Кальций тұздары
Презентация қосу
СІЛТІЛІК ЖӘНЕ СІЛТІЛІК ЖЕР
МЕТАЛДАРЫНЫҢ ТҰЗДАРЫ
Орал 2021 жыл
Жоспар;
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Натрий тұздары
2.2 Калий тұздары
2.3 Мангий тұздары
2.4 Барий тұздары
2.5 Кальций тұздары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
I Кіріспе
Тұздар дегеніміз - қышқылдардағы сутегі йондарын металл иондарымен алмастыру
арқылы алынатын заттар (HCI + NaOH = NaCI +H2O). Олардың катиондарына
электрондар өте нашар байланысады, сол себепті бос күйіндегі негіздік металдар
ертінділерде энергияның өте көп мөлшерін жоғалтып алады. Негіздік металдардың
атомдары электрондарды өздеріне байланыстыра алмайды, сол себепті олар
ешқашанда тотықтырғыш бола алмайды. Сыртқы электрондарын оңай береді де,
бұл металдардың атомдары тотықсыздандырғыш ретінде әсер етеді.
2.1Натрий тұздары.
Натрий метаболизмі организмдегі су мен қышқылдық-негіздік тепе-
тендікке тығыз байланысты. Натрий иондары организмдегі судың
таралуын бірқалыпты деңгейде ұстайды, жүйке-бұлшық ет қозуын
қалпына келтіреді, сомос- тық қысым мен қышқылдық-негіздік тепе-
теңдікті реттейді, белок және оның фракцияларының коллоидты
жағдайын тұрақтандырып, ацетилхолиннің түзілуіне қатысады,
көптеген биофизикалық, биохимиялық құбылыстарды және
фермент- терді белсендіреді.
Қалыпты физиологиялық жағдайда натрий ас қорыту жүйесі
арқылы жақсы сіңеді. Гипертониялық ерітінділердің ішінде
хлоридтер мен бромидтер жақсы сіңеді, ал сульфат- тардың сіңуі
біршама баяулау келеді. Ал органикалық қосылыстардан сірке
қышқылы мен лимон қышқылының тұздары, қымыздық және шарап
қышқылдарының тұздарына қарағанда жақсы сіңеді. Натрийдің
тепе-теңдігі және метаболизмі ас қорыту жүйесінің ауруларында,
анемияда, гиповитаминоздарда, гипокальцемияда, белок пен
минеральды заттардың алиментарлы жетіспеушілігінде бұзылады.
Натрий түздарының тек қана сіңірілуі ғана емес, сонымен бірге
олардың организмнен бөлінуі және жалпы метоболизмі бұзылуы
мүмкін.,
Натрий хлориді (хлорлы натрий, ас тұзы) - Natri chloridum, Nacl.
Теңіздердегі және кейбір өзендердегі сулардан, сонымен бірге тұзды
тастардан өндіреді. Судың 3 бөлігінде еритін, иіссіз, түзды дәмі бар түссіз
куб тәрізді кристаллдар немесе ақ түсті кристаллды ұнтақтар.
Ерітінділерінің реакциясы нейтралды келеді. Жергілікті жерде тітіркендіріп
әсер етеді. Терінің бүлінген жеріне концентрацияланған ерітінділерінің өзі
әлсіз әсер етеді.
Натрий сульфаты (күкірт қышқылды натрий, даубер түзы) -
Natui sulfas, Na2SO4.10H2O. Иіссіз, ашқылтым дәмі бар, түссіз
жылтыр кристалдар. Салқын судың 3, ал 33°С-дағы судың 0,3
бөлігінде ериді, спиртте ерімейді. Сақтағанда оңай ұшып
кетеді. Құрғатылған (40-50°С-да) натрий сульфатының құрам-
ыңда су мөлшері азайып, Na2SO4-дің мөлшері 89 %-ға дейін
көтеріледі. Мұндай тұзды құрғатылған натрий сульфаты -
Natui sulfas siccum деп атайды да, жартылай дозаларында
қолданады. Мүндай күйінде оның әсері күштірек болады.
Натрий сульфаты организмде нашар сіңеді, оның әсері
осмостық қысымды өзгертуге және сезімтал жүйке
рецепторларын тітіркендіруге негізделген. Натрий сульфаты
уыттылығы аз өте күшті іш айдағыш зат. Ас қорыту
жүйесіңде суды өзіне көп мөлшерде тартып-ұстап тұрады.
Соның салдарынан, ішектер арқылы сіңбей жинақ- талған
судың мөлшері көбейе түседі. Өте көп мөлшерде
жинақталған су аш ішектің қабырғасына қысым түсіреді де,
рефлекторлы түрде перистальтиканы күшейтеді
2.2Калий тұздары.
Калий де натрий тәрізді организмге керекті заттардың бірі. Ол
организмге өсімдік және жануар тектес қоректік заттармен бірге
жеткілікті, кейде тіпті артық мөлшерде түседі. Организмнен
бөліне отырып, калий, натрий тұздарының бөлінуінде
жылдамдатады. Калий тұздары, натрий түздарына қарағанда
сезімтал жүйке рецепторларын күштірек тітіркендіреді және
организмге тез сіңеді. Сол себепті оның әсері натрий тұздарына
қарағанда тез әрі қысқа мерзімді келеді. Резорбтивті әсер ете
отырып, калий тұздары холинер- гиялық жүйенің тонусын
арттырады, ішкі мүшелердің қан тамырларын кеңейтіп,
перифериялық қан тамырларын тарыл- тады.
Калий хлориді (хлорлы калий) - Kalii chloridum, KCІ. Өте күрделі
изотониялық ерітінділердің құрамдас бөлігі және ас қорытуды жақсартатын зат
ретінде қолданылады. Ішке берген- дегі мөлшері: жылқылар мен сиырларға
5,0-10,0; қойларға 2,0- 5,0; шошқаларға 1,0-2,0; иттерге 0,1-1,0; тауықтарға 0,1-
0,5 г.
Калий сульфаты - Kalii Sulfas, K2SO4. Түссіз жылтыр кристалдар немесе үсақ
кристалды үнтақ.Спиртте ерімейді,ал судың II бөлігінде ериді. Әсері натрий
сульфатына ұқсас, бірақ оған қарағанда кілегейлі қабықтарды қатты
тітіркендіреді және организмге тез сіңеді. Жасанды Карлов Вар тұзының
құрамдас бөлігі ретінде қолданылады. Іш өткізгіш зат ретіндегі дозасы:
жылқыларға 50,0-200,0; сиырларға 100,0-300,0; қойларға 20,0- 50,0;
шошқаларға 10,0-25,0; иттерге 5,0-10,0.
2.3 Магний түздары.
Магний торшалар мен организм сүйық- тықтарында болады да, изотониялық
жағдайды бірқалыпты деңгейде үстап түруға қатысады. Оның қандағы мөлшері
4 мг % аспайды. Иондарға диссоцияцияланбаған магний тұздарының әсер ету
механизмі, натрий түздарыныкіне ұқсас келеді. Практикада көп жағдайларда
магнидің сульфаты мен карбо- наты қолданылады.
Магний сульфаты (ашы түз, Сібір түзы)-Maquesii sulfas, MqSO4 7H20. Судың бір
бөлігінде еритін ашы-түздылау келген, призма тәрізді түссіз кристалдар. Сонымен
бірге құрғатылған магний сульфатыда қолданылады. Ол судың үш бөлігінде
еритін ақ түсті ұнтақ зат. Әртүрлі жаралар мен ас қорыту
жүйесіне магний сульфаты натрий сульфаты төрізді әсер етеді,
қолданылатын кездері мен мөлшері ұқсас.
Пaрентальды жолдар арқылы еккенде үйкы келтіріп және
миорелаксанттар тәрізді әсер етеді. Күре тамырына еккенде,
ешқандай қозу сатысынсыз организм бірден катты үйқыға кетеді,
кейде тіпті наркозданады. Ең бірінші үлкен ми, сонан соң жұлын
наркозданады. Тыныс алу мен қан айналуды реттейтін
орталықтар әлсіреп, мөлшері көбейіп кетсе салда- нады. қысымы
төмендеп, диурез күшейеді, оның салдан- дыратын әсері жүйке
бағаны мен бұлшық еттерге тарайлы.
Бүйректер арқылы бөліне отырып, диуре-тикалық әсер етеді.
Хлорлы кальций магний сульфатынын антогонисі болып саналады Оны күре
тамырына еккенде магнийдің әсерінен болған наркоз бірден жойылады. Магний
сульфаты натрий сульфаты тәрізді ас қорытуды жақсартуға, іш өткізгіш зат
ретінде; бауырдың және өт жолдарының аурулары мен спазма- сында; жатыр
мойнының спазмасында; сынап, мышьяк және бариймен созылмалы түрде
уланғанда қолданылады. Мөлшері натрий сульфатына ұқсас. Құрғатылған
тұздарының мөлшері кәдімгі тұздарына қарағанда екі есе аз.
Магний карбонаты-Maqnesii subcarbonas. Ақ түсті борпыл- дақ үнтақ немесе
кесек зат, суда ерімейді, әлсіз қышқылды ерітінділерде көмір қышқыл газын
(CO2) бөліп ериді. Дозасына байланысты магний сульфаты тәрізді іш өткізіп әсер
етеді. гиперациадоз кезінде және қышқылдармен улан- қышқыл-дарды
бейтараптау үшін қолданады.
Мөлшері: жылқыларға 10,0-15,0 г; сиырларға 10,0-15,0; қойларға 5,0-10,0;
шошқаларға 2,0-5,0; иттерге 0,2-1,0; тауық- тарға 0,1-0,2 г.
2.4 Барий тұздары.
Барий табиғатта тұздар түрінде кездеседі. Ол аздаған мөлшерде теңіз
суларында және кейбір минеральды су көздерінде болады. Барий
түздарының әсерінен бірыңғай салалы бұлшық еттердің жиырылуы
күшейеді, соның салдар- ынан ас қорыту жүйесінің перистальтикасы
жақсарады, қан қысымы артады, жүректің соғуы жиілеп, қан тамырлары
тарылады. Мұндай өзгерістер препараттың мөлшеріне байлан- ысты әртүрлі
деңгейде болады. Емдік мөлшері мен уытты мөлшерінің арасы өте аз.
Барлық өсерлерінің ішіндегі ең бағалысына-қарын мен ішектердің бірынғай
салалы бүлшық еттерінің жиырылуын күшейтетіндігі жатады, өйткені бүл
бағытта басқа ешқандай заттар әсер ете алмасада, барий тұздары ғана әсер
етеді.
Барий түздарын іш өткізгіш заттар ретінде зор нәтижелілікпен қолдануға
болар еді, бірақ жүрек-кан тамырлары жүйесіне қолайсыз әсер етеді. Барий
түздарының ішіндегі ең көп тараған-дары-хлорлы барий мен барий
сульфаты.
Хлорлы барий-Barii chloridum, Bacl,. Вена тамырына еккеңдегі мөлшері:
жылқыларға 1,0-3,0 г; сиырларға 2,0-4,0; Ішке бергендегі мөлшері:
жылқыларға 3,0-6,0 сиырларға 4,0- 8,0; )
2.5 Кальций тұздары.
Кальций табиғатта өте кең тараған. Ол тау жыныстарында көп кездеседі, сонымен бірге
барлық өзендер мен көлдердің суларында болады. Онсыз өсімдіктер мен жануарлар өмір
сүруі мүмкін емес. Жануарлар орган- измінде негізінен кальций түздары
бейорганикалық қосылыс- тар күйінде болады, біраз мөлшері органикалық қосылыстар-
дың құрамына кіреді, ал өте аз мөлшері иондарға диссо- цацияланған хлорлы кальций
түрінде кездеседі.
Организмнің кальций тұздарына деген қажеттілігі жануар- лардың әртүрлі
жағдайларына байланысты келеді. Мысалы, өсіп жетілген организмге қарағанда, өсіп
келе жатқан орган- измнің кальциге деген қажеттілігі өте жоғары келеді. Сауын
малдарына кальций өте көп мөлшерде болады.
Кальций алмасуы бұзылатын кейбір ауруларда организм- нің кальциге деген қажеттілігі
әртүрлі болады. Кальций метоболизмі орталық жүйке жүйесі мен адренериялық иннер-
вация арқылы реттеледі. Кальцийдің алмасуына қалқанша без маңындағы бездің
гормоны-паратиреодин әсер етеді.
Бұл бездің қызметі күшті болған сайын, оның алмасуы жылдам жүредіде, организмдегі
кальцидің мөлшері жоғары болады, ал оның гипофункциясында гипокальцемия
құбылысы пайда болады. Сүйектер жүйесіндегі кальций алмасуы "Д" витамнінің
белсенділігіне көп байланысты. "Д" витаминінің әсерінен сүйектер жүйесіндегі кальций
қанға өтеді. Бірақ витаминнің жоғарғы мөлшерінен бүйрек, өкпе және басқада
мүшелердің кальцинозы пайда болуы мүмкін.
Кальций глюконаты (глюконқышқылды кальций) Calcii qluconas. Құрамында 9 %
кальций бар. Иіссіз, дәмсіз, ақ түсті түйіршік үнтақ. Салқын судың 50 бөлігінде
ериді, спирт пен эфирде ерімейді. Ұлпаларды тітіркендірмейді. Резорбтивті әсері
хлорлы кальциге үқсас, бірақ оған қарағанда едәуір әлсіз және баяу әсер етеді.
Қабынуға және буаз малдардың іш тастауын алдын алуға, сонымен бірге
организмде кальций алмасу асу бұзылғанда қолданады. Ішке береді, бұлшық етке
және күре тамырына егеді. Ішке бергендегі мөлшері: бүзауларға 1,0-6,0 г;
торайларға 0,2-1,0 г.
Кальций фосфаты-Calcii phosphas, CaHPO4 • 2H2O. ерімейтін ақ түсті ұнтақ зат.
Рахит, остеомаляция және созыл- малы диареяда жақсы әсер етеді. Фосфор
қышқылдарының кальцилі тұздарының ішіндегі ең маңыздыларына - үшкальций
фосфат жатады. Кальций лактаты (сүтқышқылды кальций)- Calcii lactas. Иіссіз ақ
түсті үнтақ немесе түйіршік Судың 20 бөлігінде ериді. Ішке беріп қолданылады.
Қолданылатын кездері және мөлшері кальций глюконатына ұқсас.
Қортынды
Түздар организмге молекулярлы күйінде және иондарға диссоцияланған күйінде
әсер ете береді. Олардың әсері түздардың қасиеті мен күшіне және ұлпалардың
ерекшелігіне байланысты. Диссоцияланған тұздардың әсері олардың жеке
қасиеттеріне байланысты.Тұздардың барлығыда ұлпалардың осмостық
қысымына әсер етеді.
Пайдаланылған әдебиеттерт ізімі.
1. Орманов Н.Ж. "Фармакология" 1том 129-151 бет
2. Орманов Н.Ж. "Дәрілердің анықтамасы"
3. Машковский М.Д. "Лекарственное средство" 1 том
4. Харкевич Д.А. "Основы фармакологии
5. www.google.kz веб сайты
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz