Қазақстан - Ресей байланысы



Орындаған: Ғалымжанова Перизат
Тобы: 2Шет тілі:201-3
Қабылдаған: Лұқпанов Айдын
Тақырыбы: Қазақстан-Ресей байланысы
Атырау қаласы, 2021
СӨЖ

Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы
Кіріспе
ЖОСПАР
Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың мойындауы
Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы
Қорытынды

Кіріспе:
Сыртқы саясат - мемлекеттің өзге мемлекеттермен саяси, экономикалық, әскери және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынасының жиынтығы. Мемлекеттің қауіпсіздігі, аумағының біртұтастығы, сырт мемлекеттермен дұрыс қарым-қатынас жасауы сол елдің сыртқы саясатына тікелей байланысты. Экологиялық қауіпсіздік, азық-түлік мәселесі, бейбітшілікті сақтау, халықтар, лаңкестік күрес, қуат көздерін сақтау, ядролық қауіпсіздік сияқты әлемге ортақ мәселелер бар.
Халықаралық қатынастар арқылы анықталатын сыртқы саяси міндеттерді жүзеге асыру мен ішкі саяси бағытқа арналған қолайлы сыртқы саяси жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында кем дегенде екі жақтың, яғни екі елдің өзара қарым - қатынас орнатуы сыртқы саясатқа тән сипат болып табылады. Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары: шекара қауіпсіздігі, қорғаныс, сыртқы экономикалық байланыс, сыртқы сауда, мәдени байланыстар, ақпарат алмасу, ғылыми - техникалық байланыстар, инвестициялық қызметтер және тағы да басқалары жатады.

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтарынан бастап 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т. б.
Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың
мойындауы

Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы
Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:
1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.
2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.
3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе - ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте - Ресеймен, шығыста - Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.

Қазақстан мен Ресей байланысы

Байланысы
Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынасы. Ресей мен Қазақстан көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Өзара бөлісіп жатқан мемлекеттік шекараның ұзындығының өзі 7591 шақырымға созылып жатыр. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында туындады.
Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі caлалары бойынша байланыс орныққан. Қазақстан-ресейлік қарым-қатынастың біртұтас спектрі көптеген екі жақты құжаттар және келісімдермен реттелуде.
көлік және коммуникация
әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі
отын-энергетикалық кешен

1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда - Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:
1. Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.
2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.
1998 жылғы 6 шілдеде Мәскеуде ІІІ ғасырға бағдарланған “Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы” Декларация жарияланды. Нәтижелері:
1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты.
2. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті.
3. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды.

Екі жақты қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет аймақтағы әскери-саяси және экономикалық сипаттағы көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара белсенді әрекеттесуде.
1991 жылы Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін таныды.
1992 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.
1992 жылы - Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының Елшілігі ашылды.
1992 жылы - Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды.
Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас Консулдығы және Астрахань мен Омбы қалаларында Консулдықтары жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас Консулдығы және Орал қаласында Консулдығы жұмыс жасайды.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz