Өнер философиясы




Презентация қосу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Өнер философиясы
Орындаған: Майлиева А
ТОП: ЖМ-017
Қабылдаған: Исаев М

Түркістан 2021 ж
Жұмыс жоспары:
• КІРІСПЕ
• Негізгі бөлім
1. Философия тарихындағы өнер түсінігі
• 2. Өнер әлеміндегі адам
• 3. Эстетика, өнертану, музыкатану, әдебиеттану және т.б. салыстырғанда өнер философиясының өзіндік
ерекшеліктері.
• Қорытынды
• 1. «Жаңа» проблемалары қазіргі заманғы өнер.
Өнер өмірде болған
оқиғаларды қаз-қалпында
алмай, өзгертіп, түрлендіріп,
көркем образдарды
типтендіру арқылы
сомдайтын эстетикалық
құбылыс. Оны қоғамдық
сананың өзге формаларынан
даралайтын белгісі де
адамның шындыққа деген
эстетикалық қатынасы болып
табылады.
Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған
ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем
шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда
алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық
қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы
арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі .
Шығарманың суреттеу тәсілі,
құрылымдық келбеті, көркем
бейне жасаудың
материялдық арқауы өнер
түрлерінің ерекшеліктерін
айқындайды. Осыған сай
өнердің:
көркем әдебиет,
музыка,
мүсін,
кескіндеме,
театр,
кино,
би,
сәулет өнері, т.б. түрлері бар.
Шеллингтің жасаған
философиялық жүйесінде өнер
ерекше орын алады. Егер И.Кант
пен И.Фихтенің философиясында
адамның моральдық жетілуі
тарихтағы негізгі нәрсе ретінде
көрсетілсе, Шеллинг оны өнерден,
эстетикалық санадан көреді.
Соңынан орыстың ұлы жазушы-
ойшылы Ф.Достоевский осы ойға
сай «Әсемдік әлемді құтқарады»
деген нақыл сөзді айтқан болатын.
Өнер саласының құндылығын Шеллинг генийлердің (genius -
лат. сөзі, аса дарынды деген мағына береді) іс-әрекетімен
тығыз байланыстырады. Өйткені олар - Абсолюттің құралы,
бірақ оны олар сезінбейді. Генийдің өмірі - ерікті де, зардап
пен шаттыққа, шығармашылық іс-әрекетке толы. Ол өнер
саласында белгілі бір мақсат қойып, оны ертелі-кеш
орындайды, дүниеге аскан әсем туынды келеді. Ал бірақ оған
ол қандай жолмен, қандай заңдылықтардың нәтижесінде
жетті - оны ол көбіне түсіне бермейді. Өйткені өнер
кайраткерінің туындысын Дүниеге әкелетін ең терең себеп -
ол Абсолюттің өзі.
Шеллингтің ойынша, ең биік
өнер - ол поэзия. Ол арқылы
Абсолют өзін-өзі ең терең
түрде сезіне алады.
Соңынан, XX ғасырда өмір
сүрген ұлы неміс философы
М.Хайдеггер бұл пікірді
толығынан қолдап, поэзияда
философиялық ой-өрістің
шеңберінде ашылмаған
болмыстың сырлары
ашылады деген болатын.
Қалай айтқанда да, ұлы философтың идеялары философия тарихында әрі қарай өз
өмірін сүріп кете барды. Ол өзінен кейінгі көп ұлы философтардың ой-өрісінің
қалыптасуына зор әсерін тигізді. Біз оны болашақтағы тақырыптардан көретін
боламыз. Шеллингтің философия тарихында өз орны бар және ол адамзат есінде
мәңгі қалады да деген ойдамыз.
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының өнер философиясы
АВГУСТИННІҢ ӨНЕР ФИЛОСОФИЯСЫ
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖАЙЛЫ
Аристотельдің өнер философиясы
Техника философиясы
Логика ғылымы
ПӘН ФИЛОСОФИЯ
Ғылымның мақсаты
Мейіргер ісінің эволюциясы, теориясы және философиясы
ФИЛОСОФИЯ ИРРАЦИОНАЛИЗМ
Пәндер