Иіс кірпікшелері




Презентация қосу
«Қалыпты және патологиялық физиология» кафедрасы

ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Дәм сезу рецепциясының механизмі. Иіс сезу, дәм
сезу, көру талдағыштарының өзара әрекеттесуі.
Орындаған: Дүйсембек М
Тобы: В-ЖМҚА-04-20
Қабылдаған: Сатыбалдиева Н.М.

Шымкент , 2021 ж
Жоспар

■ I.Кіріспе
■ II.Негізгі бөлім
– Дәм талдағышы
– Дәм талдағышының аурулары
– Дәм талдағышынң адаптациясы
– Иіс талдағышы
– Иіс талдағышының аурулары
– Иіс талдағышынң адаптациясы
■ III.Қортынды
■ IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

■ Талдағыш (сенсорлық жүйе) - ақпараттарды қабылдап, кодтап, өткізіп және ми
қыртысында талдап құрастыратын күрделі морфофункциялық жүйе Иіс сезу және
дәм сезу рецепторлары шетте орналасқан (экстерорецепторлар) хеморецепторлар
болып табылады.
■ Сыртқы ортамен байланысу түрінен:
– 1. Дистанттық: иіс сезу;
– 2. Контакттық: дәм сезу
Дәм талдағышы

■ Дәм сезу жүйесі қамтамасыз етеді
– Ауыз қуысына түскен
тағамның сипатын,мөлшерін
және түрін анықтау
– Организмнің тіршілігін,зат
алмасуын
– Сыртқы ортаға бейімделуін
Дәм қабылдағыштары

■ Дәм қабылдағыштары Дәм қабылдағыштары-дәм сезу баданасы тілдің түпкі
жағына,жұмсақ таңдайда,тілше мен жұтқыншақтың шырышты қабықшасында
орналасқан.Әсіресе тілдің ұшында,екі бүйірінде және түпкі жағында көп кездеседі
■ Адамда дәм сезу баданасы=10 мың
■ Қабылдағыш пен тірек жасушалары=8-12
■ Ұзындығы мен ені= 70 мкм
■ Дәм сезу баданасының пішіні =сауытша тәрізді,төбесінде тесігі болады
■ Дәм қабылдағыштары дәмді түйсіну үшін жеке
хеморецепторлар болады деген пікір бар.
■ Ащы-тілдің түбінде
■ Тәтті- тілдің ұшында
■ Қышқыл және тұзды дәмді-тілдің бүйірлерінде Алайда
кейінгі кездегі зерттеулер бойынша, тілдің түбінде
орналасқан қабылдағыштардың ащы тітіркендіргішке
сезімталдығы,оның ұшындағыларға қарағанда,тек 6
есе,ал бүйіріндегілермен салыстырғанда 4 есе жоғары
екендігі көрсетіледі
■ Дәм баданасынан 2-4 сезгіштік жүйке талшықтары
шығып, тіл,жұтқыншақ және кезеген жүйкенің
құрамында сопақша мидың жалпы будасына келеді
Бұлардан шыққан екінші нейрондар ішкі ілмектің
құрамында таламусқа жетеді Одан ми қыртысының дәм
сезетін аймағына келетін,үшінші нейрон басталады
■ Дәм баданалары тілдің емізікшелерінде орналасқан.
■ Бұларды емізікшелер арасындағы бездердің сөлі шайып отырады
Қабылдағыштардың ұзындығы=10-20 мкм
■ Қабылдағыштардың ені=3-4 мкм Ұшқары жеріндегі өте сезімтал
шағын түктердің саны=30-40 Демеуші заттар дәм сезуші
жасушаларға бадананың тесіктері арқылы өтеді
■ Қабылдағыштың әртүрлі заттарды іріктеп сіңіретін стереоарнамалы
шектері болады деп жорамалдайды Әрбір қабылдағыштардан
сезгіштік жүйке талшықтары басталады Қабылдағыштар
организмнің ең аз өмір сүретін жасушаларына жатады Олар әрбір
250 сағаттан кейін дәм сезу баданасының шетінен ортасына
жылжып келетін жаңа жасушамен алмасады Көшкен кезде сүйке
ұштары қабылдағышқа айналады
Дәм сезу талдағышы ми қыртысының артқы орталық
қатпарының төменгі жағында - дәм сезу орталығына
барады (Сильвий сайы).
Дәм сезімталдығының аурулары

■ Жас ұлғайған сайын дәм ажырату сезімталдығы кемиді. Дәрі
қабылдау,темекі шегу дәм сезімталдығын төмендетеді
■ Агевзия= дәм сезімталдығының жойылуы
■ Гипогевзия= дәм сезімталдығының кемуі
■ Парагевзия= дәм сезімталдығының қалыптан тысқа әуес
болушылығы
Дәм талдағыштарының адаптациясы

■ Тітіркендіргіш ұзақ әсер еткенде дәм талдағышы оған бейімделіп алады,яғни оның
сезімталдығы төмендейді Талдағыштар бәрінен де тәтті және тұзды
тітіркендіргіштерге тез бейімделеді Ал қышқыл,әсіресе тітіркендіргіштерге
бейімделісі өте баяу өтеді Бірнеше тітіркендіргіштер қатар немесе бірінен соң бірі
әсер еткенде қарама-қарсы дәм түйсігі туады не олар аралас сезіледі Бұл айқас
“бейімделу” деп аталады Тұздыға бейімделу тәттіге,ал тәттіге бейімделу қышқыл
мен ащыға сезімталдықты арттырады.Сондықтан тұзды тамақтан кейін тұщы су
тәттілеу болып,ал тәтті тамақтан кейін алма,жүзім едәуір қышқыл болып көрінеді
Бірнеше дәмді заттарды араластырғанда, қоспа құрамына кіретін заттардың
дәмінен басқа жаңа түйсік пайда болады.
Иіс талдағышы

■ • Иіс сезім жүйесінің қабылдағыштары жоғарғы мұрын кеңсірігінде орналасқан.
• Ауданы=5-8см2
• Иіс беткей тіннің қалыңдығы=100-150мкм
• Иіс қабылдағыштарының диаметрі=5-6мкм
• Адамдарда иіс сезгіштердің саны=10-20млн
• Әрбір қабылдағыш ұзындығы=10мкм
• Иіс буылтығының жіңішке кірпікшелері=6-12
Иіс сезу талдағышы,оның бөлімдері

■ 1. Шеткі бөлімі - иіс сезім жүйесінің рецепторлары мұрынның жоғарғы
кеуілдерінде орналасады – иіс эпителийі.
■ Иіс рецепторлары – биполярлық жасушалар:
Жоғарғы жағынан иіс буылтығымен кірпікшелері шығып тұрады;
Иіс кірпікшелері арнайы бездер түзетін суықтыққа малынып тұрады;
Рецептор жасушалары негізінен миелинсіз аксондар шығады. Рецепторлық аксон
талшықтары иіс жүйкесін құрады.
2. Өткізгіш бөлімі

■ Иіс жүйке талшықтары торлы сүйекті тесіп өтіп алдыңғы мидың иіс пиязшасына
жетеді (2 нейрон) иіс трактысымен (traktus olfactorius) өтіп иіс сезу орталығына
жетеді. Иіс сезу жолы бірнеше будадан тұрады және алдыңғы мидың әртүрлі
бөлімдеріне бағытталады: препириформды қыртысқа, алдыңғы иіс сезу ядросына,
периамигдалярлық қыртысқа, миндальды кешеннің кейбір ядроларына, лимбия
жүйесіне, гипоталамустың вегетативті ядроларына, ретикулярлы құрылымға.
■ Иіс сезу талдағышының орталық бөлімі – самай бөлімінің ішкі беті – гиппокамп.
■ Хош иісті заттар бөлшектері кеңсіріктің кілегейлі қабықшасында орналасқан
маманданғын белоктармен әрекеттеседі.Соның салдарынан қабылдағыштық
потенциал туады,оны алмастыратын қозу серпіністері иіс жүйке талшықтары
арқылы иіс буылтығына өтеді.Бұл иіс талағышының бастапқы орталығы болып
саналады.
Иіс кірпікшелері

■ Иіс кірпікшелері арнайы бездер түзетін сұйықтыққа малынып тұрады
■ Бұл кірпікшелер иіс сезім мүшесінің қабылдау ауданын 50-60 есе өсіреді
■ Олар аңқыған иісті заттардың ауаға таралған бөлшектерін сезгіш келеді
■ Иіс кірпікшелері үнемі қозғалыста болып, аңқыған иісті заттардың
молекулаларымен белсенді түрде жанасады
Электроольфактограмма

■ Иіс қабылдағыштарының бетінен тіркелетін электр көрсеткішін
электроольфактограмма деп атайды Ол иісті зат аз уақыт әсер еткен жағдайда да
пайда болып,бірнеше секундқа созылатын,шайқалу тербелісі 10 мв монофазалық
(көбінесе) теріс толқыннан тұрады Кейде баяу толқындардың үстіне көптеген
талдағыштардан шығатын лайықты (синхронды)серпініс шоқтары қабаттасады
Жеке қабылдағыштардың серпініс жиілігі тітіркендіргіштің сапасына және
қарқынына сәйкес өзгереді
■ Иіс жүйесі жеке зат қабылдауға арналған әралуан түрлі қабылдағыштардан тұрады
Олардың мембранасы бетінде белгілі пішінді ойыс жерлері болады Егер олардың
пішіні иісті зат молекуласының белгілі пішініне (кілт пен құлып сияқты) сәйкес
келсе ғана иіс түйсігі туады Оcыған сәйкес иістің бастапқы бірнеше(камфора,
жұпар, гүл, жалбыз, эфир, сасық иіс) түрін жіктейді.Олардың нақтылы
қабылдағыштармен әрекеттесуі потенциал тудырады Расында,көптеген
зерттеулерде иіс буылтығында пайда болатын электрлік жауаптың көрсеткіштері
оған әсер етуші иісті заттардың қасиеттеріне тәуелді екендігі көрсетілді Бірнеше
иістердің әсерінен оның қозған және тежелген жерлерінің кеңістіктік өрнегі
өзгереді
Иіс сезімталдығының аурулары
■ Гипосмия- иіс сезудегі сезімталдықтың төмендеуі
■ Аносмия- иіс сезудегі сезімталдықтың жойылуы
■ Паросмия -иісті теріс түйсіну
■ Иллюзия- белгілі бір иіс тітіркендіргіштері болмаған жағдайдағы жалған түйсік
■ Галюцинация- елестеушіліктің пайда болуы
■ Иіс буылтығынан шығатын талшықтар бірнеше будадан тұрады Олар алдыңғы
мидың әртүрлі бөлігіне бағытталады Бұл жолдардың ми қыртысындағы
жобаланыстары ұласа байланысқан орталықтар қатарына жатады.Өйткені олар иіс
жүйесінің басқа сезім жүйелермен байланысын қамтамасыз етіп,осы негізде
бірнеше күрделітағамдық,қорғаныс,жыныстық т.с.с.қызмет атқарады
Иіс талдағыштарының адаптациясы

■ Иіс ұзақ әсер еткенде оған қабылдағыштардың бейімделетіндігін бақылауға
болады.Талдағыштар көптеген исті заттарға толық бейімделеді,яғни оларға иіс
түйсігі жойылады. Бірқатар заттарға талдағыштар баяу және ішінара ғана
бейімделеді.Кейбір жағдайларда бұл тек бір затқа емес,бірнеше ұқсас әртекті
иістерге де байқалады(гетерогендік бейімделіс) Ол иісті заттардың мөлшеріне
және иіс сезу жолдарынан өтетін ауа толынының жылдамдығына тәуелді келеді
Иіс талдағыштарының адаптациясы
Қортынды

■ Организмнің өзін қоршаған ортамен қарым-қатынаста ғана тіршілік ете
алады.И.М Сеченовтың айтуы бойынша “организмнің қоршаған ортасыз тіршілігі
болмайды”.Қазіргі кезде бұл пікірлер толық ашылып және жаңа жетістіктермен
дәлелденіп жатыр. Сыртқы дүниені тану бұл әрдайым сезуден басталады. Ол
заттардың жеке қасиеттері мен сапаларын анықтап табуға мүмкіндік туғызады.
Талдағыштардың әлемді танып білуде маңызы зор.Талдағыш дегеніміз – мидың
сезіну ағзасы. Өйткені әрбір психикалық іс әрекет санада сезім арқылы қабылдау
негізінде туады. Иіс талдағышының сезімталдығы өте зор. Адам бірнеше мың әр
түрлі заттардың иісін ажырата алады.Иіс талдағышының ерекшелігі оның сезгіш
алмаспайды,яғни мидың қарсы сыңарына ауыспайды.
талшықтары
Қолданылған әдебиеттер тізімі

■ Бабский Е.Б., Бабская Н.Е. Адам физиологиясы: Оқулық 1-2-3 том.-Эверо, 2015.
■ Қалыпты физиология: оқулық / РФ БҒМ ; ред. басқ. К. В. Судаков; қаз. тіліне ауд.
және жауапты ред. Ф. А. Миндубаева. - ; И. М. Сеченов атындағы Бі
■ Сәтбаева, Х. Қ. Адам физиологиясы: оқулық / Х. Қ. Сәтбаева, А. А. Өтепбергенов,
■ Ж. Б. Нілдібаева. - 2-ші бас. түзетілген және толықтырылған. - Алматы : Эверо
■ «Адам физиологиясы» Сәтбаева Х. Қ., Өтепбергенова А., Нілдібаева Ж. Б. 2005
ж.;

Ұқсас жұмыстар
Иіс сезім жүйесінің қабылдағыштары
Иіс буылтығының жіңішке кірпікшелері
Иіс сезу талдағыштары
Иіс талдағышы
Аңдардың тыныс алу жүйесі
Иіс және дәм сезу Мүшелері
Адамның психикалық қызметтерінің ерекшеліктері (зейін,түйсік,ой,сана,сөз) туралы ақпарат
­ауруханаішілік инфекциялардың маңызды қоздырғышы
Кеңірдек бифуркциясы
Кірпікшелілер типі
Пәндер