Ақпарат және ақпараттық қауіпсіздік




Презентация қосу
Дәріс №1
Тақырыбы: Ақпарат және ақпараттық
қауіпсіздік
Ақпарат дегеніміз не?
Энциклопедиялық сөздікте оған келесі анықтама
беріледі: латын тілінен анықтау, мазмұндау-
адамдар арасында ауызша, жазбаша немесе басқа
әдістермен берілетін мәліметтер; ХХ ғасырдың
ортасынан – жалпы ғылыми ұғым, адамдар
арасында, адам мен автомат, автомат пен автомат
арасындағы ақпарат алмасу; жануарлар мен
өсімдіктер арасындағы сигнал алмасу; бір
клеткадан екіншісіне, ағзадан ағзаға белгілердің
берілуі; кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі.
Ақпарат – қоршаған орта туралы және онда өтіп
жатқан процесстер туралы мәліметтер, адамдар
оны сезеді немесе арнайы қондырғылар арқылы
қабылдайды /Ожегов/. Ақпарат ұғымы әдетте, екі
обьектінің арасында өтеді- ақпарат беруші және
ақпаратты қолданушы.
Қазіргі кезде ақпараттың келесі жақтарын анықтайды:
• Мәліметтер – мәліметтермен алмасу; жануарлар мен өсімдіктер арасында сигналдармен
алмасу; генетикалық белгілерді беру
• Фундаменталды философиялық категория, материя сияқты ол да үнемі барлық жерде
болады, және өзінің материалды иесінен ажырамайды; негізгі кибернетикалық
ұғымдарың бірі
• Іздеп табуға және сақтауға орасан зор күш пен қаржы жұмсалатын өте маңызды ресурс
• Өндіру мен сату үшін көп адамдар жұмыс істейтін құнды тауар
• Кәсіпорындарды, әскери, қоғамдық структураларды жұмысқа қосатын, адамды
жаралайтын және табысқа көтеретін күш
Ақпарат деп жинақтау, өңдеу, қолдану және өзара алмасуға арналған мәліметтер
объектісін айтамыз.
Ақпараттар түрлі мәліметтерді береді және түрлі процесстердің обьектісі
ретінде оған «ақпаратты қорғау» деген қысқа ұғым сәйкес келеді. Бұл
жағдайда ақпаратты қорғауға оны жинау, беру, өңдеу және сақтау
процестерінде тұтастығы мен конфиденциалдығын қамтамасыз ететін
шаралар жатады. Бұл анықтама «ақпаратты қорғау» және «ақпаратты
қауіпсіздендіру» дегенді білдіреді.
Ақпараттың қауіпсіздігі – бұл, берілетін, жинақталатын, өңделетін
және сақталатын ақпараттың қоршаған ортаның әсерінен (адам мен
табиғат) және сыртқы қауіптерден сақтайтын – бұзылуға қарсы
тұрақтылығы мен кедергілерге қарсы тұратын қасиеттері.
Берілген ақпаратты қорғау процесінің трактовкасы негізінен
ұйымдастыру шаралары мен техникалық әдістер және қорғау
құралдырына сүйенеді.
Ақпаратты қорғау деп ақпараттық қауіпсіздікке төнген қауіпті болдырмау
және оның кедергілерін жоюға арналған ұйымдастырушылық,
құқықтық шараларды айтады. Бұл жағдайда ақпаратты қорғауды
қамтамасыз ету әлемдік дамудың қауіпсіздігін,мемлекеттердің, адамзат
қоғамының, жекелеген адамдардың, табиғатты қорғауды қамтамасыз
ететін глобальды процестермен теңдеседі.
Ақпараттық қауіпсіздік ұғымы адамның, қоғамның, табиғаттың
қауіпсіздендірілген ақпаратпен қорғалуын екі түрлі қауіптен сақтандыру
мүмкіндігін сипаттайды:
• Құпиялардың жария болуы
• Ақпараттың (кездейсоқ не әдейі/ ақпараттық системаларға зиянды
ықпалы:
• Жекелеген адамның миына санасына және психикасына
• Көпшіліктің миына, санасына
• Қоғамдағы ақпараттық ортаға
• Табиғи обьектілердің ақпаратты-сезімтал элементтеріне
Жекелеген адамдардың, қоғамның, меелекеттердің ақпараттық қорғаудың
негізгі обьектілеріне олардың қарамағындағы ақпараттық ресурстар мен
ақпараттық системалардың құқығы мен тәуелсіздігін сақтау.
Бақылау сұрақтары:
1. Ақпарат дегеніміз не?
2. Қазіргі кезде ақпараттың қандай жақтарын
анықтайды?
3. Ақпараттың қауіпсіздігі дегеніміз не?

Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Территория және ғимарат ішінде ақпаратты қорғау объектілерінің күзет сигнализациясының жүйесі. Күзет сигнализациясының жүйесіне қойылатын талаптар
Қауіпсіздік сервистері
Ақпараттық қауіпсіздік
Аппараттық қорғаныс құралдары
Aқпаратты қорғаудың заңды шаралары
Электрондық укіметтің қызметтері
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
Ақпаратты қорғаудың құралдары мен әдістері
Сандық құзыреттілік
Пәндер