Дінге сенбейтін немесе қатыссыз адамдардың саны қазіргі әлемде жаппай өсу үстіндеде




Презентация қосу
Дін,мәдениет және қоғам
Оқытушы:Буйембаева Шынар
Студент:Досым Алимжан
Факультет:Су шаруашылығы және экология факультеті
Мамандығы:АЖиОЗ
Жоспар:

1.Дін:негізгі түсініктер.Дінді әлеуметтанулық талдау.
2.Мәдениет және өркениет:ұғымдардың мазмұны мен ара-
қатынасы.
3.Құндылықтар,дәстүрлер мен ғұрыптар.
4.Қоғамдық сананың жаһандануы,ұлттық код,менталдылық пен
дүниетаным:сәйкестік параметрлері.Ұлттық бірегейлік және оны
сақтау.
Дін
Дін (ағылш. Religion) дегеніміз сенушілерінің
әрекеті мен ойлауын, моралы мен сенімін
белгілеуді және шектеуді көздейтін, табиғаттан
тысқары, яғни тылсым, трансцендентті құдіретке,
рухани нышан-түсініктерге нанатын және
сиынатын, бақи, періште, шайтан секілді тылсым
құбылыстарды шын деп есептейтін мистикалық
түсінік жүйесі, әлеуметтік-мәдени құбылыс болып,
оның көбінесе тауап ететін қасиетті заты, не
орыны, киелі кітабы, пайғамбары, діни наным
жүйесі, сиыну ережелері мен культтары, саяси-
мәдени ұйымдары болуы мүмкін.
Әртүрлі дін әдетте Политеизм, пантеизм, монотеизм, теизм, деизм және агностицизм секілді әртүрлі құдайтану жүйелеріне тән
болады, және бір-бірін терістеген, айырым жағдайда жауласқан күйде болады.
Әртүрлі діндерде түрлі мазмұндағы құдырет (divine),[4] киелі зат,[5] сенім,[6] табиғаттан тысқары болмыс/болмыстар,[7] сондай-ақ
"өмірді ережелермен және күшпен қамтамасыз ететін мәңгілік және трансцендент" қатарлылар болуы мүмкін.[8] Діни
практикалар әдетте әртүрлі дінде әртүрлі деңгейде ритуалдарды, уағызды, еске алуды, немесе табынуды (құдайларға, немесе
әулиелерге), құрбандықты, мерекелерді, мейрамдарды, транстарды, бастамаларды, жерлеу рәсімдерін, үйлену тойларын,
медитацияны, дұғаны, музыканы, өнерді, биді, қоғамдық сервистерді және адамзат мәдениетінің тағы басқа аспектілерін
қамтиды. Діндердің қасиеттендірілген тарихы және ертегі-әңгімелері болады, олар өмірге мәлім түрдегі мән беруді, өмірді
мәлім түрде түсіндіруді мақсат еткен қасиетті жазбаларда, рәміздер мен қасиетті орындарда сақталуы мүмкін. Діндерде
сенушілері қашанда "дұрыс" деп есептейтін символды ертегі-әңгімелері болады, ол өмірдің, ғаламның және заттардың пайда
болуын, немесе қалыптасуын түсіндіруге бағытталады. Дәстүр бойынша, сенім, ақылды айтпағанда, діни нанымның қайнар
көзі болып саналды.[9] Дегенмен, дін бір нәрсені өзінше түсіндірумен шектелмейді, ол дәстүрге айналып, наным
қалыптастырып, табыну және құлшылық секілді нақты жосындар арқылы ұлт және жеке адам болмысы мен тұрмысына ықпал
етіп отырады.
Әлемде 10 000 түрден астам дін бары белгілі. Жер шары тұрғындарының 84 пайызы ең үлкен делінген 5 дінге сенеді. олар:
Христиан, Ислам, Индуизм, Буддизм, және мәлім түрдегі Халықтық діндер (folk religion).
Діннің әсеріне ұшырамаған және ешқандай дінге тән емес адамдардың сенімі бәлкім атеизм - яғни Құдайға сенбейді,
сондықтан дінге сенбейді; немесе бәлкім агностицизм - Құдайды бар деп есептейді, бірақ ол тегі қандай, қалай екені туралы
пікірлерге күдікпен қарайтын, сондықтан дін атаулыға да сеніп кетпейтін, сыни ойлайтын адам, және бәлкім скептик - Құдайға
және дінге сенуге де, сенбеуге де келіспейтін, бәлкім рас, бәлкім өтірік, мұны адамзат анықтай алмайды деп есептейтін адам.
Дінге сенбейтін немесе қатыссыз адамдардың саны қазіргі әлемде жаппай өсу үстіндеде. Әсіресе дамыған елдерде агностикатер
мен атеистердің саны артып барады. Ал даму үстіндегі және дамымаған елдерде дінге сенушілер негізінен тұрақты сандық
шамада сақталуда.
Дінді практикалық және теориялық тұрғыдан зерттейтін пән салалары: теология, ғылыми дінтану, салыстырмалы дінтану,
әлеуметтану, философия қатарлылар. Теология мәлім бір дінге сенген күйде оны түсіндіру және ақтау үшін дінді зерттесе,
дінтану діндердің сыртында тұрып, әртүрлі діндердің ерекшеліктері мен жағдайын, қоғамға ықпалын зерттейді, ал әлеуметтану
дінді әлеуметтік құбылыс ретінде зерттесе, философия діннің жаплы ерекшелігін, немесе дінге қатысты жалпы фундаменталды
проблемаларды зерттейді. Бұдан басқа әртүрлі діни теориялар бар, олар діннің шығу тегі мен діннің жұмыс істеу формасына,
Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер
бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету
мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген
басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз
байланысты.[1]
Ғасырлар бойы қалыптасқан Өркениет пен мәдениет ұғымының мағыналарын төмендегідей топтастыруға
болады:
1.мәдениет пен Өркениет бір, олар синонимдер (И.Гердер, Э.Тайлор);
2.Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның “кәрілік” шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш.Фурье, О.Шпенглер);
3.Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Вольтер, Д.Белл);
4.Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л.Морган);
5.Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А.Тойнби, Н.Я. Данилевский, т.б.);
6.Өркениет – мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.
Ағартушылық дәуірінде Өркениет әлеуметтік-мәдени дамуды сипаттау үшін қолданылды. 19 ғ-да Шпенглер мен Тойнби
еңбектерінде бұл термин өзіндік ерекшелігі бар, жергілікті қауымдастық мағынасында, яғни “тарихи өркениеттер” (
Қытай, Вавилон, Түркі, Мұсылман, Орта ғасыр, т.б.) ретінде қолданылды. Дегенмен Өркениетті саралаудың бірегей
өлшемдері мен ұстанымдары әлі күнге дейін жасалған жоқ. Соңғы кездері Өркениетке бір аймақта тұратын халықтардың
тарихи тағдырластығы, олардың арасындағы ұзақ әрі тығыз мәдени байланыс нәтижесінде әлеуметтік ұйымдасу мен
реттелудің этносаралық жергілікті қауымдастығы деген анықтама берілді. Өркениет категориясы мәдени типтерді
зерттеуде немесе мәдени-тарихи типологияны жасауда кеңінен қолданылады. Сондай-ақ Өркениет типтерін шығыс және
батыс деп бөліп, “ғаламдық Өркениет” және “техногендік Өркениет” ұғымдары да қолданылады. Мәдениеттанушылар
Өркениетті “мәдениет” ұғымымен салыстыра қарастырады. С.Хантингтонның жіктемесі бойынша, қазіргі әлемде
батыстық, латын америкалық, православиялық, исламдық, конфуцийшілдік, үнді-буддалық, қиыр шығыс және африкалық
секілді 8 суперөркениет қатар өмір сүруде. Қазіргі отандық мәдениеттану ғылымында қазақ өркениеті ұғымы қалыптасты.
Ол ежелгі көшпелі өркениеттерден бастау алып (сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, ортағасырлық түркілік дала империялары,
Алтын Орда, Ақ Орда, т.б.), кейін қазақ хандығы тұсында қалыптасқан, түркі-соғды, түркі-араб синтездері нәтижесінде
исламдық суперөркениеттің құрамына енетін этномәдени бірлестікті сипаттау үшін қолданылады (қ. Дала өркениеті). Қазақ
Өркениеті 3 үлкен өркениеттердің (православиялық, исламдық, конфуцийлік) тоғысқан жерінде орналасқан.
Мәдениет пен өркениет
Мәдениет пен өркениет
Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Осы сипатта біздің
зердемізге бірінші түсетін үғым — өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің — «civilis» сөзі) азаматтық дегенді
білдіреді. Римдіктер бұл үғымды «варварлықтар» деп өздері атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған.
Яғни, «өркениет» олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму
дәрежесін білдіреді.
Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі үғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:
• 3. Өркениет — мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер,
Д. Белл).
• 4. Өркениет — тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л. Морган).
• 5. Өркениет — этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, Н.Я. Данилевский және
т.б.).6. Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.
Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екен. Мәдениеттанушы Г. Чайлдтың
пікірінше, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің
дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың
ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар
мен ұжымдар. Бүлардың арасында ең түбегейлісі — мәдени әрекет. Әрекеттену — жалпы адам мен қоғамның
өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға,
тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау
нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді.
Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени
қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз:
өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм,
гумандылық және тағы басқалары.
Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени
орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады.
Оларға техника мен қүрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі,
кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар,
кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады.

Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. «Салт-дәстүр,
— дейді белгілі философ Гердер, — тіл мен мәдениет бастауларының анасы» (И.Г. Гердер. Идеи к философии
истории человечества. Москва, 1977, с. 252). Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа
жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер
жүйесі мәдениет өзегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен
сәуегейлікке, . сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал салт-дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет
мынандай баға береді: «Олар — терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің
сұрыпталған түжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі». (Қазақтың дүниетанымы. Алматы, 1993, 36-
бет).
Ғасырлар бойы күнделікті іс-тәжірибе негізінде сұрыпталған жазу-сызу мен азаматтық қоғам өлі жоқ кезде
қалыптасқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мәдени мирасқорлықтың жалғыз мүмкіндігі болды. Ескі
ырымдар мен әдет-ғұрыптардан надандық, анайылықты емес, қазіргі үлттық мәдениеттердің архетипін
аңғарған жөн.
Кез келген ұлттық мәдениеттің негізі мен ділін, ондағы адамгершілік қасиеттер мен дүниетанымды үғыну үшін
мәдениеттің тағы бір түп-тамыры дінге жүгіну қажет. Тоталитарлық жүйе ұлттық мәдениеттерді құрту
мақсатында, дінді «апиын» деген марксизм қағидасын басшылыққа алып, ешқандай қасиетті тірліктері жоқ,
шолақ белсенді мәңгүрттерді тәрбиелеуге тырысты.
Құндылық — белгілі бір заттың маңыздылығы, керектігі. Сырттай құндылық зат не
құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда оның маңыздылығы мен
пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам
болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің
субъективті бағалануынан болады. Құндылықтар жүйесі адамның күнделікті
қоғамдық не жеке тұрмыстық бағдарында, оның айналасындағы заттар мен
құбылыстарға қарым-қатынасының орнауында орын алады. Мысалға, стақан сусын
ішу құралы ретінде өз пайдалы қасиетін тұтынушы құндылығы ретінде, материалдық
игілік ретінде көрсетеді. Еңбек өнімі және тауар айналымының заты ретінде, стақан
экономикалық құндылық, бағалық ретінде болады. Егер стақан өнер заты болса, ол
тағы да эстетикалық құндылық, көркемдікке ие болады .
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
ДІН, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Фейербах философиясының негізгі мазмұны материализмді қуаттау
Көне рим құдайлары
Халықтың қартаюы
Террористтік сипаттағы қылмыстылық
Ислам діні туралы
ФИТОЦЕНОЗ ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары және қауіпсіздік мәселелері контексіндегі конфессионалдық саясаты
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Діни бірлестіктер
Пәндер