Фитоценоз структурасы
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК
ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Фитоценоздағы өсімдіктердің өзара
қатынасуы. Фитоценоз структурасы.
Флораның байлығы.
Орындаған:Кеңес Нұрсезім
6ВО-5112-Жалпы биология 3-курс
Қабылдаған: Момбаева Б.К.
Кіріспе
Өсімдіктер және олардың қауымының жер
шарында таралуын және сол таралудың
заңдылықтарын зерттейтін ғылым –
ботаникалық – география деп аталады.
Ботаникалық-география екі салаға бөлінеді.
1). Өсімдіктер географиясы -өсімдік түрлерінің
және ірі систематикалық таксондардың жер
шарындағы таралу заңдылықтарын зерттейді.
2). Фитоценоздар географиясы – өсімдік
қауымдарының жер – шарындағы таралу
заңдылықтарын зерттейді.
Фитоценоздың структурасы.
Структура латын тілінен аударғанда « құрылысы,
орналастыру» деген мағынаны білдіреді.
Фитоценоздың структурасында төмендегідей
топтарды атауға болады:
1. Фитоценоздың морфологиясы немесе кеңістіктегі
синморфология;
2. Фитоценоздың храналогиялық структурасы
немесе фитоценоздың өзгергіштігі;
3. Эколого – биологиялық структурасы;
4. Фитоценоздың функциональдық структурасы;
5. Конституциялық структурасы;
Фитоценозда жоғары дәрежелі маңызды саны
бойынша немесе биомассасы бойынша топырақ бетін
жабу дәрежесі бойынша басым түрлерді алады.
Мұндай түрлерді доминанттар деп атайды. Олар
фитоценоздың міндетті түрдегі элементтері болып
табылады. Өсімдіктер түрлерін оның компоненті деп
аталады. Фитоценоздың негізін құрайтын осы
компоненттерді эдификаторлар деп атайды. Мысалы:
шалғындық фитоценозда костер безостый, лисохвост
луговой.
Флоралық дүниелер / царства
Флоралық дүние ең үлкен флоралық бөлім. Жер
шарында бір –бірінен флорасымен кенет өзгешеленетін
алты флоралық дүниелер аймақтар бар.
1). Голарктикалық дүние. Ол Солтүстік жарты шарының тропикадан басқа бүкіл бөлігін қамтиды.
2). Полетропикалық дүние – ол ескі әлемнің барлық тропикалық (ыстық жақтар) аудандарын қамтиды, көптеген қысы
суық аймақтарда кездеспейтін тропикалық тұқымдастардың болатандығымен ерекшеленеді. Мұнда үш дүние тармағы
бөледі.
а) аффрикалық, б) индо –малайлық, в) полинезиялық.
3). Неотропикалық дүние – бұған Мексика. Орталық және Оңтүстік Америка жатады. Бұл дүниеде
палетропикалық дүниеде кездесетін тропикалық тұқымдастар өте көп кездеседі.
4). Австралиялық дүние – бұл флоралық дүние ерекше оңашаланған жағдайда мұндағы барлық түрлердің 86% тек
қана Австралияда кездеседі.
5). Антарктикалық дүние –бұл дүние Оңтүстік Америкадан жаңа Зеландияға дейін созылып, Антарктика континентін
қоршап жатады.
6). Кап дүниесі – бұл флоралық дүниелердің ішіндегі көлемі жағынан ең кішкентайы. Оған тек Африканың Оңтүстік батыс
шегі ғана кіреді. Бұл дүниеде 6000-нан астам гүлді өсімдіктер түрлері кездеседі.
Фитоценоздың флоралық құрамы жəне оны зерттеу
əдістері
Комплекстілік – бірландшафтағы әртүрлі
ассоциациялардың экотоп жағдайына байланысты
алмасулары салдарынан өсімдіктер жабынының
біркелкі емес формалары. Комплекстегі
фитоценоздар экотондағы (грек oikos – үй, tonos –
пішін,түр,рең) –қауымдар арасындағы өтпелі
микрозона сукцессиялар арқылы бір – бірімен
байланысты. Олардың бағыты осы аймақтағы
байырғы, түпкілікті өсімдіктер жабыны типтерінің
қалыптасуында, өсімдіктер және топырақ комплексі
дамуының жалпы стратегиясына сәйкес болады.
Комплексіне енетін ассоциациялар санына
байланысты олар екі мүшелі, үш мүшелі, төрт
мүшелі т.б. болып бөлінеді.
Флоралық байлығы
Фитоценоздың флоралық құрамы деп онда өсетін барлық
өсімдік түрлерінің жиынтығын айтамыз. Фитоценозға
кіретін əрбір түр биотопты жасауға өзінше ат салысады.
Кейбір түрлер орта жағдайының индикаторы бола алады.
Сондықтан қауым туралы толық мəлімет алу оның
флоралық құрамын, экологиялық жағдайын жəне тіршілік
ортасын жете білуді қажет етеді. Сонымен қатар толық
жетілген жəне жас өсімдіктерді, өскіндерді де есепке алу
керек. Көптеген өсімдіктер қауымдарында, əсіресе
оңтүстік аудандарында (дала, шөл) өсімдік түрлерінің
дамып жетілуі, вегетациялық кезеңдері бір мезгілде өте
бермейді. Соған байланысты қауымның флоралық
құрамын толық анықтау үшін ондағы түрлер тізімін алу
(инвентари) вегетациялық кезеңде екі (көктем, жазда)
немесе үш (көктес, жаз,күз) рет жүргізген дұрыс.
Флоралық байлық дегеніміз белгілі – бір
фитоценоздың немесе ассоциацияның
құрамында өсіп жетілетін түрлердің сандық
көрсеткіші. Флоралық байлыққа терең талдау
жасау үшін əрбір систематикалық топтар
(қыналар, мүктер, папоротниктер жалаңаш
тұқымдылар, жабық тұқымдылар) бойынша
түрлердің санын есептеп шығару керек.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz