Қарағанды облыстық жоғарғы мейіргерлік колледжі
Презентация қосу
Қарағанды облыстық жоғарғы мейіргерлік колледжі
Тақырыбы:Мотивация туралы түсінік.А.Маслоу теориясы
Орындаған:ІV-ІҚБ топ студенті Саутхан Айгерим
Тексерген:Калиева Г.А
Қарағанды 2021жыл
Жоспар
І.Кіріспе
Қажеттіліктер
ІІ.Негізгі бөлім
Мотивация туралы түсінік
Қажеттіліктердің түрлері
А.Маслоу өмір тарихы
А.Маслоу пирамидасы
А.Маслоу теориясы
ІІІ.Қортынды
Қажеттіліктер – жеке адамның, әлеуметтік топтың, қоғамның
тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін обьективті түрде керек
нәрсеге мұқтаждық, белсенді әрекеттің ішкі қозғаушысы.
Қажеттіліктер субьект пен оның қызметінің өзара байланысын
көрсетеді, әуестіктен, мүдделерден, мақсаттардан және
мінезқұлықтан көрініс табады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру
мақсатты іс-әрекеттің нәтижесінде іске асады. Қажеттілікті
тәрбиелеу тұлғаны қалыптастырудың орталық міндеттерінің бірі
болып табылады.
Биологиялық және физиологиялық қажеттіліктер
• тамақ, су, баспана, жылу, ұйқы, физикалық тәуелсіздік
сияқты қажеттіліктер келесі деңгейге ауыспай тұрып
қанағаттандырылуы керек.
Қауіпсіздікке және болашаққа сеніммен қарау қажеттілігі
(экзистенциялық қажеттіліктер)
• қорғау, тәртіп, заң, шек қою, тұрлаулылық және т.б. болашағы
болжанған және бірізділікке негізделген өмір болуын
көздейді.Адам денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтап
қалу үшін жарақаттанудан қашық болуға тырысады. Адам
қауіпсіздікте және жинағының сақталуында психологиялық
қажеттілікті сезеді. Қажеттіліктің осы түрі адамдарды өрттен
сақтану келісімдерін жасауға немесе өзінің ақшасын банкте
сақтауға итермелейді.
Сүйіспеншілікке және қарым-
қатынасқа деген қажеттіліктер
(әлеуметтік қажеттіліктер).
• Адам ұжымның мүшесі болуға,
бірлескен іс-шараларға қатысуға
ұмтылады. Ол адамдардың көңілін өзіне
аударғысы келеді, жақын араласушылық
пен қолдауға, достық пен махаббатқа
мұқтаж.
Құрмет көрсетілуін қажет ету (беделді қажеттіліктер)
• Адам өзін сыйлауды, оның қол жеткізген жетістіктеріндегі шеберлікті
мойындауды, құзыреттілікке ие болу ниетіне жол ашуды, қызмет сатысы
бойынша өсуді, айналадағылардан сыйласушылықты, ұжымдағы лидерлік
позицияны үстануды қажет етеді.
Өзін-өзі
таныту қажеттіліктері (рухани
қажеттіліктер).
• Адам өзінің білімін, қабілеттіліктерінің, біліктілігі мен
дағдыларын барынша толық пайдалануға ұмтылыс танытады.
Бұл қажеттіліктер өз көрінісін өнер, тұлғаның өзін көрсетуі
арқылы көрініс табады. Маслоу оқуды өзін өзі көрсетудің бір
жолы ретінде қарастыруға болады деп ойлайды.
Маслоу,Абрахам Харольд (1908-1970) –
көрнекті америкалық психолог, гуманистік
психологияның негізін қалаушы.
Адами қажеттіліктерді талдап, оларды иерархиялық
баспалдақ түрінде орналастыру – Абрахам Маслоудың
«Маслоу қажеттіліктер пирамидасы» деген атпен
танымал болған жұмысы.
Маслоу тұжырымдамасы «Уәж және жеке тұлға»
(Motivation and Personality) кітабында жан-жақты
баяндалған. Пирамида түрінде бейнеленген қажеттіліктер
иерархиясы АҚШ, Европа және Ресейде тұлғаны
ынталандырудың әйгілі модельдерінің біріне айналды.
Оны негізінен менеджерлер мен маркетологтар көп
пайдаланады.
• А.Маслоудың пікірі бойынша, өзін-өзі таныту туа біткен құбылыс,
ол адам табиғатына енеді. Адамгершілік, жақсылық жасау,
жақсылық тілеу адамның өзегін құрайды. Адам осы
гуманистикалық қажеттіліктерін жүзеге асыра білуі керек. А.
Маслоу теориясындағы бұл тұжырым дұрыс деп саналды. Өз
көзқарастарын ол “Адамдық мотивация теориясы” (1934),
“Психологияға шолу”(1934), “Мотивация мен индивидуалдылық”
(1970) атты ғылыми еңбектерінде баяндаған. Маслоу
“қажеттіліктер пирамидасы ” деп аталып кеткен ынтаның
(қажеттіліктердің) иерархиялық теориясын жасаушы ретінде
танымал ғалым. адамның қажеттілктерінің күнделікті және
олардың ынталандыруға әсері туралы еңбегінен еңбегінен білген
бихевиорисердің бірі болып А.Маслоу табылды.
Онымен құрастырылған кең танымал қажеттіліктердің иерархиясы келесі негізгі
ойлар мен алғы шарттарды кіргізеді:
• адамдар үнемі қандай да қажеттіліктерді сезеді;
• адамдар бөлшек топтарға біріккен күшті белгіленген қажеттіліктер
жинағын бастан кешіреді;
• қажеттіліктер тобы бір-біріне қатысты иерархиялық түрде орналасқан;
• қажеттіліктер қанағаттандырылмаса, адамды іс-әрекеттерге түрткілейді.
Қанағаттандырылған қажеттіліктер адамдарды қайта
ынталандырмайды;
• егер қажеттілік қанағаттандырылса, оның орнын басқа қанағаттанбаған
қажеттілік басады;
• көп жағдайда адам бір-бірімен жинақтылық қатынаста болатын бір
уақытта бірнеше әр түрлі қажеттіліктерді сезеді;
• "пирамиданың" негізіне жақын тұрған қажеттіліктер ең бірінші ретте
қанағаттандыруды талап етеді;
• жоғарғы деңгейдегі қажеттіліктер төменгі деңгейдегі қажеттіліктер
қанағаттанған соң адамға белсенді түрде әсер етуді бастайды;
• төменгі деңгейдегі қажеттіліктерге қарағанда жоғарғы деңгейдегі
қажеттіліктердің көп санымен қанағаттанулары қажет
Назарларыңызға раxмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz