Реакцияның қолданылуы


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті Коммерциялық Емес Акционерлік Қоғамы

Агглютинация, преципитация және комплимент байланыстыру реакциясы

Орындаған: Амангелді Р. Е Тобы: ВС-801 Тексерген:Сабырова А. К

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Агглютинация реакциясы

Реакцияның қолданылуы

Сипаттамасы

Жұмыс барысы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Микробтардың бір-бірімен желімденіп, бір жерге жиылуын ең бірінші рет 1896 ж. Грубер мен Дурхэм байқаған.

АР екі компонент қатысады: жұқтырылған организмнің қан сарысуындағы антиденелер-агглютининдер және осы инфекцияның қоздырғышының қоректік ортадан алынған тірі немесе өлтірілген шайындысы. Агглютининдер деп белгілі бір микробтарды, эритроциттерді, лейкоциттерді, тромбоциттерді, сонымен қатар, антигендер тиелген химиялық корпускулярлы өлшектерді желімдеуге қабілеті бар антиденелерді атайды.

Агглютинация реакциясы

Микробтардың шайындысына оларға үйлесімді антиденелері бар иммунды сарысуды қосқан кезде микробтар бір-бірімен желімденіп, үлпек немесе түйір түріндетұнбаға түседі. Бұл құбылыс агглютинация деп аталады.

Бактерия жасушаларының күрделі антигендерімен иммунделінген малдың қан сарысуындағы тек осы микробқа ғана үйлесімділік өрсететін агглютининдерді анықтау үшін агглютининдерді тәсілі ұсынылған.

Агглютининдері адсорбциялау тәсілі микробтардың антигендік құрылысын зерттеуде, агглютинирлеуші немесе емдік қан сарысуын және вакциналар мен диагностикумдарды дайындауда қолданылып жүр. Бұл тәсілмен алынған қан сарысуын монорецепторлы агглютинирлеуші қан сарысуы деп атайды.

Slide 4

Агглютинация (лат. agglutinatio - жабысу) - арнайы антиденелердің (агглютининдер) әсерімен корпускулдық антигендердің (бактериялар, қан клеткалары, басқа клеткалар) бір-біріне жабысуы және тұнба (агглютинат) жасауы. Қанның қызыл және ақ түйіршіктері бір-бірімен кейбір жұқпалы ауру қоздырғыштарыныц (мысалы грипп, парагрипп вирустары) әсерінен де жабысады. Бұл тәнді реакция, сондықтан бактерия және вирустар туғызатын ауруларды анықтау үшін кеңінен қолданылады.

Slide 5

Агглютинация, немесе микробтардың жабысуы, ағзада агглютининдердің барымен белгіленеді. Осы серологиялық реакция жануарларда және адамдарда бруцеллез ауруын анықтағанда (Райт, Хеддельсон реакциялары), сүзек, сальмонеллез ауруларын (Видаль реакциясы) анықтағанда, ағзадан бөлініп шығарылған қоздырғышты анықтағанда өткізіледі

Slide 6

Осы реакциямен екі жағдайда қолданады: 1) зертханада белгілі антигеннің көмегімен ауру ағзадан алынған сары суды зерттегенде; 2) зертханада болған белгілі сары судың көмегімен ауру ағзадан бөлініп шығарылған белгісіз микробты зерттегенде.

Slide 7

Реакцияны өткізу үшін қажетті заттар:зерттелетін сары су, бактериялардың өлтірілген дақылы (антиген) сары суға қосу үшін және бактериалдық ерітіндіні дайындау үшін физиологиялық ерітінді.

Slide 8

Сары суды адамдардың және жануарлардың ағзаларынан алады. Сол үшін олардан 8-10 мл қан алады. Реакция өткізу үшін сары судың көлемін физиологиялық ерітіндімен арттырады. Сары суларды биофабрикаларда дайындап зертханаларға жібереді. Антигендерді де биофабрикаларда дайындайды.

Slide 9

Агглютинация реакциясы тұңба немесе жапалақтар жаратылумен белгіленеді. Және осы реакциямен эритроциттердің аллоантигендеріне қарсы моноклоналды антиденелермен қолданып қанның топтарын анықтағанда қолданады.

Slide 10

Агглютинация реакциясының әр түрлі нұсқаларымен қолданады: жәйілім, беттеу және т. б. Ауруларда антиденелер анықтау үшін жәйілім агглютинация реакциясын қояды: аурудың қанының езілген сары суына өлтірілген микробтардың суйықтығын (диагностикум) қосады. +37 градуста бір неше сағат ұстап жаратылған тұнбаны байқайды.

Slide 11

Агглютинацияның сипаттамасы және жылдамдығы антигеннің және антидененің түрімен байланысты. Мысалы О- және Н-антигендердің ерекше антиденелермен қарым қатынасу ерекшеліктері: О-диагностикуммен (жылытумен өлтірілген бактериялар) агглютинация жапалақтары ұсақ болады, Н-диагностикуммен (формалинмен өлтірілген бактериялар) агглютинация жапалақтары ірі болып реакция тез өтеді.

Slide 12

Жұмыс барысы Бөліп алған қоздырғышты анықтау үшін беттеу агглютинация реакциясын қояды. Осы реакцияда диагностикалы антиденелермен қолданады, басқаша айтқанда қоздырғыштың серотипін анықтайды. Беттеу реакциясын шыны үстінде өткізеді. Диагностикалы иммунды сары судың 1:10 немесе 1:20 көлемі артырылған бір тамшысына ауру адамнан бөлініп алынған қоздырғыштың таза дақылын қосады. Жапалақты тұнба пайда болса, келесі реакцияны диагностикалы сары судың көлемін тағын да арттырып, әр бір мөлшерге қоздырғыш бар дақылдың 2-3 тамшысын қосып сынауықтарда өткізеді. Жапалақты тұнба түскен реакцияның мөлшеріне қарап реакцияны бағалайды.

Slide 13 Slide 14 Slide 15 Slide 16

Преципитация реакциясы

Преципитация реакциясы - ерекшелік антиденемен молекулярлы антигеннің кешені қалыптасып тұнбаға түсу реакциясы.

Антиген-антидене кешенінің тұнбасы преципитат деп аталады. Ерітіндідегі антигенді иммундық сары судың үстіне араластырмай жіберу реакциясын сынауықтарда өткізеді. Антиген және антидене қарым-қатынасуымен осы екі ерітінділердің шек араларында преципитат жүзігі жаратылады (жүзік преципитация реакциясы) .

Антиген ретінде осы реакцияда мүшелердің немесе ұлпалардың сулы экстракттарын қайнатып және сүзіп қолданғанда осы реакцияны термопреципитация реакциясы (Асколи реакциясы) деп атайды.

Преципитация реакциясынагардың жартылай сұйық гелінде немесе агарозада өткізетін түрлерін Оухтерлони иммунодиффузиясы, радиалды диффузия, иммуноэлектрофарез деп атайды.

Slide 17 Slide 18 Slide 19 Slide 20

Пайдаланған әдебиеттер

Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. - Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X

Ветеринариялық микробиология -Булашев А, Таубаев О, Мырзабеков К.

Ветеринариялық вирусология- Ш. Б Мырзабекова


Ұқсас жұмыстар
Адиабаттық процесс
Агглютинация реакциясын қою әдістері
Химиялық реакцияның жіктелуі
Жүйе күйі
Аглютинация реакциясы
Комплемент байланыстыру реакциясы
Агглютинация реакциясы
ДНК НЫҢ ФОТОХИМИЯЛЫҚ ТҮРЛЕНУЛЕРІ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ДНҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Құрылғы құрлысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz