Оптиканы оқыту әдістемесі
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК
УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
“Физиканы оқыту әдістемесі” пәні бойынша №12 ОСӨЖ
Тақырып: Оптиканы оқыту әдістемесі
Орындаған: Қойшыбаева Аида
1-курс, ФПКО-3/1 (СПО)
Тексерген: Серікбаева Г.Д.
Оптиканы оқыту әдістемесі
Оптика (гр. optіke – көзбен
қабылдау жөніндегі ғылым,
optas – көрінетін) – физиканың
сәуле (жарық) шығару
табиғатын, жарықтың таралуын
және оның затпен әсерлесу
құбылыстарын зерттейтін
бөлімі.
Жарық электро-магниттік толқын
болғандықтан Оптика электро-магниттік өріс
жөніндегі жалпы ілімнің (электрдинамиканың)
бір бөлігі болып табылады. Оптикалық
сәулелер толқын ұзындығы (λ) бойынша 1 нм-
ден 1 мм-ге, бір жағынан рентген, ал екінші
жағынан радиосәуленің микротолқындық
диапазонына дейінгі аралықты қамтиды.
Оптика қалыптасқан дәстүр бойынша
геометриялық, физикалық және
физиологиялық Оптика болып бөлінеді.
Геометриялық Оптика жарықтың табиғатына
назар аудармай, тек оның таралуының тәжірибелік
заңдарына сүйеніп, өзара тәуелсіз жарық
сәулелерінің біртекті ортада түзу сызықтар
бойымен таралуын, әртекті орталар
шекарасындағы шағылу және сыну
заңдылықтарын зерттейді. Бұл заңдылықтар әр
түрлі оптикалық құрылымдарды жобалауға,
есептеуге (көзілдірік, микроскоп, телескоп, т.б.)
мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол жарық әртекті
орта арқылы өткенде байқалатын құбылыстарды
(сағым, кемпірқосақ, т.б.) зерттейді.
Есептеу математикасының кеңінен қолданылуы,
әдістемелерінің дамып жетілуі есептеу Оптикасы деген
жаңа бағыттың дамуына алып келді. Жарық шамаларын
өлшейтін Оптиканың фотометрия бөлімі де іс жүзінде
жарықтың табиғатын ескермейді. Оның бірқатар
мәселелері адам көзінің жарықты сезу, қабылдау
қабілетіне байланысты шешіледі. Бұл заңдылықтар
биофизика мен психологияға және көздің көру
механизмдеріне сүйенетін физиол. Оптикада зерттеледі.
Жарықтың табиғаты, оған байланысты әр түрлі
оптикалық құбылыстар (интерференция, дифракция,
полярлануы және жарықтың анизотроптық орталарда
таралуы, т.б.) физикалық Оптикада зерттеледі.
М.Фарадей (1791 – 1867) 1848 жылы
жарықтың поляризация жазықтығының
бұрылуын ашып, жарықтың көлденең
электро-магниттік толқын екендігін
және физиканың электрмагнитизм және
Оптика бөлімдерінің арасындағы
тікелей байланысты көрсетті. Фарадей
тәжірибелерінің нәтижелеріне сүйеніп
Дж.Максвелл (1831 – 1879) осы
байланыстарды сипаттайтын электро-
магниттік өрістің біртұтас теңдеулерін
(1865 – 67) қорытып шығарды. Жарық
тарайтын ортаның қасиеттерін осы
теңдеулердегі макроскопиялық
тұрақтылар – диэлетрлік өтімділік (ε)
пен магнит өтімділік (µ) сипаттайды.
Ортаның сыну көрсеткіші осы
тұрақтылар арқылы анықталады.
Жарықтың электро-магниттік
теориясының Лоренцтің
электрондық теориясымен
толықтырылуы Оптиканың
дамуындағы маңызды кезең болып
саналады. Бірақ көптеген
жетістіктерге қарамастан
классикалық электрдинамика
жарықтың шығу және жұтылу
процестерін түбегейлі түсіндіре
алмады. Абсолют қара дененің
жылулық сәуле шығару
энергиясының толқын ұзындығына
тәуелділігін талдау теория мен
тәжірибе арасындағы қайшылықты
көрсетті.
Оптикалық аспаптар — құрамында
оптикалық үлкейткіш линзалар бар аспаптар.
Оптикалық аспаптарға оптиметрлер,
өлшеуіш микроскоптар, оптикаторлар және
т.б. жатады.Оптикалық әйнек
Оптикалық әйнек (орыс. оптическое стекло) - аса
мөлдір біртекті химиялық түрақты әйнек. Оптикалық
әйнек сыну көрсеткіші 1,47 ... 2,04 және дисперсия
коэффициенті 70 ... 78. Оптикалық әйнек крон және
флинт болып бөлінеді. Біріншісінде сыну көрсеткіші аз
да дисперсиясы үлкен, ал екіншісінде сол көрсеткіштер
керісінше болады. Оптикалық әйнек оптикалық
құралдар мен аспаптарда қолданылады.
Оптикалық сына (орыс. оптический клин) —
мөлдірлігі үзындық бойымен өзгеріп түратын тілімше
түрдегі немесе оптикалық жүйелерде жарық сәулелер
шоғын байсалды немесе сатылы түрде өзгерту үшін
қолданылатын сына тәріздес диафрагма түріндегі
құрылғы. Оптикалық сына фотометрияда, оптикалық
спектроскопияда, сонымен қатар әртүрлі оптика-
механикалық аспаптарда және т.б. қолданылады
Оптикалық күш (орыс. оптическая сила) - оптикалық
жүйенің сындыру әсерін сипаттайтын шама.
Ауадағы оптикалық жүйе үшін Оптикалық күш
Ф=1//; мүнда /— жүйенің фокустық қашықтығы, м,
ал Ф диоптриямен көрсетіледі. Жинақтау
линзаларының Оптикалық күш — оң, ал шашырату
линзаларының Оптикалық күш — теріс болады.
Оптикалық тығыздық (орыс. оптическая плотность)
оптикалық ортаның сипаттамасы. Оптикалық
тығыздық өту коэффициентіне г кері шаманың
ондық логарифмімен көрсетіледі. D = lg (1/г). О.т.
бояулардың қабаттарында, шаранағында және т.б.
сіңіргіш заттарда айқындалған фотографиялық
қабаттарда, жарық сүзгілерде және т.б. оптикалық
бүйымдарда жарықтың сіңуін сипаттайды.
Назарларыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz