Сүт сауылатын ыдысқа жəне мүліктерге қойылатын талаптар, жуу жəне дезинфекциялау


Slide 1

Орындаған:Амангелді Р

Топ:ВС 801

Тексерген:Серикова А. Т

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

Коммерциялық емес Акционерлік Қоғамы

СӨЖ

Сүт сауылатын ыдысқа жəне мүліктерге қойылатын талаптар, жуу жəне дезинфекциялау

Slide 2

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

Сүт

Сүт сауылатын ыдысқа жəне мүліктерге қойылатын талаптар, жуу жəне дезинфекциялау

Сүтті тасымалдау кезіндегі санитарлық - гигиеналық талаптар

Сүт сауатын ыдыстар

Сүтхананы тазалау

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

КІРІСПЕ

Сүт - тағамдық, иммунологиялық және бактерицидтік қасиеттері жоғары аса бағалы тағам өнімі. Сүт құрамында маңызды белоктар, амин қышқылдары, макро және микроэлементтер, дәрумендер, ферменттер, көмірсулар, май және гормондар бар. Сүт организмге түсетін қоректік заттардың биологиялық құндылығын арттырып қана қоймайды, сонымен бірге май, белок, углевод, минералды тұздар және тағы басқаларымен бірлесе, үндесе отырып, қоректік заттардың организмге сіңімділігін жақсартады. Сондықтан да, организмге оның құрамдық бөлігінің 95-98 % сіңеді. Сүтте басқа да өнімдермен салыстырғанда алмаспайтын амин қышқылдары артығырақ болады.

Slide 4

Сүт - майда еритін және суда еритін дәрумендердің көзі. Сүтте ағзаның індетті ауруларға төзімділігін жоғарылататын биологиялық белсенді заттар - гормондар, простогландиндер, бактериостатикалық және бактерицидті заттар (лизоцим, иммуноглобулиндер, лактениндер, лактоферрин және т. б. ) болады. Сүт өнімдерінің, оның ішінде, май, ірімшік, сүт қышқылды өнімдерінің (айран, қатық, қаймақ, қымыз, ацидофильді сүт және т. б. ) және т. б. тағамдық құндылығы жоғары, әрі олардың диеталық, дәрілі қасиеттері бар (асқорыту жүйесі ауруларында, созылмалы бронхитте туберкулезде, қан аздықта, бауыр ауруларында, бүйрек, жүрек- қантамырлар жүйесінде) . Сүт өнімдері күрделі химиялық құрамы мен ағзаға сіңімділігіне байланысты жоғары тағамдық құндылыққа ие.

Slide 5

Сүттің қажетті санитариялық күйін сақтау үшін үнемі сүт шаруашылығындағы тазалық пен қажетті құрал - жабдықпен қамтамасыз етілуін үнемі бақылауда ұстау қажет. Айына бір рет санитариялық күн белгіленеді. Бұл күні ғимараттардың барлық қабырғаларын, азық салғыштарын, суағарларын басқа да құрал жабдықтарды жақсылап тазартады. Механикалық тазартудан кейін дезинфекциялайды. Азық салынатын науаларды, қабырғаларды жаңа қорытылған әкпен ағартады. Ветеринария мамандары барлық сауылатын сиырларды, әсіресе олардың желінін және алаңның тазалығын тексереді. Шаруашылықтың барлық алаңында дезинфекциялық және не дератизация-лық шаралар жүргізіледі.

Slide 6

Сүт сауылатын бөлмелерде жүйелі түрде қабырғаларды жаңа қорытылған әкпен ағартып, еденді күнделікті жуып отырады. Айына екі рет дезинфекция жасалынады. Ол үшін гипохлор мен гипохлорлы кальцийді 3%-ды белсенді хлор пайдаланылады. Сиырлардың үстінің ластану дәрежесіне қарай сауыншылар жүйелі түрде сиырлардың үстін жуып тұрулары қажет. Сиырларды шаруашылықтағы белгіленген күн тәртібіне қарай бір мезгілде сауады. Сауыншылар мен сүт машинасымен сауатын операторлар сиырдың желінін тазалап жуу алдында қолдарын жылы сумен сабындап жуып, таза орамалмен сүртіп, бастарына орамал тағып, ақ халат немесе арнайы киім киюлері керек. Сауын алдында белгіленген шелектердегі сумен сиыр желінін жуады. Әр сиырдан кейін шелектегі суды ауыстырып отырады. Арнайы орамалмен (0, 03% белсенді хлор қосылған ерітіндіде дезинфекцияланған) желінді құрғатады. желінді құрғатудың алдында жылы суда шайқап, сығады.

Сүт сауылатын ыдысқа жəне мүліктерге қойылатын талаптар, жуу жəне дезинфекциялау

Slide 7

Сауылып алынған сүтті материалдан жасалған сүзгіштен өткізеді. Сүзгішті 1 флягтағы сүт біткенше қолданады. Келесі флягта жаңасын қолданады. Егер шаруашылықта қажетті материал болмаса, онда сүтті 4-6 қабатты жұмсақ торлы матадан (марля) немесе 2 қабатты басқа матаны пайдаланады. Сүтті сүзіп болғасын дәке мен синтетикалық сүзгішті 0, 5%-ды жылы дезмол ерітіндісінде немесе жуу ұнтағымен жуады, содан кейін ағын суда шайқап, ыстық үтікпен үтіктейді немесе 12, 15 минут қайнатады және кептіреді. Лавсан матадан дайындалған сүзгіні жуып болғаннан соң 20 минут жаңадан дайындалған 1%-ды гипохлорид натрий немесе ашық хлорлы әк ерітіндісіне (0, 25 - 0, 5% белсенді хлорлы) салады. Содан кейін сумен шайқап, кептіреді.

Slide 8 Slide 9

Жануарларды ұстау, азықтандыру және сауу, жануарлардың жай-күйін бақылау шарттары, шикі сүтті өндірудің технологиялық процестері, шикі сүтті жинауды, суытуды, сақтауды және тасымалдауды қоса алғанда, ветеринарлық-санитарлық және санитарлық- эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың белгіленген талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сүт-шикізат сауылғаннан кейін 2 сағат ішінде кешіктірілмей шаруашылық жүргізуші субъектілерінде сүзілуі (тазалануы) және (4 + 2) оС темпертурасына дейін суытуға қамтылуы тиіс.

Сүт-шикізатын өндірушіде (дайындаушыда) қайта өңдеу жеріне тасымалдауға арналған уақытты ескере отырып, 24 сағаттан аспайтын (4 + 2) оС температурада сақтауға жол беріледі.

Сүт-шикізатын қайта өңдеу орнына тасымалдау уақытында және тіпті оны қайта өңдеу басталғанға дейін оның температурасы 8 оС-дан аспауға тиіс.

Slide 10

Сүтті тасымалдау кезіндегі санитарлық-гигиеналық талаптар

Сүт заводтарына сүтті автокөлікпен, теміржолмен, су жолымен және жер асты құбырларымен тасымалдайды. Орталыққа сүтті шағын шаруашылықтар флягқа құйып, автокөлікпен тасымалдайды. Автокөлікпен тасымалдау тиімді, себебі сүттің сапасы мен гигиеналық жағдайы сақталады. Жаз мерзімінде 100 км қашықтықтан тасымалдағанда сүт температурасы 1- 2°C 20С-ге ғана көтеріледі. Теміржолмен сүтті 3 қақпақ ауызы бар 29, 3 тонналық цистерналармен тасымалдайды. Су жолымен тасымалдағанда қайыққа қа тоңазытқыш орнатылған ыдыстармен тасымалдайды. Кей шаруашылықтар сүт тасымалдау үшін жер асты құбырларын пайдаланады. Ол көлік жүрмейтін таулы жердегі шаруашылықтар үшін тиімді. Сүт құбырлары полиэтиленмен қапталады және топырақтың қату бөлігінен төмен орналасады. Сүт құбырларының санитариялық жағдайын әр сүтті жіберген сайын тексеріп отырады.

Slide 11 Slide 12

Сүзгіш заттар, ыдыстар уақытында жуылып, зарарсыздандырудан өтіп тұрмаса микробтар өсіп - өнетін ортасына айналады. Мақтадан жасалған сүзгішті бір-ақ рет пайдаланады. Ал дәкеден және синтетикалық мата - лавсанды таза суда жуып, онан соң жуғыш және зарарсыздандырғыш ерітінділерден өткізеді. Бұл сүзгіш заттар ешбір зиянсыз, суыққа төзімді, стерилденуі оңай. Сүт ыдыстарында жуылған су қалдықтары қалмауы тиіс, өйткені ол арада сүт майын ыдырататын споралы және спорасыз бактериялар, ол микрококкилер, флуоресцентті бактериялар дамуы мүмкін. Сауылатын сиырларға берілетін мал азықтары да сапалы болуға тиісті. Олай болмаған жағдайда, сүттегі микроорганиздердің санын арттыратын асқорыту жүйесінің бұзылуы туындауы мүмкін. Сүт шаруашылығының қызметкерлері ветеринариялық - санитариялық талаптарды орындамаған жағдайда сүттегі микроорганизмдердің тал көбеюіне және індетті аурулардың, токсикоинфекцияның, токсикоздардың туындауына себеп болады, сондықтан да, қызметкерлердің денесі, қолы, киімі әрқашан таза болуға тиісті.

сүт сауатын ыдыстар

Slide 13 Slide 14

Жоғары сапалы сүт алу үшін барлық сүт құрал - жабдықтары (сауу құралдары, салқындатқыштар, сүт сақтауға арналған ыдыстар, сорғыштар, сүт құбырлары), шағын сүт құюға арналған ыдыстар (шелек, сүт өлшегіштер, сүзгіштер) жұмыс аяқталғаннан кейін санитариялық өңдеуге жатқызылуы тиіс. Өңдеуде алдымен сүт қалдықтарын жылы сумен шаяды, белокты - май қабатын ыстық (60±50С) жуғыш ерітіндімен жуады, патогенді микроағзалар мен бактерияларға қарсы дезинфекциялайды, сүт тастарын кетіру үшін қышқылды өңдеу жүргізеді, ең соңында жуғыш және дезинфекциялық заттарды кетіру үшін құбыр сумен шаяды. Су сүт құрал-жабдықтарын шаю үшін қажет, ал жуғыш және дезинфекциялық ерітінділердің дайындалуы ауыз суға қойылатын МЕМСТ талаптарына сай келуі керек.

Slide 15

Сүтхананы тазалау

Сүтхананың сүт өңдейтін және сақтайтын бөлмелерін, ыдыс жуатын бөлмелердің төбесін, қабырғасын сылап, ішін әкпен әктейді және еденнен бастап 2 м биіктiккe дейін сырлайды. Едені су өтпейтін бетоннан немесе тақтайшадан (плитка) төселеді, оның лас су ағатын шұңқыры болады. Таза судың бөлме ішінде болғаны жақсы. Сүтхананың жабдықтары: сүт салқындатқышы, егер каймақ өткізетін болса - сепараторы, сүттi бірден сату дүкеніне өткізетін немесе сауын сиырларының арасында жұқпалы аурулар болған жағдайда - пастеризаторы, таразысы немесе сүт өлшеуіші болуы керек.

Slide 16

Сүттің майлылығын, тазалығын, тығыздығын, қышқылдығын және желінсау сиырдың сүтінің бар-жоғын анықтау үшін кepeктi жабдықтар болуы керек:

- зертханалық үстел;

- ыдыстар мен реактивтер қоятын шкаф;

- ішінде 24 ойығы бар сүт центрифугасы;

- сүттің тазалығын анықтайтын Рекорд аппараты және оның сүзгіштері;

- редуктазник;

- сүттің орташа үлгісін алатын металл түтік;

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
ЫДЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАР
Малды өңдейтін кәсіпорындар мен оларға қойылатын ветеринарлықсанитарлық талаптар
Етті қайта өңдеуші кәсіпорындағы ветеринариялық менеджмент
МЕСТ стандарт бойынша сүтке қойылатын талаптар
Етті қайта өңдеуші кәсіпотындағы ветеринариялық менеджмент
Сиырдың шикі сүтіне және кілегейдің органолептикалық қасиеттеріне әсер ететін зоотехникалық және ветеринарлық факторлар
Санитарлы микробиологиялық зертеу жүргізудің принциптері
Темір жол, автокөлік, әуе көліктерін және құрал жабдықтарды, тараларды ветеринариялық-санитариялық өндеу
Кулинарлық соустар рецептурасы
Дезинфекция түрлері, әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz