарға орналасқан ұзын жасушалардан
тұратынын көреміз. Жіпшесінің жасушалары екі
ядролы. Жіпше жақсы өсу үшін ауа, ылғал, жылу
қажет. Сондықтан жіпшесі топыраққа терең
енбей, 6-12 см тереңдікке ғана таралады.
Қалпақты саңырауқұлақтар спора арқылы көбейеді. Споралары өте майда және ол қалпақшасының
астында пісіп жетіледі. Олар ауа толқыны, жел арқылы ұшып таралады. Саңырауқұлақтың споралары
суыққа, құрғақшылыққа өте төзімді. Топырақта бірнеше ондаған жылдар бойы өнгіштігін жоғалтпай
сақталады. Қолайлы жағдайда әрбір спорадан жіпшелер дамиды. Жіпшелері ұзарып, тарамдалып,
жіпшумаққа айналады. Жіпшумақтардан жемісті дене жетіледі.
Қалпақты саңырауқұлақтардың түрлері
Саңырауқұлақтың жемісті денесі біріне-бірі
тығыз ұйыса орналасқан жіпшумақтан тұрады.
Түбіртегіндегі жіпшумағы біркелкі, ал
қалпақшасындағы жіпшумағы екі қабат құрайды.
Үстіңгі қабаты жылтыр, түрлі түсті реңді болса,
астыңғы қабаты түтікшелі және қатпарлы болып
келеді. Түтікшелі саңырауқұлақтардың
қалпақшасының астында майда шұрықтар
болады. Ол шұрықтар жіңішке түтікшелермен
байланысты. Мұндай саңырауқұлақтар түтікшелі
саңырауқұлақтар деп аталады.
Арышқұлақ, түлкіжем, қозықұйық
саңырауқұлақтарының қалпақшасының астыңғы
беттері түбіртектен шоқталып тараған
қатпарларға толы екенін көреміз. Мұндай
саңырауқұлақтарды қатпарлы
саңырауқұлақтар деп атайды. Жемісті денесі
жаңбырдан соң 10-12 күнде жетіледі. Қорек
заттардың біразын жіпшелер арқылы ормандағы
қарашірікке бай топырақтан сорады. Біразын өзі
өсіп тұрған ағаштың тамырынан алады.
Саңырауқұлақтардың жеуге жарамды және
улы түрлері
Саңырауқұлақтар жеуге жарамды және жеуге жарамсыз - улы
болып екі топқа бөлінеді. Олар - әсіресе құнды тағамдық өнім.
Саңырауқұлақтардың құрамында 80 пайызға дейін нәруыз болатын
азотты заттар бар. Саңырауқұлақтарды тергенде жеуге
жарамдысын улы түрінен ажырата білу керек. Терген кезде
топырақта көрінбей жататын жіпшумақты зақымдап алмас үшін,
саңырауқұлақ түбірінің түбінен пышақпен абайлап қиып алған
жөн.
Жеуге жарамды саңырауқұлақтар да жоғары сатыдағы ағзалар. Оларды «өсімдік еті» деген атпен бағалы тағамдардың
қатарына қосады. Оның құрамындағы 10-20% құрғақ затының 2-4%-ы нәруыз, 1%-ы май болады. Құрамында қантты
заттары да кездеседі. Бұл заттар саңырауқұлақтың дәмін жақсарта түседі. Жеуге жарайтын саңырауқұлақтарды улы
саңырауқұлақтардан ажырата білу керек. Жауынды жыл мезгілдерінде саңырауқұлақтардың қандай түрін болса да
кездестіруге болады. Солардың ішінде жеуге жарайтын саңырауқұлақтың 100-ге жуық түрі бар.
Ерте көктемде (наурыз, сәуір айларында) Қазақстанда ақ саңырауқұлақтар топталып өседі. Бұл саңырауқұлақ тіпті
шөл және шөлейтті жерлерде де кездеседі. Оның дөңес қалпақшасы, мықты түбіртегі болады және қалпақшасының
астында түтікшелері бар. Бұл саңырауқұлақты ормандағы қайыңның, шыршаның, еменнің түбінде өсетін ақ
саңырауқұлақтармен шатастыруға болмайды. Арышқұлақтар - қарағайлы, шыршалы орманда, терекқұлақ көктеректің
түбінде өседі. Ал жеуге жарамды ақ жерқұлақтың (белый трюфель) денесі топырақтың үстіңгі қабатында дамыды.
Майқұлақ, ойысқұлақ, түлкіжем, қозықұйрық, бүріскі (сморчок) саңырауқұлақтары да жеуге жарамды.
Арықтардың шіріті мол жағасында жас кезінде жеуге жарамды көңқұлақ өседі. Түбіртегі жіңішке, ұзын. Қалпақшаң
жұқа, төбесі сүйірлену келеді. Бұл саңырауқұлақтың қалпақшасының астында жетілген споралары қара түсті сұйық
затпен бірге шашылады. Спорасын сол сұйық затпен қоректенетін бунақденелілер таратады.
Жеуге жарамайтын жалған түлкіжем кәдімгі түлкіжемге өте ұқсас. Жалған түлкіжемнің қалпақшасының үстіңгі беті
тегіс, қызғылт-сары түсті. Кәдімгі түлкіжем қалпақшасының шеті желбіреген, үстіңгі беті ақшыл-сарғылт түсті.
Қалпақшасын бөліп қарағанда, ақ шырын бөлінеді. Улы саңырауқұлақтар боз арамқұлақ, сырттай қарағанда,
қозықұйрыққа ұқсас. Бірақ оның қозықұйрықтан айырмашылық боз арамқұлақ қалпақшасының астыңғы жағы ақшыл-
жасыл түсті. Қозықұйрықтың қалпақшасының астыңғы жағы алқызыл түсті болады. Қозықұйрықтың Қазақстанның
сазды, тақыр жерлерінде өсетін де түрі бар.
Сұр және қызыл шыбынжұты, көңілкеш (веселка), жалдан түбіртек саңырауқұлақтары - улы. Сұр шыбынжұты
саңырауқұлағының қалпақшасының үсті сұр түсті және ақ лақты. Қызыл шыбынжұтының қалпақшасының үсті қызыл
түсті және ақ лақты болып келеді. Жалдан түбіртек саңырауқұлағының қалпақшаң сының астыңғы жағы қою сарғылт-
жасыл. Қалпақшасының үсті мен түбіртегі ашық сарғылт-жасыл түсті болады. Түбіртегінде белдеуше сақинасы жоқ..
Жеуге жарамды
саңырауқұлақтар Улы саңырауқұлақтар
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz