ӨНІМДІК ЕСЕПТЕМЕСІН ОРЫНДАУ КЕЗІНДЕ БЕРІЛГЕН БАСТАПҚЫ МӘЛІМЕТТЕРІ БОЙЫНША ШИКІЗАТТЫҢ ТҮСУ ГРАФИГІ



№1 тақырып:
Шикізаттарды, жартылай дүмбілдерді, дайын өнімдерді ыдыста және ыдыссыз сақтау қоймаларын есептеу

Өнімдік есептемесін орындау кезінде берілген бастапқы мәліметтері бойынша шикізаттың түсу графигі; желі, цех немесе зауыттың жұмыс істеу графигі; желі, цех немесе зауыттың бағдарламасы; 1 меб ( немесе 1 тонна) дайын өнім өндірісіне шикізат пен материалдардың қажеттілігін есептеу; шикізат, материал мен ыдыстың сағаттық, ауысымдық пен жылдық қажеттілігі; әр технологиялық операцияға сағат сайын түсетін шикізат (немесе жартылай дүмбілдің) мөлшері анықталады. Өнімдік есептеменің көмегімен әр технологиялық операцияда өңделетін шикізатта өтетін сандық өзгерістерді анықтауға болады. Өнімдік есептемені орындауға қажетті бастапқы мәліметтер: -өндірілетін өнім түрі; -технологиялық желінің өнімділігі - меб/сағ, меб/ауыс, меб/жыл; -дайын өнім бөлшектеу түрі; -жобаланатын цех немесе зауыттың құрылыс ауданы.
КІРІСПЕ БӨЛІМІ

шикізат, материал мен ыдыстың сағаттық, ауысымдық пен жылдық қажеттілігі
әр технологиялық операцияға сағат сайын түсетін шикізат (немесе жартылай дүмбілдің) мөлшері

Шикізаттың түсу графигі
Шикізаттың түсу графигі жобаланатын цех немесе зауыттың техника-экономикалық негіздемесінің материалдары бойынша құрастырылады. Алдымен, маусымды пісетін (жеміс пен көкөністер) шикізаттың түсу кезені, ал одан кейін маусымаралық шикізат немесе жартылай дүмбілдердің түсу кезеңдері анықталады. Жұмыс істеу кезеңін ұзарту үшін шикізаттың төмен температурада тоңазытқыш камераларында сақтауын қарастыру қажет. Графикте өзінің пісу маусымында шикізаттың түсуі біртұтас сызықпен, ал оның тоңазытқыштан келіп түсуі штрих сызықпен көрсетіледі.

Шикізаттың аталуы
Айлар
Жылына жұмыс күні саны
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
картоп
сәбіз
ақ тамырлар
пияз
152
Цехқа шикізаттың түсу графигі

Цехтың жұмыс істеу графигі
Цехтың жұмыс істеу графигі цехқа шикізаттың түсу графигі мен шикізат пісу маусымы бойынша құрастырылады. Цехтың жұмыс істеу графигінде әр консерві түрінің өндіру кезені көрсетіледі. Графикте тәулік ішінде ауысым саны, әр ай мен жыл ішінде күн мен ауысым саны көрсетіледі. Цехтың жұмыс істеу графигі мүмкінінше бір тұтас, әр технологиялық желіге бөлек жасалынады. Цехтың жұмыс істеу графигін құрастыру кезінде зауыттың маусымдық жұмысын ұзарту үшін шикізатты суытылған немесе мұздатылған турде сақталуын қарастыру жөн. Бір технологиялық желіде әр түрлі консерві түрлерін шығару мүмкіншілігін қарастыру қажет. Маусымды пісетін шикізатты өңдеу үшін үш аусымдық жұмыс қарастырылады. Тек қана өндіріс маусымның басы мен аяғында (5-10 күн ішінде) шикізаттың мөлшері азайғанда цехтың жұмысы бір немесе екі ауысымда жобаланады. Тез өңдеуді қажет етпейтін немесе қол еңбегін көп шығындайтын көкөніс пен жемістерден жасалынатын консервілерді тәулікте екі ауысымда өңдеуге болады. Егер шикізатты жыл бойы үздіксіз өңдеуге болса, цехтың жұмысын бір немесе екі аусымға жобалауға болады. Құрал-жабдықтардың пайдалану коэффициентін жоғарылату үшін бір технологиялық желіде пісу кезеңдері тура келмейтін шикізаттардан дайындалатын түрлі консервілерді өндіру керек. Егер бір шикізаттың пісу мауысымы басқа шикізаттың пісу маусымын ала келсе, онда бұл уақытта осы шикізаттардың әр түрлі аусымдарда өңдеуін қарастыру жөн.

Цехқа шикізаттың түсу графигі
Техноло-гиялық желінің аталуы
Тәу-лікте ауы-сым саны
Жұмыс ауысымдардың саны
әр ай бойынша
жылы-на
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Картоп сорпасы
2
62
60
62
60
60
304

Цех бағдарламасы
Цех бағдарламасына әр түрлі өнімдердің сағаттық, ауысымдық, айлық және жылдық тапсырмалары кіреді. Тапсырма меб немесе тонна түрінде беріледі. Барлық өнім түріне уақыт бөлігі бойынша қорытынды беріледі. Цех бағдарламасын құрастыру негізіне дайын өнім бірлігімен берілген ауысымдық немесе жылдық тапсырма және жылына ауысым санын көрсететін цехтың жұмыс графигі кіреді.
Ескерту. Цех бағдарламасын құрастыру кезінде берілген есептік банкілерден физикалық банкілерге өту үшін аудару коэффициенті К0 пайдалынады. Аудару коэффициентінің мәні физикалық пен есептік банкілердің түрлеріне байланысты. Оның есептеу формуласы жоғарыда келтірілген. Берілген мысалға:
,
дана.

Өнім ассорти-ментінің аталуы
Бөлшек-теуге арнал-ған ыдыс-тың түрі
Жылы-на ауысым саны
Өнімнің шығарылған мөлшері
ауысы-мына
сағатына
маусы-мына
айына
меб
ф. б.
меб
ф. б.
меб
ф. б.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz