Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жүйелері: түрлері мен негізгі элементтері


Slide 1

Елді-мекендерді сумен қамтамасыз ету және шаруашылықтық-тұрмыстық кәріз жүйесі.

Орындаған: Қорабаева Асель, Талапты Нұрзат

Тексерген: Бакирбаева П. А.

Slide 2

Ғимаратты және жеке объектілерді сумен қамту

Кез келген тағайындау бойынша ғимаратты және жеке объектілерді сумен қамту жүйелері тұтынушыларды белгіленген сапада, қажетті мөлшерде және қажетті қарқында сумен қамтамасыз етуі қажет. Ғимаратты және жеке объектілерді сумен қамту сыртқы су құбырларының желісі (елді мекендер, кәсіпорын) немесе жеке жергілікті (жер асты немесе жер беті) сумен қамту көздері көмегімен жүзеге асады.

Сумен қамту жүйелері дағдылануы, қызмет көрсету ортасы, құрылғымен орнатылған қарқынмен қамтуы бойынша бөлінеді.

Slide 3

Жүйе дағдылануы бойынша тұрмыстық-ішетін, өндірістік және өртке қарсы болып бөлінеді.

Ғимаратты тұрмыстық ауызсумен қамту жүйелері тұрғындарды ауыз сумен қамтуға арналған. Тұтынушылар суды тұрмыстық, санитары- гигиеналық, технологиялық қажеттіліктерге жұмсайды. Егер ғимаратта ішуге жарамсыз су қолданылса, техникалық және ауыз суының бір-бірімен байланыспаған екі бөлек құбыры жобаланады. Өндірістік ғимараттарда ыстық цехтарда көмір қышқыл газымен қаныққан, тұздалған және суытылған арнайы ауыз су құбыры қарастырылады.

Өндірістік сумен қамту жүйелері өндірістің, цехтың технологиялық қажеттіліктерін сумен қамтамасыз етеді. Өндірістік су құбырларындағы судың сапасы мен көлемі өндіріс технологияларының шарттарын қанағаттандыру қажет. Өндірістік құбырларда су ішуге жарамсыз және арнайы тазартылған болуы мүмкін.

Өртке қарсы сумен қамту жүйелері ғимаратта пайда болған өрт ошақтарын сөндіруге арналған. Судың сапасына шек қойылмайды, бірақ көлемі ҚНмЕ шарттарына сәйкес келуі керек.

Slide 4

Қызмет көрсету аясы бойынша жүйелер бөлінеді:

жекеленген, бір-бірімен байланыспаған (себебі ондағы судың сапасы әр түрлі болуы мүмкін) ;

біріктірілген, (тұрмыстық өртке қарсы, өндірістік өртке қарсы немесе тұрмыстық-өндірістік, бұларда судың сапасы бірдей) ;

бірыңғай, барлық су қажеттіліктерімен қамтамасыз ететін: тұрмыстық ауызсу, өндірістік және өртке қарсы. Бірыңғай жүйелер тек ішуге жарамды сумен қамтамасыз етеді.

Slide 5

Қолдану тәсілі бойынша суларды мынадай жүйелерге бөледі: тіктелген, айналмалы және қайталамалы қолданыс үшін.

Табиғи ресурстарды қорғау және рационалды қолдану сұрақтарын шешу кезінде суды үнемдеу үшін сумен қамтудың өңдеу кезінде жоғалтылған су көлемін толықтырушы құрылғысы бар қайталамалы жүйені қолданған жөн.

Slide 6

Қондырылған құрылғыға байланысты қарқынмен қамтуы бойынша жүйелерді томендегідей бөлуге болады:

А. Сыртқы сутартқыш жүйесінен қарқынмен қамтылған, яғни ішкі және сыртқы сутартқыш жүйелерінің түйісу нүктесінде су қарқыны ішкі сутартқыш жүйелерінің барлық құрылғыларының дұрыс жұмыс істеуі үшін жеткілікті болады;

Б. Сыртқы сутартқыш жүйесінен қарқынмен қамтылғанмаған, яғни су айдаушы құрылғысы бар жүйелер: суайдаушы бакпен, сорғылы немесе пневматикалық құрылғымен.

Суайдағыш багы бар ішкі сутарту жүйесін кепілденген қарқын тұтынушыларға қажетті су қарқынынан төмен немесе кем болған жағдайда қолданады.

Slide 7

Жоғарлатушы сорғылы құрылғылы ішкі тарату жүйесін, қарқын сыртқы тарату жүйесінде әрқашан не периодты түрде қажетті қарқыннан аз болса және ішкі тарату жүйесінде су тұтыну режимі аздаған бірыңғайсыздықпен сипатталса қолданады.

Жоғарлатушы сорғылар бактағы судың төмендеуі немесе желідегі қарқын төмендеуі кезінде автоматты түрде қосылады. Су айдауды бак желіде реттеуші ыдыс ретінде жұмыс жасайды.

Жоғарлатушы пневматикалық немесе жоғарлатушы сорғылы және гидропневмобакты құрылғылы жүйелер өртке қарсы және өндірістік сутартқыштарда қолданылады. Бұл жүйеде гидропневматикалық бак суайдаушы бактың қызметін атқарады және қосымша немесе реттеуші ыдыс есебінде қолданыла алады.

Аймақтық сумен қамту жүйесі 50 м ден биік ғимараттарда қарқын максималды рұқсат етілген мәннен асып кетсе (60 м тұрмыстық ауыз су және 90 м өртке қарсы су тартқыштарда) қолданылады. Аймақтың биіктігі желінің ең төмен нүктесіндегі максималды рұқсат етілген гидростатикалық қарқынмен анықталады.

Елді мекенді, өндіріс орнын және де басқада объектілерді өз қажеттіліктеріне байланысты сумен қамтамаыз саланы сумен жабдықтау деп атайды. Суды алу, тұтынушыға дейін тасмалдау, қажетті су сапасына дейін тазарту ғимараттарының кешенін сумен жабдықтау жүйесі деп атайды. Суды беру және тарату құбыр арқылы болатын орталықтандырылған жүйелерді су құбыры депте айтуға болады.

Slide 8

Сумен жабдықтау жүйелерін мынадай белгілері бойынша жіктеуге болады:

а) тұтынушылардың түрлеріне қарай: шаруашылық-ауыз су жүйелері, ауыл шаруашылық, өндірістік, өрттік т. б. жүйелер;

б) мекенжайлардың түрлеріне қарай: қалаларды, елді мекендерді, өндірістерді сумен жабдықтау жүйелері;

в) мекенжайлардың қамтылу санына байланысты: топтасқан немесе ауданаралық; жергілікті-бір мекенжай үшін құрылған жүйе;

г) суды пайдалану ретіне қарай: тікелей ағатын, айналмалы, қайтармалы;

д) қабылданған табиғи су көздері бойынша: жер бетіндегі су көздерін (теңіздер, өзендер, көлдер, су қоймалар) қолданатын жүйелер;

е) судың жіберілу тәсіліне қарай: өзі ағатын (гравитациялық), арынды, араласқан.

Slide 9

Сумен қамту сұлбасы және негізгі элементтері.

1 - су қабылдағыш;


Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның су ресурстары, сумен қамтамасыз ету және ластану мәселелері
Сумен жабдықтау жүйелері: көздері, сапа талаптары және жобалау элементтері
Қазақстандағы ауыз сумен қамтамасыз ету: сапа, қолжетімділік және инфрақұрылымдық мәселелер
Ауылдық ауыз сумен қамтамасыз ету және су факторларына байланысты ауруларды алдын алу: гигиеналық бағалау мен мониторинг
Автоматтандырылған жобалау жүйелері: құрылымы, қамтамасыз ету түрлері және қолданылуы
Сумен байланысты ауруларды алдын алу және су сапасын қамтамасыз ету
Су гигиенасы және малды сумен қамтамасыз ету: санитарлық-гигиеналық талаптар, судың қасиеттері және тазарту
Орталық Қазақстан (Қарағанды облысы): тарихы, табиғи ресурстары, өнеркәсіп және сумен қамтамасыз ету мәселелері
Қызылтөбе 3 елді мекенін және Батыр ауылдық округін құру кезіндегі кадастрлық құжаттамамен қамтамасыз ету тәртібі
Қазақстанның сумен қамтамасыз етілуі мен су ресурстарының өзгерістерін талдау және бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz