Қарахан кесенесі


Slide 1

Қарахан кесенесі

Оқытушы:Аккулиева Асия

Студент:Досым Алимжан Факультет:Су шаруашылығы және құрылыс Мамандығы:АЖиОЗ

Slide 2

Жоспар:

1. Қарахан туралы деректер

2. Қарахан туралы аңыз

3. Қарахан мемлекеті

4. Қарахан ескерткіші

Slide 3

Ша-Махмұд Харун Бұғра Қарахан (шамамен 946 - 992) -Қарахан әулетінен Әулие ата атанған екінші хан. Ол атасы Сатұқ Бұғра Қараханның ұстанған бағытын жалғастырды. Талас өзенінің шығысы мен батысындағы елді түгелдей өзіне қаратып, Ша-Махмұд Харун Бұғра (“мемлекеттің жарық күні”, “мұсылман дінінің алтын діңгегі”) атанды. өз мемлекетін одан әрі кеңейту үшін күрес жүргізді. Самани әулеті билеушілерінен Испиджабты (Сайрамды, 990), көп ұзамай Самарқан мен Шашты, 992 жылы мамырда Бұхараны тартып алды. Ол осы жылы Түркістан маңындағы Қошқарбасы деген жерде дүниеден өтті. Қабірі Тараз қаласында.

Slide 4

Сонау орта ғасырларда елі мен жерін жау найзасынан қорғаған Қарахан есімді батыр өмір сүрген екен. Талай алыпты тағынан түсіріп, қарсыласының алдында тайсалмаған Қарахан батыр қас жауының қызына ғашық болады. Көп ұзамай қыз әкесінің бұл некеге қарсы болатынын білген соң сүйгенін алып қашуға бел буады. Екі жастың қол ұстасып қашып кеткенін білген әкесі сарбаздарына оларды өлтіруді бұйырады. Қуған нөкерлерден қашамыз деп ғашықтар ұзақ жол жүреді. Арада біраз уақыт өткен соң тоқтаусыз шапқылай беруден шаршаған ару Асу атты өзеннің жағасында аялдауды ұсынады. Хан жарлығын бұлжытпай орындауды жөн көрген сарбаздар Қарахан мен Айша бибіні көре салысымен қыздың сәукелесіне жылан салып қояды. Бақыттың құшағында жүрген ғашықтар мұны байқамай қалады. Жылы суға рахаттанып түсіп шығып, Айша бибі киіне бастайды. Ақырында сәукелесін кие берген кезде жылан шағып алады. Осы сәтте ғашығының қолында мерт болып бара жатқанын көрген Қарахан алай-дүлей күйге түсіп, мына өмірден баз кешеді. «Бұл жалғанда бірге болу бұйырмаса да, о дүниеде жұбымыз жазылмасын» деп сүйгенін жақын маңдағы молдаға алып барады. Жас жігіттің Мәжнүндей қайысқанын көрген молда ғашықтарға батасын беріп, некесін қияды. Бейкүнә екі жастың отбасылық бақыты небары бірнеше минутқа созылады. Даналардың «Шын ғашықтар қосылмайды» деген сөзі бекер айтылмаса керек. Ешбір жауының алдында иілмеген батыр тағдырдың алдында бас иіп, Айша бибі қайтыс болған жерге мазар тұрғызады. Қарахан батыр сүйгенінің жанында болу үшін Айша бибінің қасынан өзіне де мазар салдырады. Өмірінің соңына дейін ақ киім киіп, Айша бибі мазарында түнейді. Жаратқанға жалбарынып, кешірім сұрайды. Осы адалдығы үшін халық оны есінде сақтаған. Ал бұл жер «Әулие ата» деп аталып кеткен.

Қарахан мен Айшабибі туралы аңыз

Slide 5

Қарахан мемлекеті (парсыша ایلک خانیان ‎ - Ilak-Khānīyān) (942-1212 жж. ) - Орталық Азиядағы ортағасырлық мемлекет.

Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекеті Үзген, Мерке, Құлан сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттар мен қолөнершілер мекендеген.

Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915-955жж. ) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі - Білге құл Қадыр ханның немересі. Сатұқ Тараз және Қашғар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Мемлекеттің күшеюіне қарлұқ, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астанасы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен-ілек Баласағұнды иеленді. Кейін бұл өңірді оның ұлы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды. Мұса өлген соң, Қарахан жеріндегі жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арслан ханға көшті. 990 жылы Қарахан билеушілерінің бірі Хасан (Харун) Боғра хан Испиджабты бағындырды. Ал 992 жылы қарахандықтар шығыста Хотанды, батыста Бұхараны басып алды. 999 жылы Қарахан билеушісі Әли Арсланның баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилер мемлекетіне соққы берді. Қарахан хандығы ұзақ соғыстардан кейін 1004-1005 жылдары Мәуеренахр жерін түгелдей өзіне қаратты. Осыдан кейін Қарахан мемлекеті XI-ғасырдың 30 жылдары Шығыс және Батыс қағанаты болып екіге бөлінді:

Жетісу және Шығыс Түркістан жері Шығыс қағанатына қарап, оның орталығы әуелі Орда (Баласағұнға жақын), кейін Қашғар қаласы болды. Мәуеренахр жерлері - Батыс қағанатына қарап, оның орталығы Үзкент, кейінірек Самарқан болды. Қарахан мемлекетінде жоғарғы өкімет билігі хаканның қолында болған. Ол мұрагерлікке қалып отырған. Қарахан феодалдық қоғамының үстем тап өкілдеріне хаканның ұрпақтары тегіндер, ілек хандар, бектер, нәменгерлер, нөкерлер жатқан. Ханға ең жақын адамдардың бірі уәзір болған. Уәзір жоғарғы билеушінің ең жақын көмекшісі және кеңесшісі болып саналды. Хан сарайы, оның басты ордасы мемлекеттік және әкімшілік басқару орталығы болып есептелді. Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болған

Slide 6

. Мемлекет бірнеше үлестерге бөлінді. Олардың бастылары: Тараз, Испиджаб, Баласағұн. Хан мемлекеттік немесе әскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рұқсат еткен. Мұндай жерлер икта, ал оны иеленуші араб терминімен муқта немесе иқтадар (парсы термині) деп аталған. Қарахандардағы жер иеленудің тағы бір көп тараған түрі әскери - үлестік жерлер. Ол әскери қызмет үшін берілген. Қарахан феодалдық қоғамында шаруаларды қанаудың бір түрі - жалға үлестік жер беру орын алған. Араб-парсы деректерінде үлестік жер алған шаруалар мұзарлар немесе барзұгар деп аталған. Үлескер жерден алынған өнімнің денін салық түрінде мемлекетке және жер иелеріне төлеп отырған. Шаруаларды қанаудың екінші бір түрі - коммендация жер иелігі. Оның мәні: әлсіз адам өзінің жер телімін күштінің қамқорлығына береді, ол күшті адам әлсіз адамды басқалардан қорғауға тиіс.


Ұқсас жұмыстар
Археологиялық ескерткіштер
Қарахан мемлекеті
Айша бибі кесенесі
Домалақ ана кесенесі
Айша бибі
Сәулет ескерткіштері
ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ СӘУЛЕТ ӨНЕРІ
Сәулет өнері
Тараз
Қарахан және Қарақытай мемлекеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz