Ұжымдастыру қарса ңында



4. 1. Ф. И. Голощекинің <<Кіші Қазан>> идеясы және оның қатерлі мазмұны.
4. 2. Қазақ зиялыларын қуғындаудың басталуы. Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық айтыстар.
4. 3. Қазақ қайраткерлерінің индустрияландыруға байланысты пікірлері. Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері.
4. 4. Қазақ ауылын кеңестендіру-дәстүрлі қазақ қоғамын талқандау. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен отырықшылыққа көшәру.
4. 5. Ауыр шаруашылығын жаппай ұжымдастырудың қарқыны, түрлері, әдістері
4. 6. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер ұлт азаттық қозғалыстар жалғасы. Қазақтардың шетелге ауа көшулері. Қазақтардың аштан қырылуы

4. 1. Ф. И. Голощекинің <<Кіші Қазан>> идеясы және оның қатерлі мазмұны
Қазақстанда социализмнің бұрмалануы 1925-1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф. И. Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты. Ол <<қазақ ауылы>>, Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан <<Кіші қазан>> төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И. В. Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И. В. Сталин қысқа әрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: <<Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызды белгіленген саясат негізінен алғанда бірден - бір дұрыс саясат деп ойлаймын И. Сталин>>. Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды.

Қазақстанда қазан төңкерісі болмағанын қазақ байларының тап ретінде жойыла қоймағанымен, партия, кеңес орындарына ескі интеллигенция өкілдерінің молынан орналасқанымен, елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани өміріне қазан төңкерісінен соң таптық, партиялық принциптерге сай басқа да өзгерістер жүзеге аспай отырғанымен дәлелдемек болады.
Таптық, партиялық деп отырғаны практикада социализм принциптерін күш қолдану арқылы жүзеге асыру деген мағына береді. Голощекиннің бұл әрекеті тарихта “кіші қазан” саясаты деп аталды. “Кіші қазан” саясатына сай Қазақстанда қазақ байларын тәркілеу, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, ұжымдастырған шаруашылықты отырықшыландыру тәрізді шаралар социалистік жолмен немесе күшпен, әкімшілік әдіспен жүргізіліп, қазақ халқына аса ауыр зардап әкелгені белгілі.
1927 жылдан бастап ұжымдастыру шарасы басталды. Қазақстанда ұжымдастыру саясатын жүргізу барысында ірі қателіктердің жіберілуі 1931-1933 жж. Қазақстан қасіретіне әкеліп соқты.
1928 жылы қыркүйектің 20-нан тәркілеу науқаны басталып кетті. Қазақ байларын тәркілеуден бұрын Қазақстанның Орталық Атқару Комитеті мен Комиссарлар Кеңесі Мемлекеттік саяси басқарма мен мемлекеттік жоспарлау комитетінің жинаған мәліметіне сүйеніп, бүкіл Қазақстан бойынша 700 шаруашылық тәркілеу туралы тізім жасаған. Тәркілеуге тиісті байлар әртүрлі әрекеттер жасап, тәркілеуден құтылуға тырысты. Олар мал-мүлкін туыстарына бөліп берді, балаларына еншіге берді, сөйтіп қаулыда көрсетілген мөлшерден малдың санын азайтуды көздеді.
Қазақ байларын тәркілеу науқаны 1928 жылы қыркүйектен басталып 1929 жылдың сәуір айына дейін 7 ай бойы жүргізілді.

. 4. 2. Қазақ зиялыларын қуғындаудың басталуы. Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық айтыстар. Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады



Қазақстанда индустрияландыру жолдары туралы пікір сайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты: Біреулер <<түйеден социализмге>> өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен заводтар салу шамадан тыс нәрсе>> болып табылады, <<ұлттық өзіндік ерекшелікті>> жояды деп пайымдады, енді басқа біреулер <<қазақстандыру өндірісті қымбаттатып жібереді>>, қазақтармен <<өнеркәсіп қаржы жоспарын орындай алмайсын>> және т. б деп санады.
Индустрияландыруды жүзеге асыру жолында әкімшіл-әміршіл саясат қатты бұрмаланды. 1925-1933 жылдары Қазақстан коммунистік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф. И. Голощекин болды. Ф. И. Голощекин Қазақстанда Қазан революциясы болған жоқ, сондықтан қайтадан революция жасау керек деп шешті. Осы ойын іске асыру мақсатында ол «Кіші Қазан» төңкерісін өткізу идеясын ұсынды. Бұл ұсынысты И. В. Сталин қолдады. Ф. И. Голощекин қазақстанды одақтық шикізат базасы ретінде индустрияландыру бағытын ұстанды. Ф. И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясына алғашқы болып С. Сәдуақасов қарсы шықты. С. Сәдуақасов Қазақстанды шикізат базасы ретінде пайдалануға ашық түрде қарсы тұрды.

4. 3. Қазақ қайраткерлерінің индустрияландыруға байланысты пікірлері. Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері.
Индустрияландырудың ерекшеліктері.
Индустрияландыру Қазақстанда, негізінен, жоғарыдан жүргізілді.
Қазақстанда салынған өнеркәсіптер дайын өнім шығармады. Шикізатты, негізінен, Ресей мен Украина өнеркәсіптеріне тасыды.
Урбанизация күшейіп, 1930 жылы қала халқының үлесі 29, 8% болды.
1935 жылы республикадағы жұмысшылардың 43%-ы қазақтар болды.
1939 жылы республикадағы қала халқының саны 375000-ға дейін жетті.
Индустрияландырудағы жұмысшылар еңбегі.
Қазақстан өнеркәсіп орындарына Мәскеу, Ленинград, Донбасс т. б. ірі өнеркәсіп орталықтары мен жұмысшы топтары көмек көрсетті.
Жаңа техниканы меңгеріп, жаңадан салынған өнеркәсіпте істейтін мамандарды даярлау керек болды.
Бұл үшін көптеген қазақ жұмысшылары кәсіби білім алу үшін Мәскеу, Ленинград, Донбасс, Баку өнеркәсіп орындарына жіберілді.
Алғаш Түрксіб құрылысына қара жұмысшы ретінде қатысқан Д. Омаров кейіннен Түрксіб бастығы, ал Т. Қазыбеков «Қазақ көлік құрылысы» тресінің бастығы болды. Жаңа техниканы меңгеру барысында Донбасс забойшысы А. Г. Стахановтың рекорды насихатталды. Стахановтың қазақ жеріндегі ізбасары Қарағанды кеншісі Түсіп Күзембаев болды.
Сәфи Өтебаев, Мелдебек Сағымбеков, Ахметжан Сафин, Зағира Табылдинова - Қазақстандағы индустрияландыру ісінің үздіктері.

4. 4. Қазақ ауылын кеңестендіру-дәстүрлі қазақ қоғамын талқандау
Голощекин ауылды кеңестендіру жүмысы әлі де әлсіз, оны күшейту керек деп есептеді. Бұл істегі, яғни кеңестендірудегі кемшіліктерді қазақ байларына, рулық қатынастарға жапты. Оған жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып жүргізілетін шаралар ұнамады. Кеңестендіру ісінде де таптық тұрғыда қарау кажет дегенді желеу етіп, ауылдағы ауқаттыларға қарсы күресті күшейтуді ұсынды. Оның бұл солақай бағыты да қазақ басшылары мен зиялыларының қарсылығына кезікті. Оларды «оңшылдар», «солшылдар» деп топтарға бөліп, қудалады. Ақыры, Сталиннің тікелей қолдауымен 1927 жылы Қазақстандағы ауылдык кеңестерге жаңа сайлау өткізуді ұйымдастырды. Ол бойынша байлар деп есептелгендер сайлау құқынан айырылады. Ауылдарда кедейлер жиналыстары өткізілді. Сайлау науқанын жүргізу үшін аудандарға арнайы уәкілдер жіберілді.

Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен отырықшылыққа көшәру
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру - Кеңестік жүйенің қазақ қоғамын дәстүрлі даму жолынан тайдыру үшін жүзеге асырған саяси - шаруашылықтың шаралары. Алғашқы жылдардан бастап-ақ Қазақ өлкесінің табиғи - климаттық және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере қоймаған кеңестік әміршіл - әкімшіл жүйе 20- жылдардың ортасында қарай көшпелі қазақ шаруаларының отырықшыландыру мәселесіне назар аудара бастады. Бүкілресейлік ОАК пен РКФСР ХКК 1924 жылы 17 сәуірдегі ережесі бүкіл елде шаруалар қожалықтарын күшпен ұжымдастыру науқанына ықпал жасады. Жаңадан құрылатын колхоздар көшпелі және жартылай көшпелі бола алмайтын еді. Оның үстіне бүкіл одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі шаруалар қожалықтарының 80 %- ға жуығы осы қазақ жерінде болатын. Мемлекеттік жоспарлау бойынша Қазақстандағы көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар сандары 706 мыңды, жұмыс істеуші 7 млн-нан астам адам құрады. Қазақстан өлкелік партия комитетінің бюросы 1929 жылы 6-қарашадағы мәжілісінде 1929 - 1930 жылдар, яғни отырықшыландырудың алғашқы жылында, осы шарамен кем дегенде барлық қожалықтардың 12 %-ын қамтуды ( 84000-нан астам) жергілікті органдарға міндеттеді. Қаулыда көшпелі тұрмыстың «социалистік құрылыспен үйлесе алмайтындығы» тағы да атап көрсетілді. Өлкелік партия комитетінің 1930 жылы 19 -қаңтардағы қаулысы бұл жұмысты жаппай ұжымдастыру негізінде күшейте түсу қажеттігіне баса назар аударды

4. 5. Ауыр шаруашылығын жаппай ұжымдастырудың қарқыны, түрлері, әдістері
Кеңес өкіметінің ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты 1925 жылы қабылданды. 1927 жылы желтоқсанда Компартияның XV съезі болды, ол тарихта ұжымдастыру съезі деп аталады. Оның шешіміне сәйкес қысқа мерзімде, 1932 жылдың көктеміне дейін елдің ауыл шаруашылығы енді жеке меншік емес ұжымдық шаруашылыққа - колхозға (ұжымдық шаруашылыққа) бірігуі тиіс болды
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру - КСРО-да ұсақ, жеке шаруа қожалықтарын біріктіру арқылы ауыл шаруашылығын мемлекет мүддесіне толық бағындырып, қайта құрудың теориясы мен практикасы. Ұсақ тауарлы шаруашылықтарды кооперациялау идеясын ғыл. коммунизмнің негізін қалаушылар Карл Маркс, Ф. Энгельс ұсынған болатын

Қазақстандағы ұжымдастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай бітіру жүктелді. Үкімет жергілікті тұрғындардың тұрмыс-салт ерекшеліктерімен есептеспестен ұжымдастыруды күш салу әдістерімен, жедел қарқынмен жүргізді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру бай-кулактарды тәркілеуден басталды. 1924 жылы Қазақстан өлкелік партия басшылығы көшпелі өмір салтын сақтаған қазақ ауылдарын отырықшыландыру және қазақ ауылдарында Кеңес өкіметі билігінің нығаюына кедергі келтіретін бай және орта тап өкілдерінің көзін жою қажет деп есептеді. Себебі, Кеңес өкіметі жұмысшылар мен шаруалардың өкіметі болғандықтан, мұнда бай, байлық, жеке меншік деген болмауы керек. Барлығы да ортақ, мемлекеттің меншігі болуы тиіс еді. Осы мақсатпен 1928 жылы 27 тамызда Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесі мен Орталық Атқару Комитеті «ірі бай шаруашылықтарын және орташа байлардың мал-мүлкін тәркілеп жер аудару» декретін қабылдады.

Осы нәтижесінде байлардың шаруашылығы тәркіленіп, 657 бай жер аударылып, олардан 145 мың мал алынды. Малдар, негізінен, колхоздарға берілді. Көптеген орташа шаруалар байлардың қатарына жатқызылды. Барлық жинап-терген мал-мүлкінен айырылғысы келмей бір түнде шетел асып көшіп кеткен қазақтар да болды. Негізгі күнкөрісі мал болған қазақтар, малдарынан айырылып, аштыққа ұшырай бастады. Ауыл шаруашылығының ұжымдастырылуы өте қатал жағдайда жүргізілді. Шаруашылықты ұжымдастыру үнемі өсіп отырды. 1928 жылы 2%, 1930 жылы 3 сәуірде 56, 4%, 1931 жылы қазанда 65% ұжымдастырылды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz