Қазақ автономиясы
Презентация қосу
№3 ДӘРІС.ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕҢЕСТІК БИЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ӨЗГЕРІСТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
• 3.1. Уақытша өкіметтің мемлекеттік институттарының ыдырауы, большевиктердің
билікке келуі
• 3.2.Желтоқсандағы жалпықазақ сьезі. Ә.Бөкейхановтың төрағалығымен Алашорда
(Халық кеңесі) үкіметінің құрылуы. Алаш автономиясын жариялауға даярлық.
• 3.3.Қоқан қаласында Түркістан автономиясы (Қоқан Автономиясы) укіметінің
құрылуы.М.Шоқайдың естеліктері. Советтік биліктің орнауы.
• 3.4.Қазақ жері: <<ақтар>> мен <<қызылдардың>> текетірес күрестерінің аясында.
Алашорда үкіметінің қазақ әскери жасақтарының іс-қимылдары. Қазақ халықын
таптық тұрғыдан екіге бөлу. Соғыс қимылдарының бүкіл қазақ өлкесін қамтуы.
<<Әскери коммунизм>> саясатының қазақ өлкесіндегі арандату әрекеттері.
• 3.5.Қырғыз (Қазақ) революциялық комитетінің ұлттық мемлекет құру
• 3.6.Кеңестік тоталитарлық басқару жүйесінің негіздерінің қалануы
Уақытша үкімет – Ақпан революциясының
нәтижесінде Ресейде құрылған билік органы.
Қазақ интеллегенциясының өкілдері Уақытша өкіметтің
басқару орындарының құрамында. Ә.Бөкейханов,
М.Шоқаев,М.Тынышбаевтардың және басқалардың
қызметі. Ақпан революциясынан кейінгі өзгерістердің тарихи
маңызы. М.Тынышпаев Түркістан
Уақытша үкіметінің комиссары. М.Шоқай Жетісу Уақытша
үкіметінің комиссары. Уақытша
өкімет және Қазақстандағы ұлт мәселесі. Облыстық және
уездік қазақ съездері және оларда
қойылған мәселелер. Патша өкіметінің құлауы және ұлт-
азаттық қозғалыстың жаңа міндеттері.
Қазақ комитеттерінің құрылуы және олардың қоғамдық саяси
қызметі. Қазақ комитеттері – қазақ
халқының мемлекеттік тәуелсіздікке ұмтылысының көрінісі.
1917 жылғы дағдарыс. Шілдедегі І-ші жалпықазақ съезі. «Алаш»
ұлттық-саяси
партиясының құрылуы. Ә.Бөкейханов партия лидері. Алаш
партиясының бағдарламасы. «Алаш»
партиясының бағдарламасының «Қазақ» газетінде
жариялануы. Алаш және большевиктер.
Бүкіл Ресейлік Құрылтай жиналысына сайлау. Алаш
партиясының жетістіктері. "Үш жүз"
партиясының құрылуы. «Үш жүз» партиясының басшылары
және олардың ұстанған саяси
бағыты. «Үш жүз» партиясының жетекшісі.
Бірінші жалпықазақ съезі - 1917 жылы 21-26 шілде аралығында
Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана
облыстарынан және Бөкей ордасынан 20-дан астам қазақ
өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен сиез. Ол
Х.Досмұхамедұлының төрағалығымен, А.Байтұрсынұлының,
Ә.Көтібаровтың, М.Дулатовтың, А.Сейітовтың хатшылығымен өтті.
Бірінші жалпықазақ сиезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегі
елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне
Қатысты төмендегідей 14 мәселе қойылды:
1. Мемлекеттік құрылыс. 2. Қазақ автономиясы. 3. Жер мәселесі.
4. Халық милициясы. 5. Земство. 6. Оқу мәселесі. 7. Сот мәселесі.
8. Дін мәселесі. 9. Әйел мәселесі. 10. Бүкілресейлік құрылтай
жиналысы. 11. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі. 12. Қазақ саяси
партиясы. 13. Жетісу оқиғасы. 14. Киевте өтетін Бүкілресейлік
федералистер сиезіне және Санкт-Петербургтегі оқу
комиссиясына Қазақтан өкіл жіберу.
Екінші жалпықазақ съезі — 1917 жылы 5-13 желтоқсан
аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ
қайраткерлері Алаш Орда үкіметін жариялаған съез
• Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер
билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде
ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі комиссия
мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы,
Е.Омарұлы, С.Досжанов оны ұйымдастыруда айрықша
белсенділік танытты. Төрағасы — Б.Құлманов.
3)Алашорда немесе Уақытшы Ұлттық Кеңес - Алаш автономиясының үкіметі. 1917 ж. Орынборда өткен II-жалпықазақ съезінде
сайланды. Алашорда құрамына Қазақстанның барлық аймақтарынан 15 адам кірді. Олар түгелдей дерлік (Х.Досмұхамедов,
Х.Ғаббасов, М.Шоқай, Ә.Бөкейханов, Ж.Досмұхамедов, Ә.Ермеков, М.Тынышбаев, Б.Құлманов, Ж.Ақбаев) Ресейдің жоғары оқу
орындарын бітірген жоғары білімді, білікті зиялылар еді. 1917 жылғы қос революция аралығында олар қоғамдық-саяси өмірге
белсенді түрде ат салысып, Алаш партиясы мен Алаш автономиясын құруда Бөкейхановтың сенімді серіктері болды. Үкімет
төрағалығына Бөкейханов, Құлманов, Тұрлыбаев ұсынылды. Ең көп дауыс жинаған Бөкейханов төраға болып сайланды.
Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі
халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы
28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы
мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының
өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан
төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-
Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған
байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын,
өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14
мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының
бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын
танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай,
Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26
қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар
съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін
Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға
дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне
өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады.
Кеңес үкіметі, немесе Кеңестер билігі –
бұрынғы Ресей империясында (1917 жылдың 1
қыркүйегінен Ресей Республикасы) Уақытша
үкімет қарулы күшпен құлатылған Қазан
төңкерісінен кейін орнатылған билік жүйесінің
атауы; кейде “Кеңес үкіметі” ұғымы Кеңес
Одағындағы жалпы билік жүйесінің атауы
ретінде де қолданылады. “Кеңес” (орыс тілінде
Совет) сөзі алғаш рет төңкерісшіл жұмысшы
табының сайланбалы жетекші органы –
Жұмысшы депутаттары кеңесі түрінде 1905 –
07 жылғы бірінші орыс революциясы
барысында пайда болған.
4)1918 – 20 ж. Кеңестік Ресейде орын алған Азамат соғысы
Қазақстанды да қамтыды. Ол іс жүзінде 1917 жылғы Қазан
төңкерісінің жалғасы болды. Азамат соғысы жылдарында қарулы
күрестің бір жағында Қазан төңкерісі жеңісі нәтижесінде жеңіліс
тауып, саяси және экономикалық биліктен айырылған күштер
тұрды. Оларға АҚШ, Англия, Франция, және Жапония
мемлекетінің үкіметтері жан-жақты көмек көрсетті. Күрестің
екінші жағында Қазан төңкерісі нәтижесінде өкіметті өз қолына
алған большевиктер партиясы бастаған күштер тұрды. Олар
большевиктік ұрандар мен Кеңес өкіметі жариялаған социализм
идеяларына сенген жұмысшылар мен шаруалардың
айтарлықтай бөлігінен қолдау тапты. Большевиктер мен Кеңес
өкіметін жақтаушылар «қызылдар» деп аталса, оларға қарсы
тұрғандар «ақтар» деп аталды.
5)Қазақ революциялық комитетінің құрылуы (1919–1920 жж.)
1919 жылы 10 шілдеде В. И. Ленин «Қазақ өлкесін басқару
жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декрет
қабылдады.
Қазревком құрамына Семей, Ақмола, Орал, Торғай
облыстары, Астрахань губерниясының шығыс бөлігі кірді.
Революциялық комитеттің бірінші құрамына С. Пестковский
(төраға), А. Байтұрсынов, В. Лукашев, Ә. Жанкелдин, М.
Тұнғаншин, С. Мендешев, Б. Қаратаев кірді. Әртүрлі уақытта
Қазақ ревкомының мүшесі болып Ә. Әйтиев, С. Арғыншиев, А.
Авдеев, Ғ. Әлібеков, Б. Қаралдин еңбек етті. Революциялық
комитеттің жұмыс істейтін орталығы болып Орынбор қаласы
белгіленді. 1920 жылы 9 наурызда Қазревком «Алашорда»
үкіметін таратты. Қазревкомның үнқағазы «Ұшқын» газеті
болды.
Қазревком міндеттері:
1. Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу.
2. Өлкеде мемлекеттік, шаруашылық, мəдени құрылыс үшін жағдай жасау.
3. Кеңестердің Құрылтай съезін əзірлеу.
Қазревком қазақ жерлерін біріктіру жөнінде жұмыстар атқарды.
Қазревкомның органы – “Ұшқын” газеті шығарылды.
1920 жылғы 9 наурызда өзін “Қазақ елінің үкіметі” деп атаған Алашорданы
тарату туралы Қазревком шешімі қабылданды.
1920 жылғы 20 тамызда “Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік
Республикасын құру туралы” декрет шықты. Астанасы – Орынбор қаласы
(1920-1924жж).
1920 жылы 4 қазанда Орынборда Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің Құрылтай
съезі өткізілді. РКФСР құрамындағы Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік
Социалистік Республикасы жарияланды. Қазақ халқының ұлттық мемлекетінің
шаңырағы қайта көтерілді.
Жоғарғы өкімет органдары сайланды:
1. Орталық Атқару Комитеті, төрағасы – С.Меңдешев.
2. Халық Комиссарлары Кеңесі, төрағасы – В.Радус-Зенькович.
“Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы”
қабылданды.
Қырғыз (қазақ) әcкери-революциялық комитеті жанынан
арнаулы комиссия құрылып, республика шекарасын
белгілеумен айналысты. Отаршылдық пиғылдағылар
Қазақстанға Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына
қарсы шықты. Басқа біреулер республика құрамына Омбы
облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай
өлкесін қосуды көздеді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz