Мал қораларын дезинфекциялау



Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті Коммерциялық Емес Акционерлік Қоғамы
Ферма және комплекстегі, фабрикалардағы ветеринариялық обьектілерге койылатын санитарлық гигиеналық талаптар
Орындаған: Амангелді Р
Тобы: ВС-801
Тексерген: Сулейменов Ш. К
Семей 2021-2022 жыл
СӨЖ

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Мал фермалары мен комплекстері
Санитариялық гигиеналық талаптар
Ветеринариялық обьектілер түрлері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Ветеринарлық нысандар бірнеше шағын және орта фермаларға қызмет көрсете алады және жалпы экономикалық мәнге ие (мысалы, шаруашылықтың орталық ғимаратында) немесе ірі фермаға қызмет көрсетіп, оның аумағында орналасуы мүмкін. Олар суық және ыстық сумен, электр энергиясымен, байланыспен қамтамасыз етілуі, кәрізбен жабдықталуы, кірме жолдары және мал дәрігерлерінің штаты болуы тиіс.
Жалпы шаруашылық маңызы бар ветеринариялық объектілер қоршалады және жақын маңдағы тұрғын ауданнан санитариялық-қорғаныш аймағымен бөлінеді. Ветеринарлық клиникалар, карантиндер, оқшаулағыштар, емдеу-санитарлық және сою-санитарлық пункттер үшін бұл аймақ кемінде 200 м болуы керек.
Тікелей фермалар мен кешендерде ветеринарлық Нысандар малды ұстау технологиясына сәйкес келуі және ветеринарлық мамандардың жұмысын жеңілдетуі керек.

Қазіргі уақытта көптеген құрылыс фермалары әртүрлі материалдардан және алуан түрлі технология бойынша мал шаруашылығы фермаларын тұрғызудың толық циклының қызметін, малды байлап немесе байламай ұстайтын фермалар салуды, сондай-ақ мал шаруашылығы кешендерін салу үшін арналған қазіргі заманғы мамандандырылған жабдықтарды және олардың басқа да қажетті материалдарын жеткізуді шамалайды.

Мал фермалары мен комплекстеріне арналаған машиналар мен жабдықтар. Өнеркәсіптік типтегі мал фермалары мен комплекстерін машиналармен және жабдықтармен жарақтандыру арнайы жасалатын машиналар жүйесіне сәйкес белгілі бір кезеңде жүзеге асырылады. Машиналар жүйесіне қойылатын негізгі талаптың бірі - қол еңбегі шығынын барынша кеміту және фермаларды жұмыс жағдайын жақсарту. Машиналардың қазіргіге қарағанда жаңа жүйесі толық жүзеге асырылғанда мал өнімін өндірудің технолгиялық еңбекті қажетсінуді 25-тен 35 % -ке дейін, жұмсалатын қаражатты 20-25 % -ке дейін кемітуге мүмкіндік береді.


Мал фермалары мен комплекстері
Мал фермалары мен комплекстері - суды өте көп тұтынатын орындар. Мал ішетін су жоғары сапалы, жеткілікті мөлшерде, әр тәуліктің кез келген уақытында болуы тиіс. Сонымен қоса, суды технологиялық, гигиеналық, шаруашылық және өртке қарсы мақсатта қолданылады. Сумен қамтамасыз етуді дұрыс ұйымдастырудың фермалар мен комплекстердің жұмысын тиімді жұмыс істеуде айрықша маңызы бар, өйткені оның өзі өндірістік -зоотехникалық процестердің қалыпты өтуін қамтамасыз етеді, малды күтіп-бағу жағдайын жақсартады, жұмыс істейтін адамдардың еңбек өнімділігімен мәдениетін, өнім сапасын жақсартады, өнімнің өзіндік құнын кемітеді. Сумен үздіксіз қамтамасыз ету сиырдың сүттілігін 10-14% және бордақыдағы малдың салмақ қосуын 10-15 %арттырады.


Мал шаруашылығын интенсивтендіру
Мал шаруашылығын интенсивтендіру бағытыныдағы маңызды шаралардың ішінен мыналарды атап көрсетуге болады: жоғары өнімді жаңа машиналар мен жабдықтар жасау; жекелеген процестерді механикаландырудан тасқынды технологиялық линиялар негізінде атқаратын бүкіл жұмысты комплексті механикаландыруға және автоматтандыруға көшіру, технологиялық процестерде тікелей электр энергиясын кеңінен қолдану; малды күтіп-бағу және жемдеу әдістерін жетілдіру; жемшөптің, жемшөп рациондарының т. б. жаңа типтерін енгізу. Мал шаруашылығын интенсивтендіру проблемаларын шешуде өндірістік процестерді комплекті механикаландырудың, электрлендірудің және автоматтандырудың мәні барған сайын арта түсуде.
Мал фермасы-ауыл шаруашылығы кәсіпорын бөлімшесі.
Мал комплексі-ауыл шаруашылығы өндірінсінің кәсіпорны, ол комплексті механикаландыру, электрлендіру, автоматтандыру, технологиялық процестерді тасқынды ұйымдастыру негізінде өнеркәсіптік технологияны, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, өндірісті жоғары деңгейде шоғырландыруды және мамандыруды қолдану негізінде жоғары сапалы мал өнімдерін біркелкі әр жыл бойы өндіруге арналған.

Мал қораларының санитарлық-гигиеналық талаптары.
Республикамыздың көптеген шаруашылықтарында малды қыста қорада бағады. Алайда бұл қораларда малға жайлы жағдай жасалуы қажет. Сонымен қатар барлық ауыр жұмыстар механикаландырылып, малшы-бақташылардың еңбегі жеңілдетілуі тиіс.
Мал қораларын салар алдында ең бірінші оның орнын дұрыс таңдап, дайындап алады. Мал қорасының өзі ауылдың болашағына сәйкес жоспарлы түрде салынуы қажет. Сонымен қатар ол жер мал дәрігерлік-санитарлық шараларға, өрттен қауіпсіздендіру ережелеріне, шаруашылық жағдайының талаптарына сәйкес болуы шарт. Бұрын кейбір аса жұқпалы аурулардың (қарасан, топалаң) қоздырғыштары табылған жерге қора салуға болмайды. Мал фермалары ауылдың ық жағынан салынады. Темір жолдан, машина жолынан 300 м қашықтықта болуы керек. Қора-жай салынатын жер энергиямен, сумен қамтамасыз етуге қолайлы болуы қажет.
Мал дәрігерлік-санитарлық жағдай жақсы болуы үшін ферманың айналасына ағаш отырғызған жөн. Ол желден, шаңтозаңнан қорғайды. Қора-жайдың негізі, яғни фундаменті жер қыртысының құрамына байланысты әр түрлі етіліп құйылады. Сыртқы қабырға тек жобадағы көрсетілген материалдардан ғана салынады. Ең бастысы қабырға суыққа өте төзімді болуы керек. Соған байланысты материалы жылу сақтайтын болуы қажет. Қабырға арқылы сыртқы ауаға шығатын жылу мөлшері көптеген жағдайға, мәселен: біріншіден, материалдың жылу сақтап, өткізуіне, екіншіден, қора ішіндегі температурасына, ылғалдылығына, ауа қозғалысына тығыз байланысты. Орта есеппен алғанда жалпы жылудың 40 проценті қабырға арқылы шығады.

Қора тазалау және мал қиын сақтау шарттары.
Қорада бағылған малдың қиын жинап, пайдаға асыру үлкен мәні бар мал дәрігерлік-санитарлық шараға айналып отыр. Қи арқылы мал арасында жұқпалы аурулардың таралуы ықтимал. Ғалымдар зерттеулерінде нәжістегі микробтардың шамамен 100 га жерге тарап, сол жердегі адам мен малға жұқпалы ауру тарататынын анықтаған. Тексергенде туберкулез микробы - 300 күннен астам, бруцеллез микробы 150 күн, іш ауру микробы 18 күн, аскарида жұмыртқасы 63 күнге дейін тіршілігін сақтайтыны белгілі болған. Сондықтан қорадағы қиды дер кезінде жинап, арнайы жерге үю, оны зарарсыздандыру, өңдеп, тыңайтқыш ретінде пайдаланғанда сыртқы ортаны ластамау және адам мен малға ауру таратпау мәселесін ескеру керек.
Мал шаруашылығында ең қиын да ауыр жұмыстардың бірі мал қиын, төсеніші мен садырасын шығару. Оның әр түрлі жолдары бар. Сиыр, шошқа, бұзау қораларының едендері қи түсетін каналға қарай еңістеу етіп салынады. Өйткені ол сумен жуылады. Еденді сумен жуғанда мал нәжісі сырғып каналға түседі, мөлшерлі қысыммен жіберілген сумен тазаланып жуылады. Бірақ бұл әдістің кемшілігі де бар. Мәселен суды көп қажет етеді, қора ауасында су көбейіп, ауаның ылғалдылығы артады. Ал малды қалың төсеніште ұстаған жағдайда, қиды жылыма бір-екі рет шығарады. Төсеніш ретінде сабан, торф, ағаш үгіндісін қолданады. Бірақ бұл жағдайда қиды тыңайтқыш ретінде қолдану мүмкіндігі жойылады.


Мал дәрігерлік-санитарлық шаралар.
Ауырған малдың зәрі, қиы, сілекейі, сүті, жүні, терісі, өлексесі арқылы әр түрлі зиянды микробтар жайылымды, суды, қора-жайды, құрал-саймандарды ластайды. Ол микробтар түскен ортасында бірнеше айлар бойы тіршілік етіп, сау малға, адамға ауру таратуы мүмкін. Сондықтан оларды зарарсыздандыру үшін қора-жайға дезинфекция жасалынып отырады.
Дезинфекцияға физикалық, химиялық әдістер қолданылады. Физикалық әдістерге - микробтарды жою үшін күннің көзін, ыстық буды, отты пайдалану жатады. Мысалы, мал фермаларының маңындағы арам шөптерді жұлып, күн көзінің тікелей түсуіне мүмкіндік жасаса, күн сәулесі туберкулез микробын, аусыл вирусын тез арада өлтіреді. Ал ферма айналасындағы жерге сіңген микробтарды жою үшін, оны терең етіп жыртып тастаса күн сәулесі ондағы микробтарды да тегіс қырып салады. Болмаса ондай жерді қопарып топырағына хлорлы әк араластырады.

Мал қораларын дезинфекциялау.
Дезинфекция бірінен соң бірі жүргізілетін екі процестен тұрады. Алдымен дезинфекция жасалатын затты, қора-жайды, мал тұратын орынды мұқият тазалайды, содан кейін дезинфекциялау жұмысы басталады.
Дезинфекция үш түрлі мақсатпен, атап айтқанда, аурудан сақтандыру, ауру қоздырғыштарының тарауын тежеу және ауру қоздырғыштарын жою мақсатында жасалады.
Негізінде шаруашылықта жұқпалы ауру шықпаса да аурудан сақтандыру дезинфекциясын үнемі жүргізіп отыру керек. Бұл дезинфекцияның әсіресе мал көп шоғырландырылатын комплекстер үшін маңызы зор. Профилактикалық дезинфекция жылына екі рет: жазда және күзде жүргізіледі. Бұл мақсатта арзан дәрілер пайдаланылады. Олар - 10% сөндірілген әк, 5% кальций содасы, 3% ксилонафт, креолиннің ыстық ерітіндісі, 5% нафтализол, 3% каспос препаратының, 2% каустика содасының ыстық ерітіндісі, 1% формальдегид және 2% хлорлы, әк ерітіндісі.
Тежеу дезинфекциясының мақсаты - ауырған мал денесінен сыртқа шыққан микробтарды дер кезінде жойып, жұқпалы ауру қоздырғыштарының қоршаған ортаға тарап кетуіне жол бермеу. Жұқпалы індет шыққан жерде ауру малды оқшаулап, қора-жайды тегіс дезинфекциялайды. Ал ауру мал тұрған орын аптасына бір рет, сонымен қатар ондағы барлық құрал-сайман, жұмысшылар киімі де тегіс дезинфекцияланады. Қораның табалдырығына ішіне ағаш үгіндісі салынып, дәрі құйған жәшік (дезбарьер) қойылады. Дәрі ретінде формальдегид, хлорлы әк, каустика содасы құйылады. Мал қорасына бөгде адам жіберілмейді. Тежеу дезинфекциясына қолданатын дәрілер аурудың түріне қарай іріктелінеді. Астау, шелек сияқты заттарды жұмыстан кейін күнделікті каустика содасының 2 проценттік ыстық ерітіндісімен жуып тазартып тұрады.


Мал шаруашылығы, Аң шаруашылығы және құс шаруашылығы кәсіпорындары үшін ветеринариялық объектілерді технологиялық жобалаудың Жалпыодақтық нормалары бойынша мал шаруашылығы фермаларында жануарлардың санына қарай мынадай ветеринариялық объектілер болуы тиіс:
Ветеринариялық пункт (дәріханадан, тоңазытқыш қондырғысы бар бөлмеден және биопрепараттарды сақтауға арналған жертөледен, диагностикалық кабинеттен, дезқұралдарға арналған қоймадан, манежден, стационардан, ветдәрігер кабинетінен және ветеринариялық персоналға арналған бөлмеден тұрады) жануарларды тікелей фермада амбулаториялық және стационарлық емдеу жүргізу үшін қызмет етеді. Ол технологиялық процеске жақсы енеді және жұқпалы емес ауру жануарларға арналған ауруханамен немесе санитарлық-сою пунктімен жабылады;

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz