Қарым-қатынастың құрылымы, функциялары және психологиялық типологиясы


Slide 1

Қарым-қатынас фунциялары

Орындаған: Исабекова Д. Г

Slide 2

Қарым- қатынас мәнін анықтауда оның функционалдық және деңгейлік ұйымдасуы жайлы зерттеулердің маңызы ерекше (Б. Д. Парыгин, Г. М. Андреева, А. А. Бодолев, А. А. Брудный, А. А. Леонтьев, Б. Ф. Ломов, Л. А. Карпенко, В. Н. Панферов, Е. Ф. Тарасов, Я. Яноушек және т. б. ) [3] . В. Н. Панферов қарым - қатынасты: байланыс, өзара әрекет, таным, өзара қатынас деп бөліп, осыған сәйкес қарым - қатынасты зерттеуде: коммуникативтік, ақпараттық, гностикалық және реттеушілік бағыттарды ұсынған.

Slide 3

Қарым-қатынастың құрылымы мен атқаратын функциясының күрделілігі қарым-қатынастың өзара байланысты үш жағынан байқалады. Олар:

ақпараттық (немесе коммуникативтік), қарым-қатынасқа түсетін адамдар арасында ақпарат алмасу жүреді;

- өзара әрекеттесу (немесе интерактивтік) қарым-қатынас жасаушылардың білім, идея, жай-күй ғана емес әрекет алмасуларымен ерекшеленеді.

- түсінісу (немесе перцептивтік), қарым-қатынастағы серіктестердің бір-бірін қабылдауы, бағалауы және түсінуі болып табылады.

Slide 4

Қарым қатынас -

а) Бірігіп әрекет ету қажеттілігінен туындайтын, құрамына ақпарат алмасу, өзара әрекеттесудің біртұтас стратегиясын жасау, өзге адамды қабылдау және түсіну, адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуының күрделі, көп мақсатты процесі;

б) Субъекттердің белгілілік құралдармен жүзеге асырылатын, бірігіп әрекет ету қажеттілігінен туындаған және серіктесінің жай-күйін, мінез-құлқы мен тұлғалық-маңыздылық құрылымын өзгертуге бағытталған өзара әрекеттесуі.

Slide 5

Өзінің міндеті бойынша қарым-қатынас көп функциялы. Оның мынадай негізгі функциясын бөліп көрсетуге болады :

1. Прагматикалық функция адамдардың біріккен іс-әрекеті процесінде өзара әрекеттесуде жүзеге асады.

2. Қарым-қатынастың қалыптастырушы функциясы адамның тұлға ретінде даму және қалыптасу процесінде танылады. Үлкендермен қарым-қатынас жасамастан ешкім қазіргідей бола алмас еді.

Даму барысында бала мен үлкен адамның сыртқы қарым-қатынас формалары ішкі жоспарға айналады.

3. Растау функциясы. Біз өзге адамдармен қарым-қатынас жасағанда ғана өзімізді өзіміздің алдымызда танып, түсініп, растай аламыз. Өз құндылығының мойындалатындығына көз жеткізу үшін адам өзге адамдардың қолдауын іздегенде осы функция көрінеді. Уильям Джеймс өзі адам үшін «қоғамда өзімен өзі қалдырылып, мүлдем ескерусіз қалғаннан артық жаза жоқ». Кейде психологтар бұл жағдайды «расталмау» деп атайды.

4. Тұлғааралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау функциясы. Кез-келген адамның қарым-қатынасы өзге адамдарды бағалаумен және белгілі бір - жағымды немесе жағымсыз эмоциалық қатынасты орнатумен байланысты. Тіпті бір адамның өзіне әр түрлі жағдайда біз түрліше қатынас жасаймыз.

5. Тұлға ішіндегі қарым-қатынас формасы. Өз-өзімен жүргізетін диалогтың негізінде адам белгілі бір шешімдер қабылдап, маңызды әрекеттерге барады. Мұндай «ішкі» қарым-қатынасты адам ойлауының әмбебап тәсілі ретінде қарастыруға болады. Психологияда қарым-қатынастың негізгі үш типі: манипуляциялық, императивті және диалогтық көрсетеді.

Slide 6

Қарым-қатынас адам дамуының қайнар көзі. Ол бірлескен іс-әрекеттегі адамдар арасындағы ақпарат алмасу, байланыс орнату және оны шешу процесі. Бірлескен іс-әрекетті тудыратын қажеттілік, ары қарай қарым-қатынасты орнату стратегиясы жоспарланады. Қарым-қатынас адамның қабілетін, дүниетанымын, рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың жолы. Тұлға әрекетінің негізгі түрлері осы қарым - қатынас арқылы дамып жетіліп жүзеге асады. Өзге адамдармен қарым-қатынаста бола отырып адамзат жинаған білімді, оның тәжірибесін, заңдары мен нормаларын құндылықтары мен әрекет ету тәсілдерін меңгеру арқылы адам тұлға ретінде қалыптасады.


Ұқсас жұмыстар
Қарым-қатынастың құрылымы, функциялары және түрлері
Қарым-қатынастың мазмұны, типологиясы және педагогикалық стильдері
Қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық сипаты мен қызметтері
Қарым-қатынастың түрлері мен функциялары: тұлғааралық және бұқаралық өзара әрекеттесудің психологиялық ерекшеліктері
Педагогикалық ұжымдағы басқарушылық қарым-қатынастың ерекшеліктері, функциялары және стильдері
Қарым-қатынастың кәсіби мәдениеті: педагогикалық-психологиялық қағидалар мен сөйлеудің психологиялық типтері
Ұлтаралық қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық негіздері және психологиядағы зерттеу кезеңдері
Қоғамның саяси жүйесі: құрылымы, сипаттары, функциялары мен типологиясы
Психологиядағы қарым-қатынастың негіздері: түрлері, формалары, қызметтері және топтық құрылымы
Педагогикалық ұжымдағы басқарушылық қарым-қатынастың психологиялық және стильдік ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz