Отбасы баланы алғашқы әлеуметтендіру институты
Презентация қосу
ОТБАСЫ
ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ
ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ
Қазіргі отбасы және оның мәселелері психология,
педагогика, әлеуметтану, демография, экономика сияқты
бірқатар ғылымдардың зерттеу нысанына айналып келеді.
Аталған ғылымдардың әрқайсысы отбасы қызметтерін және
оның даму мәселелерін өз ерекшелігіне орай қарастырады.
Экономика – бұл отбасының тұтынушы аспектілерін және
оның өндірістегі материалды игіліктері мен қызметтерін
қарастырады. Этнография – түрлі этникалық сипаттағы
отбасылардың тыныс-тіршілігі ерекшеліктерін зерттейді.
Демография – халықтың өсу үрдісіндегі отбасы рөлін
қарастырады. Педагогика – отбасының тәрбиелік
мүмкіндіктерін айқындайды.
Отбасын зерттеуде аталған бағыттардың бірігуі әлеуметтік
құбылыс ретіндегі отбасы жайлы біртұтас түсінік алуға
мүмкіндік береді.
Отбасы психологиясы – отбасындағы тұлғааралық қатынастар, тұлғаның дамуына ықпал ету
тұрғысында отбасы ішіндегі қатынастар (олардың тұрақтылығы) заңдылықтарын зерттеуге баса назар
аударады. Заңдылықтарды білу – отбасылармен практикалық жұмыс жасауға, диагностика жүргізуге
және отбасылық өзара қатынастарды қайта құруға көмектеседі. Тұлғааралық қатынастардың негізгі
параметрлері – статусты-рөлдік ерекшеліктер, психологиялық дистанция, қатынастар валенттілігі,
динамикасы және тұрақтылығы.
Отбасы психологиясының пәні – отбасының қызметтік
құрылымы, негізгі заңдылықтары және оның даму
динамикасы; отбасында тұлғаның дамуы.
Отбасы психологиясының міндеттері:
өмірдің әртүрлі кезеңдеріндегі отбасының қалыптасу заңдылықтарын
және оның қызметтік-рөлдік құрылымының дамуын зерттеу;
некеге дейінгі кезеңді, некелік серіктесті іздеу және таңдау
ерекшеліктерін зерттеу;
ерлі-зайыптылық қатынастардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
бала-ата-аналық қатынастардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
баланың әртүрлі жас кезеңдерінде дамуындағы отбасылық тәрбиенің
рөлін анықтау;
отбасының қалыпты емес дағдарыстарын зерттеу және оларды жеңу
стратегияларын жасау.
Отбасы психологиясы саласында практикалық білімдерді қолдану – отбасы психологы мен
отбасына кеңес беруші қызметінің келесі түрлерін талап етеді:
неке, некелік серіктесті таңдау және некелесу мәселелері бойынша психологиялық
кеңес беру;
ерлі-зайыптылық қатынастар мәселелері (диагностика, түзету, алдын алу) бойынша
кеңес беру;
отбасына дағдарыстық жағдаяттарда және ажырасуда психологиялық көмек көрсету;
бала-ата-аналық қатынастарға кеңес беру, диагностика жүргізу, алдын алу және түзету;
балалар мен жеткіншектерді тәрбиелеу мәселелері (дамудағы бұзылыстар мен
ауытқушылықтарға диагностика жүргізу, алдын алу және түзету) бойынша
психологиялық кеңес беру;
«тәуекелдік топ» балаларын және дарынды балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша
психологиялық кеңес беру;
бала асырау және асыранды балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша психологиялық
көмек көрсету;
«отбасынсыз» (жақындарымен қарым-қатынас депривациясы жағдайындағы)
тәрбиеленіп жатқан балалар мен жеткіншектердің дамуындағы ауытқушылықтар мен
бұзылыстардың алдын алу;
нағылеттер жүктілігіне психологиялық кеңес беру және психологиялық қолдау;
ата-аналардың қалыптасуына психологиялық қолдау көрсету.
Отбасы қызметтері. Отбасының маңызды қызметі – адамның қалайтын
бақытын қанағаттандыратын фелицитивті ( лат. сөзі felicio —бақыт) қызмет
болып табылады.
Отбасы –тұлғаның эмоциялық саулығының маңызды факторы. Махаббат
пен неке тұлғаның бақытты сезінуі мен өмірге қанағаттануын
анықтайды.
Қазіргі отбасы психологиясы мен отбасылық психотерапияда отбасын
талдауға қатысты екі теориялық ұстанымды бөлуге болады. Бірінші
ұстаным бойынша отбасы – ортақ және әртүрлі қызығушылықтары бар
индивидтер тобы, отбасылық контекст тұлғаны әлеуметтендіру және
дамыту ортасы ретінде түсіндіріледі. Отбасын осылайша түсіндіру –
отбасы психологиясының дербес сала ретінде қалыптасуының бастапқы
кезеңіне тән және ол белгілі бір дәрежеде мінез-құлықтық тәсілдемеде
және психоанализде көрініс табады. Екінші ұстаным бойынша отбасы
біртұтас жүйе ретінде қарастырылады және талдау «бірлігі» отбасы
болып табылады. Бұл ұстаным жүйелі отбасылық терапияға және
отбасының аддитивті емес сипатына баса назар аударатын психологтарға
тән.
Отбасы – кез келген жүйе тәрізді бірқатар қызмет атқарады, олар отбасы
спецификасын, мәдени-тарихи дамуын, сонымен қатар отбасылық өмір циклдері
кезеңдерін бейнелейді:
Экономикалық (материалды-өндірістік), шаруашылық-тұрмыстық. Индустриалды
қоғамға дейін отбасы барлық негізгі материалды қызметтерді қамтамасыз ететін
алғашқы топ ретінде қарастырылды. Қазіргі кезеңде отбасының экономикалық
қызметі оның мүшелерінің табыстарының бірігуімен және бұл табыстарды
отбасының әрбір мүшесінің қажеттіліктеріне сай тұтынуға бөлуімен анықталады.
Шаруашылық-тұрмыстық қызмет отбасы тұрмысын ұйымдастыру түрінде және
отбасының әрбір мүшесінің жеке тұрмысында жүзеге асады.Үйде атқарылатын
міндеттерді бөлу және олардың мазмұны тарихи кезеңдермен, өмір
жағдайларымен, отбасы құрамымен және өмірлік цикл кезеңдерімен байланысты.
Репродуктивті (бала туу және халықтың ұдайы өсіп-өнуі). А.Г. Харчев бұл қызметті
халықтың өсуін қамтамасыз ететін отбасының маңызды әлеуметтік қызметі
ретінде санайды. Отбасының аталмыш репродуктивті қызметінің маңыздылығы
Ежелгі Рим қоғамында Август императоры билік еткен кезде Рим азаматтарының
дүниеге бала әкелуін арттыру заңы шыққанда мойындалды.Өмірге бала әкелуді
жоспарлау және халықты өсіп-өндіру міндеттерін шешу кез келген елдің
мемлекеттік саясатының маңызды қызметін құрайды.Бұл мәселе бала туу
дағдарысымен және адам ресурстары «тапшылығымен» немесе керісінше
дүниеге бала әкелу деңгейін шектеу қажеттілігімен ұштасып жатса да өзінің
маңыздылығын жоймайтын мәселе болып табылады.
Бала тәрбиелеу қызметі. Отбасы баланы алғашқы әлеуметтендіру
институты. Ол қоғамның даму үздіксіздігін, адамзат ұрпағының
жалғасын, заман байланысын қамтамасыз етеді.Отбасындағы тәрбиенің,
баланың жақындарымен эмоционалды-жағымды толыққанды қарым-
қатынасының, баланың ерте жаста үйлесімді дамуын анықтайтындығы
белгілі. Бала қаншалықты бой жетсе де отбасының тәрбиелік қызметінің
маңыздылығы жойылмайды, оның тек міндеттері, құралдары, желісі,
ата-аналармен ынтымақтасу және келісім (кооперация) ғана өзгереді.
Қазіргі уақытта бала тәрбиелеу отбасыныңмаңызды әлеуметтік қызметі
ретінде қарастырылады.
Сексуалды-эротикалық қызмет. Дара әрі қайталанбас тұлға ретіндегі
тұрақты серіктеспен таңдамалы, тұрақты сексуалды қатынастар ғана
серіктестердің толық сексуалды үйлесіміне қол жеткізуді қамтамасыз
етеді.
Рухани қарым-қатынас қызметі –отбасы мүшелерінің рухани дамуын
көздейді; ақпаратпен алмасу; тұлға үшін аса маңызды әлеуметтік-саяси,
кәсіби, қоғамдық өмір мәселелерін талқылау; әдеби және көркем
шығармалар, музыка контексінде қарым-қатынас; отбасы мүшелерінің
тұлғалық және интеллектуалды өсуіне жағдай жасау.
Эмоциялық қолдау және қабылдау қызметі немесе психотерапиялық
қызмет қауіпсіздік сезімін, эмоциялық өзара түсіністікті және
жанашырлықты қамтамасыз етеді. Қазіргі отбасында бұл қызметтің
басқа аспектісі тұлға бойында өзін-өзі көрсету және өзін-өзі таныту
қажеттіліктерін қалыптастыруды көздейді.
Рекреативті (қалыпқа келтіруші) қызмет – отбасы мүшелерінің нервтік-
психикалық денсаулығы мен психикалық тұрақтылығын қалыпқа
келтіру жағдайларын қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік басқару, бақылау және қамқорлыққа алу (отбасының
кәмелетке толмаған жәнеәрекет ете алмайтын мүшелеріне қатысты)
[Зацепин, 1991; Эйдемиллер, Юстицкис, 1999].
Сонымен, постиндустриалды қоғамдағы отбасының екі маңызды
қызметті – экономикалық және әлеуметтік мәртебені жеткізу қызметтерін
жоғалтты(Т. Парсонс).
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz